Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2015 в 15:55, реферат
Кеудедегі шаншу. Кеудеде болатын шаншудың негізгі себептеріне:
Дем алу мүшелерініңң аурулары;
Кеуде сарайы қабырғасының аурулары;
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары;
Рефлекторлы аурулар жатады.
Аяқ-қолды қарағанда: Бронхоэктазия ауруында және өкпенің созылмалы іріндігінде науқас адамның тырнағыньщ түрі "сағат әйнегіне", ал саусақтары "дабыл таяқшаларына" ұқсас болады. Созылмалы өкпе ауруларында, жүрек шамасыздағы дамитындықтан бұл аурулардың денесінде ісік пайда болады.
Кеудені сипаті тексеру (кеуде сарайының пальпациясы).
Кеудені сипап қарағанда:
Кеуденің ауырғаны кеуде қабырғасы ткандарының ауруынан және плевраыың жарақаттанғанынан болады.
Егер ауырғандық бұлшық еттердің жарақаттанғанынан болса (көбіне миозитке байланысты), онда ауыратын жерді сипап, не сол бұлшық етті қимылданып көріп, анықтауға болады.
Қабырға аралық невралгияда ауырғандық адам ауырған жағына иілгенде күшейе түседі және сипап отырып, зақымданған нервтің бойында ауырғандықты үш нүктеден анықтауға болады (жоғарында айтылды).
Жарақаттанған қабырғаны сипап анықтауға болады.
Плевраның зақымданганынан болатын ауырғандық кеудені сау жаққа игенде күшейе түседі де, ауырған жақтың қимылын азайтқанда бәсеңсиді.
Егер кеуде сарайының серпінділігі (эластикалық қасиеті) сақталған болса, ол екі жақтан қысқанда иілгіш келеді. Қалыпты жағдайда кеуде сарайының иілгіштілігі қарт адамдарда азаяды. Патологиялық жағдайда иілгіштіктің эмфиземада, пневмосклерозда, экссудативті плевритте және плевра ісіктерінде төмендейді.
Сөйлеген кезде дауыс желбезегінің маңында пайда болған дауыс тыныс жолдарымен тарап келіп, кеуденің дірілін тудырады, ол дауыс дірілі деп аталады. Дауыс дірілін сипап анықтайды. Қалыпты жағдайда кеуде сарайының екі жағыидағы симметриялы нүктелерде дауыс дірілінің күші бірдей болады. Егер бұл симметриялық бұзылса, ол аурулылықты меңзейді. Патологиялық жағдайда дауыс дірілінің күшеюі, әлсіреуі, не жойылып кетуі мүмкін.
Дауыс дірілінің күшеюі:
1.Өкпе тығызданғанда (ауасы азайганда) анықталады:
а)пневмония
б)өкпе инфарктісі
в)пневмосклероз
г)компрессті ателектаз
2.Өкпеде бронхпен
байланысы бар қуыс пайда
а)абсцесс
б)каверна т.б.
Дауыс дірілінің әлсіреуі:
1.Бронхтың жартылай обтурациясында (бітелуінде) кездеседі. Себебі дыбыс нашар өтеді
2.Кеуде қабырғасы мен өкпенің арасыда дауысты дұрыс өткізбейтін орта пайда болуына байланысты
а)гемоторакс
б)пневмоторакс
в)плевра беттерінің
қалындауы
Дауыс дірілінің
жойылып кетуі:
1.Бронхтың толық обтурациясында
2.Плевра қуысындағы ауа мен сұйықтықтьщ көбінен өкпенің басылып (қысылып) қалатынына байланысты
Көрсетілген белгілерден басқа, сипау, плевра беттерінің үйкелісін, тері асты эмфиземаны анықтау үшін және мойындағы, қолтықтағы лимфа бездерін тексеру үшін де қолданылады.
Өкпе перкуссиясы
Топографиялық перкуссияны өткізген кезде перкуссияның жалпы ережелерін және топографиялық перкуссияиың ережелерін қатаң түрде сақтау керек. Перкуссияны аурудың тұрған не отырған күйін де жүргізу керек. Тек қатаң ауруларды тексергенде ғана перкуссияны аурудың жатқан күйінде іске асырып, аурудың алды мен қолтық астын ғана перкуссиялаумен шектелу керек.
Топографиялық перкуссияда өкпенің төменгі шегін, өкпе үшының биіктігіы, Крениг кеңістігінің еыің және өкпенің төменгі шетінің экскурсиясын (жазылғыштығын) анықтайды.
Өкпенің төменгі шегін анықтау. Перкуссия жолымен өкпенің төменгі шегі белгілі сызықтар бойынша (1-ші сурет) екі жақтан бірдей анықталады. Өкпенің шегі өкпе (айқын) дыбысының жай (тынық) дыбысқа айналуына қарай анықталады.
Тек сол жақта, алдынғы қолтық сызығы бойында өкпснің төменгі шегі айқын дыбыстың дабыл (тимпан) дыбысына айналуына қарап анықталады.
Қалыпты жагдайдагы өкпенің төменгі шегі
Белгі сызықтар |
Оңжақ |
Сол жақ |
Төс жанындағы сызық |
VI қабырға |
III қабырға |
Бұғана ортасы сызығы |
VI қабырға аралығы |
VI қабырға аралыгы |
Қолтықтың алдьщғы |
VII қабырға |
VII қабырга |
Қолтықтың ортаңғы |
VIII қабырға |
VIII қабырга |
Қолтықтың артқы |
ІХ қабырға |
ІХ қабырға |
Жауырын сызығы |
Х қабырға |
Х қабырға |
Омыртқа жанындағы |
XI кеуде омыртқасы |
XIIкеуде омыртқасы |
Қалыпты жағдайда өкпенің төменгі шегі астениктерде бір қабырға ені төмен, гиперстеыиктер мен екі қабат әйелдерде бір қабырға жоғары болуы мүмкін.
Өкпе ұшының биіктігін анықтау. Өкпе ұшының биіктігін аурудың алдыңғы және арт жағынаы анықтайды. Алдыңғы жақтан анықтағанда плессиметр саусақты бұғанадан жоғары., оның орта шеніне параллель орналастыру керек. Жай перкуссияны пайдаланып, бұғанадаң жоғары қарай біртіндеп жылжып отыру керек. Өкпе ұшының биіктігі айқьш дыбыстың тынық дыбысқа ауысқан жеріңде анықталады.
Қалыпты жағдайда өкпе ұшының биіктігі бұғанадан 3-4 см. жоғары тұрады, оң жақ өкпе ұшы сол жақпен салыстырғанда 0,5-1 см. төмен болуы мүмкін (оң жақтағы иық бұлшық еттерінің қалындығына байланысты).
Өкпе ұшының биіктігін арт жақтан жоғарғы жауырын кеңістігінің ортасынан бастап анықтайды. Жай перкуссияны пайдаланып, VII мойын омыртқасының қырлы өскініне қарай біртіндеп жылжып отырады. қалыпты жағдайда арт жақта өкпе ұшының биіктігі VII мойын не 1 кеуде омыртқаларыыың тұсында анықталады.
Крениг кеңістігінің енін анъщтау не өкпе ұшының енін анықтау
Анықтауды трапеция төрізді бұлшық еттің алдыңғы шетінің ортасынан бастайды. Осы жерден перкуссияны екі бағытта-сыртқа және ішке қарай жүргізіп, өкпе үшы енінің шеттеріи өкііе дыбысының тыиық дыбысқа ауысқанына қарап анықтайды. Қалыпты жағдайда Крениг кеңістігінің ені 4-8 см., ол сол жақта оң жақпен салыстырғанда, аздап кең болуы мүмкін (оң жақтың бұлшық еттері жетіліңкіреген, сондықтан тынық дыбысты ерте тудырады).
Өкпенің төменгі шетінің экскурсиясын анықтау
Оны барлық белгі сызықтар бойынша анықтауға болады. Бірақ практикада үш сызықпен: бұғана ортасы, қолтық ортасы және жауырын сызықтарымеи шектеулі жеткілікті. Өкпе шетінің экскурсиясын анықтау үшін әдепкідей керсетілген сызықтар бойыыша өкпенің төменгі шегін анықтайды. Содан кейін аурудан ауаны ішке бар мүмкіидігінше терең алып, сыртқа шығармай үстап түруын сүрайды. Бұл мезгілде дәрігер әдепкідей өкпенің шегін тез қайталап анықтап, белгілер қояды. Бұдан кейін ауру бірнеше рет демді алып, шығаруы керек. Содан кейін ол демді мүмкіндігінше сыртқа шығарып сол күйінде дем алмай тұруы керек. Бұл кезде дәрігер өкпенің болжамды шегінен жоғары бастап, төмен қарай жылжып отырып тағы да өкпені анықтап, белгілейді. Екі белгі арасының қашықтығы өкпе шегінің экскурсиясы болады. Қалыпты жағдайда өкпе шетінің экскурсиясы 4-8 см тең.
Топографиялық перкуссия мәліметтерінің өзгерістері .
1.Өкпенің төменгі шегінің
Өкпенің төменгі шегі төмен не жоғары қарай ығысуы мүмкін.
Өкпенің төменгі шегінің төмен қарай ығысу себептері:
а)өкпе эмфиземасы
б)тыныс демікпесінің ұстама кезі
в)қан айиаласының созылмалы шамасыздығы (өкпе серпінділігінің әлсіреуі). Бұл себептердің нәтижесінде өкпенің төменгі шегінің төмен қарай ығысуы өкпенің кенуіне байланысты.
г)висцероптоз.
Өкпенің төменғі шегінің жоғары ығысуының себептері:
а) екі жақты пневмосклероз
б)плевра қуысындағы сұйықтық жиналу (компрессті ателектаз).
в) іш қуысы қысымының артуы (асцит, метеоризм, семіру, екі қабаттылық).
Өкпеніц төменгі шегінің жоғары ығысқаны сияқты болып көрінетін жағдай өкпенің төменгі бөлігінің қабырғасьшда
байқалады.
2. Өкпенің жоғарғы шегінің өзгерістері:
Өкпенің жоғарғы шегі деп өкпе ұшының биіктігі мен Крениг кеңістігінің енін айтады. Әкпенің жоғарғы шегінің өзгерістері:
а)өкпе үшы биіктігінің үзаруы меы Крениг кеңістігінің кеңуі
б)өкпе үшы биіктігінің аласаруы мен Крениг кеңістігінің тарылуы түрінде кездеседі.
Өкпе ұшы биіктігінің ұзаруы мен Крениг кеңістігінің кенуі:
а)өкпе эмфиземасында
б)тыныс демікпесінің ұстамалы кезінде кездеседі.
Өкпе ұшының биіктігінің аласаруы мен Креииг кеңістігінің тарылуы;
а)пневмосклерозда
б)өкпе ұшында инфильтрация барыңда (туберкулезде)
кездеседі.
3. Өкпенің төменгі шеті
Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы
Салыстырмалы перкуссияны өткізгенде де жоғарыда көрсетілген ережелерді қатаң түрде сақтау керек. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын төмендегідей реттілікпен орындау керек.
1.Өкпенің ұштарын салыстыру. Ол үшін плессиметр саусақты бұғанадан жоғары және оған параллель орналастырып перкуссиялайды. Содан кейін бұғананың өзін қағып қарау керек. Екі жақтағы дыбысты салыстырып көру керек.
2.Қабырға
арасы кеңістікке орналасқан
саусақ-плессиметрді қаға
3.Өкпенің бүйір жағын перкуссиялау. Плессиметр саусақты қабырға аралығына орналастырьш, қолтықтың ортаңғы сызығы бойынша перкуссиялайды. Перкуссия кезінде ауру қолдарын төбесіне қою керек.
4. Өкпенің
арқа бетін иеркуссиялау. Перкусеияны
жауырыныан жоғары бастайды. Плессиметр
саусақты жауырынан жоғары
Жауырын аралық кеңістіктіц дыбысын салыстырғанда плессиметрді омыртқаға параллель (қабырғаларға перпендикуляр) орналастырып, екі жақтын дыбысын бір деңгейде анықтағаннан кейін плессиметрді төмен түсіріп перкуссиялап, одан кейін келесі жаққа көшеді. Осылай перкуссиялай отырьш, жауырын бұрышына дейін төмендейді. Жауырынан төменгі жерде салыстырмалы перкуссияны плессиметр саусақтың горизонталь күйінде (қабырғаға параллель) жүргізеді. Қалыпты жағдайда өкпе үстінде айқын өкпе дыбысы анықталады. Сонымен қатар төмендегіндей физиологиялық ерекшеліктер де болуы мүмкін:
Өкпе дыбысының патологиядагы өзгерістері
Патологиялық жағдайда өкпе дыбысы тынық және дабыл (тимпанды) дыбысы бағытында өзгереді. Сондықтан да, патологияда өкпе үстінен мынандай перкуссиялық дыбыстарды анықтауға болады:
1.Өкпе дыбысының
бәсендеуі не қыеқаруы (бәсең
өкгіе
дыбысы);
2.Тынық (жай) дыбыс;
3.Дабыл ренкелі өкпе дыбысы;
Бәсең өкпе дыбысын туғызатын жагдайлар:
1.Өкпе тканінде ауаның азаюі:
а) өкпенің қабьнуы (крупозды пневмоиияның басталуы жөне аяқталу кезеңі, бронхопневмония)
б) пневмосклероз
в)толық емес ателектаз (өкпенің жартылай басылуы)
г)өкпе шемені
д)өкпе инфарктісі
2.Өкпе
тканнінің ішінде ауасыз
а)ісіктер
б)эхииококк
в)жартылай өкпе абсцессі
г)өскен лимфа бездері
3.Плевра өзгерістері:
а)плевра қуысында аздап сүйықтық жияалуы
б)плевра беттерінің қалындауы: инфильтрация, ісік. Өкпе үстінде тынық, жай, ақырын дыбыс пайда болатын жағдайлар:
1.Өкпе тканінің тығыздалуы (өкпеде ауаның жойылуы)
а)крупозды пневмонияның нағыз өршіген кезі (өкпе қатаюы, не өкпенің бауырға ұқсастану кезі),
б)өкпеыің толық ателектазы (басылуы).
2.Өкпедегі ауасыз құрамдардың кеуде бетіне жақын орналасуы:
а)өкпе ісігі
б)өкпе эхиноккогі
в)жарылмаған өкпе абсцессі
3.Плевра қуысындағы мол мөлшердегі сұйықтық. Дабыл реңкелі өкпе дыбысының пайда болатын жағдайлары:
1.Өкпе ішінде ауасы бар қуыстар пайда болуы:
а)жарылған өкпе іріндігі (абсцессі)
б)туберкулез кавернасы
в)бронхоэктаздар
2.Альвеолада міндетті
түрде ауа бар жағдайда,
оның
қабырғасының эластикалық қасиетінің
азаюі:
а)жартылай ателектаз
б)крупозды пневмонияның
бастапқы және соңғы кезені.
Көрсетілген себептерде дабыл рені
жоғары дыбысты болып келеді.
3.Өкпеде ауа көбеюі
және өкпенің эластикалық
азаюі: а)өкпе эмфиземасы
б)тыныс демікпесшің ұстамалы кезеңі. Соңғы жағдайда дабыл реңкелі дыбыс қорап дыбысы, ол төмен дыбыстарға жатады.
Өкпе үстінде дабыл (тимпанды) дыбыстың туу жағдайлары:
1.Өкпе бетіне жақыи орналасқан ішінде ауасы бар қуыстар:
а)өкпе абсцессі
б)туберкулез
кавернасы т.б.
2. Пневмоторакс
Тимпанды дыбыс түрлері:
1.Құрамында жоғары обертондары бар металл дыбысы. Ол жұқа және керілген қабырғасы бар үлкен қуыстарға (пневмоторакс, жақын орналасқан каверна) тән.
2.«Жарылған қыш құмыра»
дыбысы-айқастырып ұстаған екі
Пайда болатын
жағдайлар: