Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 12:52, курсовая работа
Құқық қорғау органдарының қызметтері, әрі олардың статустық мәртебесі, қылмыспен күресудегі ерекшелігі және азаматтардың құқықтық мәдениеті мен сапасын көтеруге байланысты елімізде құқықтық реформалар өтіп жатыр. Құқықтық мемлекет құруға байланысты заңдылықты күшейту жұмыстары, соның ішінде қылмыстық заңдардың қазіргі өмірлік талапқа сай қайта өзгерту мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылуда.
Қылмыстық іс қозғаудың үлкен маңызы бар, өйткені ол кейінгі тергеу сатыларына бастама болумен бірге қылмысты ашу мен қылмыскерді әшкерелеп жазасын тағайындауға әсері бар.
Судья, прокурор, тергеуші анықтама органдары заңмен көрсетілген шеңберде өз құзіретіне сәйкес қылмыс белгілері бар деп тапса, онда қылмыстың іс қозғауы міндетті болып табылады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I Тарау. Қылмыстық іс қозғаудың мәні мен маңызы...........................................4
1.1 Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызы..............................4
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды адамдар.........8
II Тарау. Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздері..........................14
2.1 Азаматтардың арызы.......................................................................................14
2.2 Мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың хабарламасы...........................................................................................................17
2.3 Баспасөзде жарияланған хабарлар.................................................................18
2.4 Айыбын мойнына алып өзі келуі...................................................................19
2.5 Анықтама жүргізетін органдардан тергеушінің, прокурордың немесе соттың тікелей өзі байыптауы..............................................................................21
III Тарау. Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайлар........................23
3.1 Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайларды топтау..................23
3.2 Қылмыстық іс қозғауды жоятын жаңдайлардың қысқаша сипаттамасы...25
IV Тарау. Қылмыстық іс қозғаудың және одан бас тартудың процессуалдық тәртібі......................................................................................................................29
4.1 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі........................................29
4.2 Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту................................................................31
V Тарау. Қылмыстық істің қозғалу заңдылығын прокурордың қадағалауы...33
Қорытынды............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................36
Мемлекет орындары қылмыс жасаған әрбір жағдайда қоғамның және кейбір азаматтардың мүдделері үшін белсене әрекет етуге міндеттейді. Сонымен бірге, бұл мәселеде ашықтық қағидасын жүргізу қылмыс жасалған және осы акт негізделген, әрбір жағдайды қылмыстық істің қозғалуын қамтамасыз етеді.
Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық ізге түсу органы өз құзыреті шегінде қылмыстық белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыс оқиғасын белгілеуге, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға, сонымен бірдей кінәсіз адамдарды ақтау шараларын қолдануға міндетті.[3]
Алдын-ала тергеуді талап етпейтін істер бойынша мысалы: жеке айыптау істері бойынша шағымдар мен өтініштер сотта қаралып қылмыстық істі қозғау немесе одан бас тарту туралы қаулы шығарады. Соттың жеке басы бұл жағдайда қылмыстық істі қозғау орны болып табылады.
Заң халық сотының қылмыстық істі қозғауға немесе одан бас тарту құқығын істердің сипатына қарай анықтайды. Алайда халық соттарының қызметі тәжірибесін соттардың жеке бастың алдын-ала тергеу міндеті Істер бойынша шағымдар мен өтініштер түскенде қылмыстық Іс қозғау орын алған емес. Бұл жағдайда шағымды, өтінішті тексеру нәтижесінде іс қозғау үшін негізде белгіленген, тиісті қаулы шығарған тергеу орны қылмыстық істі қозғау орны болып табылады. Бұл жерде мына жағдайларды да еске ұстау қажет шағымдар мен өтініштер тексеру мұқтаж, іс қозғалған жағдайда белгілі шұғыл шаралар, қабылдану бойынша әрекеттер халық сотының тікелей міндеттері аясына кірмейді.
Егер қылмыстық істі қозғау кезінде сот іске сотталушы ретінде тартылмаған адамдардың біреу екеніне көзі жетсе, онда ол адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы дәлелді ұйғарым жасайды, бұл адамға қатысты бұлтартпау шараларын қолдануға тиісті. Сот істі тергеуге жібереді. Соттың ұйғаруымен қылмыстық істі қозғау актінің мәніне қарай болады.
Сот қылмыстық, азаматтың немесе әкімшілік істі талқылау кезінде қылмыс белгілерін байқағанда ол туралы жеке қаулы арқылы прокурорға хабарлауға міндетті (ҚР ҚІЖК 183 б. 4 п.).
Сот куәгерді жалған куәлік, қате жауаптары және сараптаудың жалған қорытындысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға құқылы.
Басқа іс бойынша үкімнің заңдылығы мен негізделген тексеру кассациялық және қадағалау инстанциясының соты қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдай ала ма деген сұрақтың маңызы зор. Мұндай қажеттілік іс жүзінде бірінші инстанция соты белгілі бір негізі бола тұра, қылмыстық іс қозғалмаған жағдайда туындайды. Заңда бұл сұраққа тіке жауап жоқ. ССРО Жоғарғы Сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының ұйғарымдарының бірінде кассациялық инстанция қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет деп таба отырып, бұл тарау туралы жеке ұйғарым жасауға құқылы, егер бұл адамдарды жауапкершілікке тарту қаралатын іс бойынша айыпкердің түрі мен дәрежесіне әсер етпейтін болса. Осылайша ССРО Жоғарғы Соты сұраққа жауап берді .
Осы сот инстанциялары үкім және басқа да сот фактілердің заңдылығы мен негізділігін тексере отырып, ешқандай тергеу жүргізбейтін барлық дәлелдерге істің жазбаша материалдарын да тіркелген түрінде баға берумен шектелетінін ескеру керек. Олар істің мәні бойынша қараған сот топтаған фактілер анықталған деп есептей алмайды.
Сотта қылмыстық іс жүргізу негіздерінің 51-бабына тіке көрсетілген соттың тіркеудің кассациялық тәртібінде істі қараған сот үкімде белгіленген және онымен жоққа шығармаған фактілерді анықтауға және дәлелденген деп есептеуге құқысы жоқ. Бұдан бұл жағдайларда кассациялық және тергеу инстанциясының соты бұл жаңа фактілерді анықтауға байланысы болғандықтан қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдай алмайды.
Сотта қылмыстық іс жүргізу негіздерінің 51-бабына тіке көрсетілген соттық тіркеудің кассациялық тәртібінде істе қараған сот үкімде белгіленген және онымен жоққа шығармаған фактілерді анықтауға және дәлелденген деп есептеуге құқысы жоқ. Бұдан бұл жағдайларда кассациялық және тергеу инстанциясының соты бұл жаңа фактілерді анықтауға байланысы болғандықтан қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдай алмайды.
1995 жылдың 21 желтоқсанында
Президенттің шығарған
А.В.Жогин мен Ф.А.Фаткулин прокуратураға түскен алғашқы материалдарды тергеушіге беруге тек ерекше жағдайларда жол береді:
а) прокурор оның көмекшісі (орынбасары) объективті себептермен оларды шұғыл қарай алмайтын кезде;
ә) егер алғашқы материалдарды осы тергеуші жүргізіп жатқан іске қатысты қылмыс туралы мәліметтер болса және сондықтан жаңа істің осы материалы бойынша іс қозғау қажет пе деген сұрақтың шешімін тергеуші берген орынды болса .
Алайда статистика прокурор өзінің қылмыстық істі қозғау құқығын сирек пайдаланатынын көрсетіп отыр.
Прокурор сонымен қатар жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де қылмыстық істі қозғауға құқылы.
Қылмыс туралы алғашқы материалды прокуратурадан анықтама орындарына беру үшін заң бойынша қозғалушы іс олардың тергеуінде болуы шартты. Алдын-ала тергеуді жүргізуді заң талап ететін қылмыс туралы әңгіме болғанда, прокурор кейбір істі шұғыл қозғау туралы мәселені шешу үшін анықтама органына, дұрыс процессуалдық шешім қабылдауға мүмкіндік алатындай етіліп нұсқау бере алады. Қылмыстық іс қозғалғаннан соң әртүрлі тергеу әрекеттерін жүргізу туралы бөлек тапсырма бере алады.
Қылмыстың іс қозғау құқығына сонымен қатар тергеуші иеленген (тергеу бөлімінің немесе басқармасының бастығы) бола алады.
Тергеушілер Ішкі істер министрлігінде және ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істейді. Тергеушілердің негізгі міндеттері: қауіпті қылмыстардың алдын-ала кесу шараларын қадағалау және болған қылмысты жан-жақты, толық зерттеу мәселелеріне жағдай туғызу, қылмысты терең анықтаудың негізін қамтамасыз ету.
Тергеуші қылмыстық іс қозғауға, ол бойынша алдын-ала тергеу жүргізуге және ҚР ҚІЖК-де көзделген барлық тергеу қызметін жндауға құқылы. Тергеуші істің жағдайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдер жиналған адамдарға қатысты айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, оған) жолын кесу шарасын таңдап алу, айыптау қорытындысын жасау қылмыстың ізге түсуді жүзеге асыруға міндетті. Тергеуші өз тергеуіндегі істер бойынша анықтау органдарының тергеліп жатқан іске қатысты жедел іздестіру материалдарымен танысуға, оларға жазбаша, атқару үшін міндетті іздестіру және тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге жәрдемдесуді талап етуге құқығы бар.
Егер келіспеген жағдайда тергеуші шешім қабылдамастан өзінің қарсылығын жазбаша түрде жоғарыда тұрған прокурорға тапсырады.
Тергеушілер іс қозғауға ғана емес, сондай-ақ, жеке өзі барлық дерлік қылмыстар бойынша алдын-ала тергеу жүргізуге жылы.[4]
Анықтама дегеніміз - сол үшін арнайы құқық берілген мемлекеттің әкімшілік органдарының оперативті іздеуді және тергеуді үйлестірген және қылмыстардың алдын алуға, болдырмауға және ашуға кінәлілерді іздестіруге және әшкерелеуге бағытталған .
Анықтау барлық әкімшілік басқару орындарының емес тек соған берілген процессуалдық заңмен құқық берілген орындардың қызметі.
ҚР ҚІЖК 65-бабының 2 бөлім бойынша анықтама органы болып табылатындар:
1. Ішкі істер органдары.
2. Ұлттық қауіпсіздік органдары.
3. Әділет органдары - соттарды
қастерлемеуге және сот
4. Салық полиция органдары - салық қаржы заңдарын, сондай-ақ лицензия беру туралы заңдарды бұзуға байланысты қылмыстар туралы істер бойынша.
5. Кеден органдары - контрабанда
туралы және кеден салықтарын
төлеуден жалтарған істер
6. Әскери полиция органдары.
7. Шекара әскерлерінің командирлері - ҚР Мемлекеттік шекарасы туралы заңдарды бұзу туралы істер бойынша, сондай-ақ ҚР континенттік шельфінде жасалынған қылмыстар туралы істер бойынша.
8. Әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары - Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, басқа әскерлер мен әскери құрамаларда шақыртылып немесе Контракт бойынша әскери қызмет өтеп жүрген әскери қызметшілер, әскери жиындар кезінде запастағы азаматтар, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің жай адамдары жасаған немесе сол бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасалынған барлық қылмыстар туралы істер бойынша.
9. Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелері мен өкілетті өкілдіктерінің басшылары -қызметкерлерінің сол елде жасаған қылмыстары туралы істер бойынша.
10. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары - өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша.
Анықтама органы ретінде милиция қызмет жүйесінде органдарда қоғамдық тәртіпті қорғау нәтижесін бақылау бойынша прокурорлар бөлінген аумақтық прокуратура бақылау жүргізеді.
Милиция қызметкерлері қажеттілік жағдайда алғашқы материалдарды, онда әңгіме қандай қылмыс туралы екендігіне тәуелсіз, қабылдай және қарай алады. Заң алдын-ала тергеу жүргізуді талап етпейтін істерді милиция қозғайды (Оған жеткілікті, ешбір шектеулерсіз негіз болған жағдайда).
Егер милиция органдарында алдын-ала тергеу жүргізуді талап ететін қылмыс туралы, мәліметтер туралы (мысалы) лауазымды адамдардағы жеткіліксіздік туралы құжаттық тексеру акті және бар материалдар бойынша шұғыл тергеу қимылдарын жасау қажеттігі жоқ болса, милиция қызметкерлері қылмыстық істі қозғау кезінде Істің қай тергеу орнында жүргізілетіндігі бойынша тиісті прокуратураларға өткізумен шектелуі керек, себебі ол прокуратураның міндеті.
Қылмыстық істі қозғау құқығын милицияның барлық лауазымды адамдары емес, тек қылмыспен күрес жүргізу міндеті жүктелгендер пайдалана алады, соның ішінде адамдар болып жауапты қызметкерлер, ал олар жоқ жерде қылмыскерді Іздеу оперативті мемлекеттік мүлікті ұрлаумен күрес бөлімдерінің әбден даярланған қызметкерлері болып табылады.
Әскери анықтау қызметі - әскери прокурордың бақылауында өтеді.
Ұлттық қауіпсіздік органдары аса қауіпті мемлекеттік және басқа қылмыстар туралы істер бойынша анықтама органы болып табылады.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүргізуіне қатысты аса қауіпті және басқа мемлекеттік қылмыстарды толық тергеуді ҰҚК (КНБ) жүзеге асырады.
Еңбекпен түзеу мекеме бастығы еңбекпен түзеу мекемесі орналасқан жерде жасалған басқа да қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғай алады.
Анықтауға басшылық пен бақылауды бас бостандығынан айыру орындарында заңдылықтың сақталуын бақылаушы прокурор, ал егер Іс әскери трибунал сотында қарауда болса, әскери прокурор жүзеге асырады.
Мемлекеттік өрт бақылау орындары тек қана өрт және өртке қарсы ережелерінің бұзылуына қарсы істер бойынша қылмысты іс қозғауға құқылы.
Бұндай орындарға республикалардың ішкі істер министрлігі өрт күзету басқармалары (бөлімдері) мемлекеттік өрт бақылау жөніндегі қалалық және аудандық инспекциялық бөлімшелер (инспекторлар) сондай-ақ қала типтес поселок және аудандық орталық өрт күзету отрядтары жатады.
Егер осы көрсетілген орындар іс қозғай қалса, онда нақты оны мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары жасайды.
Ерікті өрт сөндірушілер мен дружиналары қылмыстық іс қозғау құқына ие емес. Олардың хабарлауы тек себеп қызметін атқара алады.
II Тарау. Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздері
2.1 Азаматтардың арызы
Қазақстан Республикасының заң шығаруына байланысты қылмыстың Істі қозғау үшін міндетті түрде белгілі бір себеп және соған жеткілікті негіз талап етіледі (ҚР ҚІЖК 177-бабы).
Қазақстан Республикасының қылмыстық Істер жүргізу кодексінің 177-бабына сәйкес, олар мынандай себептер болып табылады.
1. Азаматтардың арызы.
2. Мемлекеттердің, кәсіпорындардың,
ұйымдардың және лауазымды
3. Баспасөзде жарияланған хабарлар.
4. Кінәсін мойындап келуі.
5. Анықтама жүргізетін органдардың, тергеушінің, прокуратураның немесе соттың тікелей өзі байыптауы.
Қылмысты осы тектес мәліметтер қабылдаған хабарламаны қарап шығуға және бұл бойынша мүмкін шешімдердің берік қабылдануын міндеттейтін заңгерлік факт қызметін атқарады.
Көп жағдайларда қылмыстық істі қозғауға түскен мәліметтердің кез келгені себеп болып табылады. Сондықтан оның кімнен шыққанының қағидалы мәні жоқ.
Заң Істі тек белгілерінде көрсетілген жеткілікті мәлімет бар болған жағдайда ғана қылмыстың іс қозғалатындығына ерекше көңіл аударуы және сонымен қатар қылмыстық іс қозғалмайтын жағдайларды атап көрсетеді (ҚР ҚІЖК 37 бап).
Алайда, қылмыстық істі қозғауға себеп туралы біздің ғалымдарымыз да әртүрлі пікір айтысқан. Мысалы, Н.В.Жогин мен Ф. А.Фаткулин қылмыстық істі қозғауға себеп заңгерлік факт болып табылады деп есептейді.
М.С.Строгович себепті заңда белгіленген тергеу прокурор және сот орындарында қылмыстар туралы мәліметтер беретін және ол органдардың қылмыстық іс жүргізуге кірісудің дұрыстығы туралы шешім қабылдауға міндеттейтін деректеме деп қарайды .[5]
Р.Д.Рахунов бұл пікірді қуаттамады. Ол себебі жасалған қылмыс туралы хабарламасы бар деректеме деп түсінеді.
А. Р.Михайленко, Н.В.Жогин мен А. Ф. Фаткулиннің пікіріне байланысты күмән білдіре отырып былай деп жазады: "әрекет (қимыл немесе әсер) оқиғаға немесе хал-жай заңгерлік факт болып табылатыны белгілі. Ал қылмыстың іс қозғау себебі туралы тек белгілі бір қызмет ретінде айтуға болады. Тек қана өтініштер қылмыс туралы хабарлау ғана емес, басқа жағдайлар заңгерлік факті болып табылады. Өтініш жасаушы осы немесе басқа құқық бұзушылыққа қатысты өзінің еркін сырттай көрсетуі қажет. Істі қозғауға өтініш жасаушы мен прокурорлық тергеу немесе сот орындары туралы өтінішті қабылдап алуға, оны мәні бойынша шешуге міндетті. Көрсетілген орындардың өздері де қылмыс белгілерін таба алады" .
Информация о работе Қылмыстық істің қозғалу заңдылығын прокурордың қадағалауы