Биопрепараттар мен вакциналардың сапасына қойылатын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 19:25, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта жиі кездесетін және қысқа мерзімді міндеттерді шешуден басқа, биотехнология ұзақ мерзімді проблемаларды шешудің, дәлірек айтқанда, орны толмас қорларды пайдаланудан гөрі жаңартылған шикізатты пайдалануға көшуді қамтамасыз етудің құралы. Бұл уақыт талабына сай, табиғи минералдық қорлардың азаюына, жершары ауа райының өзгеруіне және халық санының өсуінен туындаған жаһандық геосаяси міндет, және де оны жалпы адамзат атаулы, әсіресе жекелеген мемлекеттер бірігіп шешуі тиіс. Әлемдегі дамыған елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және тағы басқалар) тиісінше биотехнологияны дамытудың бағдарламаларын ендігі бекітіп те үлгерді.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1.1 Биотехнология - ежелден медицина мен ветеринарияда өз
үлесін қосып келе жатқан ғылым
1.2 Гендік-инженериялық пен микробиологиялық өндіріс
1.3 Инсулиннің биотехнологиясы
1.4 Антибиотиктердің биотехнологиясы
1.5 Цитокиндердің қолданылуы және биотехнологиясы
2. Иммуногендер мен вакциналардың түрлері
2.1 Бактерияларға қарсы вакциналар
2.2 Вирустарға қарсы вакциналар
2.3 Заманауи вакциналар
3.Микрокапсулалы вакциналарды алу технологиясы
3.1Вакциналар
3.2Микрокапсулалы вакциналардың компоненттері
3.3Вакциналардың классифкациясы
3.4Инактивтендірілген тұтас бактериалды вакциналар
3.5 Тірі вакциналар
4.Биопрепараттар мен вакциналардың сапасына қойылатын
бақылау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

МИКРОКАПСУЛАЛЫ ВАКЦИНАЛАРДЫ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.docx

— 83.34 Кб (Скачать файл)

2009 жылы A/H5N1 тұмауына қарсы  Kazfluvac белсенді емес вакцинасын  жасау технологиясы денсаулық  сақтау жүйесі үшін әзірленді.  Санкт-Петербор тұмау ҒЗИ және  токсикология институты базаларында,  сонымен бірге ҚР ұлттық дәрілік  заттарды сараптау орталығында  (Алматы) A/H5N1 тұмауға қарсы Kazfluvac белсенді емес вакцинасын клиника  алдылық сынау жүргізілді. 2010 жылы  аталған орындарда вакцинаны  клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары  басталды.

Ветеринарияға арналған жануарлар  мен құстардың мынадай ауруларына қой күлі, ұсақ мал обасы, аусыл, құтыру, бруцеллез және туберкулезге қарсы 28 диагностикалық тест-жүйе мен 26 вакцина  өндіру технологиясы әзірленіп, өндірісі ұйымдастырылды.

Қазақстанда алғаш рет  топырақты мұнай қалдықтарынан  тазартуға арналған тиімділігі жоғары отандық «Экобак» препаратын өндіру жолға қойылды. Осы препаратпен 2006 жылы Қарағанды-Шымкент мұнай құбырының  жарылуы нәтижесінде ластанған 2,75 га жердің 12 000 тонна топырағы 3 ай ішінде толығымен тазартылды. Препаратты өндірістік сынақтан өткізу Атырау және Маңғыстау  облыстарында да жүргізілді.

Биотехнология әдістері негізінде  бидайдың жаңа жоғары өнімді, қолайсыз климатқа және ауруларға төзімді 5 сорты  шығарылды (Мирас – 38 ц/га – жатып және шашылып қалуға төзімді; Надежда – 40 ц/га – құрғақшылыққа төзімді сорт, Әлем – 43 ц/га – тозаңбас ауруына төзімді; Бәйтерек – 20 ц/га, құрғақшылық және күлгін тат ауруына төзімді сорт, Северянка - өнімділігі 27 ц/га, құрғақшылыққа төзімді), көрсетілген сорттар Қазақстанның төрт облысында аудандастырылған.

Өнімділігі мен дән  сапасы жөнінен өзге сорттардан өнімділігі жоғары күріштің жаңа Бақанас (өнімділігі 50 ц/га,) сорты, Алматы облысында және Қызылорда облысында аудандастырылған Мәдина (өнімділігі 60 ц/га,) сорттары шығарылды. 2009 жылы бұл сорттар 5000 га жерге себілсе, 2010 жылы 10 000 га жерге себілетін болады.

Өсімдіктерді вируссыз клондау  негізінде жетілдірілген тұқымдық картоп алу технологиясы әзірленді. Вируссыз тұқымдық картоп шаруашылығы  технологиясы Қарағанды облысында  енгізілді. Осы технология бойынша 2008 жылы 5000 тонна картоп өндіріліп, «Астра-Агро» ЖШС–гі (Қарағанды  облысы, Абай ауданы, Көксу ауылы) элиталық тұқым шаруашылығы атағын алды. Қазіргі  таңда бұл технология Ақмола облысында  өндіріске енгізілуде.

Бифидумбактерин отандық  препаратын өндіру технологиясы жасалып, оны Қазақстан Республикасында  мемлекеттік тіркеу жұмыстары жүргізілді. Оны өнеркәсіптік өндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.

«Аспорагенді Биотурин»  – Bacillus thuringiensis негізінде жасалған тақ жібек құрты мен мақта  және сұр дән құртына қарсы  экологиялық таза биопестицид әзірленді. Оның тәжірибелік-өндірістік регламенті даярланған, ұйым стандарты бекітілген. Аспорагенді Биотурин препараты  Қазақстан Республикасында тіркеу сынағынан (тіркеу куәлігі №V-17) өтті. Колорада қоңызы мен кенеге арналған жаңа инсектицидтік «Битокситурин» препараты жасалды. Препарат Қазақстан  Республикасында тіркеу сынағынан (тіркеу куәлігі №V-18) өтті.

Бұршақ тұқымдас дақылдардың  өнімділігін арттыратын (бұршақ, ноқат, жасымық) биологиялық препараттардың құрғақ және сұйық формаларын шығару технологиясы мен өндіру әзірленді. «Нитрагин» препаратын өндіру жөніндегі  инновациялық патент пен тәжірибелік-өнеркәсіптік регламент ОПР 3990935-01-2008 даярланды. Препаратты «Достык 06» (Астрахан ауданы, Ақмола облысы) ЖШС 60 га жеріне қолдану арқылы бұршақтың  өнімділігін 12%, «КазАгроИнновация» АҚ астық шаруашылығы ҒЗО 26% арттырды. Ноқат пен жасымық ұрықтарын  препаратпен өңдеу олардың өнімділігін 14 және 17% арттырды.

«Вектор» МҒО-мен (Новосибирск) бірігіп алғаш рет ішке қабылдайтын  таблеткалық адамның рекомбинантты  эритропоэтині жасалды. Қазіргі  таңда препараттың клиника алдылық  сынағы аяқталып, клиникалық зерттеудің бірінші сатысы басталды.

Қызылшаға және паротитке  қарсы микрокапсулалы вакцина даярланды. Бұл вакциналардың артықшылығы  капсула түрінде, қазіргідей баланың 9 айлығында емес, 5 айлық кезінен  бастап ішке пайдалануға мүмкін екендігінде. Препарат клиника алдылық сынақтан өтуде, осы жылы клиникалық сынақтың бірінші фазасы басталады деп  күтілуде.

Жараны жазатын альфа  ісігі некрозы, ангиогенин және эритропоэтин негізіндегі препараттардың жаңа ұрпағы даярланды. Олар трофикалық жара, күйік, инфаркт және церебралды тромбоздарды емдеуде тиімді. Препараттар клиника  алдылық сынақтан өтуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Бұлашев А.Қ., Кухар Е.В.  «Ветеринарная биотехнология» Оқу құралы Астана 2009, 222 бет.

2. Беккер М., Лиепиньш Р.М.  Биотехнология. Агропромиздат. 1990. - 334 с.

3. Биотехнология. Принципы  и применение. Под ред. И. Хиггинса,Д.  Бета, Дж. Джонса. -М.: Мир, 1988. -480 с.

4. Ескендирова С.З. Биотехнология микроорганизмов. Учебное пособие. Астана 2003.

5. Итоги выполнения РНТП Ц0252 «Научно-техническое обеспечение и организация производства биотехнологической продукции в Республике Казахстан» на 2001-2005гг./ Материалы республиканского научно-практического семинара. Астана,2005.

6. Самуйленко А.Я., Рубан Е.А. Основы технологии производства ветеринарных биологических препаратов М.: Россельхозакадемия, 2000.

7. Сергеев В.А. Вирусные вакцины. Киев.: Урожай, 1993.

8. Сюрин В.Н., Белоусова Р.В., Фомина Н.В. Ветеринарная вирусология. М.: Колос, 1984.

9. Токарик Э. Ф., Ковальская Л. А., Константинов В. М. Методы статистического анализа в исследованиях по стабилизации вирусных вакцин. Достижения и перспективы развития криобиологии и криомедицины. Международная конф., Харьков, 1988, Тезисы доклад с. 56.

10. Токарик Э. Ф., Ковальская Л. А., Скотникова Т. А., Константинов В.М. Методические подходы к конструированию защитных сред для живых вирусных вакцин. Научные основы производства ветеринарных препаратов. М., 1989 с. 17-21.

11.Вакцинопрофилактика(под  ред. В.К. Таточенко, Н.А.Озаренко):1994.-176б.

12.Гордон Ада, Амстер  Рамсей (Вакцины, вакцинология и  иммунный ответ):2002,-264б


Информация о работе Биопрепараттар мен вакциналардың сапасына қойылатын