Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 20:07, курсовая работа
Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негiзделедi. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрi ретiнде оның маңызын дәлелдейдi. Бiрақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектелiп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттiң төлем айналымында маңызды орын алады, себебi олар арқылы мемлекеттiң инвестициялық қызметi жүзеге асырылады. Дәлiрек айтқанда, бұл күрделi қаржы тiкелей халық шаруашылығының ең тиiмдi саласына жiберiледi, яғни оларды нарық жүйесiндегi ең өмiршең субъектiлер ғана ала алады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
1.1. Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі.......................................7
1.2. Бағалы қағаздарды шығару және жекеменшіктендіру түсінігі.....................13
1.3. Бағалы қағаздар нарығының қызметi және оның нарықтық экономикадағы атқаратын ролі...........................................................................................................16
1.4. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы..............................................................20
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ АКЦИЯ ТҮСІНІГІ
2.1 Бағалы қағаздардың нормативтік құқықтық базасы...................................22
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың пайда болуы, даму негіздері......................................................................................................................24
2.3. Акция түсінігі мен экономикалық мәні............................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................30
Акционерлiк қоғам – өздерiнiң ресурстарын орталықтандыратын немесе тұрғындардың жинақтарын айналымға акция немесе басқа бағалы қағаздар шығару жолымен жұмылдыратын кәсiпорындардың, ұйымдардың және мемлекеттiк органдардың ерiктi бiрлестiгi. Мұндай қоғамдар өздерi қабылдаған жарғының негiзiнде жұмыс жасайды және кез келген шаруашылық саласында құрылуы мұмкiн. Iс жүзiнде акционерлiк қоғамдарды акциялардың бiршама көпшiлiгiн иеленетiн iрi кәсiпкерлер толық билейдi. Акционерлiк қоғамда үстемдiк етуге мүмкiндiк беретiн акциялардың санын акциялардың бақылау пакетi деп атайды.
Облигация - көрсетiлген кiрiстi оның иесiне төлеу жөнiндегi мiндеттеме. Мұндай бағалы қағазды мемлекет немесе кәсiпорындар шығарады. Облигация, оның иесiнiң ақша қаражатын салғанын куәландырады және оған белгiленген проценттi төлеу уақыты көрсетiлген нақты құнының орнын толтыру мiндетiн дәлелдейдi. Процент, әдетте бiрдей мөлшерде қарыздың барлық мерзiмi бойына төленедi. Кейбiр облигациялар бойынша процент ресми есептелмейдi, бiрақ өтеу кезiнде облигациялар сатып алынатын баға мен олардың иелерiне сатылған баға арасындағы айырмашылық түрiнде төленедi.
Облигацияның бiрнеше түрi болады: мемлекеттiк, жергiлiктi және кәсiпорындар облигациялары. Олар атаулы және мәлiмдеушiге арналған, проценттi және процентсiз, еркiн айналатын немесе айналым өрiсi шектелген облигациялар болып та шығарылады.
Вексель – заң бойынша белгiленген үлгiде толтырылатын құжат. Ол вексель иесiне вексель бойынша қарыз адамнан құжатта көрсетiлген соманы белгiлi бiр мерзiмде және белгiлi бiр орында талап етуге құқық бередi. Нарықты экономикада вексель несие құралы және төлем қаржысы ретiнде үлкен роль атқарады. Вексельдiк мiндеттеме бiршама қысқа мерзiмге, формальды түрде бiр жылдың шегiнде, көбiне не бәрi 1-3 айға берiледi. Вексельдер, әдетте коммерциялық несие қызметiн атқарады, ал вексельдiк айналым жолымен – ақшаның орнына жұмсалады. Вексельдi басқа бiреуге беру индоссамент (вексельге өткiзгiш таңба) нысанындағы берiлу жобасы жолымен жүзеге асады. Өздерiнiң нысанына қарай вексельдер жай және аударылатын болып бөлiнедi.
Жай немесе қарапайым вексель – бұл бiр немесе бiрнеше адамның белгiлi бiр ақша сомасын белгiлi бiр мерзiмде төлейтiнi туралы жазбаша мiндеттемесi; жай вексель ортақ жауапкершiлiктi бiрнеше адамдармен берiлуi мүмкiн.
Аударылатын вексель (тратта) – бiр адамның басқа бiреуге, үшiншi адамға белгiлi бiр ақша сомасын белгiлi бiр мерзiмде төленетiн жазбаша нысандағы бұйрық. Мерзiмi көрсетiлмеген аударылатын вексель мәлiмдеме бойынша төлеуге жатады. Жалпы аударылатын вексель мәлiмдеме бойынша төлеуге жатады.
Депозиттiк сертификат – бұл банкiмен шығарылатын ақша нарығының құралы. Мерзiмдi депозиттiк сертификатта төлем және процент нарқын төлеудiң белгiленген күнi болады. Сертификат жеңiл, өтiмдi, қысқа мерзiмдi инвестициялық құрал болғандықтан, инвесторлармен, кәсiпорын және ұйымдармен кеңiнен қолданылады. Депозиттiк сертификаттар, көбiнесе уақытша бос қаржыларды орналастыру құралы ретiнде қаржылық емес корпорацияларымен сатып алынады.
Жинақ сертификаты – ақша салушының депозитiн (белгiлi бiр шартты уақытта алу үшiн несие мекемелерiне, сақтау орындарына сақтауға берiлген бағалы қағаздар) белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн оған берiлген проценттi алу құқын дәлелдейтiн несие мекемесiнiң ақша қаражаттарын депонентке салғаны туралы жазбаша куәлiк. Сертификаттар мемлекеттiк банкпен және басқа банктермен шартта белгiленген процент бойынша белгiленген мерзiмге немесе оны талап етуге дейiн шығарылады. Жинақ сертификаттары атаулы және мәлiмдеушi сертификаттары атаулы және мәлiмдеушi сертификаты болып та берiледi. Атаулы сертификаттар айналымға жатпайды, ал оларды сату заңсыз болады.
Чек – белгiлi бiр нысандағы банкiден ақша алатын немесе алу – беру шотына белгiленген ақшаны аударуға нұсқау жазылатын арнаулы құжат. Оларды ақша және есеп айыратын чектер деп атайды. Ақша чегi бойынша банктен қолма-қол ақша алады. Есеп айыру чегi – чек берушiнiң есебiнен чек ұстаушының есебiне ақшалай төлем жасау туралы, ерекше бланкiге толтырылған банкке берiлетiн жазбаша нұсқау болып табылады. Ол қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшiн қолданылады.
Қазiргi кезде кәсiпорындарда және еңбек ұжымдарында енгiзiлген акцияларды толық мағынада акция деуге әлi ерте, себебi олар кәсiпорынның капиталын құрамайды, акцияның сомасы оның иесiнiң талабы бойынша қайтарылуы мүмкiн (нағыз акциялар қайтарымға жатпайды). Оның үстiне олар басқаруда дауыс құқын бермейдi.
Мемлекеттiк бюджетке
қосымша қаржы түсiретiн көз
ретiнде мемлекеттiк
Жұмыскерлердiң өз кәсiпорынның
акцияларын иемденуi салыстырмалы түрде
қарапайым процесс. Ал бағалы қағаздардың
еркiн нарығын ұйымдастыру
Бағалы қағаздар – ең алдымен мүлiктi иемденуге құқық беретiн ақшалы құжат немесе қарыз берушiге қарыз алушының берген қарыз мiндеттемесiн айтамыз. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнiнен екi түрлi болуы мүмкiн:
Егер басқа адамға иемденуге берiлсе, бағалы қағаздардың екiншi түрi бойынша ерекше куәлiк толтырылып берiледi. Оны иемдену құқын беретiн құжатты сертификат деп атайды. Шығаруы жөнiнен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екiге бөлiнедi. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтiк – нарықтық қатынастардың дамуы негiзiнде пайда болған қағаздардың ерекше түрi. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттiк облигациялары жатады. Жинақ облигациялары негiзiнен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазiргi кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары және зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та бiреуге жалданбай – ақ өз алдына қызмет iстейтiн адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттiк облигациялар қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi болып үшке бөлiнiп, тек жергiлiктi басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетiн, бiрақ салық төлеуден босатылған өздерiнiң облигацияларын шығаруы мүмкiн.
Нарықтан тыс бағалы қағаздар әр түрлi қорларға немесе банктерге, оның iшiнде шетел банктерiне және кәсiпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық бередi. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденушi – заңды немесе жеке тұлғалар – оларды басқа иемденушiге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркiн айналымға түсе алмайды.
Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға (мысалы, АҚШ-та және кейбiр басқа елдерде тараған) басқа мемлекеттердiң Орталық банктерiнде орналастыру үшiн шығарылуы кең өрiстеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың түрлерi мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.
Ал айналымға түсетiн бағалы қағаздарды нарықтық бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздар айналысы деп оларды сатып алу – сатуды және заң жүзiнде олардың иемденушiсiн өзгерту әрекеттерiн айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсiрушiнi эмитент деп атайды.
Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бiрiншi иемденушiлерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады (инвесторлар жеке және заңды тұлға болуы мүмкiн):
Эмитент және сонымен қатар эмитенттiң келiсiмiмен бағалы қағаздарды алғашқы иемденушi инвестициялық институттар әрбiр бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртiбiн түсiндiретiн эмиссия проспектiсiн алдын-ала шығаруы тиiс. Оны ақпарат құралдарында жариялау мiндеттi.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегi тауар – ақша қатынастары және меншiк қатынастары жағдайында дамуы мүмкiн. Мемлекеттiк меншiктi жаңа нарық қатынастарына сай өзгерту тек оны жекеменшiктендiру арқылы ғана iске асады.
Жекеменшiктендiру бағалы қағаздардың
жаңа түрi – жекеменшiктендiру чектерiн
(купондарын) өмiрге келтiрдi. Бұл мемлекеттiк
бағалы қағаздар, өз иесiне мемлекеттiң
иелiгiнен алып, жекеменшiктендiрiлген меншiктi
бiр бөлiгiн қайтарымсыз пайдалануына құқық
бередi.Iрi және орта кәсiпорындарды жекеменшiктендiру
оларды акционерлiк қоғам ретiнде қайта
құрудан басталды. Акционерлiк қоғамның
иесi акционерлер, олардың меншiк құқы
ация берумен куәландырылады.
Осы айтылғандардан басқа, жекеменшiктендiру чегiн мұра етiп қалдыруға, сыйлық ретiнде беруге және сенiмхатпен басқа адамға беруге де болады. Бiздiң елiмiзде жекеменшiктендiру чегiне акция сату және меншiктi жекеменшiктендiру 1994-1995 жылдары өттi. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерiн тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз.
Жекеменшiктендiру бiр жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрi – жекеменшiктендiру чегiн нарыққа әкелсе, екiншi жағынан кәсiпорынның жаңа ұйымдастыру-құқықтық формасы – акционерлiк қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерiн шығаруға да себепшi болады. Сонымен, кәсiпорындарды жекеменшiктендiру – бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алағашқы кезең.
1.3. Бағалы қағаздар нарығының қызметi және оның нарықтық экономикадағы атқаратын ролі.
Бағалы қағаздар нарығы
басқа нарықтардан өзiнiң айрық
Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың “жалған капитал” екенiн көрсетедi.
Жалған капитал – накты капиталдың қағаз белгiсi, яғни өндiрiстiк капиталдың оқшауланып шыққан бiр бөлiгi (сауда, несие капиталдары).
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жұретiн “символы” болғандықтан оны “қордың құндылықтары” деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар “қордың инструментi немесе құралы” болып та есептеледi. Себебi тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткiзуге немесе сол құндылықтар бiр субъектiден екiншiге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметiн көрсетедi.
Бағалы қағаздар нарығы
нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ
болатын процестердiң
Кәсiпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы – негiзгi қорды құру және ескi қорларды жаңарту, айналыс құралдарын толықтыру. Бұл мұқтаждықтар нарық конъюнктурасына тiкелей байланысты. Сонымен қатар конъюнктураның өзгеруi белгiлi бiр уақыт арасында болып тұрады. Сондықтан кәсiпорын қажеттi қаражатты белгiлi бiр уақытта, яғни нарық конъюнктурасының өздерiне қолайлы кезiнде алғаны жөн. Қазақстан Республикасында әзiр бұндай жағдай қалыптасқан жоқ. Себебi, банктiк несие әрi қымбат, әрi шектелген, ал бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу кезiнде.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегiмен қосымша капитал алу анағұрлым жеңiл. Акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тiркеуге 2 жетi эмиссиялық проспектiсiн шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жетi, оларды сатып алу – сатуға және есеп айырысуға 2-3 жетi уақыт кетедi екен. Қорытындысында 1,5-2 ай iшiнде эмитент (шығарушы) өзiне қажеттi капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы – экономикалық өрлеудi көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзi.
Нарықтық экономика – адамзат өркениеттiлiгiнiң ең жоғарғы жетiстiгi және өндiрiстi ұйымдастырудың ең тиiмдi тұрi екендiгiн дүниежүзi мемлекеттерiнiң көпшiлiгiнiң өркендеу тәжiрбиесi дәлелдеген ақиқат шындық. Ал Қазақстан Республикасы үшiн шаруашылықты жүргiзудiң жаңа әдiстерiне өту ғана емес, сонымен бiрге мемлекеттiк экономикалық саясаттағы субъективизмнен (әдiлетсiздiктен) бас тарту.
Шаруашылықты нарық әдiстерiмен жүргiзу қаржы нарығының мол мүмкiндiгiн пайдалануды талап етедi. Қаржы нарығы – мемлекеттiң бүкiл ақша қорларының жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әртұрлi субъектiлерiнiң сұранысы мен ұсынысы әсерiнен өзгерiп және үнемi қозғалыста болады. Қазiргi кезде дүниежүзiнде АҚШ-тың, Еуропа бiрлестiгi мен Жапонияның қаржы нарығы ең үлкен қорларды иемденуде. Ал Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңiнде оның қаржы нарығының қоры мол, өз өркендеуiне жетедi деуге әзiр ерте. Жалпы қаржы нарығы бiрiне-бiрi байланысты және бiрiн-бiрi толықтырып тұратын, бiрақ әрқайсыс өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: Бiрiншiден, айналымдағы қолма-қол ақша қызметiн атқаратын қысқа мерзiмдi төлем құралдары (вексельдер, чектер және с.с.) жатады. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы қазiргi кезде айналымдағы қағаз ақшаның құнсыздануынан инфляцияға ұшырауда. Егер жалпы Ұлттық өнiм жылына 5%-ға, ал айналымдағы ақша – 6-7%-ға өссе, онда жалпы Ұлттық өнiмдi сату да оңайға түседi. Онда экономикада жағымды өзгерiстердi аңғаруға болады. Егер де жалпы Ұлттық өнiм жылына сол 5%-ға, ал айналымдағы ақша 10-20%-ға және одан да көп өссе, онда қарқынды инфляция болып, экономика құлдырап төмен кетедi.
Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы туралы ҚР заңына сәйкес бағалы қағаздар ұғымы