Адам құқығы және әлеуметтік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 19:59, курсовая работа

Описание работы

Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады. Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты - әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілерін ескере отырып, әлемдік тәжірбиеге үңіліп, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі бағытын анықтау. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты.

Содержание работы

Кіріспе_________________________________________________________1-2
Адам құқығы түсінігі және мәні_________________________________ 3-5
Әлеуметтік саясат мәні __________________________________________6
Әлеуметтік саясаттың бағыттары _________________________________6
Әлеуметтік саясат модельдері___________________________________7-8
Әлеуметтік әділеттіктің және әлеуметтік саясаттың
ара байланысы__________________________________________________9-10
2.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік әділеттікті
іске асыру механизмдері___________________________________________11
2.2 Құқықтық мемлекет және адамның құқықтары___________________12-17
3. Құқық қорғау органдары______________________________________17-18
3.1 Адам құқықтарын қорғау жүйесі______________________________19-20
4. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі ____________________________21-23
Қорытынды______________________________________________________24
Қолданылған әдебиеттер тізімі______________________________________25

Файлы: 1 файл

адам саясат.docx

— 60.36 Кб (Скачать файл)

 Адам құқықтары қоғам  мен мемлекет дамуындағы негізгі  бағыттарды айқындайды. Әрі этатистік  мемлекеттің құқықтық мемлекет  ретінде дамуының басты факторы  болып табылады. Адамның азаматтық  құқықтары мен бостандықтары  мемлекет өміріне дербес тұлға  ретінде ену құқын білдіреді.  Сонымен бірге, адам қалыптасқан  саяси-құқықтық институттар мен  тиімді механизмдер арқылы өзін-өзі  таныту мен мемлекет пен қоғам  өміріне қатыс алу мүмкіндігіне  қол жеткізеді.

 Мемлекеттік заң ережелері  адам құқықтарын бұзбауы қажет.  Адамның құқықтары мен бостандықтары  жалпы мәні бар қажеттіліктер  ретінде мемлекет, оның институттарымен  қамтамасыз етілуі тиіс. Ал азаматтар  өз кезегінде билікке саяси  партиялар, қозғалыстар мен қысым  көрсетуші топтарды құру арқылы  өз мүдделері мен қажеттіліктерін  білдіріп отырады.

 Қазақстан өзін құқықтық  мемлекет ретінде жариялай отырып  адамның құқықтары мен бостандықтарына  кепілдік береді. Яғни, мемлекет  пен адам қарым-қатынасы мәселесінде  адам мен оның құқығы пайдасына  шешілуі тиіс. Себебі, Қазақстан  Республикасының Конституциясында  адам және адамның өмірі, құқықтары  мен бостандықтары ең қымбат  қазына деп жарияланған.

 Азаматтық құқық жеке  тұлғаның азаматтық қоғам мүшесі  ретінде оның бостандығы мен  дербестігін қамтамасыз етуді  білдіреді. Конституцияға сәйкес  мойындалып, әрі оған кепілдік  беріледі. Кеңестік жүйемен салыстырғанда  тәуелсіз Қазақстан Конституциясында  адамның құқығы мен бостандығы  орталық ұғымдарға айналды. Біздің  ата заңымыздың екінші бөлімі  толығымен адам мен азаматтың  құқықтар мен бостандықтарына  арналған. Қазақстан Конституциясында  адам құқығы тұжырымының негізі  қаланған.

 Ата Заңымызда адамның  келесі негізгі құқықтары мен  бостандықтары жарияланған: әркімнің  өмір сүруге құқығы бар, әркім  өзінің жеке басының бостандығына  құқығы бар; заң мен сот алдында  жұрттың бәрі тең; ешкімді азаптауға,  оған зорлық-зомбылық жасауға,  басқадай қатыгездік немесе адамдық  қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір  көрсетуге не жазалауға болмайды; адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды; әркімнің жеке өміріне, өзінің  және отбасының құпиясына қол  сұғылмайды, абыройы мен ар-намысының  қорғалу құқығы т.б.

  Әркімнің өмір сүруге құқығы басқадай құқықтар мен бостандықтардың негізін құрайды. Әлемдік өркениеттегі ең басты құндылық деуімізге негіз бар, себебі адам қаза болған жағдайда басқадай құқықтар өздерінің мәні мен мағынасын жояды. Сондықтан мақсатымыз құқықтық мемлекет құру болғандықтан 2003 ж. 17 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Президент Жарлығының маңызы зор. Бұл жарлық еліміздегі құқықтық саясат тұжырымында қарастырылған қылмыстық заңнаманы гуманизациялауды жүзеге асыруға бағытталған.

  Дегенмен, Конституция бойынша адам және азамат құқықтары мен бостандықтары мойындалғанмен, олар кейбір жағдайларда іс-жүзінде орындалмай отыр. Мәселен, Конституцияның 21 бабына сәйкес әрбір адам ер­кін-жүріп тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдауға құқылы. Бірақ, заңдық шектеудің болмауына қарамастан, тәжірибеде ішкі істер органдарының қызметкерлерімен азаматтардың еркін-жүріп тұру құқығын шектеу жиі кездеседі. Азаматтарды заңсыз ұстау және оларды ішкі істер органдарына алып келу фактілері жиі кездеседі. Полиция қызметкерлері мұны тергеу істеріне дәлелдер табу мақсатында қолданады. Сонымен бірге азаматтардың конституциялық құқықтары тергеу барысында да бұзылуы жиі кездеседі. Тіптен, тергеудің рұқсат етілмеген азаптау құралдарын қолдану да жиі кездесетін жәйт.

 Конституциямыздың 22 бабына сәйкес әркімнің ар-ождан  бостандығына құқығы бар. Қандай  дінді қалау немесе қаламау  әрбір азаматтың жеке ісі, сондықтан  мемлекет оған араласпайды. Мұның  дәлелі бүгінгі күні Қазақстанда  40-тан аса конфессиялар қатар  өмір сүруде. Ал ар-ождан және  діни-нанымды таңдау құқығына  кедергі келтіру қылмыстық Кодекспен  жазаланады.

 Саяси құқықтар мен  бостандықтар азаматтың субъективті  құқықтары мен бостандықтарының  маңызды бөлігі. Олар тек азаматтарға  қатысты айтылады, яғни саяси  құқықтарға ие болу адамның  нақты бір мемлекет азаматы  болуына байланысты. Қазақстан Республикасы  азаматтарының саяси құқықтарын  мемлекеттік органдар мен лауазымды  адамдардың орындап отыруына  Қазақстан Конституциясында және  басқа заң актілерінде кепілдік  берілген.

 Енді Қазақстан азаматтарының  саяси құқықтары мен бостандықтарына  келетін болсақ, онда олардың  қатарында азаматтардың бірлесу  бостандығын, бейбіт әрі қарусыз  жиналуға, жиналыстар, митингілер мен  шерулер өткізуге құқығын, сайлауға  және сайлануға құқығын, жеке  және ұжымдық өтініштер жолдау  құқығын айтуымызға болады.

  Сонымен бірге, азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде Қазақстанның халықаралық құжаттарды бекітіп мойындауы да маңызды. 1999 жылдан Қазақстан азаматтарының саяси құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету жаңа деңгейге көтерілді. Бұл Қазақстанның халықаралық конвенцияларды мойындай бастауымен байланысты.

  Конституцияның 23 бабына сәйкес Қазақстан азаматтары бірлесу бостандығына құқылы. Яғни ортақ мүддеге негізделген қоғамдық бірлестіктер құру арқылы азаматтарға ұйымдасқан түрде өз құқықтары мен бос­тандықтарын жүзеге асыру құқы берілген. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі қосымша «Қоғамдық ұйымдар туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдармен реттеледі. Бұл құқық тек әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен соттарға қатысты шектеулі, олар партияларда, кәсіптік одақтарда мүшелік ете алмайды. Конституцияның 5 бабына сәйкес идеологиялық және саяси сан-алуандылықтың мойындалуы Қазақстан азаматтарының бірлесу бостандығын жүзеге асыруға толық мүмкіндік беруде. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесі түбірімен өзгерді, енді саяси партиялар қоғамдық бірлестіктердің бір түрі ретінде қарастырылады

 Азаматтардың саяси  құқықтары мен бостандықтарын  жүзеге асырудың тағы бір жолы  бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,  пикеттер мен демонстрациялар  бостандығына кепілдіктің берілуі.  Бірақ шеру, демонстрациялар, митингілерді  өткізу мақсатында жергілікті  атқарушы органнан рұқсат алу  процедурасы, біздің ойымызша, оны  ұйымдастырушылар үшін белгілі  бір деңгейде кедергілер туындатады. Заңдағы митингілер мен жиналыстар  өткізуге рұқсат алу азаматтарға  өз құқықтарын еркін жүзеге  асыруға кедергі келтіреді.

 Конституциядағы сайлау  құқы ел азаматтарының сайлауларға  өз еркімен және ашық қатынасуына  кепілдік береді. Қазақстан Республикасының  конституциялық заңына сәйкес  жалпыға бірдей, тең және төте  сайлау негізінде Президент, мәжіліс  және мәслихат депутаттары сайланады.  Сенат депутаттары жанама сайлау  құқығы негізінде жасырын дауыс  беру жолымен сайланады.

 Азаматтардың сайлау  құқы Конституциямен, «Сайлау құқы  туралы» Конституциялық заңмен  қамтамасыз етіледі. Қазақстан  азаматтары тегіне, әлеуметтік және  мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тілі­не, дінге көзқарасына,  нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан  сайлауда дауыс беруге құқығы  бар. Бұл сайлау құқын жүзеге  асыруда барлық азаматтардың  теңдігін қамтамасыз етеді. Он  сегізге толған әрбір азамат  Республика Президентін, Парламент  Мәжілісі мен мәслихаттарының  депутаттарын сайлауға қатынасуға  құқылы. Сонымен бірге Қазақстан  азаматтарының сайлауға қатынасу  құқысымен қатар сайлану, яғни  өз кандидатурасын Республика  Президенттігіне, Қазақстан Республикасы  Парламентінің, соның ішінде партиялық  тізімдер бойынша, мәслихаттардың  депутаттығына, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының мүшелігіне  кандидат ретінде ұсынуға құқылы.

  Конституция бойынша сөз бен шығармашылық еркіндікке кепілдіктің берілуі, еркін ақпарат ала алуы мен оны тарату құқысының болуы әрбір азаматтың өз ойын еркін жеткізуге, білдіруге жағдай жасайды. Сонымен бірге, Конституцияның 20 бабының 3 тараушасына сәйкес республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді. Кез келген дамыған демократиялық, құқықтық мемлекет өз азаматтарының құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс. Құқықтық қорғау адамның құқықтарын жүзеге асыру болып табылады. Яғни, бұл адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың қызметі. Адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәсіліне сүйене отырып, оны қамтамасыз ету барысында 4 топты көрсетуімізге болады: 1) мемлекеттік қорғау; 2) соттық қорғау; 3) мемлекеттік емес қорғау (құқық қорғау ұйымдары мен адвокат институты); 4) өзін-өзі қорғау.

 Тәуелсіздігімізді алған  уақыттан бері Қазақстанда да  жоғарыда көрсетілген құқық қорғау  тәсілдеріне сәйкес адамның құқығы  мен бостандықтарын қорғаудың  ұлттық жүйесі құрылды. Олар  Президент, Парламент, Конституциялық  кеңес, атқарушы билік органдары,  прокуратура органдары, құқық  қорғау органдары сияқты мемлекеттік  органдар; ең басты құқық қорғау  институты ретінде сот; адвокат  институты; қоғамдық ұйымдар мен  үкіметтік емес құқықтық ұйымдар.

  Азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуде халық пен халықаралық қауымдастық алдында жауапты мемлекет болып табылады. Сондықтан, құқықты қамтамасыз ету жүйесіне мемлекеттік органдар жүйесі сәйкес келуі керек. Яғни, олар осы саладағы қызметті жоғары кәсібилік пен келісімпаздық негізінде жүзеге асыруы тиіс. Мемлекеттік билік органдарының айрықша функциясы азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау. Мемлекеттік билік белгілі бір институттар, механизмдер жүйесінсіз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ете алмайды. Бірде бір құқықтық мемлекет адам құқығына кепілдік беретін кең және көпжақты органдар мен іс-әрекеттер жүйесінсіз өмір сүре алмайды.

 Қазақстанда құқықтық  мемлекет орнату жолындағы мемлекеттік  саясаттың маңызды бағыттарының  бірі адам құқықтарын қорғаудың  ұлттық жүйесін қалыптастыру  болды. Біздің ойымызша, бұл жүйеде  Президент орны ерекше. Қазақстан  Президенті адам және азамат  құқықтары мен бостандықтарының  нышаны, әрі кепілі. Осы тұрғыдан  алғанда Президент «Жолдауларының»  орны ерекше. Президент «Жолдаулары»  парламенттің адам құқығы мен  бостандықтарын қорғау саласындағы  заң шығарушы қызметіне бағыт-бағдар  беріп отырады. Президент «Жолдауларына»  талдау жасай отырып келесі  қорытындыға келеміз, мемлекет  басшысы барлық мемлекет органдарын  азамат құқықтары мен бостандықтарын  қорғау және жүзеге асыру саласында  тиімді жұмыс істеуге бағыттайды.

 Өкінішке орай, біздің  елімізде шынайы құқықтық кеңістік  қалыптасты деп айту қиын. Себебі, бізде заң адамның мінез-құлқын, олардың іс-әрекетінің шекарасын,  мүдделерін реттеп отырған жоқ.  Яғни пара, туыстық байланыстар,  қоғамдағы билікке жақын болу  сияқты және т.б. механизмдерге  басымдық беріледі. Тіптен кейбір  жағдайларда адамның қоғамдағы  жоғарғы лауазымы немесе жеке  байланыстары оны заңдық шешімдерден  қорғай алуға дейін барады. Шенеуніктердің  заңсыздық және жемқорлықпен  күресі негізінен тиімсіз. Бұл  іс-әрекеттер қағаз жүзінде ғана  қалуда. Сонда адамның құқықтары  мен бостандықтарын жоғары құндылық  деп жариялау жәй бос сөзге  айналады. Сондықтан еліміздегі  құқық қорғау жүйесін нығайтып, адам құқығын қамтамасыз ету  жүйесін халықаралық қалыптарға  сәйкестендіру керек.

  Қорытындылар болсақ, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын іс-жүзіне асыруда белгілі бір шектеушіліктер де жоқ емес. Біздің ойымызша, Конституциялық бостандықтарға мемлекеттік лауазымды қызметкерлер рұқсатының қажеті жоқ. Азаматтың бостандыққа құқы оның лауазымды қызметкер көрсетуімен емес, өзінің ерікті мінез-құлқын білдіруі тиіс. Ал біздің елімізде саяси құқтар мен бостандықтарды жүзеге асыруда әзірге рұқсат ету тәртібі сақталып отыр. Сондықтан заңдарды жетілдірумен қатар олардың барлық деңгейде орындалуы қамтамасыз етілуі керек. Біздің ойымызша, басты принцип «заңмен тыйым салынбағанның барлығын жасауға болады» емес, заң алдында бәрі тең, заңды сыйлау, оны орындау болуы тиіс.

 

  1. Құқық қорғау органдары

 

Қоғам дегеніміз — адамдар  мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі  жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді  шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары  бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз  байланыста және бір-біріне бағынышта  болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша  орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау  органдары, жемқорлық және басқа  кәсіби қылмыстармен күрес органдары  жатады.

Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың  мәні — құқық қорғаушы органдардың  құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана  және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң  негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік  және қоғамдық істерді басқаруға  белсенді қатысуларын көздейді.

Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап  алу қажет. Заңдылық қағидаттары  — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін  негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:

— Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың  бәрі бірдей жәнө бәрі де оған бағынуы  тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла алмайды.

— Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің  бүкіл аумағына таралады.

Информация о работе Адам құқығы және әлеуметтік саясат