Жоспары
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А)Пробиотиктер,түрлері,қызметі.
Б)Пребиотиктер.Симбиотиктер.
ІІІ. Қорытынды
Пробиотиктер.
Соңғы жылдары адамдар
мен жануарлардың организмдерінің
асқазан-ішек жолдарының микроэкологиялық
проблемасына қатысты «пробиотиктер»,
«пребиотиктер», «пробиотиктердің өнімдері»
деген түсініктер күнделікті өмірде
ғылыми әдебиеттері мен ресми
құжаттарында кең таралған. Берілген
хабарларда осы сырқаттар бойынша
негізгі мәліметтер мен ақпараттарды
реттеп алу қабылданған, адам ауруларының
емі және алдын алу үшін пробиотиктерді
қолдануда жаңа терминдермен анықтамаларды
сипаттау. «Пробиотиктер» термині
«тіршілік үшін» деген мағынаны («антибиотиктер»
терминінен өзгешелігі «тіршілікке қарсы»)
білдіреді. Көптеген авторлардың анықтамалары
бойынша пробиотиктер – бұл адамдар мен
жануарлардың денсаулығына қолайлы әсер
ететін жоғары дәрежеде асқазын-ішек жолдарында
(АІЖ) таралатын тірі микроорганизмдер
олармен ферменттелген (культивирленген)
өнімдері. Рационға қышқыл сүт өнімдерін,
әсіресе йогурт, қосу арқылы организмнің
қартаю процесін тежеу және адамдарды
сауықтыру 100 жыл бұрын орыс микробиологы
И.И.Мечниковпен ұсынылған. Оның ойынша,
антогонисті белсенді қышқыл сүттің микроорганизмдері
көмегімен ішектен шіріген микрофлораның
элиминациясы және олардың токсинді метоболизмінің
қанға сіңірілуінің тоқтауы адам өмірінің
ұзақтығы жоғарлайды. Осы ойлары 1920-1922
жылдары Америкада терапевтік мақсатта
ацидофильді лактобацилдерді пайдалану
тәжірибесін іске асыру басталған. Зерттеушілер
бұл сұрақтарды зерделеуге 50-ші жылдары
кірісті. 10-15 жылдардан кейін антибиотиктерді
кең қолдану нәтижесінде экологиялық
жағдайдың төмендеуі адамдар мен жануарлардың
микробиоценоздарының бұзылуы және антибиотиктерге
төзімділік пайда болды. «Пробиотиктер»
термині ең алғаш R. Parker 1974 жылы өсу және
стреске төзімділікті ынталандыру мақсатымен
жануарларға қорек ретінде енгізілген
тірі микроорганизмдерді белгілеу үшін
қолданған. Кейін (1989жылы), R. Fuller бұл түсінікті
жануарлар организміне «ішек микрофлораларының
сауықтыру жолымен қолайлы әсер ететін
тірі микроорганизмдер бар қоректерге
қосымша» деп құрастырған. Бұл анықтама
микробты экологиялық жүйенің қалыптасу
есебінен иесінің тіршілік сапасын жақсартатын
және АІЖ-на түсетін тірі микроорганизмдерді
біріктіретін түсініктер жиынтығы түрінде
кең таралған. Көптеген мамандықтар мен
зерттеушілер бактерия-пробиотиктерге
негізінен эубиотиктерді (организмнің
қалыпты ішек микрофлорасын және басқа
қуыстарын көрсететін) және жиі бифидобактерия
мен Lactobacillus туыстығына жататын сүт қышқылды
микроорганизмдерді жатқызады. Бұл адамдарға
көп мөлшерлі қолайлы әсер ететін ішектен
бөлінетін бактериямен байланысты және
осы бактериялармен АІЖ-н колонизациялап,
оған қатысып, басқа микроорганизмдер
транзиторлы байланысты жағдайда негізгі
қорғаныш функциясын өзіне алады. Бұдан
басқа пробиотиктердің көптеген түрлері
кездеседі: адамның ішектерінде кездеспейтін
сүтқышқыл таяқшалары мен колониялары
басқа да микроорганизмдер - грамм оң (проионибактериялары,
Bacillus) және грамм теріс (Esherichia coli, Citrobacter)
бактериялар, дрожжилер (Saccharomices, Candida pintolepjesii)
мен саңырауқұлақтар, оның ішінде жоғары
(Aspergillus, Rizopus, Cordiceps).Пробиотиктер адамдардың
денсаулығына қолайлы әсері әр жоспарлы
оң тиімділікпен, пробиотиктердің әсері
ретінде сипатталатын механикалық буындармен
білінеді. Адамдардың бұл микроэкологиялық
бөлімі ғылым салаларының қарқынды дамуын
көрсетеді. Пробиотиктерді қолданудың
жетістіктеріне негізделетін білімге
әсер ететін эффектілердің мағынасы:
1 – АІЖ-ын пробиотикалық
микроорганизмдермен колонизациялау,
шартты-патогенді және патогенді
бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар
мен дрожжилерге антогонизм түрінде.
Ішекте, оның қабырғасына жабысып
тұратын жеткілікті сандары патогенді
агенттердің көбеюіне, энтероциттерге
инвазиялану, қолайсыз рН орта
тудыру есебінен ішек қабырғасы
арқылы өтуіне, бактериоциндерді (антибиотикті
заттар) өндіруге және де нутриенттердің
микроорганизмдер конкуренттері
мен адгезия орындарына алып келеді;
2 – Ішекте микроорганизмдердің
бұзылған балансының жақсаруы
және дисбиоздар мен дисбактериоздарды
толығымен жою;
3 – Пайдалы және адекватты
метаболиттік белсенділік – К
витаминдерінің өнімдері, биотин, ниацин,
паридоксин мен фолий қышқылы,
өт тұздары мен холестерин
гидролизі және олардың деңгейінің
реттелуі, әйелдің жыныс гормондарының
рециркуляциясына қатысу. Пробиотиктердің
ішектік микробиоценозда жетіспеушілігі
өтпен АІЖ-на экскрецияланатын
эстрогендердің рециркуляциясының
бұзылуына және әйелдің жыныс
мүшесінде сәйкес патологиялық
жағдайлардың дамуына ықпал етеді.Қалыпты
жұмыс істейтін резидентті мирофлора
ішектегі токсин өнімдерін бақылап, олардың
көп мөлшерде бөлініп қанға өтіп кетуін
болдырмайды. Детоксикациялаушы және
протеолитикалық қасиеттері бар пробиотиктер
метаболизмі нәтижесінде ішекте аллергендер
мен антигендер, эндотоксиндердің протеолизі
қамтамасыздандырылады. Бұл ішекте жартылай
қорытылған белоктар сіңірілуімен, тамақты
көтере алмау және тері ауруларының пайда
болуымен байланысты. Әрине, микробиоценоз
бұзылған кезде бұл заттар қанға түседі.
Қазіргі уақытта созылмалы экземалы зақымдалулардың
тікелей байланыстары: эритемалы волчанка,
псориаз ж.т.б. организмдегі пробиотиктердің
функциясының белсенділігінің төмендеуі
немесе жетіспеушілігі көрсетілген. Патогенді
микроорганизмдердің ішегіндегі персистенция
және олардың утилизацияланбаған интестинальді
микрофлорасының метаболиттерін басқа
мүшелер мен буындарға түсуін, Крона ауруы
сияқты, ревматоидты артриттердің патологиялық
жағдайларын ұстап тұруын қамтамасыз
етеді. Y.Enterocolinca in vitro-ға тиреоидті гормондардың
күшті өнімдерін шығаратын және аутоиммунды
сырқаттарды қолдайтын заттарды өндіре
алатын қабілеті туралы мәліметтер бар;
4 – Морфокинетикалық
ықпал ететін заттарды өндіру
жолымен ішектердің моторлық
функциясының қалыптасуы, АІЖ-мен
тамақтың жүру уақыты өт қышқылдары
мен серотониннің инги-бицин синтезінің
метаболизміне қатысу есебінде реттеледі;
5 – детоксикациялау және
қорғаныш қызметі: радиацияның
кері әсер етуін, тамақты химиялық
залалдайтындарды, канцерогенді факторларды,
токсинді эндогенді субстраттарды,
үйреншікті емес немесе экзотикалық
тамақтарды, иммунды жауапты стимуляциялау
есебінде судың ластануын, жоғары
спецификалық емес иммунотөзімділікті
– интерлейкин, интерферон өнімдерін
потенцирлеу, макрофагтардың фагоцитарлы
қабілетінің жоғарлауын болдырмау.
Пробиотиктердің бұл функциялары
қазіргі уақытта белсенді зерттелуде,
аса айқын иммуногенді қасиеттері
бар штаммдарды іздеуде. Жақында
әдебиеттерде пробиотика туралы
ой айтылған – пероральді вакцинадағы
сүт қышқылды бактериялары, аттенуирленген
микроорганизмдерден альтернативті
түрдегі препараттар. Сүт қышқылды
бактериялар қорғаныш антигнедердің
және иммуногендердің тірі тасымалдаушысы
ретінде қарастырылады, ал иммунды
препараттардың өңделуі қазіргі
уақыттағы вакинологияның бағыттарының
бірі болып табылады.Ие организмінің
ұлпалары мен иммунокомпонентті клеткалардың
қызметі және морфогенезіне белсенді
қатысатын пробиотиктер ретінде лактобацилдердің
ролі жеткілікті толық зерттелген. Сол
уақытта иммунодефицит кезінде қолдануға
бағытталған пероральді және ректальді
препараттардың ішінен – коккты мкроорганизмдер
Lactococcus, Enterococcus, Micrococcus, Streptococcus – жоғары
концентрацияда. Макроорганизмдердің
спецификалық емес төзімділігінің жоғарлауы
нәтижесінде иммунды стимуляциялайтын
және антинеопластикалық әсерлер басқа
да таксономиялы топтар және туыстықтар
түрінде (Bifidobacterium, Рropionibacterium, Eubacterium, Saccharomyces
boulardii, Bacillus), оларға сүтқышқылы метаболизмнің
негізгі өнімі болмайды. Осындай штаммдар
негізінде клиника үшін пробиотикалық
әсері айқын биопрепартаттар мен сүт қышқылды
өнімдер құрылған. Пробиотиктерді қолдану
бойынша жаңа ұсыныстар, бациллалардың
рекомбинантты штаммдарының берілген
қасиеттерімен, интерферондардың өнімдерінің
күшеюі есебінен вирусқа қарсы белсенділік
қабілетімен жиі пероральді препарат
«Субалин» Bac. Subtills 2335 көңілді аулатады.
Айқын вирусқа қарсы қасиеттері бар субалин
бастапқы штаммдардың жоғарғы антибактериальді
белсенділік көрсетеді. Бұл қасиеттерімен
пайда болған препараттар вирусты және
аралас инфекцияларды емдеу үшін болашағы
бар.Просимбиотиктер туралы айта кеткен
жөн, өйткені олар микрофлораның ашытқысы
сүт қышқылы тағамдарын алу үшін пайдалы
(қымыз, айран, йогурт ж.т.б.), мироогранизмдер
антогонисттерімен таратылады. Айран
ашытқыларының антинеопластикалық қасиеттерін
кейінгі жарты жүзжылдық ғылыми зерттеулерінің
нәтижесінде қымыз туберкулезді емдеу
үшін пайдалы екені анықталды, бірақ иммундық
жауаптың қалыптасуыының ролі әлі толығымен
анықалмаған.Адамдарға патогенді және
шартты-патогенді микроорганизмдердің
арасында кездесетін туыстықтары мен
тұқымдастары пробиотиктер жайлы көбі
түсініксіз болып қала береді. Сүт қышқылды
бактерияларының спецификалық емес сипаттағы
әсерлеріне қарағанда, патогенді және
шартты-патогенді микроорганизмдер иесінің
организміне басқа жолмен, спецификалық
механизмге ұқсас, қиылысты толерантты
әсер етеді. Ішек микрофлорасының таяқшалары
арнайы иммуноглобулиндердің өндірілуі
мен жалпы антигендер есебінен ішекте
патогенді энтеробактерияларға қабылдағыштығын
жоюды қалыптастырғыш фактор ретінде
роль атқарады. Организмнің енгізілген
жоғары концентрациядағы тірі энтерококктарға
жауабы толық зерттелмеген, Candida тұқымдастығына
жататын саңырауқұлақтар. Бірақ, берілген
препараттарды кең енгізу үшін пробиотикалық
мақсатпен осындай микроорганизмдерді
қолданғанда жағымсыз нәтиже мен оң эффектінің
сәйкестігі туарлы сұрақтарды шешіп алу
керек. Антинеопластикалық қасиеттеріне
негізделген пробиотиктердің детоксикациялық
функциясы иммунитетті пробиотиктер арқылы
стимуляциялау бағытында ғана зерттеліп
жатқан жоқ. Канцерогенезге қатысатын
микробты ферменттер мен ішектің лактобациллаларымен
ингибициялары, олардың метаболиттерінің
ісік клеткаларына токсикалық әсерлеріне
көптеген жұмыстар арналған. Жоғарыдағы
мәліметтерді ескере отырып, пробиотитктер
қазіргі кезде адам қорғанысының қажетті
құралының бірі болып табылатынын мойындауымыз
керек. Біріншіден, рационалды емес антибиотикті
терапия нәтижесінде, ішек сырқаттарынан
кейін, стероидты емес ісікке қарсы препараттарды
ұзақ қолданғанда, цитостатикалық терапия,
дұрыс тамақтанбау және әр түрлі стесстердің
әсерінен пайда болатын АІЖ дисбактериозынан
қорғану керек. Бұдан басқа бұзылған биоценоздарды
қалпына келтіру және урогениталды жолдардың,
ауыз қуысының сырқаттарын емдеу кезінде
жергілікті ғана емес сонымен қатар пероралды
қолданғанда да қалыпты микрофлоралары
бар препараттардың эффективтілігі байқалады.
L. Chaitov және басқа да авторлардың ойынша
микроорганизмдердің антибиотиктерге
төзімділігі өсуін ескере отырып бұл мақсатта
пробиотиктерді кең қолдану антибиотиктер
мен химиопрепараттарды қолданудың төмендеуіне
мүмкіндік туғызу қажет. Сонымен, ішекте
пробиотикалық әрекеттер АІЖ микробиоценозындағы
қозғалыстардың коррекциясына ғана бағытталмаған
және де организмнің гомеостазын толығымен
қамтамасыз ету мағынасында сипатталады.
ПРЕБИОТИКТЕР, СИМБИОТИКТЕР НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ.
Қазіргі уақытта кең пробиотиктер
кең қолданылуда және олардың
адам организміне түскен көздері
әр түрлі. Біріншіден бұл медициналық
биологиялық препараттардың фармацевтикалық
түрлері және биологиялық белсенді
қоспалар (ББҚ), тамаққа. Екіншіден - әр
түрлі микроорганизмдерді пайдаланып
биотехнологиялық әдіспен өндірілген
сүт пен өсімдік текті табиғи
тамақтық азық-түліктер және ашытқы түріндегі
пробиотиктер. Пробиотикалық эффектіні
қамтамасыз ететін олардың ішінде негізгі
орынды қышқылсүтті емдік тамақтар
алады.Препараттар және ББҚ құрамында
таза монокультура түріндегі микроорганизмдер
бар (қорғаныс қоректік орта немесе оларсыз),
жиі лиофильді кептірілген жағдайда
капсулаларда, ұнтақтарда, пероралды
қолдану үшін таблеткалрда, ректалды
және вагиналдыға свечаларда, ішектің
ішін сулау үшін қажет препараттарда
және кәмпиттер мен сағыздарда, сирек
– сұйық түрде. Препараттарда
штаммдардың салыстырмалы оптималды
сандары болмайды деген ортақ
ой жоқ. Бір штамм негізінді препараттар
мен тағамдардың көп компонентті
штамдардан асатыны жорамалданады.
Осыған байланысты, қолдану барысында
тірі микроорганизмдер жеткіліксіз
болып қалмайтындай бір көпкомпонентті
препарат қолданғанша, екі немесе үш
біркомпонентті препараттарды қолданған
дұрыс. Шет елдерде кезде 6-8пробиотиктерден
тұратын препараттары танымал. Әдебиеттерде
сәйкес терминдерде пайда болды
– «симбиотиктер» («симбиоз» сөзінен),
«мультипробиотиктер». Кейбір авторлардың
айтуы бойынша: ішектегі мультипробиотиктердің
әр штаммдары өзіне қлоайлы жағдай
іздейді және оған тән микроэкологиялық
қуысты алады – биотоп. Бұл кезде
препараттарды дайындау үшін қолайсыз
жағдайға төзімді селекцияланған және
симбиотикалы әсерлерге сыналған штаммадар
таңдалуы керек. Микроэкологтардың
айтуы бойынша мультипробиотиктерді
дайындап шығару мақсатылы және отандық
іс. Коршунова В.М. ойынша эубиотик штамм
препараттарын дайындауын қарастыруды
бифидо- және лактобактериялармен шектемеу
керек. Құрамына қалыпты мирофлора
кіретін осындай штамдардың басқа
токсономиялық топтарынан бөлінуі
өздерінің эффектілігі бойынша
бірін бірі толықтырып және өңдеуші
әсер беретін бактерия құрамды кешенді
препараттар түзуіне мүмкіндік
береді.Симбиотиктермен бірге тағы
да биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ)
– аралас құрамды пробиотикалық
азық-түліктер – пробиотик кешендері,
сонымен қатар мультиштамды , әр
түрлі пребиотикалық заттармен
– «синбиотиктер» кең қолданылады.
Синбиотиктердің әрекеті иесінің
АІЖ-на енгізілген микроорганизмдер пробиотиктер
ғана тиімді имплантацияланбай, сонымен
бірге өзінің микрофлорасының ынталануы
арқылы пробиотиктік және пребиотиктік
қоспаларының синергизміне негізделген.Симбиотиктерге
тамақтық талшықтар, иммуномодуляторлар,
ферменттер, микроэлементтер, өсімдік
қоспалары кіруі мүмкін. Бұл препараттардың
тізімі өсіп келеді. Организмнің иммундық
төзімділігін жоғарлататын және бифидобактериялар
пролиферациясы компоненттерге бай препарат-эубиотиктерді
өндіру мақсатында көптеген орыс микроэкологтар
жұмыс істейді. Мысалы, «Бифилиз» («Вигэл»)
препараты, онда тірі бифидобактериялар
мен лизоцим құрамы баланстанған. Препараттар
құрамына кірген лизоцим организмде бифидо-
және лактобактериндердің адгезиялық
қасиетін жақсартады, басқа да биологиялық
қасиет көрсетеді – иммуномодуляциялайтын,
антианемиялық, регенерация стимуляциясы.
Лизоцимде бифидобактеринге қарағанда
бифилиз жоғары: ішектік микробиоценоз
аэробты және анаэробты тұрақты жақсартады,
жергілікті иммундық факторларын өңдеуін,
АІЖ-ң жырышты қабатының құрылымы мен
функциясын қалыптастырады.Ең алғаш R.
Gibson құрастырған «пребиотиктер» түсінігі
заттарды немесе диеталық қоспаларды
белгілеу үшін қолданылады. Олар адамның
организмінде адсорбцияланбайдй, бірақ
өсудің селективті стимуляциясы немесе
микрофлораның пайдалы метаболизмін белсендіру
жолдарымен иесінің организмінде қолайлы
әсер етеді, яғни пребиотиктерді стимулятор
немесе пробиотиктердің промоторы деп
те атауға болады.Пребиотиктер ретінде
бифидобактериялар қарастырылады, сирек
– Lactobacillus, ал кейбір авторлардың мәліметтері
бойынша – және Emerococcus faecium. Концепция
авторы пребиотиктерге келесі талаптарды
ұсынады:
1.олар АІЖ-ң жоғарғы бөлімінде
гидролизденуі және адсорбцияланбауы
керек.
2.өсуін немесе метаболизмдік
белсенділікті стимулдеп, ішектің қалыпты
микрофлорасының бір немесе шектелген
пайдалы мөлшерлі селективті зат болуы
керек.
3.Ішектің микрофлорасының құрамын
жақсартуды қамтамасыз ете алу керек.
4.Микроорганизмдер жағдайын
жақсартатын, яғни иесінің денсаулығын,
гастроинтестинальді немесе жалпы эффект
өндіру керек.
Көптеген шет елдердің
авторлары пребиотиктерге талшық тәрізді
қорытылмайтын олигосахаридтерді (ҚМО)
жатқызады (ҚМО – полимеризация
дәрежелі көмірсулар класы 2-10), көбіне
фруктополисахаридтер. Біздің көзқарасымыз
бойынша, бұл түсінік кеңейтілуі
мүмкін, организмде селективті бифидогенді
эффект ҚМО ғана қамтамасыз етпейді,
сонымен бірге басқа қосылытарды
да қамтамасыз етеді.Осының салдарынан,
адамдар мен жануарлардың организмінде
сәйкес ферменттер жоқ, аш ішекте ҚМО гидролизденбейді
және сіңірілмейді, тоқ ішекке дейін өзгермеген
түрінде жеткізеді. Осы жерде ҚМО интестинальді
микрофлорамен (негізінен бифидобактериямен)
реакцияға түседі, гидролаз типті ферменттер
бөлінеді. Олар энергия көзі ретінде қолданылып,
СО2 және органикалық қышқылдарға дейін
өтелденеді. Патогенді микроорганизмдер
ҚМО өңдеу үшін ферменттер түзбейтіні
белгілі. ҚМО адамға токсинді емес және
организмге түскенде ешқандай кері әсер
бермейтіні маңызды. ҚМО-ң бірнеше кластары
бар: қысқа – орта тізбекті полимерлер
(олигомерлер) жемістердің қалдықтарынан
– жемісолигосахаридтері, фруктанттар,
оның ішінде инулин; глюкоза қалдықтарынан
– глюкоолигосахаридтер, глюкандар мен
декстрандар; галактозалар – галактоолигосахаридтер,
және де олигосахаридтер, өсімдік (соя
бобтары, сүт сарысуынан) клеткаларынан
алынған.ҚМО табиғаттары көптеген өсімдіктердің,
шөптердің, микроорганизмдердің, саңырауқұлақтардың,
дрожжилердің, омырау сүті мен балда көмірсулардың
қоры ретінде қызмет атқарады, олар сахарозаның
дисахаридтерінен, лактозадан, раффиноздан
трансферазаның ферментті жүйесі есебінде
түзіледі. Микоорганизмдердің резервті
көмірсулары пробиотиктердің микрофлораларға
әсер ететіні бұрыннан мәлім. Ацидофильді
микроорганизмдермен (оларға авторлар
мына бифидобактерияларды жатқызған:
L.plantarum, L.casei, лейконосттардың бөлек түрлері)
жиналатын декстрандардың дизентерия
кезінде қолайлы терапиялық әсері байқалған.
Бүгінгі күнге дейін толық анықталған
пребиотиктердің бірі – ерігіш фруктоолигосахаридтер
(ФОС). ФОС 80-ші жылдарда Японияда қант
алмастырғыш ретінде қолданыла бастаған,
кейін функционалдық қасиеттеріне байланысты
маңызды орынға ие болды. Биосинтетикалық
ферменттік көзіне байланысты ФОС екі
түрге бөлінеді:
1.негізгі түрі – инулин, аспарагус,
қантты қызылша, пияз сахарозаға әсер
ететін фруктозилтрансферазаның үш түрі
бар иерусалимдік артишок өсімдіктерінен;
2.микроб текті инулин тәрізді
фруктан; трансфруктоздану жүйесінің
инвертазы есебінде түзілетін сахароза
мен раффинозалар, олар көптеген түрлерде
кездеседі: Aspergillus, Aureobasidium, Arthrobacter, Fusarium,
Claviceps, Saccharomyces. ФОС молекулаларында фруктозалинді
бірліктер β (2→1) – байланысымен Д-глюкоза
молекуласына қосылған. ФОС полимерлену
дәрежесі 2 ден 60 дейін ауытқуы мүмкін,
инулиндерде 20-60, бірақ басқа авторлар
ФОС-ы фруктозилды қалдықтар 10 дейінгі
санымен олигосахаридтер тәрізді топтайды.Қазіргі
уақытта ҚМО синтетикаларын өндіру аса
өзекті мәселе; кейбір елдерде олар өндірістік
негізге қойылған. Сахарозаға әр түрлі
микроорганизмдердің сәйкес ферменттерінің
әсерімен ФОС алудың битехноллогиялық
әдістері экономикалық бағаланады. Кореяда
жақында Aureobasidium puppulans продуцентінің иммобилизацияланған
клеткаларын қолдану жолымен ФОС өндіру
сәтті жүргізілген. Өсімдіктерден ФОС
бөлінуінің тиімділігі төмен, себебі әсер
ететін факторлар саны жоғары – температураға
тәуелді. Табиғи көздерден тазаланған
ФОС сибиотиктерін өндіру кезінде қолданылады.
Мысалы, жоғары технологиялық сапалы актилайт
(қызылшаның фруктоолигосахариді), тағам
ЕЭС (SFC) бойынша ғылыми комитетінің қолдауымен
сүтті байыту үшін ұсынылған.Басқа кластардың
олигосахаридтері өндірістік жолмен де
алынады (мысалы, лактулоза – глюкозаның
1 қалдығы мен галактозаның 2-3 қалдықтарынан
тұратын β-галактозидазалы лактоза құрамды
шикізат немесе лактозаны өңдейтін тағам.
Құрамына тамақтың пробиотиктер микрофлорасын
қосу арқылы өндірістік жолмен ҚМО алу
(йогурт, бір жасқа дейінгі балаларға беретін)
функционалдық тамақтану ретінде қарастырылуы
мүмкін. Бұл кезде штаммдардың ФОС-на белсенді
әсер етеді. пребиотиктер мен пробиотиктерді
араластыру арқылы жоғары эффект алуға
болады.
Қызықты ұсыныстардың бірі
пребиотикалық қосылыстарды тазаланған
түрінде нанды, печеньені, сорпа-концентратты
ж.т.б. байыту үшін қолдану болып
табылады. Пробиотикалық тиімділікке
жету әдісі пробиотиктер мен синбиотиктерді
қолдануға қарағанда өте қарапайым,
бірақ бұл әдіс тексеруді қажет етеді.Бифидобактериялар
β-фруктозидаз ферменттік жүйесіне ие
екендігі белгілі. Лактобацилдердің бөлек
түрлері мен бифидобактерияларда талшықтар
тәрізді ФОС болғанда, ішекте белсенді
көбейеді. ФОС жылдамдатады, АІЖ-да осы
бактериялардың пролиферациясын күшейтеді.
Mitsuoka T. зерттеулерінде егде жастағы 23
пациенттердің ФОС-ы тамақпен қабылдағанда
бифидобактериялар саны (8г/тәу) 2 апта
ішінде 1000%-ке жоғарлаған. E.coli және клостридиялар
деңгейі төмендеген. Ересек адамдарға
күніне 15 г ішек микрофлорасындағы бифидобактериялар
түрлерінің ФОС-ы сол мезгілде 6 дан 22%-ке
жоғарлаған, бактероидтар, клостридиялар
мен фузобактериялар саны 25-тен 4-ке, 1-ден
0,2-ге, 4-тен 0,4%-ке дейін төмендеген.Америка
ғалымдарының мәліметтері бойынша, диетаға
ФОС қосқанда, псевдомембранозды колит
моделіне, атибиотиктік күш кезінде индуцирленген
C.difficile тәжірбиесінде атжалмандардың
орташа өмір ұзақтығы жоғарлаған. Ішекте
ферменттердің токсинді метаболиттерін
жылдамдатылған шығарулары мен канцерогенезге
қатысатын пребиотиктермен-ФОС ингибирлену
мүмкіндіктері туралы хабарлар бар.Клиникалық
бақылау нәтижесінде кальций, магний адсорбциясына,
триглицеридтер мен сарысулы хлестерин
деңгейіне ФОС-ң оң әсері анықталған; гиперлипидемиясы
бар егде адамдарда қан қысымының төмендетеді,
өт қышқылының метаболизмін реттейді.Клиникада
белсенді зерттелген ФОС қасиеттерінің
бірі болып, олардың ішекте көмірсулар
мен липидтердің адсорбциясын төмендету
қабілеттілігі, қанның глюкоза мен сарысулы
липидтердің деңгейін қалыптастыруы жатады.
Бұл қасиеттер жоғары тәттілікпен және
төмен құндылықпен (1,0-1,5ккал/г) қантты
шектеулі қабылдайтын адамдардың тамақтануына
қолдануға болады. ФОС артықшылығы, олар
аш ішекте гидролизденбей тоқ ішекте ішек
микрофлорасының екінші ретті метаболит
түрінде – май қышқылының қысқа тізбекті,
қант, жолдардың өтелденуі мүмкін, қант
диабетімен аруатын адамдарға қауіпсіз.Лактулоза
– олигосахаридтерді қабылдаған кезде
«бифидус-фактор №1» аталған ішектің рН
құрамы төмен, аммиактың шырышты қабықшасы
үшін улы иондалмаған аминқышқылдары
мен аммоний қосылыстарының түзілістері
және шіріген бактериялар өсуі төмендейді.
Иондалмаған аммиак шырышты қабықшасы
арқылы қанға өте алмайтын аммонилы улы
емес иондалған түріне ауысады. J- Rambaud
бойынша лактулоза біртіндеп ішекте бифидобактериялардың
ғана емес, сонымен қатар лактобациллалар
микроорганизмдердің және басқа да сүт
қышқылдар түрлерінің түрлерін өсуін
ынталандырады; бұл микроорганизмдер
β-галактозидазаны өндіреді және төмен
рН жағдайында сірке қышқылы мен сүт метаболизмдерінің
соңғы газ тәрізді өнімдерін біртіндеп
алмастырып, газ өнімдерін төмендетіп
өсуге қабілетті. Өсімдіктер және жануар
текті ҚМО қолдануға аса көңіл бөлінеді.
ФОС көптеген жеуге болатын өсімдіктерде
табылған: пизда, сарымсақта, спаржада,
артишоктарда, бананда, сұлыда, бидай және
қара бидайда, помидорда, інжірде, цикорийтүбірінде,
Аспарагус түбірінде, қара қанттарда.
ҚМО бал, омырау сүті мен уыз, сүттің сарысуының
құрамында болады. әсіресе инулинге бай
топинамбур (жер алмұрты) иерусалим артишогы,
бақбақ (одуванчик) түбірі, қарандыз (девясил),
шашыратқы (цикорий), жасыл банан кандидозбен
күрес, дене салмағын төмендету және сауықтандыру
жоспарына кіретін диеталық танымал комплекстердің
бірлігі және өздігінен қолданылатын
немесе халық емінің әдістеріне кіретіні
бұрыннан белгілі. Денсаулық үшін пайдалы
осы өнімдер диеталық көзқарастар бойынша
бифидогенді әсерлеріне негізделген.
Таза пребиотиктерді шығарғанға қарағанда
шикізаттарды өңдеу кезінде шығын төмен,
себебі олардан дайындалған кейбір синбиотиктер
бағасы бойынша қолайлы. Пребиотиктердің
осы көздерінің жеткіліксіздігіне сақтау
жағдайына байланысты қысқа мерзімді
сақтау жатады.Бірқатар еңбектерде көрсетілген,
яғни кейбір микробалдырлар (хлорелла,
спирулина, бөлек көк-жасыл және қара күрең
теңіз балдырлары ішекте бифидобактериялар
мен лактобацилл түрлерін тиімді жоғарлатады.
Пробиотиктер мен микробалдырлардың препараттарының
кешендері танымал және кең жарнамалы
болып барады. Аталған балдырлардың пребиотикалық
қасиеттері талшықтар тәрізді олигосахаридтердің
болуымен байланысты.Қара күрең теңіз
балдырларының глюкандарының қасиеттері
бұрын зерттелген: теңіз капустасының
ламинарланған олигосахаридтерінің бөлінуі
1967 жылы жазылған. Бірақ 60 жылдың соңында
зерттелген аквакультураның резервті
көмірсуларының пробиотикалық микрофлорасының
әсеріне аса көңіл аудармай және қазір
ғана бұл проблемаға тоқталатындар көп.
Рас, негізінен полисахаридердің (жоғары
және төмен саңырауқұлақтар гетероглюкандары,
актиномиециттер) иммунологиялық реттелу
қасиеттеріне көңіл аударылып, соған арнау
керек.