Eндірістік токсикология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 07:36, курс лекций

Описание работы

Қазіргі кезде химиялық заттардың зиянды әсері адамның еңбек жағ-дайына немесе олардың күнделікті тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Тұрмыстық химия бұйымдары мен дәрі-дәрмектердің адам тұрмысында кең пайдалануына байланысты кездейсоқ тұрмыстық уланулар маңызын әлі
жоғалтқан жоқ. Қазір өсімдіктер тектес табиғи улармен қатар, әртүрлі жаңа синтетикалық химиялық заттардың үлес салмағының артуы да маңызды болып отыр.

Файлы: 1 файл

Жарылқасын_Ж.ӨНДІРІСТІК_ТОКСИКОЛОГИЯ_НЕГІЗІ.doc

— 445.00 Кб (Скачать файл)

 DL50

Мұндағы DL50 (n) – n-рет енгізгендегі орташа өлімдік доза.

Кумуляция коэффиценті 1-ден төмен болса, удың аса жоғары жинақталу қасиетін көрсетеді, 1-3 болса – айқын, 3-5 болса орташа, 5-тен жоғары болса жинақталу қабілетінің әлсіз екендігін байқатады.

10. ШРЕК – бұл күнделікті жұмыс барысында (8 сағаттық немесе басқа ұзақтықта, тек аптасына 40 сағаттан артық емес) барлық еңбек өтілінде қазіргі немесе кейінгі ұрпақтардың денсаулық күйінде қолданылып жүрген зерттеу әдістерімен жұмыс процесінде, әйтпесе кейінгі уақыттарда анықтауға болатын, сондай-ақ сезімталдығы жоғары адамдарда (олар арнайы шаралармен қорғалуы тиіс) орын алуы мүмкін ауытқулар немесе аурулар туындатпайтын концентрация.

11. ШҚӘД – ауаны ластайтын  заттар үшін уақытша гигиеналық  норматив, ол өнеркәсіптік нысандарды жобалау мақсатында есептеу арқылы анықталады және Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары 2 жылға бекітеді. Соңынан ШРЕК бекітілуі тиіс.

ШҚӘД есептеу арқылы екі жолмен анықталады:

        • химиялық заттардың токсикометрия параметрлері бойынша;
        • бір-біріне жуық қатардағы химиялық заттардың әсерін интерполяция және экстраполяция жасау жолымен.

Эксперимент жүзінде алынатын ШРЕК деңгейіне неғұрлым жуық шама токсикометрия параметрлерін пайдалана отырып есептеумен табылады.

 

7 Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)

 

1. Олардың организмге ену, организмде тасымалдану, өзгеруі мен организмнен шығарылуын анықтайтын жалпы заңдылықтар.

Организмге енуі. Өнеркәсіптердегі процестер барысында уытты заттар адам организміне тыныс алу жолдары, тері және асқазан-ішек жолдары арқылы түседі.

Аталғандардың ішінен тыныс алу  жолдары арқылы түсудің маңызы зор. Өйткенні барлық уытты қоспалар газ, бу түтін және аэрозол күйінде  болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұндай күйдегі заттар мен байланысты технологиялық процестердің жабдықтарынан, кондырғыларынан, механизмдерінен олардың бөлінбеуін толықтай қамтамасыз ету мүмкін емес.

Өндірістік уланулардың статистикасы уланулардың көбінесе газ және бу күйіндегі улармен болатынын  көрсетті.

Тыныс алу жолдары  арқылы енуі. Улы қоспалардың тыныс алу жолдары арқылы енуі улардың организмге неғұрлым тез түсуін қамтамасыз етеді. Бұл өкпе альвеолары беткейінің өте ауқымдылығымен (шамамен 100-120 м2) және өкпе капиллярлары арқылы қанның үздіксіз айналуымен түсіндіріледі.

Альвеолалардың ауа жүретін  бөлімдері төсеніш кешенімен жабылған. Ол 2 қабаттан тұрады: мукоидты және макрофагтар жүзіп жүретін липидті қабыршақтан тұрады. Сонымен, ауа-қан жалпы тосқауылы схема түрінде төмендегідей көрсетіледі: липидті қабыршақ, мукоидты қабыршақ, альеолды клеткалардың протоплазма қабаты, эпителидің базальді мембранасы. Альвеолалар арасында аралық ұлпалар учаскесі болады.

Газдар және булар. Ұшқын заттардың сорылуы жоғарғы тыныс жолдарында ғана, демек трахеяда басталады.

Тітіркендіргіш заттар мысалында  бұл фторлы және хлорлы сутегі, күкіртті газ, ацетилдегидтер үшін ұшқыш электролиттер емес заттар өкпеде қарапайым диффузия заңы бойынша концентрация градиенті бағытында сорылады. Осындай жолмен ауадан көмір сулардың, дилоген көмір сулардың, спирттердің, эфирлердің және басқа да көптеген ұшқыш электролиттер еместер организмге түседі. Бұндай заттардың ұсталынуы олардың физикалық-химиялық қасиеттерімен  және сирек жағдайларда организмнің физиологиялық күйімен (тыныс алу және қан айналу интенсивтіліктерімен анықталады.

Тыныс алу жолдарында ұсталуды удың қан мен тіндерге түсуімен қатар қарастыру керек. Веналық қан құрамындағы улардың концентрациясы алғашында тез көбейеді де, одан кейін бір деңгейге түседі. Мұны, умен үнемі тыныс алу барысында организмнің умен қаныққаннан кейін ондағы удың сіңірілуі айтарлықтай баяулайтынымен түсіндіруге болады. Байланыспайтын электролит еместердің ауадан қанға түсу процесі бір заң бойынша жүргенмен удың қанға шектік көлемі ооның физикалық-химиялық қасиетіне, олардың ішінде тепе-теңдік сәттерінде ұшқыш қоспалардың сұйық және газ тәріздес фазалар арасында бөлінуін сипаттайтын газдар мен булардың еру коэфициенті (Оствальдтың еру коэффициенті су (ауа) ерекше орын алады. Бұл коэффициенттің көлемі неғұрлым жоғары болса ауадан қанға түсетін заттар көлемі соғұрлым көп болады.

Еру коэффициентінің мағынасы, заттардың  ауа және қан құрамындағы көлемдерінің тепе-теңдігін айқындайтын жылдамдыққа  да өз ықпалын тигізеді.

Еру коэффиценті жоғары электролит еместер (спирт, ацетон) ауадан қанға  ұзақ уақытта түссе, еру коэффициенті төмен (көмірсутектер) қоспалар ауамен қан арасындағы концентрациялары тез теңестіреді.

Жоғарыда айтылғандай, атқарылатын  жұмыс ауырлығына, дәлірек айтқанда, тыныс алу мен қай айналу қарқындылығына тәуелді организмнің физиологиялық күйі ұшқыш электролит еместердің сорылу процестеріне өз әсерін тигізеді.

Қарқынды тыныс алу кезінде  қан/ауа тепе-теңдігінің туу жылдамдығы жоғарылайды, бұл әсіресе, еру коэффициенті жоғары заттарға сипатты. Қан айналу жылдамдығының жоғарлауы еру коэффициенті төмен қоспалардың бөгелуіне көбірек әсерін тигізеді.

Аэрозольдері организмге тыныс алу жолдары арқылы түсетін өнер-кәсіптік улардың қатарында өндірістік операциялар кезінде түзілетін шаң-дарды атау керек. Бұлар, біріншіден минералды шаңдар (кварцты, силикатты, көмірлі т.б.) сонымен қатар, әр-түрлі металдар, әсіресе метал тотықтарының түтіндері мен шаңдары, көптеген органикалық аэрозольдер жатады.

Тыныс алу кезіндегі аэрозольдердің бөгелуі ауыз қуысынан бастап тыныс алу жолдарының  бойында (барлық жерінде) болады.

<p class="dash041e_0441_043d_043e_0432_043d_

Информация о работе Eндірістік токсикология