Тыныс алу мүшелерін тексеру әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2015 в 15:55, реферат

Описание работы

Кеудедегі шаншу. Кеудеде болатын шаншудың негізгі себептеріне:
Дем алу мүшелерініңң аурулары;
Кеуде сарайы қабырғасының аурулары;
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары;
Рефлекторлы аурулар жатады.

Файлы: 1 файл

Тыныс алу мүшелерін тексеру әдістері.docx

— 54.41 Кб (Скачать файл)

Тыныс алу мүшелерін тексеру әдістері

 

Сұрастыру. Басты шағымдар: кеудедегі шаншу, жөтел, қақырық бөлу, қан қақыру, ентігу және дене қызуының көтерілуі жатады.

Кеудедегі шаншу. Кеудеде болатын шаншудың негізгі себептеріне:

  1. Дем алу мүшелерініңң аурулары;
  2. Кеуде сарайы қабырғасының аурулары;
  3. Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары;
  4. Рефлекторлы аурулар жатады.

Шаншу туғызатын негізгі тыныс алу органдарының аурулары:

  1. Құрғақ плервит, сирегірек экссудативті плеврит
  2. Крупозды (плевро) пневмония
  3. Өкпе туберкулезі
  4. Өкпе инфарктісі
  5. Пиевмоторакс
  6. Басқа аурулар (өкпе ірІндігі, өкпе шірімесі, екпе қатерлі 
    ісігі).

Бұл шағымды жіктегенде оның орнына (локализациясына) ұзақтығына, сипатына және себебіне көңіл аудару керек.

Ауырғандықтың сипаты: шаншу түрінде болады, шаншу дем алғанда, жөтелгенде күшейеді (үйкеліс күшейеді), адам ауыратыы жағына жатқанда шаншу азаяды; шаншу жалпы кеуденің кез келген жерінде болуы мүмкін. көбіне қолтық асты, арқа-сыртта жиірек байқалады.

Миозитте ауыруды жарақаттанған бұлшық ет қимылдағанда және оны сипап қарағанда байқауға болады.

Қабырғаның   жарақаттануы   әр   түрлі: сыну, периостит, қабырға ісігі т.б. Ауырғандықты жарақаттанған қабырғаны сипап, не жайлап қағып анықтауға болады.

Рефлекторлы ауырғандық-іш қуысы мүшелерінің ауырғанының  кеудеге рефлекгорлы тарағанының нәтижесі. Ауру адамды мұқият тексергенде тыныс алу мүшелері жағынан өзгерістер табылмайды, ауру мүшенің сырқатыи табуға болады.

Жөтелдің себептері:

1.Тыныс жолдарындағы  бөтен денелер (шаң, қан, құсық т.б.)

2.Тыныс   алу   мүшелерің   қабынуы   (ларингит,   трахеит, бронхит, пневмония т.б.).

3.Плевра аурулары (рефлекторлы)

4.Басқа жүйелердің аурулары (жүрек-тамыр, несеп шығару, эндокриндік, бауыр  т.б.). Жөтелдің пайда болу механизмі: қақырықтың, бөтен дененің т.б.-әсерінен  трахеядағы, бронхтағы көмегейдегі  кезбе нервтің тарамдары (n faryngeus superior) қозады. Бұл қозудан туатын  импульс сопақша мида орналасқан  жөтел орталығына жетеді. Одан  импульстер көмей еттерінің нервісіне (п, ) диафрагма   (п, ) және басқа  да дем алу бұлшық еттерінің (жұлын нервілері) қозғалтпа нервтеріие  тарайды. Бұның нәтижесінде демді  терең ішке тартқаннан кейін, демді бір неше рет жылдам  сыртқа шығарғанда жөтел туады. Жөтелді сипаттағанда оның ырғағына, тембіріне, пайда болатын уақытына, түріне және оған тіркеспе  құбылыстарға көңіл бөлу керек.


Ырғағына қарай жөтел тұрақты және ұстамалы болып екі түрге бөлінеді. Түрақты жөтел созылмалы бронхитте, көмей мен кеңірдектің созылмалы ауруларында және созылмалы жүрек шамасыздығында кездеседі. Ұстамалы жөтел көкжөтелде, жоғарғы тыныс жолдарына бөтен дене түскенде, тыныс демікпесінде, ішінде сұйықтық бар қуыс ауруларда (өкпе іріндігі, бронхоэктазия ауруы, туберкулез кавернасы) кездеседі.

Тембіріне қарай жөтел:

1.Қысқа және  сақ жөтел (жәй жөтел) құрғақ плеврит  пен    крупозды    пневомонияда    болады    (шаншудан сақталып, науқас жәй жөтеледі).

2.Қатты     "үріп    жөтелу" -көмей     жарақаттанғанда, кеңірдек  қысылып  қалған жағдайда  (ісік,  жемсау), дауыс желбезегі ісінгенде және  истерияда кездеседі.

3.Қарлыққан  жөтел - дауыс желбезектері қабынғанда  байқалады.

4.Дыбыссыз  жөтел-дауыс желбезектерінде жара  барда, олар    ісінгенде    және    жалпылай    өте    әлсірегенде кездеседі.

Болатын мезгіліне қарай ертенгі, кешкі және түнгі жөтел болады.

а)Ертеңгі  жөтел  қуыс   синдромы  болатын  ауруларда кездеседі. Жөтелдің   бүл   ауруларда   ертеңгілік  күшеюі "бронхтын ертеңгі туалсті" деп аталады.

б) Кешкі жөтел бронхит пеи пневмонияда кездеседі.

в)Түнгі жөтел туберкулезде, лимфагрануломатозда және ісіктерде   байқалады.   Ол   түнге   қарай   кезбе   нервтің сезімталдығы артатындығына байланысты.

Жөтелге жалғаспалы (тіркеспелі) болатын құбылыстар:

1.Аурудьщ  төсектегі қалпы. Бронхоэктазия  ауруында, өкпе   іріңдігінде,   туберкулез   кавернасында   жөтел ауру   сау   жағына   жатқаида   күшейеді.   Қуыстағы  сұйықтық бронхқа құйылғандықтан  жөтел күшейе түседі.

2.Жөтелдің  тамақ қабылдаған кезде күшеюі  өңеш пен 
тыныс   жолдарының   арасында   тесік   бар   екенің көрсетеді.

Түріне қарай жөтел құрғақ (қақырықсыз) және ылталды жөтел (қақырықты) болып екіге бөлінеді. Құрғақ жөтел ларингитке, бронхиттың бастамасында және қүрғақ плевритке тән.

Қақырықтың көп бөлінетін мезгілі жөтелдің көбейетін кезіне сәйкес келеді, ал тіркесімді құбылыстарға жөтелмен тіркесімді болатын құбылыстар жатады.

Қақырықтың мөлшері ауруға қарай әр түрлі болады. Бронхит пен пневмонияда қақырық онша көп емес. Өкпеде патологиялық қуыс пайда болатын ауруларда (өкпе абцессі, өкпе гангренасы, бронхоэктазия ауруы, плевра эмпиемасы) қақырық өте көп түседі.

Қақырықтың түсі де әр түрлі: түссіз қақырық -бронхит пен бронхопневмонияда, көк түсті қақырық іріндік ауруларда, сарғыш түсті сарғаюда кездеседі. Сонымен қатар, қақырықтың түсі қақырықпен қан түскенде өзгереді.

Көп ауруларда қақырықтың иісі жоқ. Сасық иіс-өкпе абсцессінде, іиірік иіс-өкпе гангреыасында кездеседі.

Қақырық түріне қарай кілегей, ірің, үйыма және қанды қақырық болып бөлінеді. Кілегей қақырық бронхит пен пневмонияда кездеседі. Іріңді қақырық өкпе абсцессі мен гангренасына, бронхоэктазия ауруына және бронхқа ашылтан плевра эмпиемасына тәи, ұйыма қақырық көбіне ұйыма-ірің қақырық болып кездеседі, түсі мөлдір көпіршіген сұйықтық өкпе шеменіне тән.

Қақырыққа қан араласуды қан қақыру деп атайды. Қан қақырудың негізгі механизмі патологиялық процестің әсерінен қан тамырларының қабырғасы мүжіліп, жарақаттануында, кейде қақырыққа қан араласу қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі артқаннан, эритроциттердің қабырға арқылы альвеолаға не бронхқа  өту арқылы да іске асады.

Қан қақырудың негізгі себептері:

  1. Өкпе туберкулезі
  2. Бронхоэктазия ауруы
  3. Өкпе абсцессі мен гангренасы
  4. Крупозды пневмония
  5. Өкпеде қан іркілу (жүрек шамасыздығынан).

Өкпеден қан кетудің белгілсрі:

Қан қақыру жөтелмен байланысты, қанның түсі алқызьш (оттегі  мен қаныққан),қан сілтілік реакция береді және көпіріп тұрады (ауа аралас-қандықтан). Кейбір ауруларда қан қақырыққа ерекше түс береді. Мысалы, крупозды пневмонияда қақырық  темір тотығы түсті болады (гемосидерин), өкпенің қатерлі ісігінде қақырық  (малина)  сілікпесі түсті болады,өкпе инфарктісінде және антракозда -қақырық,  кейде қара түсті болады.  Қызғылт түсті көпірген қақырық өкпе шеменінде байқалады.

Демікпе деп ауа жетпей кеуденің қысылғанын айтады. Демікпе кезінде демді алу жиілігі мен терендігі өзгереді. Демікпенің себептері өте көп. Демікпенің себебі болатын дем алу органдарының ауруларын екі топқа бөлуге болады.

1.Тыныс жолдарыныц тарылуы:

а)бөгде денелер

б)бронхтың ішінен өсетін ісік

в)бронхтың спазмы (түйілуі)

г)кеңірдек пен бронхтың  сырттан басылуы  (ісікпен, жемсаумен т.б.)

2.Өкпенің дем алу бетінің  азаюі:

а)өкпенің қабынуы (жедел және созылмалы)

б)өкпе эмфиземасы, пневмосклерозы, инфарктісі

в)өкпенің компресорлық ателектазы (пневмоторакс)

г)өкпе жазылуының (кенеюінің) шектелуІ (плевра беттерінің жабысып қалуы, дем алу бұлшық еттерінің сал болуы, қабырға шеміршектерінің сүйектеніп кетуі).

Көрсетілген аурулардың әсерінен өкпеде оттегінің қанға сіңуі нашарлайды. Соның себебінен оттегі концентрациясы азаяды да, көміртегі қышқылының концентрациясы көбейеді. Бұл сопақша мида орналасқан тыныс алу орталығын тітіркендіреді, одан демікпе пайда болады. Клииикалық түріне қарай экспираторлық, инспираторлық және аралас демікпе болады. Экспираторлық демікпеде демді сыртқа шығару қиындайды. Ол тыныс демікпесінде, обструктивті бронхитта және өкпе эмфиземасының бастамасында кездеседі. Инспираторлық демікпеде демді ішке алу қиындайды. Ол тыныс жолдарында бөтен дене барында, кеңірдек пен көмейдің ісікпен қысылып қалғанында кездеседі. Кеңірдектің өте тарылғанында кездесетін қырыддап дем алу стридорозды дем алу деп аталады. Аралас демікпеде демді ішке алу да, іштен шығару да қиындайды, ол өкпенің дем алу бетінің азайғанында байқалады.

Демікпенің ең күшейген түрі тұншығу деп атадады.

Ұстамалы тұшпығу (астма)тыныс демікпесінде және жүрек демікпесінде кездеседі.

Демікпеде дем алу ырғағы бұзылуын айыра білу керек. Дем алу ырғағы бұзылуының түрлеріне: Куссмауль, Чейн-Стокс және Биот ырғағы (дем алысы) жатады.

Дем алу ырғағының Куссмауьше бұзылуына сирек және терең дем алу жатады.

Чейн-Стокс дем алысына дем алудың біртіндеп терендеуі мен біртіндеп баяулауы тән, одан кейін үзіліс болады. Үзілістен кейін бәрі қайтадан қайталанады.

Биот дем алысы бойынша терең де сирек дем алу мезгіл-мезгіл үзіліс жасайды.

Қарау.

Жалпы қарау.

Өкпе ауруының -көбіне санасы бұзылмайды. Тек өте жоғары қызуы бар және жалпы интоксикация белгілері бар адамдарда сандырақ жөне галлюцинация (жоқты көру) байқалады. Бұл негізінен крупозды пневмонияда кездеседі, бронхопневмонияда өте сирек болады.

Аурудың төсектегі қалпы. Тыныс алу мүшелерінІң ауруларында негізінен аурудың төсектегі мәжбүр (не амалсыз) қалпы жиі кездеседі.

а)құрғақ плевритте кеудедегі шаншуды азайту үшін ауру адам 
ауыратын жағына жатуға мәжбүр;

б)қатты  демікпеде   ауру   адам   ортопноэ  қалпында   (аяғын 
кереуеттен түсіріп жіберіп, қолымен кереуеттің шетіне сүйеніп 
отыру) отыруға мәжбүр. Бұл қалыпта  өкпеге  қан  келу 
азаятындықтан және тыныс алуға қосымша тыныс бұлшық еттері 
қосылатьшдықтан демігу (ынтығу) азаяды.

в)өкпеде іріңді қуыс пайда болатьш ауруларда (бронхоэктазия ауруы, өкпе іріндігі т.б.) науқас сау жағына жатса, бұл қуыстағы 
сұйықтық   бронхқа   төгіліп,   жөтелді   күшейтіп,   ауру   адамды әлсіретеді.  Сондықтан да ауру адам ауыратын жағына жатуға мәжбүр (жөтел азаяды).

Аурудың жалпы келпі. Жоғарыда көрсетілгендей, астениктерде туберкулез жиірек кездеседі.

Аурудың арықтауы өкпе туберкулезі мен өкпенің қатерлі ісігіне тән.

Тері мен кілегей қабықтар. Науқас адамньщ түсінің агаруы өкпедеы қан кеткенде байқалады.

Жалпы цианоз өкпеде эритроциттердің оттегімен толық қанықпауының салдарынан қанда бос гемоглобинніц көбейгенінен болады. Жалпы цианоздың себептері демікпенің себептерімен бірдей.

Ауырған жақтың бетінің қызаруы крупозды пневмонияда байқалады (ауырған жақтың симпатикалық нервінің тітіркенгеніне байланысты).

Ауыз айналасына, мұрын үстіне, құлақтың қалқанына шығатын ұшық (герпес) крупозды пневмонияға тән және аурудың сәтті аяқталатынын көрсететін белгі болып есептеледі.

Мүшелеп қарау. Өкпе ауруларының диагаостикасында мойынды қарау маңызы зор. Мойында лимфа бездерінің туберкулезінен кейін тыртық қалады. Ол өкпе туберкулезінің жанама белгісі болуы мүмкін.

Өкпе рагі де мойын бездеріне метастаз беруі мүмкін. Кеуденің орталық қуысында болатын қатерлі ісік жоғарғы қуыс венаны қысатындықтан мойын, бет ісігі кетеді.

Бұл симптом "Стокс жағасы" деп аталады. Бет пен мойының ісігі кейде бір жақты болады.

Тыныс алу мүшелерін тексергенде кеуде сарайын қарау ерекше орын алады. Кеуде сарайыы қарағанда оның түрін, демалыс жиілігін, демалудың типін, кеуденің екі жағының дем алуға қатысуының симметриялығын анықтайды.

Қалыпты жағдайда сау адамдарда кеуде сарайыыың үш түрі болады: нормостеникалық, гиперстеникалық және астеникалық.

Патологиялық жағдайда кеуденің түрі әр түрлі. Солардың ішінде өкпе ауруларын анықтауға маңызы барлары кеуде сарайының семген түрі және эмфиземалық түрі.

Эмфиземалық не күбі тәрізді кеуде сарайының сагитальды мөлшері фронтальды мөлшерден басым болады. Кеуде сарайы күбі сияқты үлкейеді. Бұл түр, атына сәйкес, өкпе эмфиземасына (өкпенің кебуі) тән.

Кеуде сарайы түрінің өзгерісі қос жақты емес, бір жақты болуы мүмкін. Кеуденің бір жақты кебуі:

  1. плевра куысына ауа не сүйықтық жиналғаннан
  2. бір  өкпе  семген  болса,   екінші  өкпенің компенсациялық 
    (орнын толтыру) ұлғаюынан болады. Кеуде сарайының бір 
    жақты семуі:
  3. Бір жақты пневмосклероздаң
  4. Операциямен бір өкпеыі алып тастағаннан
  5. Өкпенің обтурациялық ателектазынаң (басылуьшың)
  6. Плевра беттерінің тыртығының белгісі болады. 
    Дем алу түрлері: Қалыпты жағдайда дем алудың 3 түрі бар.

1.Кеудемен дем алу-дем алуға қабырға аралық бұлшық еттер 
қатынасады. Көбіне дем алудың бұл түрі әйелдерге тән.

2.Ішпен дем алу, не диафрагмалық дем алу, еркектерге тән.

3.Аралас дем алу ол қарт адамдарға тән.

Қалыпты жағдайда кеуденің екі жағы дем алуға бірдей, яғни симметриялы түрде қатысады.  Аурулы жағдайда кеуденің ауру жағының сау жақпен салыстырғанда дем алуы қалыңқы болады. Себептері:

1.Плевраның аурулары (плевра куысында ауа, сұйықтық  болу, 
құрғақ плеврит)

2.Өкпенің белгілі  бір бөлігінің дем алу процесіне  қатынаспауы:

а)пневмония ,     .

б)пневмосклероз

в)өкпе ісігі

г)өкпе инфарктісі .

3.Кеуде сарайы қабырғасының  ауруы:

а)миозит

б)қабырға аралық невралгия

в)қабырғаның сынуы т.б.

Тыныс алу жиілігі: Қалыпты жағдайда сау адам 1 минутта 16-20 рет тыныс алады. Тыныс алу жиілеуі де (тахипноэ), сиреуі де (брадипноэ) мүмкін.

Қалыпты жағдайда тыныс алудың жиілеуі дене қызметінен, тамақ ішкеннен кейін және әр түрлі психикалық факторлардың әсерінен болады. Патологиялық жағдайда дем алудың жиілеуі, өкпенің дем алатын бетінің азаюынан және дем алғанда кеуденің шаншуынан болады.

Қалыпты жағдайда тыныс алудың сиреуі ұйқы кезінде болады (ваготония). Патологиялық жағдайда дем алудың сиреуі бас сүйек іші қысымының өсуінен (ісік, қабыну, қан құйылу т.б.) және уланудан болады. Оның механизмі дем алу орталығы сезімталдығының төмендегендігінде. Тыныс алудың сиреуі тыныс жолдарының тарылып, ауа жүрудің қиындалуынан болады (стридорозды дем алу).

Информация о работе Тыныс алу мүшелерін тексеру әдістері