Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 23:12, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Азаматтық іс жүргізуге қатысушы субьектілерден басқа, дауды шешу кезінде тараптардың арасында өзге де мүдделі тұлғалар болуы мүмкін. Мысалы, ерлі-зайыптылардың жалпы ортақ меншігіндегі үлестерін бөлу туралы даулы істер бойынша өзге де туысқан адам мүдделі болуы мүмкін. Себебі, ол өз мүлкін ерлі-зайыптыларға уақытша пайдалануға берген, енді сол мүлікті қайтаруды талап етуі мүмкін.

Содержание работы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………....9

1АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР МЕН ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАР

1.1Үшіншітұлғаұғымы
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар

2ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ

2.1 Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар.
2.2 Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................27

Файлы: 1 файл

kuRS.docx

— 56.23 Кб (Скачать файл)

2) талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыруға келісім бермесе.

Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі. Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша қарайды. Бұған қоса азаматтық процесте керісінше болуы мүмкін, яғни тиісті емес талап қоюшы. Себебі жоғарыда тиісті емес тараптар деп атаған едік, ал тараптар ретінде біз талап қоюшы мен жауапкерді танимыз, сондықтан мұнда тиісті емес талап қоюшы туралы айтқан орынды.

Сот азаматтық процесте тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыра алады.

 

1.2 Азаматтық іс жүргізудегі  үшінші тұлғалар

         

        Үшінші тұлғалар (ағыл. third persons; нем. dritte Personen (in Zivilprozell, Dritte pi) - Азаматтық іс жүргізуде - басқа тұлғалардың талабы бойынша қозғалған азаматтық істе өз құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғаушы тұлғалар.

       Үшінші тұлгғалар АІЖҚ 44-бабаына сәйкес іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіреді. Сондықтан іске қатысушы тұлғаларға тән белгілер үшінші тұлғалар да тиісті болады. Атап айтқанда:

- іс барысында  заңды қызығушылыққа ие болады.

- іс жүргізуде  өз атынан қатысады.

- процестің  қозғалуына, өзгеруіне, тоқтатылуына  себебін тигізеді.

- сот шешімінің  заңды күші тікелей әсер етеді.

         Үшінші тұлғалардың іске тартылуының мақсаты:

-Тарап болып  табылмайтын, бірақ іс барысына  материалдық-құқықтық қызығушылығы  бар субъектінің мүддесін сотта  уақтылы қорғау.

-Бір істе  әртүрлі бірнеше талапты біріктіріп  қарау мүмкіндігін пайдалану. (талапкердің  талабы және үшінші тұлғаның  талабы).

       Үшінші тұлғалар АІЖК 47-бабында қаратырылған барлық іске қатысушы тұлғаларға тиесілі құқықтар мен міндеттерді  иеленеді.

         Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар институтын заңды орнату мақсаттарына: 
- істе тарап болмайтын , бірақ оның шешімінде материалды - құқықтық мүддесі бар субъектінің сотта қорғауын уақытылы қамтамасыз ету; 
- іс жүргізуде икемділікке қол жеткізу ( сот бір уақытта екі талап шешеді; талапкер қойған талапты және үшінші тұлға қойған талапты); 
- бір бірімен байланысты талаптар бойынша бір – біріне қарам – қайшы шешімдерді соттың шығаруына жол бермеу.

             Жеке талаптары бар үшінші тұлғаларға және бұндай талаптары жоқ үшінші тұлғаларға ортақ белгілер қатары тән. Оларға келесілер жатады:

- олар басқа тұлғалар  арасындағы құқық туралы дау  бойынша басталып кеткен іске  қатысады. 
- оларға өздерінің жеке құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін

 қорғайды; 
- Іс бойынша сот шешімі олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не міндеттеріне әсер етуі мүмкін;

         Егер азаматтық іс жүргізуде тек талаптар мен жауапкер ғана қатысатын болса бұл жай құрамды қатысушылардан тұратын процесс болып табылады.

Кейбір құқық жөніндегі дауларды шешу барысында тараптардың материалдық-құқықтық мүдделерімен қоса басқа тұлғалардың да мүдделері қорғалуы тиіс болады. Осы тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін заң оларға тараптар арасында басталған процеске қатысу құқығын береді. Тараптарға қатысты аталған тұлғалар үшінші тұлға ретінде іске қатысады.

Сонымен азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар дегеніміз- тараптар арасында басталған іске қатысатын немесе іске қатысуға тартылатын іске қатысушы тұлғалар.

           Үшінші тұлғалар іске қатысатын барлық тұлғалар не нақты процессуалды құқықтар мен міндеттер кешеніне иеленеді. Егер іске тек талапкер мен жауапкер қатысса, онда бұл іс шешімінде материалды – құқықтық қызығушылығы бар қарапайым қатысушылар құрамының іске қатысуын көрсетеді. Құқық туралы дауды шешкенде тек тараптардың ғана емес, сонымен қатар басқа тұлғалардың да материалды – құқықтық мүдделері қарастырылатын жағдайларда орын алуы мүмкін. Басқа тұлғалар мүдделері жауапкер мен талапкердің материалды – құқықтық мүдделерімен қатар сот қорғанысына жатады. Тараптарға қатысты аталған тұлғалар үшінші тұлғалар ретінде қатысады. Осылай, іске азаматтық іс шешіміне материалды – құқықтық мүддесі бар үшінші тұлғалар қатысады. 
             Азаматтық іс жүргізуге үшінші тұлғаның қатысу институтының заңды бекітілуіне М.А Викут, А.А Добровольский, И.М Ильинский, Р.Ф Калистратова еңбектері теориалық база болды. 
Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар деп сотта қозғалған іске өз құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғау үшін қатысатын тұлғаларды түсінеді. Іске үшінші тұлғалардың қатысуын келесі екі мысалда қарастырайық: 
          Азамат А азамат Б қолданысындағы тоңазытқышты қайтару туралы азамат Б-ға қатысты сотқа талап қояды. (бөтен адамның заңсыз қолдануындағы тоңазытқышты қайтару туралы). Азамат А аталған істе талапкер, ал азамат Б жауапкер болады. Бұдан кейін іске басқа тұрғын орынға көшуімен байланысты азамат А-ға өз тоңазытқышын уақытша қалдырғанын негізге ала отырып, тоңазытқышқа меншік құқығын тану туралы талаппен азамат В іске үшінші тұлға ретінде қатысады. Оның талабы екі тарапқа да (талапкер мен жауапкер) бағытталады. Азамат В іске үшінші тұлға ретінде қатысады. Себебі ол негізінен іс шешіміне материалды – құқықтық мүддесі бар үшінші тұлға болып табылады. 
           Азаматша А заңды өкіл ретінде екінші некеден болған кәмелетке толмаған ұлын асырау үшін алимент өндіру туралы азамат Б-ға талап қояды. Азамат Б бұл уақытта бірінші некеден болған үш жастағы қызына алимент төлеп жүр. Аталған тұлғалардың іс жүргізудегі жағдайы келесі болады: ұл-талапкер, анасы сотта оның мүдделерін көрсететін заңды өкіл, азамат Б-жауапкер, қызы мүдделерін заңды өкіл сотта қорғайтын үшінші тұлға.

            Келтірілген мысалдардан іс шешілуінде  үшінші тұлғалардың қызығушылық  деңгейі мен сипаты әртүрлі  болатыны көрінеді. Бірінші жағдайда  үшінші тұлға азамат В іске  қатыса отырып дау пәніне жеке  талаптар қояды. Екінші жағдайда  үшінші тұлға бірінші некеден  туған қыз-жеке талаптары жоқ, бірақ қызының заңи мүддесі  іс бойынша сот шешімі оның  құқықтары мен міндеттеріне әсер  етуіне негізделеді.

            Азаматтық іс жүргізуде үшінші тұлғалардың іске қатысуының 2 түрі бар.

  1. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар.

  1. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.

        Ғылыми әдебиетте іске қатысатын үшінші тұлғалардың екі түрі үшін ортақ болып табылатын анықтаманы беру ұмтылыстары орын алған. Осылай, В.Н Аргунов үшінші тұлғаның негізгі ішкі сипаты олардың материалды – құқықтық қатынасқа ықтимл субъектілері олар өздерінің субъективтік құқықтарын не заңи мүдделерін қорғау мақсатымен алғашқы тараптар арасында басталған іске қатысады не тартылады.Бірақ дау пәніне жеке талап қоятын үшінші тұлғалар ғана ықтимал материалды – құқықтық қатынастың субъектісі болып табылады. Ал жеке талап қоймайтын үшінші тұлғалар даусыз материалды – құқықтық қатынасы субъектісі болып табылады. Оның және істегі бір тараптың арасында материалды – құқықтық байланыстың болуы күмән тудырмайды. Үшінші тұлғаның екі түрі арасында бір-бірінен ерекшелейтін белгілер ұқсас белгілерден гөрі көбірек. Сондықтан олар өз процессуалды жағдайы бойынша өзара ажыратылады. Іске үшінші тұлғаның қатысуының бұл және басқа нысанында олардың процессуалды құқықтары мен міндеттерінің көлемін, сондай-ақ азаматтық істегі орнын анықтайтын ерекшеліктері болады. 
          Бұл жағдайлар В.Н Аргунов ұсынған анықтамамен келісуге мүмкіндік берілмейді. Сонымен қатар, кейбір зерттеушілер үшінші тұлғалардың екі түрі үшін ортақ анықтама беруді мүлдем мүмкін емес дейді. Бөтен істегі заңи қызығушылық сипатындағы және процессуалды жағдай сипатындағы айырмашылықтар үшінші тұлғалар түсінігінің ортақ анықтамасын қалыптастыру мүмкіндігін жоққа шығарады. Азаматтық іс жүргізуге сот құқық туралы дауларын шешетін талапкер мен жауапкер қатысады. Бірақ бұл дауға дау пәні оның құқықтық мүдделеріне тиесілі болуына байланысты үшінші тұлға тартылуы мүмкін. Мысалы, бөтен адамның заңсыз қолдануынан тоңазытқышты қайтару туралы жоғарыда келтірілген істе үшінші тұлға құқығы қорғалады. 
             Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар іске бірінші деңгейлі сот шешім шығарғанда бір немесе екі тарапқа талап қою жолымен қатысады. Үшінші тұлға іске тіпті сот оған қаралатын іс туралы алдын-ала мәлімдесе де өз қарауымен қатысады, яғни іске қатысу туралы мәселені бұл тұлға өзі шешеді. Үшінші тұлға іс жүргізуге сот қарауына істі дайындау кезінде, істі бірінші деңгейлі сотта қарағанда, бірақ ол бойынша сот шешімі шыққанға дейін қатыса алады. Үшінші тұлғаның іске істі қараукезінде қатысуы көбіне істі қарауды кейінге қалдыруға әкеледі. Себебі, үшінші тұлға талаптарын негіздейтін қосымша айғақтарды жинау қажеттігі пайда болады. Бірінші деңгейлі сот іс бойынша шешім шығарғаннан кейін қаралуы аяқталған іс шешімінде қызығушылығы бар үшінші тұлға өз субъективті құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жалпы негіздерде талап қоя алады. Бұл жағдайда жеке іс қозғалады. 
               Үшінші тұлға іске қатыса отырып өз субъективті материалды – құқықтарын қорғау туралы жеке талап қояды және өз пайдасына жауапкер мен талапкер дауласатын пәннің шешілуіне немесе тараптар дауласатын құқықтарды оған тиісті деп тануға қол жеткізеді. Үшінші тұлға іске заңның барлық талаптарын сақтай отырып,талап қою арызын беру жолымен қатысады. Бұл жағдайда іс соттылығы туралы ережелердің таралмауы ғана ерекшелік болады. Себебі, үшінші тұлға талабы тараптар арасындағы құқық туралы дау бойынша іс қаралатын сотқа қойылады. Іске үшінші тұлғаны қатыстыру туралы сот ұйғарымы шығарылады. 
                   Сот үшінші тұлға ретінде іске қатысуға үшінші тұлғаға бұл нысанда оны іске қатыстыру үшін негіздер жоқ деп есептесе жол берілмейді. Іске үшінші тұлғаны қатыстырудан бас тарту туралы сот ұйғарымына шағымдануға жол берілмейді. Егер бірінші деңгейлі сот ұйғарымына шағымданудың жалпы ережелерін басшылыққа алса, онда бұндай сот ұйғарымы жеке шағымдану объектісі болмайды. Іс жүргізуге үшінші тұлға ретінде қатысатын тұлға сот пайдасына шешім шешім шығаратын тарапқа талап қоя алады. Бірақ, орнықпаған үшінші тұлға мүддесін қорғаудың бұл жолы әсерлі емес. Себебі, алғашқы талап объектісін пайдасына шешім шығарылған тарап қолдана алады. Сот қарауының әсерлілігі көз қарасынан іске қатысуға бас тарту туралы анықтамаға үшінші тұлғаның шағымдану құқығын заң жүзінде қарастыру нақты болар еді. 
              Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 52-бабына сәйкес үшінші тұлға іске тек қатысады, яғни іс жүргізуге оның қатысуы оның жеке еркімен байланысты. Нәтижесінде үшінші тұлғаны іске сот еркінен тыс қатыстыра алмайды. Бұл мәселені реттейтін нормалар мазмұны азаматтық іс жүргізу құқығының диспозитивтілік қағидасы әрекетінен шығады. Негізінен, дау пәніне жеке талап қоятын үшінші тұлғалар – бұл дәл сол талапкер болады. Сондықтан олар талапкерге тиесілі процессуалдық құқықтарды қолданады. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар іс жүргізуге қатысқан жағдайда сот екі талап қарастырады: талапкер қоятын және үшінші тұлға қоятын талапты. Сот қарастыру және шешу пәні құқық туралы екі дау болып табылады. Осылай, дау пәніне жеке талаптар қоятын үшінші тұлға құқық туралы даудың ықтимал субъектісі болып табылады. Іс жүргізуге үшінші тұлғаның қатысуына негіз оның талаптары мен талапкер талаптарының құқық туралы даудың бір объектісіне бағытталуы болып табылады. 
             Үшінші тұлға талабы кімге бағытталғанын анықтау даулы мәселелердің бірі болған. Бұған орай іс жүргізу әдебиеттеріне түрлі көзқарастар орын алған: 
- талап екі тарапқа да бағытталуы мүмкін барлық ғалымдар бұл ойды ұстанады; 
- үшінші тұлға талабы тек екі тарапқа ғана емес, сонымен қоса тек жауапкерге ғана бағытталуы мүмкін; 
- үшінші тұлға кейбір жағдайлар қатарында тек талапкерге ғана бағытталуы мүмкін. 
            Іс жүргізуде екі тарапқа жауапкер мен талапкерге талап қою екі тарап және үшінші тұлғаны ықтимал даулы құқықтық қатынаспен байланысқа негізделеді. Ықтимал даулы материалды – құқықтық қатынас субъектілеріне жатады: талапкер мен үшінші тұлға, жауапкер мен үшінші тұлға. Сондықтан үшінші тұлға талапкер және жауапкердің дау пәніне құқығын дауласқан барлық жағдайда үшінші тұлға талабы бойынша жауапты талап екі тұлғамен қарастырылған үшінші тұлға талабы талаптардың біріне ғана талапкерге не жауапкерге қарсы бағытталуы да мүмкін.

 

 

    1.  Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар.

 

         Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар сипаттамасы: 
- процеске талап қою арқылы қатысады, талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады; 
- үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен толық көлемде немесе жарым жартылай толық сәйкес келу керек, сондықтан талап қоюшының талабын қанағаттандырса әлбетте, үшінші тұлғаның талап арызын қабылдаудан бас тартады. Іске қатыса алмаған дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жеке талап қоюға құқылы. 
- Іске қатысу ықылас көбінесе үшінші тұлғалардың өздерінен болады.

          Дербес талабын мәлімдейтін және мәлімдемейтін тұлғаларға жалпы тән белгілері.

  1. Олар басқа тараптар арасында басталған іске қатысады. Өздігінен ешқашан іс бастамайды.

  1. Олар сотта өздерінің жеке құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

  1. Сот шешімі олардың құқықтарына немесе міндетттеріне әсер етеді

         АІЖК 52-бабы бойынша даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін іске кірісе алады, Үшінші тұлғалар іске өз бастамасы бойынша қатысады. Олар істі сотқа әзірлеу кезінде немесе 1- инстанцияда істі қарап жатқанда шешім шыққанға дейін қатыса алады. Шешім шығып қойғаннан кейін қаралған іске мүдделі тұлға жалпы тәртіппен талап бере алады. Бұндай жағдайда жеке іс қозғалады.

Үшінші тұлғалар іске талап арыз жазу арқылы кіріседі және талап қою бойынша іс жүргізудің соттылық ережесінен басқа барлық тәртібі сақталады. Үшінші тұлғаның іске қатысуы жөнінде сот ұйғарым шығарады.

Дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар талапкердің барлық құқықтарын пайдаланады және барлық міндеттерін орындайды. Оның талапкерден айырмашылығы-процеске кірісу уақытына байланысты.

а) Үшінші тұлғалар өздігінен іс бастамайды, олар тараптар арасында басталған іске кіріседі. Ал талапкер талап арыз жазу арқылы істі бастайды.

б) Талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар қатысатын істерде бір мезгілде 2 талап қаралады, талапкердің және үшінші тұлғаның талаптары.

г) Үшінші тұлға мен талапкердің материалдың–құқықтық мүдделері бір-бірімен қарама-қарсы болады.

Сонымен дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар дегеніміз-тараптар арасында басталған іске субъективтік құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске қатысатын іске қатысушы тұлғалар.

АІЖК 53- бабы бойынша даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер іс бойынша тараптардың беруіне қатысты шығатын сот шешімі өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талапкер немесе жауапкер жағында іске кірісе алады.

 

2.2  Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.

 

Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар құқық жөніндегі даудың субъектісі болып табылмайды.

Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бұл даудың пәніне субъектісіне құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін тараптар арасында туындаған дау бойынша іске қатысатын тұлға. Үшінші тұлғамен іске бірігіп, қатысушы талапкерлер арасындағы айырмашылықтарды көрсету маңызды. Бұл айырмашылық үшінші тұлға мен іс бойынша талапкер арасында ортақ құқықтық мүдденің болмауында сонымен қатар олардың материалды – құқықтық мүдделері өзара қарама қайшы болады.

                Үшінші тұлға мен талапкер бір-бірін жоятын мүдделерді тасушылар болып табылады және талапкер талаптарын қанағаттандырудан бас тартуға әкеледі және керісінше. 
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 53-бабына сәйкес даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске талапкер немесе жауапкер тарапында іс бойынша бірінші деңгейлі сот шешім шығарғанша бұл бір тарапқа қатысты олардың құқықтарына не міндеттеріне әсер ете алса қатыса алады. Бұл нормада үшінші тұлғаның іске қатысу не тарту негізі анықталған.  

              Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар – бұл бірінші сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар болып табылады. Олардың сипаттамасы: 
- егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады; 
- олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін; 
- дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, снодай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады. 
           Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске келесі жағдайларда кірісе алады:

Информация о работе Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар