Отбасына және кәмілетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 19:56, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Құқықтық тәрбие алдымен тұлғаның адамгершілік– құқықтық қасиеттерінің дамуы мен бекітілуіне, ал кейбір қажетті жағдайларда негативті құбылыстрады болдырмауға немесе жоюға бағытталады. Құқықтық тәрбие үрдісінде көптеген жан жақты мәселелер қарастырылады, соның бірі құқық бұзушылықты алдын – алу шаралары.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын – алу шараларын дамыту мәселері қазіргі заманның өзекті мәселесі болып табылады. Жас тұлғаны жалпылама тәрбиелеу арқылы оның жүріс – тұрыс ережелері мен нормаларды біліп, сақтауын ; заңға сенімділігін тудыру арқылы сана – сезімін дамыту бағыттарында жүргізілген кешенді іс – шаралар әсерінен тұлғаның заңды әрекеті тәртіплігі қалыптасады.

Файлы: 1 файл

камелетке курс.docx

— 40.42 Кб (Скачать файл)

       Заң  бойынша есірткілік немесе есеңгірететін  затқа жататын, арнаулы тізім  бойынша белгіленген осындай  заттарды екі немсес оданда  көп медициналық емес тұрғыда  тұтынуға тарту кәмлетке толмаған  адамды көрсетілген әрекеттерге  ұдайы тарту деп танылады.

       Есірткілік  немесе есеңгірететін заттарды  анықтау анаулы сарапшылық  қортынды  бойынша анықталады.

       Екі  немесе оданда көп реттерде  кәмлетке толмағандар үнемі спирт  ішімдіктерін  (арақ-шарап) ішуге  тартуды осы қылмыстың объективтік  жағының бір белгісі жүзеге  асырылғандық болып табылады. Арақ-шарапқа  барлық ішімдіктер, оның ішінде  қолдан жасалған осындай заттар  да жатады. Кәмлетке толмағандармен  бірге бір мәрте білесіп спирт  ішімдіктерін ішу,  оны мас  күйге жеткізу қылмыс болып  табылмайды, мұндай әрекет әкімшілік  қүқықтық жолмен жауаптылыққа  тартылады. 

       Кәмлетке  толмаған ақшаға немесе басқа  материалдық сыйақы үшін

нәсіпқұмарлық қатынаста  болуға жеткізу, оларды жезөкшелікпен  айналысуға тарту деп танылады. Жезөкшелікке тартудың тәсілі-қорқыту, тәуелділік жағдайларды пайдалану арқылы болуы мүмкін. Егер кінәлі адам өзі жезөкшелікке тарқан адамды зорласа немесе істеген қылмыстардың жиынтаға бойынша сараланады.  1

         Кәмлетке толмаған адамды бір  мекен-жайдан екінші бір мекен-жайға  орын ауыстыруға, тұрғылықты орнының  болмауына, кездейсоқ табыстармен,  ұсақ ұрлықпен, қайыр тілеумен, басқада  еңбексіз табыстармен 

күн көруге көндіріп тарту  қаңғыбастыққа тарту деп танылады.

          Бөтен  адамдардан ақша, азық-түлік,  киім-кешек немесе басқандай материалдық  құндылықтардысұрап алып табыс  табуға әр түрлі тәсілдермен  кәмлетке толмағандарды көндіру,  оны қаңғыбастықпен айналысуға  тарту деп танылады. Кәмелетке  толмаған адамды қоғамға қарсы  іс-әрекет жасауға формальдық  қылмыс құрамына жатады және  ол заңда (132-бап) көрсетілген  әрекеттердің біреуін жасаған  уақыттан бастап қылмыс аяқталды  деп танылады. Қылмыс субъективтік  жағынан тікелей қасақаналықпен  істеледі.Кінәлі адам кәмілетке  толмаған адамды есірткілік немесе  басқа да есеңгірететін Қылмыс  субъективтік жағынан тікелей  қасақаналықпен істеледі.Кінәлі  адам кәмілетке толмаған адамды  есірткілік немесе басқа да  есеңгірететін заттармен медициналық  емес тұрғыда тұтынуға не спирт  ішімдіктерін ұдайы тұтынуға, не  жезөкшелікпен,       қаңыбастықпен  немесе қайыршылықпен айналысуға (ұдайы болмаса)  тартқаын сезеді  және осы әрекеттерді істеуді  тілейді.

Қылмыстың субъектісі 18-ге толған есі дұрыс адам, Қылмыстық кодекстің 132-бабының 2-тармағында: ата-анасы, педагог  не кәмлетке толмаған адамды тәрбиелеу  жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ  сол әрект, осы баптың  3-тармағында, осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында қарастырылған бірнеше  рет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер  үшін қылмыстық

 


1 Құлжақаева Р.Б. Қылмыстың  құрамы: Оқу құралы. Қараганды, 2000, 52 бет. 

 жауаптылық көзделген.  Осы бапта көзделген екі немесе  оданда көп әрекетті жасау  бірнеше рет жасалған әрекеттер  деп танылады. (Қ.К-тің 11бабы).

        Қылмыстық  кодекстің 132-бабының 2 және 3-тармақтарында  көрсетілген ауырлататын және  аса ауырлататын белгілердің  түсініктері  тиісінше Қылмыстық  кодекстің 131-бабаның 2 және 3-тармақтарында  көрсетілген белгілермен бірдей.

 

1.3 Кәмелетке толмағандарды  саудаға салу

Кәмлетке толмаған адамды саудаға салу үшін жауаптылық бұрын  Қазақстан Респуликасының аумағында  қолданылған қылмыстық заңда  мүлдем көрсетілмеген еді. Қазақ  жерінде мұндай құбылыс Кеңес  өкіметі орныққанға дейін мүлдем болмаған. Қазіргі жағдайда кейбір жерлерде кәмлетке толмағандар «зат», «товар» ретінде пайдаланып, қылмыскерлерге пайда табудың көзіне айналды.Дүние  жүзінде орын алып отырған осындай  келеңсіз құблыстарға сәйкесҚазақстан  Республикасының Қылмыстық кодексінің 133-бабында осы тұрғыдаға іс-әрекет қылмыстық жауаптылық белгіленген.

      Қылмыстың  тікелей объектісі-кәмлетке толмағандардың  мүддесі, олардың дұрыс даму, жетілу, білім алу, тәрбиелену жағдайлары.

      Қылмыс  объективтік жағынан- кәмлетке  толмаған адамды сатып алу  не кәмлетке толмған адамға  қатысты оны біреуге беру немесе  оны иемдену түрінде өзге мәмілелер  жасасу арқылы жүзеге асырылады.

       Кәмелетке  толмаған адамды белгілі келісімді  ақы алып (ақшалай, заттай, қозғалатын  немесе қозғалмайтын мүлік) басқаға  беру, сату немесе сатып  алу  деп танылады.

       Кәмелетке  толмаған адамды айырбастау (үйге, көлікке, басқа тауарларға), сыйға  беру (мысалы шетелге тұрақты  өтіп кетуге байланысты көрсеткен  көмегі үшін немесе шын достықтың  белгісі ретінде тегін беру); қарызын  немесе басқандай міндеттерін  өтеу үшін беру; басқа біреуге  уақытша пайдалануға жалға беру  өзге мәмлелер жасасу деп танылады. Қылмыс жәбірленушіні саудаға  салу жөніндегі мәмілеге қол  жеткізілген және кәмелетек толмаған  адамды басқа біреуге берген  уақыттан бастап аяқталған деп  танылады.

        Субъективтік  жағынан қылмыс-кәмелетке толмағандарды  саудаға салу тек қана тікелей  қасақаналықпен істеледі. Бұл жерде  осы қылмысты істеуге кінәлі  болып адамды сатқан және сатып  алған жақтар, сондай-ақ осындай  әрекеттерге бағытталған өзгеде  мәмілелер жасауға қатысқандар  (жәбірленушіні заңсыз біреуге берген немесе оны иемденген адамдар) табылады. Өйткені олар өздерінің іс-әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін, заңға қайшылығын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.

        Қылмыстың  субъектісі-16-ға толған кез келген  есі дұрыс адам.

        Қылмыстық  кодекстің 133-бабының 1-тармағында  тілеген әрекеттерді:

А) бірнеше рет;

Б)  екі және оданда көп  кәмелетке толмағандарға қатысты;

В)  адамдар тобының  алдынала сөз байласуы бойынша немесе ұймдасқан топпен;

Г)  адамның өзінің қызыметтік жағдайын пайдаланып;

Д) кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасынан тыс  жерге заңсыз әкетумен немесе оны  Қазақстан Республикасына заңсыз әкелумен;

Е) кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы  өзгеде іс-әрекеттер жасауға тарту  мақсатында;

  Ж) Кәмелетке толмаған  адамның мүшелерін немесе тінін  ауыстырып  алу мақсатында.

      Осы баптың  бірінші немесе екінші тармақтарында  көзелген кәмелетке толмаған  адамның өліміне немесе өзге  ауыр зардаптарға абайсыздықпен  әкеп соққан әрекеттер-көсетілген  қылмыс құрамының  аса ауырлататын  түріне жатады. (ҚК 133-бабының3-тармағы).

       Бұл  жерде кәмелетке толмаған бір  адамның өлуі туралы сөз болып  отыр. Өзге ауыр де ауыр зардаптарға-жәбірленушіге  орта, ауыр дене жарақатын келтіру,  кәмелетке толмаған адамның кінәлінің  заңсыз әрекетіне байланысты  өзін-өзі өлтіру, олардың жұқпалы  аурумен зақымдануы, мүгедек болып  қалуы сияқтылар жатады. ҚК-тің  133-бабының 3-тармағында көрсетілген  қылмыс құрамының субъективтік  жағынан әрекеті қасақаналық,  ал одан болатын зардап абайсыздықпен  жүзеге асырылады.

 

2 Отбасына қарсы қылмыстардың  қылмыстық  құқықтық сипаттамасы

   Заңды  психологияда  құқық  бұзушылықты – қатынасқа   түсуші  жақтар арасында толық  емес немесе анықталмаған теріс  бар әңгімелердің  пайда  болуынан; қажетті ақпаратты қасақана жарияламауына   күдіктенуден;  заңдалықтағы, заң  тәртібіндегі теріс ойлардың  шығуынан туындайтын  қақтығыс  ретінде қарастырады. Бұл қақтығыстар   біртіндеп  теріс қылыққа, қылмыстылыққа  ауысуы мүмкін, оларды болдырмау  үшін оқушыларға дүрыс білім  мен тәрбие  берілуі тиіс.

      Қылмысты  алдын алудың түп  нұсқалық   идеясы  адамгершілік, қоғамдық  тәртіп  және  заң  нормаларын  бұзумен, кез келген негативті   құблыстамен жиі кездесетін тұлғаны  тәрбиелеу жұйесінің құрама бөлігі  ретінде негізделеді. Г.П. Давыдовтың  тұжырымдамасы бойынша құқық  бұзушылықтыалдын алу  шаралары  толығымен құқықтық  тәрбие құрамына  кірмейтіндігін  атайды. Сонымен  бірге құқықтық тәрбие мен  құқық бұзушылықты алдын алу  екі бөлек,  бірақ  өзіндік   мазмұндарының белгілі бір   бөлімдерімен  байланысып, қатынасқа  түсетін және тұлғанаңсанасы  мен тәрбиесінің қалыптасуына  ықпал ететін  өзара байланысты  ұрдіс. Г.П. Давыдовтың айтуынша, құқықтық  тәрбие мен қылмыстылықты  алдын алу шаралары өзіндік  белгілі бір сала және олар  кейбір жағдайларды немесе олардың  екйбір белгілері арқылы бірігуі  мүмкін.

      Ал, Д.Б.  Бұғыбаева «Кәмілетке толмаған  қылмыскерлерге жаза тағайындаудың  ерекшеліктері»  атты  ғылыми  зертту жұмысында: «қандайда болмасын  қылмыстылықтың алдын алуды әуелі  жалпы тәрбие, сосон оның 

ішіндегі құқықтық тәрбие  негізгі құрал болып есептеледі»  деген анықтама берген.

      Құқықтық  санасы жаңадан қалыптаса бастаған  кәмілетке толмаған тұлғана тәрбиелеу  және құқық бұзушылықтарды алдын  алу шараларын өткізу өте маңызды.  Ал екінші жағынан мұндай санасы  жаңадан қалыптасып келе жатқан  жасөспірім заңды білімдігінің  төмендігінен әр түрлі заңға  қайшы әрекеттермен әрекетсіздіктерге  баруы мүмкін.Сондықтан жас өспірімдерді  құқықтық тәрбиеге баулуда, құқық бұзушылықты алдын алу шараларын ұйымдастырғанда  тәрбиеленушінің жүріс-тұрысына, психикалық ой-өрісіне, санасы мен мәдениетіне көңіл бөлініп отырған дұрыс.

       Құқық  бұзушылыққа баратын кәмілетке  толмағандар қатарына мына тұлғаларды  жатқызуға болады:

  1. құқықтық білімі мен тәрбиесі төмен;
  2. әлеуметтік жағдайы нашар;
  3. үлкен адамдардың күш көрсетуімен немесе алдауларымен құқық  бұзушылыққа баратын жасөспірімдер;

    Сонымен, мектептегі  дұрыс ұйымдастырылған құқықтық  білім беру мен тәрбие процестері  оқушы жастардың заң нормаларын  силайтын, өз құқықтарымен бостандықтарын  білетін, міндеттерін орындайтын, заңға қайшы әрекеттердің мемлекетке, қоғамға, жеке тұлғаға тигізетін  залалы мен зиянын ұғынатын, заңды  жаза мөлшерін білетін және  т.б. заңды білімімен санасын,  мәдениетін дамыту шаралары арқылы  қоғамдағы, мемлекеттегі құқық  бұзушылықты алдын алу немесе  болдырмау мәселелерін шешуге  болады.Әрине құқықтық тәрбие  мен құық бұзушылықты алдын  алу шаралары өзара байланысты  үрдіс екендігіне көзіміз жетеді. Осы екі үрдістің өздеріне  тән ерекшеліктері болады, олардың  арасындағы 

ерекшеліктерін Г.П. Давыдов  өз зерттеулерінде атап өткен. Сонымен, құқық бұзушылықтың алдын алу  шараларын құқықтық тәрбиенің ерекшелігі:

  • әсер етуші субъектілердің (объектілердің) көлемі бойынша;
  • алдын алу шаралары өткізілетін оқушылар контингентінің сипаты бойынша (алдын алу шаралары құқықтық санасы мен тәртібі дұрыс қалыптаспаған оқушылар арасында өткізілсе, құқықтық тәрбиелеу барлық оқушыларға бірдей жүргізіледі);

заңға бағынбаушылықтың алдын  алу уақыты бойынша және т.б. 

 

2.1 Баланы ауыстыру

Заң (ҚК-тің 134-бабы) баланы қасақана ауыстырғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Бұл қылмыстың қоғамға  қауіптілігі сол, баланы ауыстыру арқылы ата-анамен баланың туыстық қатынасы зорлықпен бұзылып, адамгершілік принциптеріне  жатпайтын әрекеттер жүзеге асырылады. Қылсыстың  тіекелей объектісі баланың  бірқалыпты дамып,

жетілу және қалыптасу  жағдайлары, олардың және отбасының  мүдделері.

        Қылмыс  объективтік жағынан баланы ауыстырмау  әрекеті арқылы жүзеге асырылады.  Баланы ауыстыру деп  бір  баланы басқа бір баламен ауыстыруды  айтамыз. Мысалы қыз баланы  ер балаға, іштен мүгедек болып  туған баланы  дені сау балаға  ауыстыру т.с.с. Баланы ауыстыру  жаңа туған балар жөнінде-босану  үйлерінде немесе балар үйлерінде  немесе уақытша бақылаусыз далада  қалған баланы ауыстырып алу  арқылы жүзеге асырылады. Өз  баласын басқа баланың ата-анасының  келісімінсіз оның баласыменауыстыруда  осы қылмыстың құрамын құрайды.  Жаңа туған нәрестелерді екі  жақтың ата-аналарының  өзара  келісімі бойынша ауыстыру-қылмыс  құрамын түзбейді. 1

     Қылмыс формальдық  құрамға жатады және ол баланы  екінші бір баламен заңсыз  ауыстырған сәттен бастап аяқталған  деп танылады. Егер осындай ауыстыру  сәтінде кінәлі адамның қылмысы  әшкереленіп қалып, ол қылмыстың  ниетін ақырына дейін жеткізе  алмаса, онда кінәлінің әрекеті  осы қылмысқа оқталғандық болып  табылады  Қылмыс субъективтік  жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен  істеледі. Ол туралы заңның өзінде  тура көрсетілген. Кінәлі адам  баланы қасақана оны ата-анасының  немесе заңды өкілінің келісімінсіз  ауыстыратынын сезеді және осы  әрекеттерді істеуді тілейді.  Егер баланы ауыстыру абайсыздықпен  жүзеге асырылса, онда адамның  әрекеті қылмыстық болып табылмайды.  Қылмыстың субъектісі – 16-ға толған есі дұрыс баланы нақты ауыстырған адам (босану немесе балалар үйінің қызметкерлері, жаңа туған баланың анасы) т.с.с

Информация о работе Отбасына және кәмілетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы