Адвокаттық іс жүргізудің тарихи дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2015 в 08:21, реферат

Описание работы

Конституциялық кепілдіктерді толық жүзеге асыру ушін құқық қорғау органдары жұмысының нышаны мен тәсілдерін демократия ағымына икемдеу, болашақ заңгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің сапасын көтеру қажет. Мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтары мен бостаңдықтарын сақтауы жэне қорғауы белгілі бір дэрежеде азаматтар мен үйымдарға кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар қызметінің негізгі принциптерін анықтайтын адвокатура сияқты қоғами-қүқықтық институтпен де тығыз байланысты.

Содержание работы

I Кіріспе бөлімі

Адвокаттық іс жүргізудің тарихи дамуы
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi

II.Негізгі бөлім
2.1 Адвокаттың құқықтары
2.2 Адвокаттың мiндеттерi

III. Қазақстан Республикасындағы адвокат
3.1 Адвокаттық қызметті реттейтің зандар
3.2 Адвокаттар алқасы мүшелелерінің қүқықтары мен міндеттері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

2т Реферат.docx

— 68.88 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетi

Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Р Е Ф Е Р А Т

 

 

Тақырыбы: адвокаттық іс жүргізудің тарихи дамуы

 

           пән: Адвокатура

           мамандығы: 5В030100-Заңтану

 

 

 

Орындаған:   Галымжанова А.Н

 

Тексерген:                                                                 Оразбаев О.С., аға оқытушы,

заң ғылымдарының магистрі

 

 

 

 

 

           

ҚОСТАНАЙ, 2015

 

 

I Кіріспе бөлімі

 

    1. Адвокаттық іс жүргізудің тарихи дамуы
    2. Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi

 

II.Негізгі бөлім

2.1 Адвокаттың құқықтары

2.2 Адвокаттың мiндеттерi

 

III. Қазақстан Республикасындағы адвокат  

3.1 Адвокаттық қызметті реттейтің зандар

3.2 Адвокаттар  алқасы мүшелелерінің қүқықтары  мен міндеттері

                           

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Конституциялық кепілдіктерді толық жүзеге асыру ушін құқық қорғау органдары жұмысының нышаны мен тәсілдерін демократия ағымына икемдеу, болашақ заңгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің сапасын көтеру қажет. Мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтары мен бостаңдықтарын сақтауы жэне қорғауы белгілі бір дэрежеде азаматтар мен үйымдарға кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар қызметінің негізгі принциптерін анықтайтын адвокатура сияқты қоғами-қүқықтық институтпен де тығыз байланысты.

Бұл рефераттын мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары жэне 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.

Рефератка адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.

Адамды, оның өмірін, қүқықтары мен бостандықтары жоғары қүндылық деп жариялаған 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясы талаптарына сәйкес 1997 ж. 5-желтоқсаңда Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңы қабылданды. Осы заң адвокатура институтының рөлін айтарлыктай көтерді, азаматтар мен ұйымдардың қүқықтарын жэне заңды мүдделерін корғауға жэрдемдесті, сол аркылы жалпы заңдылықтың сақталу мен нығаюына ықпал етті. Сонымен қатар, бүл жаңа заң демократиялық, қүқықтық мемлекетті қүру және нарықты экономиканың тереңдеу жағдайында адвокатураның ұйымдастырылуы мен кызметін реттеуге орайластырылды.

Осы заңга сэйкес адвокаттар алқасы эртүрлі тәсілдермен кез келген қол сүғушылык пен тәртіп бүзушылықтан азаматтар қүқығын қорғау жөніндегі міңдеттерді, атап айтқанда, қылмыстық жэне азаматтық істер бойынша білікті заң көмегін көрсету, үйымдар тапсырысымен сотта өкілдік ету, заң түрғысынан акыл-кеңес беру, азаматтық істердің сот талқысына айыпкердің, талапкердің жэне іске қатысушы басқа түлганың өкілі ретінде қатысу жэне де басқадай заң көмегін көрсету арқылы жүзеге асырады.

Адвокаттар алқасының және оның мүшелерінің жүмысымен соттардың, прокурорлардың, тергеушілердің қызметі тығыз байланыста. Азаматтар мен үйымдардың қүқығын қорғау айтарлықтай дэрежде солардың іс-эрекетіне байланысты. Қүқық қорғау оргаңдары жүйесінде жүмыс істейтін кейбір лауазым иелері адвокатураның маңызын бағаламайды, ал кейбір жағдайларда адвокатура, адвокаттық қызмет жэне заң көмегін көрсету тэртібі туралы түсініктері шамалы болып келеді. Нәтижесінде, адвокатура туралы қауқарсыз

қосалқы қоғамдық-құқықтық институт сияқты құкықтық менсінбеушілік қалыптасады. Адвокатура қызметінің міндеттері мен қызметі туралы қажетті білімнің жоқтығы, түптің түбінде, зандылық пен құқық тэртібін нығайтуға септігін тигізбейді, осы тұлғалар мен адвокаттар арасыңда жанжалдың шығуына алып келуі, азаматтар мен қоғам үшін жағымсыз салдарды. тудыруы мүмкін.

Адвокаттың қызметі қолданыстағы заңнаманың теориясы мен тәжірибесін терең білуге негізделуге тиіс. Осыған байланысты кәсіби адвокаттық қызмет азаіматтық және қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, кылмыстық, экімшілік құқық сияқты пэндер мен соттағы дәлелдеу теориясын және таға басқаларды жетік және дәйекті игеруді талап етеді.

 

 

 

    1. Адвокаттық іс жүргізудің тарихи дамуы

 

Адвокат (гр. advocatus — шақырылған) — адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және арнаулы заңда көзделген шеңберде кәсіби құқықтық көмек көрсететін заңгер; кең мағынасында алғанда — қорғаушы. Заңды көмек көрсете отырып, адвокат: заң мәселелері бойынша түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды; анықтау, алдын-ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және т.б. органдар мен ұйымдарда, азаматтық қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілі ретінде қатысады, оларды қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың статусы, адвокаттық қызметпен айналысу тәртібі, кәсіби құқылары мен міндеттері, мінез-құлық нормалары Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңында (1997 жылы 5 желтоқсан) көзделген.

Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам — босатылған күнінен бастап бір жыл бойы адвокат бола алмайды.

Жоғарыда аталған Заңның 8-бабында былай деп жазылған:

1. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан  өтушiлерi болуы ммкiн.

2. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек  шартының (келiсiм-шартының) негiзiнде  заң консультациясында, адвокат  кеңсесiнде немесе адвокаттық  қызметпен жеке-дара айналысатын  адвокаттың жанында жұмыс iстей  алады. 
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.

3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан  Республикасының азаматтары  ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады. Тағылымдамадан өтушілер тағылымда туралы шарттың негізінде адвокаттарда тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.

4. Тағлымдаманың тәртiбiн, мерзiмi мен  шарттарын адвокаттар алқасы  белгiлейдi». Адвокат лицензияның  негізінде жұмыс істейді. Заңның 9-бабына сәйкес: «1. Әділет аттестаттау  комиссиясының шешімі негізінде  Қазақстан Республикасының Әділет  министрлігі берген адвокат лицензиясы  лицензияда көрсетілген адамның  адвокаттық қызметпен айналысуына  рұқсат беру болып табылады.

2. Лицензия аттестаттаудан өткен  жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен  айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Адвокаттар лицензияларының мемлекеттік тізілімі туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы тізілімді жүргізеді.

2-1. Аттестаттаудан өтпестен адвокаттық  қызметпен айналысуға лицензия  алуға Қазақстан Республикасы  Әділет біліктілік алқасына біліктілік  емтиханын тапсырған адамдардың, тұрақты судьялардың және өз  міндеттерін орындау кезінде  атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңды бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдардың құқығы бар.

3. Біліктілік емтиханын тапсыруға  жіберу туралы өтініш бір мезгілде лицензия беру туралы өтніш болып табылады.

4. Лицензия негізгі, тұрақты болып  табылады және оның күші Қазақстан  Республикасының барлық аумағында  қолданылады».

Адвокатураның міндеттері: азаматтар мен ұйымдарға заң қызметін көрсету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және зңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, заңдылықты сақтау болып табылады.

Жоғарыда аталған Заңда көрсетілген мөптеген міндеттер оның нақты мақсатына сай келмейді. Атап айтқанда, осы нормативтік актіде адвокатураның міндеті сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылатыны көрсетілген. Алайда адвокат  өз клиентінің мүддесін білдіреді және сот шешімінің өз пайдасына шығуына қол жеткізу мақсатында өзінің заң білімін пайдаланады. Адвокат, егер үкім оның клиентін қанағаттандырса, негізсіз үкімге шағым бермейді.

Жоғарыда аталған Заңның 1-бабына сәйкес: «1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша  қорғ¬ау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық  және басқа да iстер бойынша  өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың  құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.

Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды».

Жоғарыда аталған Заңның 3-бабына сәйкес «адвокатура ұйымдастырылуы мен қызметi:

1) адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;

2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстермен және құралдармен жүзеге асыру;

3) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;

4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау қағидаттарына негiзделедi».

Адвокат өзiнiң кәсiби қызметiнде әртүрлi заң көмегiмен көрсетедi. Қазақстан Республикасыың Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде әрбiр адамға бiлiктi заң көмегiн алудың үлкен және тең мүмкiндiгiн бередi [4]. Бұл жағдайда заң көмегi өзiнiң мазмұны бойынша iс-әрекеттiң үлкен шеңберiн қамтиды, сот органдарында заңды және жеке тұлғаларға өкiлдiк ету мен қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы-бұл адвокат қызметiн маңызды түрлерiнiң бiрi, ол негiзiнен жүзеге айыптаушыны (сезiктi) қорғау әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты.

Қорғау — қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қаматамазыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi.

Қорғану тарабы сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлдерi болып табылады.

Қылмыстық процестiң әрбiр сатысында айыпталушы қорғаушы көмегiн қажетсiнедi, онсыз айыпталушы өз кiнәсiздiгiнiң дәлелдерiн келтiруге, сондай-ақ айыптауды терiске шығаратын немесе жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн мән-жайларды анықтауға дәрмесiз.

Қорғаушы – заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлердi айыпталушы мен олардың құқықтары мен мүдделерiн жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам.

Тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтiрiлгендiгiн хабарлап, соған байланысты Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде белгiлеген негiздерде және тәртiппен өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған адам сезiктi болып танылады.

Өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзiне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық iс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекiткен адам айыпталушы болып танылады.

Заң қорғаушы ретiнде жiберiлуi мүмкiн тұлғаларды нақты анықтайды. Оған жататындар:

а) адвокаттар, яғни адвокаттар алқасында мүшелiкке тұрған тұлғалар;

б) жұбайы (зайыбы);

в) жақын туыстары мен заңды өкiлдерi;

г) өз бiрлестiктерi мүшелерiнiң iстерi бойынша кәсiподақтың және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, олар өз өкiлiн бөлiп, қорғаушы ретiндегi оның өкiлеттiгiн айғақтайтын тиiстi құжаттармен (шешiм немесе хаттама, сенiм хат) қамсыздандырады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында (ҚІЖК 70-бап 2-тармақ) қорғаушы ретiнде iске, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен халықаралық шартында өзара негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген тәртiппен iске қорғаушы ретiнде шетел адвокаттарының қатысуына жол берiледi.

Қорғаушылар (адвокаттар) iске қатысуға тұлға айып тағылған немесе ұсталған, айыпталушы деп танылған не айыпталғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жiберiледi.

Бiр адам, екi сезiктiнiң, айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.

Қылмыстық iс бойынша кәсiби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.

Информация о работе Адвокаттық іс жүргізудің тарихи дамуы