Адам құқығы және әлеуметтік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 19:59, курсовая работа

Описание работы

Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады. Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты - әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілерін ескере отырып, әлемдік тәжірбиеге үңіліп, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі бағытын анықтау. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты.

Содержание работы

Кіріспе_________________________________________________________1-2
Адам құқығы түсінігі және мәні_________________________________ 3-5
Әлеуметтік саясат мәні __________________________________________6
Әлеуметтік саясаттың бағыттары _________________________________6
Әлеуметтік саясат модельдері___________________________________7-8
Әлеуметтік әділеттіктің және әлеуметтік саясаттың
ара байланысы__________________________________________________9-10
2.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік әділеттікті
іске асыру механизмдері___________________________________________11
2.2 Құқықтық мемлекет және адамның құқықтары___________________12-17
3. Құқық қорғау органдары______________________________________17-18
3.1 Адам құқықтарын қорғау жүйесі______________________________19-20
4. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі ____________________________21-23
Қорытынды______________________________________________________24
Қолданылған әдебиеттер тізімі______________________________________25

Файлы: 1 файл

адам саясат.docx

— 60.36 Кб (Скачать файл)

 

1.2. Әлеуметтік саясаттың бағыттары

 

Әлеуметтік саясат төрт бөліктен тұрады: - Қоғам мүшелерінің әртүрлі  қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік сфера ұйымдарына құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық жағдай жасау. - Өмір сүру деңгейін қажетті деңгейде сақтап қалу үшін азаматтарға өз еркімен  табыс табуына құқықтық, ұйымдастырушылық, өндірістік алғышарттар жасау. - Мемлекеттің  немесе муниципалды басқару органдары  қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жолымен  халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау - Мемлекеттің немесе муниципалды  басқару органдары қолындағы  және/немесе меншігіндегі әлеуметтік сфераның өндірістік кәсіпорындары  мен мекемелеріндегі өндірісті  ұйымдастыру, бөлек тауарлар мен  қызметтерді бөлу және тұтыну.

 

 

 

 

1.3. Әлеуметтік саясат модельдері

 

Әлеуметтік саясат моделі – бұл әлеуметтік саясаттың маңызды  элементтерінің жалпы сызбасы, оның мақсаттары , міндеттері, құралдары, оның экономикалық, демографиялық, саяси  және басқа да факторлармен өзара  байланыста шарттасылған жүзеге асыру  нысандары түсіндіріледі. Соңғы он жылдықта әртүрлі елдерде қолданылған әлеуметтік саясаттың кейбір моделдерін қарастырайық. Әлеуметтік саясаттың потерналистік моделі директивті экономикада және социолистік елдерде іске асады. Я. Корнайдый анықтауы бойынша потернализм моделі дегеніміз - бұл орталық басшылықтың экономикалық жағдайға толық жауапкершілікті өзіне алуы және сол уақытта оған неғұрлым мақсатқа сәйкес болып көрінетін әкімшіліктік құралдар арсеналынан қандай болмасын құралын қолдануға ұмтылады. - Бір жағынан қарағанда, мемлекет әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін қажетті ресурстардың негізгі массасын өз қолында шоғырландырады, жинайды, топтастырады және қоғам мүшелерінің неғұрлым елеулі қажеттіліктері бойынша оларды үлестіреді. Алайда, тоталитаризмдік басқару жағдайында потернализм озбырлыққа, бақыланбайтын бюрократияға айналады, ол өз кезегінде жемқорлықтың пайда болуына, тиімсіз шешімдердің қабылдануына, азаматтардың жеке өмірлеріне мемлекеттің басып енуіне алғышарт жасайтын болады. Потернализмнің бұдан да жаман зардабы азаматтардың әлеуметтік енжарлылығының өсуі, бүкіл әлеуметтік проблеманы шешуде “жоғарғы инстанция” ретінде мемелектке үміттенуі; - Потернализм моделінің тағы бір сипаты-өндірісті қатаң директивті реттеу, әлеуметтік игіліктер мен қызметтерді бөлу мен айырбастау; - Потернализм моделінің үшінші сипаты-этатизм, яғни әлеуметтік сфераны, оның бөлек салалары мен мекемелерін мемлекеттендіру. Этатизм потернализмнің жалғасы болып табылады және әлеуметтік сфераның қызмет етуіне тікелей араласады, сонымен қатар бәсекелес немесе әлеуметтік проблеманы шешуде ынтымақтастықты ұсынатын қандай болмасын субъектіні ығыстырып шығарады; - Төртінші сипаты-әлеуметтік сфера салаларындағы нарықтық қатынастардың мүлдем әлсіз дамуы, көбінесе болмауы. Болса да даму деңгейімен салалар бойынша айрықшаланауы. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру салаларында төлем нысандары кездеспейді және олардың дамуы үшін ресурстар мемлекеттік, жергілікті бюджеттен және кәсіпорын қаржысынан бағытталады. Мәдениет, байланыс, дене шынықтыру, жолаушылар көлігінде нарықтық қатынастар модифицирленген, яғни түрленген нысанды иеленді. Бұл жерде төлем нысаны ескерілді, бірақ та бұл салалардағы қызметтердің өзіндік құнымен салыстырғанда төмен бағалар орнатылды. Салалардың үшінші тобында-сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсетуде жекеменшіктің үлесі болғандықтан нақты нарықтық элементтері тарихи сақталған болатын, ал бұл салалардағы ерекше белсенді нарықтық қатынастар “көлеңкелі” экономика нысанында болуы, “қара” және “сұр” нарықтарының қызмет түрінде дамуы; - Бесінші сипаты-эгалитаризм – материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтынудағы теңділік. Маңызды әлеуметтік игіліктен мен жұрттың қолы жететіндіктей қамтамасыздандыруда оң рөлді иеленеді. Біздің елімізде оның негізінде жалпыға бірдей сауаттылық, миллиондаған адамдарға тұрмыс жағдайының жақсаруы, көптеген аурулар бойынша ауыршаңдылықтың төмендеуі, өмір сүру деңгейінің өсуіне қол жеткізілуі; - Алтыншы сипаты-кепілденген жаппай жұмыспен қамту. Жалпы айтқанда, қоғам дамуының белгілі кезеңінде әлеуметтік саясаттың потерналистік моделі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды жетілдірудің тежеуіші болып саналады.

         Шведтік модель. Бұл модельдің  маңызды ережесі әртүрлі әлеуметтік-экономикалық  топтар мен халық қабаттарының  ынтымақтастығы, тілектестілігі, бірдейлілігі. Швед мемлекеті қоғамның бүкіл  мүшелерінің мүддесін тең қорғауды  өзіне алды. Алайда, жалпылай әл-ауқаттылық  ұсынылатын игіліктер мен қызметтердің  жоғарғы сапасымен бірге швед  мемлекеті жағынан көп шығынды  талап етті.

          Швед әл-ауқаттылық моделіне жоғарғы  сапа мен әлеуметтік қызметтердің  қол жетерлігі тән. Оған мемлекеттік  бюджеттің бүкіл шығыстарынан  шамамен 40 пайызы шығындалады.

           Бұл жағдай швед моделін –  рестриктивті (шектеулі) сипатқа әкелді. Бұл рестриктивтілік халықтың  жеке табыстарына және кәсіпкерлердің  табыстарына тиесілі және мемлекеттік  бюджетке бірінші бөлінген табыстардың  көп бөлігін алуға мүмкіндік  беретін прогрессивті салық жүйесі  көмегімен жүзеге асырылады. Қатаң  салықтық жүйе жоғарғы сапалы  әлеуметтік қызметтердің кең  желілерін күшейтуге және түрлі  трансферттік төлемдер түрлеріне  қаржылық база болып табылды.

           Индустриялды дамыған елдерде  орын алған әлеуметтік саясат  моделі “Мемлекеттің  әл-ауқаттылық”  концепциясы болып табылады. Бұл  концепция бойынша мемлекет-жеке  мүддесі жоқ, қазіргі қоғамның  жалғыз институты, сондықтан ол  класстар арасында делдал болып  шыға алады және қоғамдық мүдделерге  сәйкес әрекет етеді. Тарихи  “Мемлекеттің  әл-ауқаттылық” моделі  экономикалық және саяси күйзеліс  кезеңдерінде қалыптасты. Мемлекеттің  нарық факторларының әрекетін  минималдап, әлеуметтік сфераны  қоса, бүкіл басқарушылық функцияны  өз қолына алды.

           Бұл функция тек қана әлеуметтік  амортизатор функциясын орындаумен  қатар (мысалға, жұмыссыздарды  қолдау түрінде, жұмыспен қамту  бағдарламалары, жұмыстарын жоғалтқандарды  қайта және кәсіптік даярлау  түрінде), жұмыс күшінің сапасын  жақсарту функциясын орындайды.  Тағы да бір маңызды функциясы-ол  қартайған шақтан және экстраординарлық  жағдайларда әлеуметтік кепілдемені  ұсыну.

 

 

 

 

  1. Әлеуметтік әділеттіктің және әлеуметтік саясаттың   ара байланысы

 

Алғашқы кезеңде “мемлекеттің әл-ауқаттылық” концепциясы іскерлік ортада “лояльді” қабылданды, кейін  салық ауыртпалығы іскерлік ортасына, сонымен қоса қарапайым халық  ортасына да ауыр тиді. Оның үстіне көптеген зерттеулердің көрсетуінше әлеуметтік сфераның “мемлекеттендірілген” бөлігі қызметтің төмен сапасымен ғана емес, сонымен қатар баламалы әлеуметік сала мекемелері мен жеке және қоғамдық ұйымдарына қарағанда, ресурстарды төмен оңтайлылықпен қолданғанымен көзге түсті. Осының бәрі “ мемлекеттің әл-ауқаттылық” концепциясын алып тастауға талап болды.

           Егер  “Мемлекеттің  әл-ауқаттылық”  моделі Ұлыбритания, Франция және  басқа да еуропалық елдерінде  дамуын алса, онда “Әлеуметтік  нарықтық шаруашылық” моделі  Германия Федеративтік Республикасында  неғұрлым толық жүзеге асырылған   болатын.

Бұл концепцияның барысы: кәсіпкерлікке  экономикалық еркіндік беру және экономикаға  әкімшіліктік қатысуды алып тастау, себебі нарықтық еркіндік әлеуметтік мақсатқа жету үшін экономикалық, ресурстық  алғышарттар жасайда.

Таза нарық экономикасының дамуы негізінде батыс Германдық  мемлекет әр азаматқа белгіленген кедейшілік шегінен төмен түспейтіндей әлеуметтік амортизаторлардың біртұтас жүйесін  өрістетті. Алайда, сонымен қатар мемлекет азаматтардың өз күшімен орындай алмайтын әлеуметтік міндеттерді өз қолына алмауға тырысты. Бұл концепция бірнеше қарама-қайшылықтардан тұрды: - көптеген әлеуметік қызметтер нарықтық сипатта сақталды, ол өз кезегінде бұл қызметерді тұтынушының еркіндігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік сфераның бөлек ұйымдары мен мекемелерінің арасында бәсекені қолдауға мүмкіндік берді; - сол уақытта, әлеуметтік бағдарламаларды мемлекеттің атқаруы, орындайтын жұмыстағы төмен дәрежелі жауапкершілік пен оған тиесілі тиімсіз проблемалар мен бюрократиялық аппараттың құрылуына әкелді. “Мемлекеттің әл-ауқаттылық” моделіне қарағанда “Әлеуметтік нарықтық шаруашылық” моделі барынша нарықтық негізде жүргізілді. Бұл модельдің негізгі постулаттары шамамен елу жыл бойы өзгеріссіз түрде сақталуда.

            Либералды экономиканы жүргізуде  әлеуметтік саясаттың “Нарықтық  моделі” орын  алды. Бұл концепция  бойынша әлеуметтік сферада кең  таралған мемлекеттік араласудың  орнына нарықтық бастауларды  қүшейту қажеттілігі қарастырылды. Бұны жүзеге асыруда:

- әлеуметтік сферадағы  жартылай мемлекетсіздендіру; - әлеуметтік  салалардың қызмет етуіндегі  нарықтық құралдарды қолдану  аясын кеңейту; Мемлекетсіздендіру  процессінде белгілі халық топтарына  қызметтерді ұштастыру, әлеуметтік  мекемелерді қызмет көрсету шарттарының  жекеменшік нысандары бойынша  диверсификациялау жүргізіледі.  Әлеуметтік саясаттың нарықтық  моделінің негізгі қалыптастырушы  идеясы-оның селективтілігі, яғни таңдаушылығы, мемлекет тарапынан көмекті қажет ететін бөлек өмірлік жағдайларға немесе нақты анықталған халық топтарына бағытталушылық. Осылай, мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғам мүшесінің қандай тобына қолданылуына байланысты екі бөліктен құралады: - еңбекке қабілетті азаматтар үшін олардың еңбек белсенділігін арттыру және өздеріне өз көмектерін дамыту үшін мемлекеттің жағдай жасауы; - мемлекет немесе басқа да қоғамдық институттар тарапынан әлеуметтік көмек тек қана ауру себептері, қатерлі жағдай, кәрілік пен жұмыссыздық себептері бойынша көрсетілуі. Бұл модельдің ең басты ерекшелігі – оның дәстүрлі құндылықтарға және жанұя, жергілікті қоғамдастықтар, пайдасыз ұйымдар тәрізді әлеуметтік институттарға бағытталуы. Әлеуметтік саясаттың “Нарықтық” моделі 70-жылдар ортасында, Маргарет Тэтчермен басқарылатын Ұлыбритания Үкіметінің нақты саясатының негізі болды, яғни бұл моделді жүзеге асыру “Мемлекеттің әл-ауқаттылық” моделінің кемшіліктерін толықтырушы өзгеше жауап ретінде қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Қазақстан Республикасында әлеуметтік әділеттікті іске асыру механизмдері

 

Адам дүниеге келгеннен  бастап, өзіне қажетті әрі мемлекет тарапынан қамтамасыз етілуі тиіс құқықтар мен бостандықтарға ие және Қазақстан  Республикасы Конституциясында осыған үлкен әрі маңызды назар аударылған. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, мемлекет тарапынан кепілдіктер беріледі, оларды іске асыру үшін қажетті шаралар қабылданады.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге  арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында: «Қазақстанның Конституциясында әлеуметтік мемлекетті құрудың негізгі құқықтары  мен принциптері бекітілген. Бұл орайда негізгі міндеттердің бірі әлеуметтік құқықтарды қамтамасыз ету мен қазіргі әлеуметтік саясатты іске асырудың ықпалды тетіктерін одан әрі қалыптастыру болып табылады» деп айтылған және оның іске асырылуы үшін бағыттар мен шешу жолдары тағы да аталып өтілген.

Әлеуметтік мемлекет құру тақырыбында аталған Тұжырымдамада  бірқатар қазіргі уақыттағы өзекті мәселелер қозғалып, әлеумет мәселесінің  аса маңызды, мемлекет тарапынан  тыс қалмаған, керісінше, әлеуметтік өмірді дамыту Құқықтық мемлекеттің  басты міндеті екені бірнеше  рет аталып кеткен: «Мемлекеттің кешенді, көпсалалы сипаттағы әлеуметтік-құқықтық саясаты әлеуметтік маңызы бар проблемалардың кең ауқымын шешуге бағытталған».

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзiн  демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады» деп белгіленген.

Яғни, Қазақстан Республикасы өзін:

1) демократиялық, яғни  демократия сипаттары мен қағидаттары  бар;

2) зайырлы, яғни дін  мен мемлекеттің арасы ажыратылған;

3) құқықтық, яғни құқықтық  мемлекеттің бірден бір белгісі  - биліктің үш тармағы дараланған;

4) сондай-ақ әлеуметтік, яғни  адам және азамат құқықтары  мен бостандықтарының басымдылығы  қағидаты орын алған мемлекет  ретінде жариялайды.

Осы аталғандарды қорыта келе, «оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп бекіткен.

 

 

 

 

 

    1. Құқықтық мемлекет және адамның құқықтары

 

Адамның азаматтық құқықтары  мен бостандықтарын қамтамасыз ету  мен қорғау құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы маңызды мәселе. Жалпы  адам құқығы жеке тұлғаға нақты бостандықтар мен әлеуметтік игіліктерге кепілдік беретін саяси қатынастар жүйесінде  бекітілген ережелер мен принциптер жиынтығы. Адам құқығын қорғау ұлттық құқықтық тәртіптің маңызды міндеттерінің  бірі. Ең алғаш адам құқығы АҚШ конституциясы  мен «Адам мен азамат құқығы туралы»  Француз Декларациясында заңдастырылды. Бүгінгі күні адам құқықтары БҰҰ-ның  негізгі бес құқықтық құжаттарында анықталып, оларға кепілдік берілген. Олар: «Адам құқықтарының жалпыға  бірдей декларациясы» (1948 ж.), «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пакт» (1966 ж.), «Азаматтық және саяси  құқықтар туралы Пакт» (1966 ж.) және соңғысына  қарасты екі факультативті хаттама.

  Жоғарыда көрсетілген халықаралық құжаттар адамның құқықтары мен бостандықтарының нақты бір мемлекет еркіне байланысты емес екендігін көрсетеді. Адам құқығын кең мағынада екі жақты қарастыруымызға болады: теріс (негативті) және оң (позитивті). Бірінші топтағы құқық пен бостандықтар мемлекет пен басқа адамдардың тұлғаның жеке ісіне араласуына мүмкіндік бермеуге бағытталған, яғни жеке тұлғаның индивидтік бостандығының негізін құрайды. Бірінші топтағы құқықтар мен бостандықтар мемлекеттен қандай да бір ресурстарды, күштерді жұмсауды қажет етпейді. Бұл жердегі ең басты талап жеке тұлғаның ісі мен мүддесіне кедергі жасамау, оған араласпау. Мұндай құқықтар қатарына адамның либералдық құқықтарының барлығын жатқызуымызға болады. Позитивті құқтарға келер болсақ, олар мемлекеттің жеке тұлғаға қандай да бір нақты әлеуметтік игіліктерді беру жауапкершілігіне негізделеді. Бұл жағдайда құқықтар кепілдігі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінен тәуелді.

  Егер мазмұндық тұрғыдан қарастыратын болсақ, онда адам құқықтары мен бостандықтары азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және экологиялық деп жіктеледі. Азаматтық құқық бұл адамға жаратылысынан берілетін құқықтар. Кез келген мемлекет бұл құқықтарды тәуелсіз және ашық сот, тұрғын үйге қол сұқпау, еркін жүріп тұру, тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуды заңмен бекіту арқылы қамтамасыз етеді.

Ал саяси құқықтар азаматтардың қоғам мен мемлекет ісін басқаруға  қатысу құқығын қамтамасыз етеді. Бұл  қатардағы құқтарға сөз еркіндігі, ар-ұждан еркіндігі, ақпарат алу  құқы, сайлау және сайлану құқы, бірлестіктерге бірігу құқы жатады. Әлеуметтік-экономикалық құқтар бұл азаматтардың материалдық  ресурстарды өндіру, алмасу мен пайдалану  саласындағы мүмкіндіктері мен  құқықтары.

Информация о работе Адам құқығы және әлеуметтік саясат