Eндірістік токсикология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 07:36, курс лекций

Описание работы

Қазіргі кезде химиялық заттардың зиянды әсері адамның еңбек жағ-дайына немесе олардың күнделікті тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Тұрмыстық химия бұйымдары мен дәрі-дәрмектердің адам тұрмысында кең пайдалануына байланысты кездейсоқ тұрмыстық уланулар маңызын әлі
жоғалтқан жоқ. Қазір өсімдіктер тектес табиғи улармен қатар, әртүрлі жаңа синтетикалық химиялық заттардың үлес салмағының артуы да маңызды болып отыр.

Файлы: 1 файл

Жарылқасын_Ж.ӨНДІРІСТІК_ТОКСИКОЛОГИЯ_НЕГІЗІ.doc

— 445.00 Кб (Скачать файл)

Н.В. Лазарев  ұсынған заттардың биологиялық  – физикалық-химиялық жіктеуі электролиттер еместердің жүйесі түрінде.

Биологиялық әсердің, заттың физикалық-химиялық қасиетімен өзара байланысы (көбінесе липофильдігі) Н.В. Лазарев ұсынған жүйенің теориялық негізі болып табылады.

Бұнымен қатар 1956 жылы Н.В. Лазарев заттың құрылымы, химиялық белсенділігі және физикалық-химиялық константаларының олардың қасиеттері мен биологиялық белсенділіктері мен өзара байланыстылығын куәландырылатын айқын схеманы жариялайды.

Соңғы жылдары  токсикологияда да, фармакологияда да улардың ферменттік жүйелерімен өзара әсерлесуі сипаты бойынша құрылған биохимиялық жіктеу маңызды болып келеді. Бұл жіктеулерде у әсерлерінің биохимиялық механизімдері жайындағы білімнің жеткіліксіздігінен кеңінен қолданылмай жүр.

Әр түрлі мүшелер мен жүйелерді зақымдануына байланысты өнеркәсіптік заттар нефротропты, гепатотропты, нефроуытты, кардиоуытты, қан улары деп бөлінеді.

Арнайы әсерлері бойынша заттар аллергендер, тератогендер, мутагендер, супермутагендер, канцерогендер  болып бөлінеді.

Л.Д. Шабад жіктеуі  бойынша концерогендік белсенділіктері  бойынша өнеркәсіптік заттар күшті, орташа және әлсіз канцерогендер болып бөлінеді. Химиялық заттардың канцерогендік белсінділігінің дәрежесі өте үлкен диапазонда өзгеріп отыратыны белгілі. Бұл 1968 жылы И. Шабадқа төменде аталған жіктеуді ұсынуға мүмкіндік тудырады.

  1. Шартсыз канцерогендер: бетанафтиламин, бензидин. 4-аминодифенил. 3,4-бензипирен. Аталған төрт химиялық заттың бластомогенді белсенділігі адамдарда кәсіптік рактың кездесуімен дәлелденіп отыр.
  2. Күшті канцерогендер: бұларға қысқа уақыт аралығында, сынаққа алынған жануарлардың 80-100%-де қатерлі ісік тудыратын бірнеше ондаған химиялық заттар жатады. Мұндай канцерогендердің санына көмірсутектер өкілдері, аминоқоспалар, флуорендер, нитрозаминдер, афлотоксиндер кіреді. Бірақ, бұлардың адамдарға тигізетін экологиялық ықпалдары дәлелденбегенін мойындау керек.
  3. Әлсіз канцерогендер – бұл топқа, жаңа туындыларды, ұзақ уақытта сынаққа алынған жануарлардың тек 20-30%-де ғана тудыратын заттар жатады. Оларға көптеген заттарды жатқызуға болады, мысалы: үшхлорциклогексан және оның нитраты.
  4. Күдікті канцерогендер тобы – бұл топқа бластомогендігі дау тудыратын және жеткілікті түрде сенімді емес заттар кіреді.

Жоғарыда аталған  жіктеулердің барлығын қолдануға әбден болады, бірақ оларды әлі толық зерттелмеген заттар мен қоспалармен қатысы бар өнеркәсіптік токсикология саласында қолдану өте қиын.

Сондықтан, заттардың орнын көбінесе уыттылық әсерінің сипатын ескеретін жоғарыда аталған жіктеулерден табу ақпараттардың жетіспеушілігіне байланысты қиынға түседі, немесе тіптен мүмкін емес деген ой тудырады.

Міне, бұлар  өнеркәсіптік токсикологияда заттардың  уыттылық разрядтары және қауіптілік дәрежесі бойынша жіктеуге ( 1 кесте) үлкен мән беруге себеп болды. Дәл осындай ақпараттар (абсолюттік уыттың разряды, қауіптілік дәрежесі) жаңа химиялық заттарды бірінші тексеру жұмыстарынан кейін-ақ белгілі болады, ал керісінше жүйелік немесе арнайы әсер сипаттары көп жағдайларда белгісіз болып қала береді.

Кесте 1

Зиянды заттардың сипатталатын критерийлер шамасына

байланысты  қауіп кластары.

Критерийлер

Қауіп класы

1

2

3

4

Жұмыс аймағының  ауасындағы зиянды заттардың ШРЕК, мг/м3

0,1 төмен

0,1-1,0

1,1-10,0

10,0

 жоғары

Асқазғанға  енгізген кезде орташа өлім дозасы, мг/м3

15 төмен

15-150

151-5000

5000

жоғары

Терімен жанасқанда орташа өлім дозасы, мг/м3

100 төмен

100-500

501-2500

2500

жоғары

Ауа құрамындағы  орташа өлім концентрациясы, мг/м3

500 төмен

500-5000

5001-50000

50000

жоғары

ИУМК (КВИО)

300 жоғары

500-30

29-3

3 төмен

Жедел әсер аймағы

6,0 төмен

6,0-18,0

18,1-54,0

54,0 жоғары

Созылмалы әсер аймағы

10,0 жоғары

10,0-5,0

4,9-2,5

2,5 төмен


 

И.В. Саноцкий жоғары уытты фосфорорганикалық қоспаларға қарағандағы әр түрлі заттардың салыстырмалы ингаляциялық уыттылығының ерекше графикалық жүйесін құрды.

Гигиеналық нормалау және профилактикалық шаралар бойынша токсикологиялық зерттеулер жүргізу үшін ең тиімді жіктеуді С.Д. Заугольников серіктестерімен бірігіп ұсынды.

Химиялық заттардың уыттылық тиімділігінің сандық мінездемесі негізі болып саналатын өнеркәсіптік улардың бірнеше жіктеулері бар. (токсикометрия параметрлері, И.П. Уланова, С.Д. Заугольников және басқалар). Бұл жіктеулерге тәжірибелік сабақтарда кеңінен талқыланады.

Жоғарыда айтылғандарға  байланысты қазіргі уақытта токсикологияның (көбінесе, арнайы әсерді) және гигиенаның (қорғану және алдын алу шаралары) барлық талаптарын қамтитын түбегейлі бір жіктеу жоқ.

5 Өндірістік улардың организмге әсері

 

Қандай да болмасын зиянды заттың тигізетін әсеріне организмнің қайтаратын жауабын организм мен у арасындағы өзара қатынастың нәтижесі деп қарастыру керек.

Өнеркәсіптік  улар организмге әр түрлі және күрделі әсерлерін тигізе отырып, жалпы патологияларда белгілі: қабыну, дистрофиялық өзгерістер, аллергия, қызба, қатерлі ісік процестері, ұрық дамуының бұзылуы сияқты патологиялық процестерді тудырады.

Организмде әр түрлі патологиялық процестердің дамуы көбінесе эндогенді және экзогенді химиялық заттар арасындағы бәсекелік қатынастарға байланысты.

Экзогенді заттарды алмастыра немесе оларды табиғи қоспалар құрамынан ығыстыра отырып, бәсекелес экзогенді заттар биохимиялық реакциялардың қалыпты жүруін бұзады. Бұл жағдай клеткалар, тіндер, мүшелер мен бүтіндей организмнің құрылымдары мен қызметіне міндетті түрде әсерін тигізеді.

Мұндай өзара қатынастар өнеркәсіптік улардың тек жергілікті әсерінен ғана емес сонымен қатар, олардың организмнің ішкі ортасына түсуі нәтижесінде де байқалады.

Химиялық заттардың  әсеріне организмның қайтаратын патологиялық реакциясының ең көп тараған және жақсы белгілі түрі қабыну процесі.

Қабыну процестерінің қарқындылығы химиялық заттардың активтілігі мен қоспалардың физикалық-химиялық қасиетіне және басқа да факторларға тәуелді болады.

Аталған факторларға  байланысты қабыну процесі кезінде альтерация, экссудация немесе пролиферация сияқты оның компоненттерінің бірі болмаса, бірі айқын байқалады.

Суда және майларда жақсы еритін, реакция түсу қабілеті айқын заттар (күшті қышқылдар, тотықтар, ауыр металдардың тұздары, хлор) тікелей жанасу нүктелеріне демек теріге, көздің кілегей қабығына, жоғарғы тыныс алу жолдарына, ас қорыту жолдарына әсерін тигізеді.

Көптеген жоғары активті химиялық агенттер тіндерде альтеративті – некрозды өзгерістері басым жедел қабыну процесін тудырады. Тері мен көздің қабығының некрозы фенол, нафтол, әк, кальций карбиді сияқты жоғарғы тітіркендіргіш қасиеті бар өнеркәсіптік улардың әсерінен болады. Хром және никель тұздары мұрын мен мұрын қуысы іргелерінің қабықтарын едәуір жарақаттайды.

Қабыну процестері зиянды заттардың тіндерге тікелей әсерінен ғана болмай, олардың тіндерде орналасқан рецепторларға, оның ішінде тамыр жүйелерінің хеморецепторларына рефлекторлық әсерінің салдарынан дамитынын ескерген жөн.

Мысалы: қорғасын, кобальт, мырыш, никель, мыс сияқты бірқатар металдардың ауада тез тотығатын буларымен демалған кезде, дене температурасының тез көтерілуіне соқтыратын қарапайым жұқпалы емес қызбаны байқауға болады («құйғыштар лихорадкасы»).

«Құйғыштар лихорадкасының» механизмі металл қышқылдарының жоғары дисперсиялық буларының тыныс алу жолдарына тереңдеп түсіп, ондағы тін белоктарын жеңіл денатурациялауымен түсіндіріледі.

«Құйғыштар лихорадкасы» организмге феналин, бетатетрагидро-наф-тиламин немесе фенилгидразин сияқты ОНЖ-нің және термореттеу орталық-тарының тікелей бұзылуын тудыратын химиялық заттардың түсуінен болуы мүмкін.

Тері қабатына тікелей түскенде немесе ішкі ортаға өткеннен кейін у барлық тіндерге (протоплазмалық улар, есірткілер) немесе олардың тек кейбіреулеріне ғана әсерін тигізеді. Соңғы жағдайда удың таңдаулы әсер етуі немесе тиімді әсері жайында айтып отырмыз.

Таңдаулы әсер ету – удың әртүрлі қасиеттеріне байланысты. Мысалы: майда, липоидтарда ерігіштігінің әртүрлі болуында.

Бір удың түсу жолдарына, дозасына, организмнің күйіне байланысты әртүрлі таңдаулы әсерлері болуы  мүмкін.

Олардың мүшелерге  немесе мүшелер жүйесіне таңдаулы әсері әртүрлі кәсіптік интоксикациялардың өздеріне тән клиникалық өзгерістердің сипатын анықтайды.

Интоксикацияның қандай түрі болмасын, орталық нерв жүйесінің қызметіне, оның жоғары бөлімі – ми қабығына міндетті түрде әсерін тигізеді. Оған қарамастан, көптеген химиялық заттар ішінен ОНЖ-не таңдаулы әсерін тигізетін агенттер тобын бөліп алуға болады.

Орталық нерв жүйесіне тигізетін бірнеше дүркін әсерлерінің бағытына байланысты уларды 4 түрге бөлуге болады:

  1. Арнайы емес (электролиттік емес, есіртпелі) әсер. Көптеген органикалық ерітінділердің есіртпе әсерлері олардың нерв клеткаларына жеңіл еніп, парабиоз тудыру мүмкіндігіне байланысты.
  2. Нерв клеткаларын арнайы зақымдау. Бұл удың биологиялық субстрат-пен өзара химиялық қатынасқа түсуіне негізделген (күкіртті көміртегі, қорғасын, тетраэтилқорғасын,  сынап, фторацетат, метил спирті).
  3. Медиаторлық (немесе ацетилхолиндік) алмасуды арнайы бөгеу. Бұл фосфор қоспаларымен, оның ішінде негізінен фосфорорганикалық қоспалармен нейроинтоксикациясына негізделген.
  4. Жергілікті немесе жалпы қан айналымының бұзылуымен немесе ги-поксия күйімен байланысты екінші дүркін әсер. Нерв тіндеріне тасы-малданатын оттегінің азаюын тудырып, өкпедегі газ алмасуды бұза-тын улар. Оларға тұншықтырғыш, тітіркендіргіш әсерлі улар жатады.

Көптеген нейротропты  улардың қайталанған әсеріне  организмнің негізгі реакциясы  ретінде вегетативті – тамырлы  дистонияны атаймыз. Интоксикацияның  бастапқы кезеңдерінде ол вегетативтік жүйенің, көбінесе симпатикалық бөлігінің  қозғыштығының  жоғарлауын куәлайтын симптом ретінде айқындалады; қан тамыры соғысының тұрақсыздығы, қызыл демографизм, қалқанша безінің гиперфункциясы. Уларды ұзақ уақыт әсер ету кезіндегі астеновегативтік синдромға қажығыштық, ұйқышылдық тән. Уланудың бұдан да айқын түрлерінде астено-органикалық синдром мен энцефалопатия дамиды. Бұларға: мидың діңгекті бөлімдерінің, оптиковестибулярлық кешенінің зақымдануы, бас ауруы, эмоционалдық тұрақсыздық сияқты өзгерістер тән.

Нейрогуморальды вегетативті – қан тамырлары  қызметтерін реттеу механизімдерінің координациясының, эндокриндік және алмасу процестерінің бұзылуымен жалғасатын аралық мидың зақымдануы тетраэтилқорғасынмен, сынаппен, хлорланған көмірсутегімен, бензолмен, цианидпен ауыр улану себебінен туады. Ал марганецпен, күкіртті сутекпен, көміртегі тотығымен уланған кезде экстрапирамидалық синдром дамып, паркинсон сырқаты пайда болады.

Қорғасын, мыс, бромэтил, мышьяк, талимен уланған кезде невриттер мен полиневриттер байқалады, нервтер бойында ауыру сезініп сал және жартылай салдану туындайды.

Тыныс алу мүшелерінің  зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.

Патологиялық процестердің шоғырлануы газдар мен булардың суда еру коэфициентіне, құрамына және шаңдардың дисперсиялығына байланысты. Суда жақсы еритін улар мен шаңдардың ірі бөлшектері көбінесе тыныс алу жолдарының жоғарғы бөліктерін, ал нашар еритін улар мен шаңдардың өте ұсақ бөлшектері, тыныс алу жүйелерінің терең орналасқан бөлімдеріне еніп, бронхы, бронхиол және ацинустарды зақымдайды.

Хлормен, амиакпен, күкіртті ангидридпен  жедел уланған кезде ринит, ларинготрахеит, бронхит сияқты, ал кадмий, фосген, азот тотығы мен уланған кезде бронхты-бронхиолит және өкпенің уытты ісігі сияқты патологиялық жағдайлар дамиды.

Уытты ісік тітіркендіргіш газдар және булармен жедел уланудың әсерінен болатын клиникалық өзгерістердің ішінде дәрігерлердің араласуын шұғыл талап ететін ең ауыр патология болып саналады.

Тітіркендіргіш заттар мен қауіпті  газдардың (азот қышқылы, кремний, аммониймен, барий газдары) өкпе паренхималарына ұзақ уақыт әсер етуі, өкпеде бірте-бірте шаңды бронхэктазбен және эмфиземамен бірге жүретін пневмосклерозды дамытады. Шаң пневмосклерозына (пневмокониоз) өкпедегі болатын интерстициалды немесе түйінді склеротикалық өзгерістерге тән.

Информация о работе Eндірістік токсикология