Қылмыстық істің қозғалу заңдылығын прокурордың қадағалауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 12:52, курсовая работа

Описание работы

Құқық қорғау органдарының қызметтері, әрі олардың статустық мәртебесі, қылмыспен күресудегі ерекшелігі және азаматтардың құқықтық мәдениеті мен сапасын көтеруге байланысты елімізде құқықтық реформалар өтіп жатыр. Құқықтық мемлекет құруға байланысты заңдылықты күшейту жұмыстары, соның ішінде қылмыстық заңдардың қазіргі өмірлік талапқа сай қайта өзгерту мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылуда.
Қылмыстық іс қозғаудың үлкен маңызы бар, өйткені ол кейінгі тергеу сатыларына бастама болумен бірге қылмысты ашу мен қылмыскерді әшкерелеп жазасын тағайындауға әсері бар.
Судья, прокурор, тергеуші анықтама органдары заңмен көрсетілген шеңберде өз құзіретіне сәйкес қылмыс белгілері бар деп тапса, онда қылмыстың іс қозғауы міндетті болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
I Тарау. Қылмыстық іс қозғаудың мәні мен маңызы...........................................4
1.1 Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызы..............................4
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды адамдар.........8
II Тарау. Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздері..........................14
2.1 Азаматтардың арызы.......................................................................................14
2.2 Мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың хабарламасы...........................................................................................................17
2.3 Баспасөзде жарияланған хабарлар.................................................................18
2.4 Айыбын мойнына алып өзі келуі...................................................................19
2.5 Анықтама жүргізетін органдардан тергеушінің, прокурордың немесе соттың тікелей өзі байыптауы..............................................................................21
III Тарау. Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайлар........................23
3.1 Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайларды топтау..................23
3.2 Қылмыстық іс қозғауды жоятын жаңдайлардың қысқаша сипаттамасы...25
IV Тарау. Қылмыстық іс қозғаудың және одан бас тартудың процессуалдық тәртібі......................................................................................................................29
4.1 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі........................................29
4.2 Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту................................................................31
V Тарау. Қылмыстық істің қозғалу заңдылығын прокурордың қадағалауы...33
Қорытынды............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................36

Файлы: 1 файл

Мазмұны.doc

— 176.00 Кб (Скачать файл)

Қылмыстар мен табысы күрес мақсатында заң құзыры орындардан қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдап отырып бір уақытта қылмыстың алдын алуға немесе бұлтартпау шараларын қабылдауын талап етеді. Осындай шаралардың қажеттігі сезікті жасырынып қалуы, қылмыс іздерін жойып жіберуі, қылмыстық қызметін жалғастыру мүмкін кездердегі жағдайларда туындайды.

Қылмыстық істің алдын алу немесе бұлтартпау, сонымен тек қылмыстық іздерін бекіту мақсатында сезіктіні ұстау, сезіктіге айып тағылғанға дейін бұлтартпау шараларын қолдану, тінту және басқа тергеу қимылдары қызмет етеді. Осылайша заңды сот соттық мәжілісте белгілі бір адам жөнінде қылмыстық іс қозғай отырып, оған негіз бар болған кезде адамға бұлтартпау шараларын қолдануға құқылы екені көрсетілген (ҚР ҚІЖК 183, 323, 303 баптары).

Судья жеке өзі қылмыстық іс қозғау құқық бұзушыны сотқа беру және істі сот мәжілісінде қарауды тағайындау туралы қаулы шығара алады. Қылмыстық іс қозғау туралы қаулыға шығарған адам қол қояды.[12]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.2  Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту

Түскен материалдарда қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті материалдардың жоқ кезінде прокурор, тергеуші, анықтама орны мен судья өздерінің дәлелді қаулысымен немесе ұйғаруымен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бұл туралы мүдделі адамдар мен мекемелерге хабарлайды (ҚР ҚІЖК 187-бабы). Қылмыстық іс қозғаудың бас тарту туралы қаулы үш бөлімнен тұрады: кіріспе, баяндау, қорыту.

Кіріспе бөлімінде қаулы шығарған күнін, орнын, қаулы шығарған адамның фамилиясы, лауазымын және қылмыстық Іс қозғаудан бас тарту турады шешім қабылдаған бастапқы материалдарда көрсетулер болады.

Баяндау бөлімінде нақ осы жағдайда қылмыстық іс қозғаудың мүмкін еместігінің негіздерін, жағдайларын баяндайды (ҚР ҚІЖК 187-бабы). Қаулы қорыту бөлімінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім тұжырымдалады, бас тартудың негізі жасалады және шағым беру құқығы мен тәртібі тұжырымдалады. Қаулыға милиция орнында оны жасаған адам қол қояды, органның бастығы бекітеді.

Тергеушінің немесе анықтау орнының қылмыстық іс қозғаудан бас тартуына өтініш жасаушы анықтау және алдын-ала тергеу жүргізуді бақылауды жүзеге асырушы тиісті прокурорға шағымдана алады. Прокурордың бас тартуына жоғарыда тұрған прокурорға соттың бас тартуының кассациялық сотына шағымданған немесе наразылық білдіруге болады.[13]

Прокурордың қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының заңдылығына уақытша бақылауын қамтамасыз ету мақсатында тергеушілер мен анықтау органдары бұл қаулылардың көшірмесін тез арада прокурорға жіберілуі қажет деп таныған дұрыс. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жағдайында прокурор өзінің қаулысымен тергеушінің немесе анықтау орнының дұрыс емес қаулысының күшін жояды және іс қозғайды. Анықтау жүргізген адам жасаған қылмыстық іс қозғалудан бас тартуды бекіту кезінде негізсіз қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға жол бермеу үшін анықтау орнының бастығына түскен материалдармен жеке танысуға міндетті.

ҚР ҚІЖК 37-бабына сәйкес адам онша елеулі емес немесе қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмью жасаған жағдайды сот, прокурор, тергеуші және анықтау орны прокурордың келісімімен қылмыстық іс қозғалмай материалдарды жолдастық соттың немесе кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиялық қарауында жіберуге немесе қайта тәрбиелеу үшін еңбекшілер ұжымына немесе қоғамдық ұйымға кепілдікке беруге құқылы.

Егер прокурор, тергеуші, анықтау орны немесе судья түскен өтініштер немесе хабарлар бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге құзырлы емес болса, олар өтінішті немесе хабарды істің қай тергеу орнында жүргізілетіндігі немесе қай сотта қаралатындығы бойынша жіберіледі.

Бұл жардайларда олар қылмыстық алдын алу немесе бұлтартпау, сонымен тек қылмыстық іздерін бекіту шараларын қабылдауға міндетті.

Оқиға болған жерді қарау, орынды қорғауға шаралар қабылдау т. б.. осындай шаралар жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V Тарау. Қылмыстық  істің қозғалу заңдылығын прокурордың  қадағалауы

Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы Заңының І-бабына сәйкес прокуратура заңының орындалуына жоғарғы бақылау жасаушы орган болып табылады.

"Қазақстан Республикасының Прокуратурасы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің есеп беруші өз құзыры аясында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Заңдарының бағыныштылығына тәуелділігіне және меншік түрінде қарамай басқа мемлекеттік және шаруашылық басқару және бақылау орындарының әскери бөлімшелерінің халық депутаттарының жергілікті Кеңестерінің жергілікті өзін-өзі басқару орындарының саяси партияларының және қоғамдық бірлестіктердің лауазымды адамдардың, сондай-ақ азаматтардың (ҚРҚК І-бабы) дәл осы және бірдей орындалуына жоғарғы бақылауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады" .[14]

Бас прокурордың және оған бағынышты прокурорлардың Қазақстан Республикасы заңдарының дәл орындалуына жоғарғы бақылауды жүзеге асырады. Прокуратура орындарының осы қызметімен қылмыстық іс қозғау сатысындағы олардың міндеттері тығыз байланысты. Қылмыстық сот жүргізуде прокурордың бақылау жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыс туралы мәліметтер түскен кезден басталады. Прокурор бір жағынан қылмыстық іс қозғау орны, екінші жағынан қылмыстық іс қозғаудың заңдылығын бақылайтын орын болып табылады. ҚР ҚІЖК 190-бабына сәйкес қылмыстық Іс қозғаудың заңдылығына бақылауды жүзеге асырады. Прокурор негізсіз қылмыстық іс қозғаудың немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың бірде бір оқиғасы болмауын, қылмыс туралы өтініштердің және хабарларды қарау мерзімдері мен тәртібінің қатаң сақталуын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қысым жасалмауын қадағалайды. Қылмыстық іс қозғалудың заңдылығын бақылауды жүзеге асыру кезінде прокурор милиция орындарының қылмыс туралы өтініштері мен хабарларды қабылдауына және тіркеуіне басты назар аударады. Тексеру нәтижелерінде заң бұзушылықты тапқан жағдайда прокурор кінәлі адамдарға тәртіптік, жауапкершілікке тарту және заң бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен шарттарды жою туралы ұсыныс енгізеді. Немесе қылмысты әдейі жасыру фактілерінің белгілері бойынша қылмыстық іс қозғайды.

Прокурор, қылмыстық іс қозғау туралы қаулының заңдылығын ҚР ҚІЖК 186-бабының аталған қаулы элементтерінің дұрыстығын тексерумен шектелуі тиіс.

Прокурор қылмыс туралы дабылдар бойынша анықтау алдын-ала тергеу орындарының және тергеудің шешімдері дәлелді процессуалдық рәсімделінген болуын қадағалайды.

Прокурор өзінің қаулыларымен қылмыстық іс қозғау туралы тергеушінің немесе анықтау орнының заңсыз қаулысының күшін жояды. Сонымен егер Іс бойынша тергеу қимылдары жасалған болса, прокурор қылмыстық Істі қозғаудан бас тартады.

Егер анықтау орны немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғаудан бас тарту қаулысын ендігі тексеру кезінде алынған мәліметтерге қайшы келсе және негізсіз шығарылған болса, прокурор мұндай қаулының күшін жояды, қылмыстық іс қозғауды және оны алдын-ала тергеу немесе анықтау орындарында жүргізуге жібереді.[15]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексінің 8-бабында, қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттері - қылмыстарды тез және толық ашу, айыптыларды әшкерелеу және заңның дұрыс қолдануын қамтамасыз ету, сөйтіп қылмыс істеген әрбір адамның әділетті жазалануын және айыпсыз бірде-бір адамның қылмыстық жауапқа тартылмауын және сотталмауын қозғау деп жазылған.

Осыған орай қылмыстық істі қозғау сатысы да заңдылық негізінде құралады, қылмыстық істі қозғауға қарасты мәселелерді шешуде прокуратура, сот, тергеу жүргізу органдарының лауазымды адамдарды қылмыстық процестің заңдылық, ашықтық және шапшаңдық сияқты маңызды талаптарына сүйенеді.

Қылмыстық іс жүргізу заңында құқық қорғау органдарының лауазымды адамдардың қылмыстық істі қозғау реттерін анықтап көрсетілуі қылмыстық істі жүргізудің заңдылығын көрсетеді.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмей, қажетті дәлелді жағдайлар талап етілгеннен соң заңға сәйкес кінәлі адамды ұстап, оған байланысты қылмыстық іс қозғау үлкен мәні бар десек болады.

Сондықтан заң қылмыстық іс қозғаудың негізі барлығына сүйене отырып, тәжірибелі қызметкерлерден қылмыстық іс негізді түрде қозғалғанын талап етеді.

Қылмыстық Істі қозғауда жеке адамның жағдайы да еске алынуы тиіс. Қылмыстық құқық бойынша тек нақты сәйкес жастағы жауаптылыққа қабілетті танылатын қылмыс субъекті туралы мәселені шешуде қылмыс құрамының барлығын немесе жоқтығын анықтау үшін маңызы зор. Кейбір қылмыстар бойынша кез-келген жауаптылыққа қабілетті жеке тұлға емес, тек белгілі бір қасиеттерге ие адам арнайы субьект ғана қылмыс субъектісінің орындаушысы бола алады.

Қылмыстық іс қозғау институтын одан әрі дамытып, кеңейтіп, зерттеу барысында нақты, негізгі жан-жақты, ашық қасиеттерге сүйену қажет.

Қорытып айтқанда, қылмыстық Істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту мәселелерін дұрыс шешкенде ғана анықтама, тергеу, прокуратура, сот орындары істің толық жан-жақты терең зерттелуіне мүмкіндік алады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы. 30  тамыз, 1995 жыл.

2. Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік құқықтық реформасының бағдарламасы. 14 ақпан 1994ж.

3. Қазақстан Республикасы  Президентінің "Сот және сот мәртебесі" жарлығы 20 желтоқсан 1995ж.

4. "Қазақстан Республикасы  Прокуратурасы" Қазақстан Республикасы  Президентінің жарлығы. 21 желтоқсан 1995ж.

5. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы. "Ішкі істер органдары". 21 желтоқсан 1995ж.

6. "О мерах по дальнейшему реформированию системы право-охранительных органов РК". Указ Президента РК, имеющий силу закона от 22.04.97г.

7. Қазақстан Республикасьшың  Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13 желтоқсан 1997ж. Заң күшіне 1998 жылы 1 қаңтарда енді.

8. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексі. 13 желтоқсан 1997ж. Заң күшіне 1998 жылы 1 қаңтарда енді.

9.  Бегалиев Л. А.  Прокурорский надзор.

10. Кобякова М.Н. Возбуждение уголовного дела в преспупления против личности. -Свердловск, 1988.

11. Ковалев М.А. Прокурорский надзор за обеспечением право личности при расследовании преступления. -М., 1981.

12. Корнеева Л.М. Основания отказа в возбужении уголовного дела. -Социалистическая законность, 1977. N 3.

13.  Корнукова В.Н.   Советский уголовный процесс.  -Саратов, 1988.

14. Масленников Л. Праверочное действия в стадии возбуждения уголовного дела. -Социалистическая законность, 1989. N 6.

15. Машутов А.М., Ливщица О.Д. Уголовный процесс Казахской ССР. -Алматы, 1989.

 

 

 


Информация о работе Қылмыстық істің қозғалу заңдылығын прокурордың қадағалауы