Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 12:52, курсовая работа
Құқық қорғау органдарының қызметтері, әрі олардың статустық мәртебесі, қылмыспен күресудегі ерекшелігі және азаматтардың құқықтық мәдениеті мен сапасын көтеруге байланысты елімізде құқықтық реформалар өтіп жатыр. Құқықтық мемлекет құруға байланысты заңдылықты күшейту жұмыстары, соның ішінде қылмыстық заңдардың қазіргі өмірлік талапқа сай қайта өзгерту мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылуда.
Қылмыстық іс қозғаудың үлкен маңызы бар, өйткені ол кейінгі тергеу сатыларына бастама болумен бірге қылмысты ашу мен қылмыскерді әшкерелеп жазасын тағайындауға әсері бар.
Судья, прокурор, тергеуші анықтама органдары заңмен көрсетілген шеңберде өз құзіретіне сәйкес қылмыс белгілері бар деп тапса, онда қылмыстың іс қозғауы міндетті болып табылады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I Тарау. Қылмыстық іс қозғаудың мәні мен маңызы...........................................4
1.1 Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызы..............................4
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды адамдар.........8
II Тарау. Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздері..........................14
2.1 Азаматтардың арызы.......................................................................................14
2.2 Мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың хабарламасы...........................................................................................................17
2.3 Баспасөзде жарияланған хабарлар.................................................................18
2.4 Айыбын мойнына алып өзі келуі...................................................................19
2.5 Анықтама жүргізетін органдардан тергеушінің, прокурордың немесе соттың тікелей өзі байыптауы..............................................................................21
III Тарау. Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайлар........................23
3.1 Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайларды топтау..................23
3.2 Қылмыстық іс қозғауды жоятын жаңдайлардың қысқаша сипаттамасы...25
IV Тарау. Қылмыстық іс қозғаудың және одан бас тартудың процессуалдық тәртібі......................................................................................................................29
4.1 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі........................................29
4.2 Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту................................................................31
V Тарау. Қылмыстық істің қозғалу заңдылығын прокурордың қадағалауы...33
Қорытынды............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................36
Мазмұны
Кіріспе.......................
I Тарау. Қылмыстық іс қозғаудың
мәні мен маңызы...............
1.1 Қылмыстық істі қозғау
сатысының түсінігі мен маңызы........................
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды адамдар.........8
II Тарау. Қылмыстық істі
қозғаудың себептері мен
2.1 Азаматтардың арызы............
2.2 Мекемелердің, кәсіпорындардың,
ұйымдар мен лауазымды
2.3 Баспасөзде жарияланған
хабарлар......................
2.4 Айыбын мойнына алып
өзі келуі.....................
2.5 Анықтама жүргізетін
органдардан тергеушінің, прокурордың
немесе соттың тікелей өзі байыптауы.....................
III Тарау. Қылмыстық істі
қозғауды болғызбайтын
3.1 Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайларды топтау..................23
3.2 Қылмыстық іс қозғауды жоятын жаңдайлардың қысқаша сипаттамасы...25
IV Тарау. Қылмыстық іс
қозғаудың және одан бас
4.1 Қылмыстық іс қозғаудың
процессуалдық тәртібі.........
4.2 Қылмыстық іс қозғаудан
бас тарту.....................
V Тарау. Қылмыстық істің қозғалу заңдылығын прокурордың қадағалауы...33
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Ата Заңы республиканың тәуелсіздігі мен егемендігін жеке мемлекет ретінде жариялай отырып, жеке адамның құқықтары мен бостандықтары мүддесінің негізгі кепілі ретінде мемлекет екендігін көрсетеді. Президент азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, Конституцияны, республика заңдарын қорғау кепілі болып саналады.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасы азаматтары бүкіл халықтық референдумда дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаған еді.
Конституцияда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары, оны әлеуметтік жағынан қорғау жақсы көрініс тапқан.
Конституцияның 12 бабының 2 тармағында былай деп көрсетілген: "...Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тұрмысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады." .
Қазақстан Республикасы Конституциясының ықпалымен барлық іс жүзіндегі заңды актілер, соның ішіндегі қылмыстық істер жүргізу құқығының нормаларына толықтырулар енгізілді. Қылмыстық істер жүргізу құқығындағы қылмыстың істі қозғау институтының маңызы зор, себебі. Сотта қылмыстық іс жүргізу міндеттері және тұтасымен істің дұрыс жүргізілуі осыған байланысты болады.
Құқық қорғау органдарының қызметтері, әрі олардың статустық мәртебесі, қылмыспен күресудегі ерекшелігі және азаматтардың құқықтық мәдениеті мен сапасын көтеруге байланысты елімізде құқықтық реформалар өтіп жатыр. Құқықтық мемлекет құруға байланысты заңдылықты күшейту жұмыстары, соның ішінде қылмыстық заңдардың қазіргі өмірлік талапқа сай қайта өзгерту мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылуда.
Қылмыстық іс қозғаудың үлкен маңызы бар, өйткені ол кейінгі тергеу сатыларына бастама болумен бірге қылмысты ашу мен қылмыскерді әшкерелеп жазасын тағайындауға әсері бар.
Судья, прокурор, тергеуші анықтама органдары заңмен көрсетілген шеңберде өз құзіретіне сәйкес қылмыс белгілері бар деп тапса, онда қылмыстың іс қозғауы міндетті болып табылады.
Істің негізгі қозғалуы азаматтардың мүдделерін, қоғамдық ұйымдарды қылмыстың әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етеді. Істі қозғау стадиясында әрбір қылмыстық фактіге өкімет органдарының қажетті әсер етуі қамтамасыз етіледі. Осы сатыда тұрған міндеттердің қаншалықты дұрыс және шебер шешілуіне байланысты, соншалықты мөлшерде қылмысты ашуға қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындауға себебін тигізеді.
I Тарау. Қылмыстық іс қозғаудың мәні мен маңызы
1.1 Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызы
ҚР ҚІЖК 36-бабына сәйкес: "Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық ізге түсу органы өз құзыреті шегінде қылмыстың белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыс оқиғасын белгілеуге, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға, сонымен бірдей кінәсіз адамдарды ақтау шараларын қолдануға міндетті".
Осы сатыда, анықтама алдын-ала тергеу органдары, прокуратура және сот органдары:
а) қылмыстық іс бойынша өндірісті бастау үшін заңда талап етілген шарттардың болуын тексереді;
ә) қылмыстық іс қозғау шешімін қабылдайды, яғни істі бастау және қылмысты ашу, айыптыны әшкерелеу және жазалау үшін қажетті барлық тергеу әрекеттерін жүргізуге немесе қылмысты істі қозғаудан бас тарту, яғни барлық осы әрекеттерді жасамауға шешім қабылдайды;
б) қылмысты тойтару және алдын алу шараларын қолданады;
в) дәлелдемелерді бекіту және сақтау шараларын қолданады.
Осылайша бұл сатының мазмұны анықталады. Бұл сатыда анықтама органы, тергеу органы, прокурор және сот жасаған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарды алған соң қылмыстық іс бойынша өндіріс шын қажетті шарттардың болуын анықтайды да, өндірісті бастау шешімін қабылдайды, егер қажетті шарттар бойынша болмаса қылмысты істі қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қылмысты іс қозғау арқылы анықтама, тергеу органдары, прокурор және сот өздеріне белгісіз болып тұрған оқиғаларға қылмыс ретінде қарап, оны ашу қажеттігін қарайды, ал оны жасаған адам әшкереленіп, оның сотталуына, жазалануын қамтамасыз етеді.[1]
Жасалған қылмыс бойынша бірде-бір қылмыс ашылмай қалмауы керек және бірде-бір айыпты жауапкершіліктен кетпеу керек. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке азаматтарды заңсыз және негізсіз тарту оқиғалары орын алмауы керек.
Заңның бұл талаптарын қатаң сақтау қылмысты істі қозғау мәселесін шешуде әрбір жасалған қылмыста сот әділдігінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда кепілдік береді.
Қылмыстық істің дер кезінде тез қозғалуы істі тиімді тергеу мүмкіндігін туғызады. Керісінше қылмыс жасалғаннан кейін кеш қозғалған істі тергеу қиынға түседі. Кейбір жағдайда бұл іс нәтижесіз болуы мүмкін. Әрбір жасалған және жауапқа тартылатын қылмыс бойынша тез арада қылмыстық істі қозғау қажеттігінің мәні осында.
Қылмыстық іс неғұрлым тез қозғалып тергеу басталса соғұрлым ол нәтижелі болады.
Прокурор, тергеуші, анықтама органы, судья істелген немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалардың барлығын, соның ішінде өздерінің қарауында жатпайтындарын да қабылдауға міндетті. Қылмыстар туралы арызда немесе хабарламаны қабылдап, олар онда көрсетілген мән-жайларды 3 күн ішінде, ал ерекше реттерде ұзаса 10 күн мерзімінен кешіктірмей тексеруге міндетті, тексеру қажетті материалдар мен құжаттарды сұрату, түсініктер алу жолымен жүргізіледі, бірақ тергеу шаралары жүргізілмейді, сөйтіп олар төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:
а) қылмыстық іс қозғау туралы
ә) қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы
б) арызды, хабарды тергеу ретімен, ал жеке айып тару істері бойынша - сот ретімен беру туралы (Қ. Р.ҚІЖК - 185 бап).
Қылмыстық Істі қозғау туралы қаулы алдын-ала тергеудің мәнін анықтайды.
Қылмыстық істі қозғау кезінде қандай қылмыс іс жүргізудің басқа да өзіндік сатылары тәрізді қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы міндеттерінен туындайтын өзіндік нақты міндеттеріне ие. Бұл міндеттер қылмыс жөніндегі алғашқы материалдарды қабылдау, қарау ол қажетті жағдайларда керекті хабарлар мен қылмыстық іс қозғау үшін заңды және жеткілікті негіздерді бекіту мақсатында толықтырулармен сипатталады.
Қылмыстық Істі қозғауға негіздің бар-жоқтылығын тексеру және тиісті үкім шығару қылмыстық процестің осы сатысының міндеттері болып табылады.
Қылмыстық Іс қозғау сатысында шешілетін міндеттердің маңыздылығы оның қоғамдық саяси және заңдылық (құқықтық) мәнін анықтайды.
Зерттелетін сатының қоғамдық саяси мәні қылмыстық істі заңды түрде және дер кезінде қозғау мемлекет мүддесін қылмыстық қолсұғушылықтан, сонымен қатар құқық бұзушылықтан және азаматтар мен олардың ұйымдарының заңды мүдделерін қорғайтын маңызды құрал болып табылатындығында. Ол қоғамдық және мемлекеттік құрылыстар, мемлекеттік меншікті азаматтардың саяси еңбек жайының және мүліктік құқығын қорғауға бағытталған.
Барлық процесс сияқты, қылмыстық істі қозғау сатысы да демократизм, заңдылық негізінде құралады және негізсіз, заңсыз түрде қылмыстық іс қозғаудың және азаматтардың қылмыстық жауапқа тартудан кепілдендіреді.
Қылмыстық Істі қозғау сатысының қылмыстық іс процессуалдық мәні тиісті орындардан жауап алу, зат алу және басқа тергеу қимылдарын тек қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылданған соң ғана жүргізе алатындығында. Қылмыстық істі қозғаусыз не алдын-ала тергеу не сотта іс қарау жүргізілмейді. Ерекшелік ретінде кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда оқиға болған жерді қарау сияқты тергеу қимылы қылмыстық істі қозғауда дейін жүргізуге болады.
Бұл жағдайда оқиға болған жерді қарап шыққаннан кейін тез арада, егер оған негіз бар болса, қылмыстық іс қозғалады.
Қылмыстық істі қозғау сатысының заңдық мәні бір жағынан қылмыстық белгілері жоқ немесе іс жүзінде мүдделі орын алмаған фактіні тергеуді болдырмауды қамтамасыз ету талап етілетіндігінде. Өзінше сүзгі болып қызмет ететін процестің бұл сатысы әр нақты жағдайда қылмыстық әрекеттермен күрес жөніндегі тиісті мемлекеттік орындарының назары мен күш салуын жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, ол қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырмайтын немесе қылмыстық жазалау шараларын талап етпейтінінің бәрін қылмыстық істерді сотта жүргізу саласынан дер кезінде шығарып тастауға қызмет етеді. Қылмыстық істі қозғау сатысы қылмыстық процестің өз алдында бір сатысы болып табылатындықтан, анықтау және алдын-ала тергеу сатысының процессуалдық қатынасынан басқа ерекше процессуалдық қатынас туындайды.
Қылмыс туралы мәлімдеген адам немесе мекеме осы өтініш берілген орын арасындағы процессуалдық қатынас мынадай: анықтама органы, тергеуші, прокурор, сот қылмыс туралы өтінішті немесе хабарды қабылдап алуға, сол қылмыс бойынша сәйкес шешім қабылдауға және ол туралы өтініш жасаушыға хабарлауға міндетті, істі қозғаудан бас тартқан жағдайда ол бас тартуға шағым жасауға құқылы.
Сонымен қылмыстық істі қозғаушы анықтама немесе алдын-ала тергеу органдары мен прокурор арасында белгілі бір процессуалдық қатынас орнайды. Қылмыстық процестің бастапқы сатысында қылмыстық іс белгілі бір адамға қатысты емес, керісінше сол фактінің қылмыстық оқиғаның өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалады. Қылмыстық іс қозғалғанда қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адам әдетте белгісіз болады, оның жабылуы және әшкереленуі қылмыстық іс қозғағаннан соң анықтау және алдын-ала тергеу негізінде белгілі болады.
Кейбір қылмысты істер бойынша қылмыс сипатына қарай қылмыстық істі қозғау негізінде белгілі бір адам есте болады. Мысалы: қылмыскерді қылмыс болған жерде ұстағанда. Бұл жағдайларда, әрине қылмыстық істі қозғау және қылмыстық жауапкершілікке тарту барлығынша жақындасады; бірақ тура келмейді, себебі бұл жерде де қылмыскер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы қабылдануды тергеуші немесе анықтама органы қылмыстық іс қозғалып болғаннан кейін я болмаса тікелей соңынан жібергізіледі.[2]
Мынадай шешім күдік туғызады: қылмыс оқиғасы мен оны жасаушының жеке басы бірдей белгілі болған кезде, қылмыс оқиғасы мен оны жасаушының жеке басы арасында жасанды ажырау туындамайды ма?
Шындығында, мұнда ешқандай жасандылық жоқ, нақ осындай жардай қылмыстық істі қозғау актінің мәнінен келіп шығады.
Егер қылмыстық істі қозғау кезінде қылмыс жасаған адам белгісіз болса, қылмысты істі қажеттілігі бойынша әрекетке, қылмысты оқиғаға ғана жүргізіле алады. Ал қылмыстық істің жауапкершілікке тартылуы тікелей қылмыстық іс қозғалғаннан соң жүргізіледі.
Егер қылмыстық іс белгілі бір процессуалдық жағдайда қойылған болар еді. Бірақ айыптаушының процессуалдық жағдайына осы немесе басқа адам істі қозғау актісімен емес, айыпкер сәтінде жауапқа тартылуы актімен қойылады. Сол сияқты күдікті адам жағдайына да қылмыстық істі қозғау актімен емес, осы адамды ұстау немесе оған айып тағылғанға дейін шара таңдау актісімен қойылады.
Қылмыстық істі қозғауға қарасты мәселелені шешуде прокуратура, сот алдын-ала тергеу жүргізу және анықтама органдары, лауазымды адамдарды қылмыстық процестің заңдылық ашықтық және шапшаңдық сияқты маңызды талаптарына сүйенеді . Процестің бірінші сатысында қолданбалы заңдылық қағидасы қылмыс істі қозғау немесе бұдан бас тарту бойынша барлық шет заңға негізделеді, соған дәл сәйкес ету қажет.
Процестің алғашқы сатысында шапшаңдық қылмыс туралы алғашқы мәліметтердің шешуін барынша айқындық көрсету қажет екендігін білдіреді. Бұл өзінің нақты бейнесін қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу байланыстырылған мезімдерде болатын Заң белгіленген мерзімде сақтау қылмыспен қарсы күрестің шарттарының бірі болып табылады. Қылмыстық іс неғұрлым тез қозғалса, қылмысты толық ашу үшін қажетті дәлелдер соғұрлым шапшаң бекітіледі.
Бірақ шапшаңдықты асығыстықпен шатастыруға болмайды. Қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешкендегі асығыстық негізсіз процессуалдық шешімдерді қабылдауға, заңдылықтың бұзылуына және кейбір азаматтардың құқығына қосымшалық жасауға әкеліп соқтырады.
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды адамдар
Қылмысты істі қозғау ашық түрде өтетін құзыретті акт.
Актіні жүзеге асыру қылмыспен күрес жүргізетін белгілі билік органдарына жүктелген. Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің талаптарына сай қылмысты тез ашу, дайындалып жатқан жағдайларын болдырмау, барлық Іс жүргізу тәртіптерін мүлтіксіз сақтау белгілі органдардың қызметкерлеріне жүктелген. Сонымен қатар процеске қатысушылардың барлығының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қабылдау азаматтарға көмек беруге өтініш жасаулары мен қылмыс туралы хабарларды сот, тергеу және прокуратура органдары тарапынан тиісті бағасын алады деген сенім туғызады .
Информация о работе Қылмыстық істің қозғалу заңдылығын прокурордың қадағалауы