Адвокаттық іс жүргізудің тарихи дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2015 в 08:21, реферат

Описание работы

Конституциялық кепілдіктерді толық жүзеге асыру ушін құқық қорғау органдары жұмысының нышаны мен тәсілдерін демократия ағымына икемдеу, болашақ заңгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің сапасын көтеру қажет. Мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтары мен бостаңдықтарын сақтауы жэне қорғауы белгілі бір дэрежеде азаматтар мен үйымдарға кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар қызметінің негізгі принциптерін анықтайтын адвокатура сияқты қоғами-қүқықтық институтпен де тығыз байланысты.

Содержание работы

I Кіріспе бөлімі

Адвокаттық іс жүргізудің тарихи дамуы
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi

II.Негізгі бөлім
2.1 Адвокаттың құқықтары
2.2 Адвокаттың мiндеттерi

III. Қазақстан Республикасындағы адвокат
3.1 Адвокаттық қызметті реттейтің зандар
3.2 Адвокаттар алқасы мүшелелерінің қүқықтары мен міндеттері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

2т Реферат.docx

— 68.88 Кб (Скачать файл)

Бiлiктi заң көмегiн алу құқығын жариялай отырып Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық азаматтарды бостандықтары мен заңды мүдделерiн кәсiби қорғау құқығымен, қылмыстық iзге түсуден қорғану құқығын қоса алғанда, қамтамасыз ету принципiн орнықтырды (ҚР ҚІЖК 28-бап). Осы ережеге сәйкес анықтауды жүргiзетiн адам, тергеушi, прокурор, сот әрбiр iс бойынша азаматқа өз құқығын жүзеге асырудың нақты мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Құқықты тiкелей немесе жанама шектеу я болмаса, әлеуметтiк шығу тегi, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, дiни ұстанымы, көз қарасы, тұрғылықты жерiне байланысты желеумен немесе кез –келген басқа мән жай бойынша жазаланады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде процесс барысында бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар субъектiлер анықталды. Олар қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында құқықтары мен мүдделерiн қорғалатын немесе бiлдiретiн тұлғалар (сезiктi, айыпталушы, сотталушы, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, куә).

Бұл арада кәсiби қорғаудың қылмыстық iс бойынша қорғаудың саналуандығы болып табылатындығын ескерген жөн. Онда қорғау үшiн тән барлық белгiлерi бар (Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексi 7-бап, 19-тармақ), алайда, сонымен қатар оның Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңымен реттелетiн адвокаттың құқықтық мәртебесiне байланысты ерекшелiктерi кездеседi. Оған адвокат мiнез-құлқының кәсiби нормалары, адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi, адвокаттық құпия, адвокаттар алқасы мүшелерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi және тағы басқа жатады.

Сондықтан кәсiби қорғау – адвокаттың бiлiктi заң көмегiн көрсету мақсатында қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында көзделген және белгiленген құралдар мен әдiстер негiзiнде ғана жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi, оның құрамдас бөлiгi айыпталушының, сезiктiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды, қылмыстық қудалауға заңсыз ұшыраған адамның айыбын терiске шығару немесе жеңiлдету мен ақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсiби қорғаушының (адвокаттың) көмегiн пайдалануға қажеттiлiк сондай-ақ, сот жүргiзу iсi тәртiбiнiң ерекше күрделiлiгiнен және көптеген заңи мәселелердi шешу кезiдегi қылмыстық рәсiм барысында пайда болуы мүмкiн, орны толмас құқықтық салдардан туындайды.

Осы негiзгi конституциялық пртнциптi сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде сақтамауды қылмыстық iс жүргiзу нормаларын өрескел бұзу деп санауға болады. Осы жайт мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың кез келген шешiмнiң, егер олар айыпталушының (сезiктiнiң) қорғану құқығын шектейтiн болса, күшiн жоюға әкеп соқтырады.

Қоғам мен мемлекет бiрде – бiр азаматтың жеткiлiктi дәлелдерсiз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмауына және сотталмауына мүдделi. Мемлекет, қорғану құқығын қамтамасыз етудiң конституциялық кепiлдiгiн атқара отыра, оның iшiнде адвокаттық қызмет кепiлдiктерiн бередi, олардың арасында анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттар адвокат қылмыстық iске жiберiлген сәттен бастап кешiктiрмей, оған қорғауындағы адамның қамауда ұсталуының бүкiл мерзiмi үшiн iске қатысуға жiберiлетiндiгi туралы жазбаша айғақтама беруге мiндеттi; анықтау, алдын ала тергеу органдары, iс жүргiзу заңында көзделген жағдайларда, адвокатқа оның тергеуге және адвокатпен келiсiлген мерзiмдегi басқа да iс жүргiзу әрекеттерiне қатысу қажеттiгi туралы хабарлауға мiндеттi және тағы басқа.

Адвокат өз қызметiн адвокаттар алқасының мүшесi бола отырып, жүзеге асырады. Жоғарыда адвокат заң көмегiн көрсететiн негiзгi тұлға екендiгi айтылғанмен, ол бiрден-бiр тұлға болып табылмайды. Алайда нақ кәсiби тәжiрибе мен құқықтық бiлiм адвокаттың айыпталушыға (сезiктiге) аса бiлiктi көмек көрсетуiне мүмкiндiк бередi. Заң көмегiн көрсету жөнiндегi адвокаттық мiндеттердiң орындалуы мемлекет өкiлеттiгiн адвокат-қорғаушының кәсiби парызы болып табылады. Адвокаттың қорғау жөнiнде өзiне қабылдаған мiндеттемелерiнен бас тартуға құқығы жоқ. Адвокат үшiн қорғауды жүзеге асыру, кәсiби қызмет болып табылады.

Алайда, заңнамаға сәйкес қылмыстық процеске қатысуға қорғаушының өзге де санаты жiберiледi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтiк 2002 жылдың 6 желтоқсандағы №26 “Қорғану құқығы реттейтiн қылмыстық iс жүргiзу заңнамасын қолдану тәжiрибесi туралы“ қаулысымен қорғану құқығының кәсiпқой адвокаттық немесе тек арнайы заң бiлiмi және қорғаушыға нақтылы бiлiктi заң көмегiн көрсетуге қабiлеттi болған жағдайларда, қорғаушы ретiнде жiберiлген өзге де адамдардың-сезiктiнiң, айыпкердiң, сотталушының жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылатыны туралы қағиданы алғаш рет бекiтiп бердi. Анықтау, тергеу органдары мен соттар осы мәселенi анықтап, егер сезiктi, айыпкер, сотталушы, сотталған таңдап алған қорғаушы қорғалушының мүдделерiн бiлдiруге қабiлеттi болмаса, онда iске кәсiпқой адвокатты тарту туралы мәселенi талқылауға тиiс. Мұндай жағдайда сезiктiнiң, айыпкердiң, сотталушының жұбайы, жақын туыстары, немесе туыстары, немесе заңды өкiлдерi, кәсiподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi iске адвокатпен бiрге қатыса алады. Бұл қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған адамға қатысты толық, жан-жақты және объективтi тергеуге, iстi қарау мен шешуге жәрдемдеседi [5].

Адвокат — тек қорғаушы ғана емес, сондай-ақ сот iсi саласына тартылған кез келген тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ететiн тәуелсiз кепiл, сондықтан да адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы барлық уақытта Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының құқығын тиiмдi қорғауға ықпал ететiн болады.

Айыпталушыға заң көмегiн көрсете отыра, адвокат қылмыстық сот iсi мiндеттерiн шешуге көмектеседi. Бұл қорғаушысыз (адвокатсыз) оның қатысуы мiндеттi iстi тергеу немесе қараудың заңды елеулi бұзушылық болып табылатындығымен түсiндiрiледi.

Қылмыстық iстiң барлық сатысында айыпталушыға (сезiктiге) қорғану үшiн заңмен құқықтардың ауқымды жиыны берiледi, олардың маңызды шарты iс жүргiзу нормалары мен қылмыстық сот iсi ережелерiн, атап айтқанда, айыптау және қорғану тараптарының бәсекелестiгi мен тең құқықтығы принциптерiн қатаң сақтау, iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу болып табылады.

Айыпталушыға қорғану құқығының берiлуiне байланысты қылмыстық iске қорғаушының мiндеттi қатысу негiздемесiн; адвокаттың қорғаушы ретiнде қатысуын болдырмайтын жағдайды; қорғаушыны шақыру, ауыстыру және тағайындау тәртiбiн; қорғаушының iс жүргiзудегi жағдайын, мiндеттерi мен құқықтарын қарау қажеттiгi туындайды [6].

Қазақстан Республикасының адвокатура қызметiнiң негiзгi бағыттары әр түрлi заң көмегiн көрсетуге жәрдемдесу болып табылады. Олар:

— шешiлiмi кәсiби заң бiлiмiн талап ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру;

— талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасау;

— адвокаттардың анықтау және алдын ала тергеу iстерi кезiнде, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталға адамдардың қорғаушылары, жәбiрленушiлердiң, азаматтық талап қоюшылардың, азаматтық жауапкерлердiң өкiлi ретiнде қылмыстық iстер бойынша сотқа қатысуы;

— соттар мен мемлекеттiк органдарда азаматтық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi бойынша өкiлдiк ету;

— азаматтар мен ұйымдарға заңда тыйым салынбаған басқа да заң көмегiн көрсету.

Адвокаттың қылмыстық сот iсiне қатысуы – адвокаттық қызметтiң негiзгi бағыттарының бiрi. Мұнда адвокат қызметi негiзiнен айыпталушыларды (сезiктiлердi) қорғау мiндетiн жүзеге асырумен байланысты. Оның кәсiби тәжiрибесiмен құқықтық бiлiмi қорғайтын адамына аса бiлiктi көмек көрсетуiне мүмкiндiк бередi. Қоғам мен мемлекет бiрде-бiр азаматтың жеткiлiктi айғақсыз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмауын және сотталмауын көздейдi.

Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы.

Заң сезiктiлердiң және қылмыс жасағандығы туралы айыпталғандардың, сондай-ақ сотталғандардың қорғану құқығын қамтамасыз етедi. Осы құқықтық қорғаушы ретiнде заңмен қажеттi кепiлдiктер берiлген адвокаттар жүзеге асырады. Атап айтқанда, қылмыстық iстi жүргiзу заңы сот талқысы кезiнде (сот талқысы және ақты iс бойынша шығарылған үкiмдердiң заңдылығы мен қисындылығын iзiнше тексеру сатысы), сондай-ақ алдын ала тергеуде немесе анықтауды жүргiзу кезiнде, сонымен қатар қадағалау тәртiбiмен iстi қарау кезiнде адвокатқа (қорғаушыға) берiлетi құқықтардың үлкен шеңберi айқындайды.

Адвокаттар (қорғаушылар) iске қатысуға айып тағылған немесе сезiктi адам мойындаған сәттен — ұстау жүргiзiлген я болмаса айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жiберiледi. Бұл жағдайда ол ұстау хаттамасымен немесе қамауға алынған түрiндегi бұлтартпау шарасы таңдалғандығы туралы қаулымен таныса алады. Қорғайтынн адаммен оңаша жүздессе, одан жауап алуға қатыса алады және т.б. Жүздесу саны мен олардың ұзақтылығы шектеусiз. Конституцияның 16-бабының 2-тармағы тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығын бередi. Бұл құқықтардың көлемiмен мазмұнын реттеу ұдайы жетiлiп отырады.

Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде анықталға көп жағдайда, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған адамның қорғаушысы болуға мiндеттi. Егер бұл азамат немесе оның туысқандары не заңды өкiлдерi адвокатты шақыруға ынта бiлдiрмесе, адвокат тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың қаулысы бойынша тағайындалуға тиiс. Мұндай адвокатта айыпталушы немесе оның жақын туысқандары шақырған адвокаттардың құқығын пайдаланады. Оның еңбегi толығымен республикалық бюджет қаражатынан төленедi.

Қылмыстық iстi қарауға қатысқан адвокат айыпталушыны ақтайтын немесе жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн жағдайды анықтау мақсатында заңда көзделген барлық қорғау құралдарымен тәсiлдерiн пайдалануға және айыпталушыға қажеттi қорғау мен заң көмегiн көрсетуге мiндеттi.

Адвокат қылмыстық iстi қараған кезде тек айыпталушының қорғаушысы ғана емес, сондай-ақ жәбiрленушiнiң мүддесi бiлдiрушi, азаматтық талап қоюшы, азаматтық жауапкер ретiнде қатыса алады.

 

 

 

 

 

    1. Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi

 

 

 

 Заң көмегiн көрсете отырып, адвокаттар



 

1) ауызша және жазбаша нысанда  да құқықтық мәселелер бойынша  консультациялар мен анықтамалар  бередi; 
      
     

2) арыздар, шағымдар, өтiнiштер мен  құқықтық сипаттағы басқа да  құжаттарды жасайды;

3) сенiм бiлдiрушiнiң өкiлi ретiнде  азаматтық сот iсiн жүргiзуге қатысады; 
 

4) қорғаушының немесе сенiм бiлдiрушiнiң  өкiлi ретiнде қылмыстық және әкiмшiлiк  сот iсiн жүргiзуге қатысады;;

5) аралық сотта, халықаралық коммерциялық  төрелiкте (сотта) және дауларды шешетiн  өзге де органдарда iстi қарауға  сенiм бiлдiрушiнiң өкiлi ретiнде  қатысады

6) мемлекеттiк органдарда, қоғамдық  бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарда  сенiм бiлдiрушiнiң мүддесiн бiлдiредi; 

7) егер шет мемлекеттердiң заңнамасында, халықаралық сот органдарының  және өзге де халықаралық ұйымдардың  жарғылық құжаттарында немесе  Қазақстан Республикасының халықаралық  шарттарында өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң мемлекеттiк  органдарында, соттарында және құқық  қорғау органдарында, халықаралық  сот органдарында, шет мемлекеттердiң  мемлекеттiк емес органдарында  сенiм бiлдiрушiнiң мүддесiн бiлдiредi; 

8) сенiм бiлдiрушiнiң өкiлi ретiнде  атқарушылық iсiн жүргiзуге, сондай-ақ  қылмыстық жазаны орындау кезiнде  қатысады;


 

Адвокаттар заңнамада тыйым салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетедi




 

 

 

 

1. Көмек сұрап келген адам оған заң көмегiн тегiн көрсету үшiн, сондай-ақ тағайындалған (осы Заңның 6-бабы) жағдайларды қоспағанда, егер қорғалушы өзiне адвокат таңдамаса немесе таңдай алмаса, оның қатысуы мiндеттi қылмыстық iстер бойынша қорғаушы ретiнде адвокат таңдауда еркiн..

 
2.Қылмыстық iстер бойынша кәсiби қорғауды адвокаттар ғана жүзеге асырады




 

 

 

 

 

 

 

2.1 Адвокаттың құқықтары

 

 

Адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша шарт жасасады. 
      Адвокат, қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жүргiзу заңына сәйкес:  
      1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;  
      2) барлық мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;  
      3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;  
      4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;  
      5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;  
      6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;  
      7) өтiнiштер мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;  
      8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актiлерiнде көзделген тәртiппен танысуға;  
      9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;  
      10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.

Информация о работе Адвокаттық іс жүргізудің тарихи дамуы