Бағалы қағаздар нарығы туралы ҚР заңына сәйкес бағалы қағаздар ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 20:07, курсовая работа

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негiзделедi. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрi ретiнде оның маңызын дәлелдейдi. Бiрақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектелiп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттiң төлем айналымында маңызды орын алады, себебi олар арқылы мемлекеттiң инвестициялық қызметi жүзеге асырылады. Дәлiрек айтқанда, бұл күрделi қаржы тiкелей халық шаруашылығының ең тиiмдi саласына жiберiледi, яғни оларды нарық жүйесiндегi ең өмiршең субъектiлер ғана ала алады.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
1.1. Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі.......................................7
1.2. Бағалы қағаздарды шығару және жекеменшіктендіру түсінігі.....................13
1.3. Бағалы қағаздар нарығының қызметi және оның нарықтық экономикадағы атқаратын ролі...........................................................................................................16
1.4. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы..............................................................20
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ АКЦИЯ ТҮСІНІГІ
2.1 Бағалы қағаздардың нормативтік құқықтық базасы...................................22
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың пайда болуы, даму негіздері......................................................................................................................24
2.3. Акция түсінігі мен экономикалық мәні............................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................30

Файлы: 1 файл

курсавой Габдолхаев Мирас.doc

— 177.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

Қорытынды

 

Нарықтық экономика  – адамзат өркениеттiлiгiнiң ең жоғарғы жетiстiгi және өндiрiстi ұйымдастырудың ең тиiмдi түрi екендiгiн дүниежүзi мемлекеттерiнiң  көпшiлiгiнiң өркендеу тәжiрбиесi дәлелдеген ақиқат шындық. Ал ондағы шаруашылықты нарық әдiстерiмен жүргiзу қаржы нарығының мол мүмкiндiгiн пайдалануды талап етедi. Қаржы нарығы – мемлекеттiң бүкiл ақша қорларының жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әртүрлi субъектiлерiнiң сұранысы мен ұсынысы әсерiнен өзгерiп және үнемi қозғалыста болады.

Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез – келген саласының  өз қажетiне ақша қорын алуына жол  ашуда. Мысалы, акция шығарып осы  қорды үнемi, яғни кәсiпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны  шығару несиенi банктен алудан тиiмдiлеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрiстетуге мүмкiндiк бередi. Қаржы нарығына мемлекеттiк үстемдiктi жойған кезде, ол әкiмшiлiк емес, тек экономикалық заңдардың әсерiмен қызмет жасайды. Егер қаржы нарығы жеке меншiкке негiзделсе, әрине оның әкiмшiлiк тәсiлмен қызмет етуi мүмкiн емес. Кәсiпорын мемлекеттiк меншiктен акционерлiк меншiкке өткенде бүкiл табыстың салық төлегеннен кейiн қалғаны өз меншiгiнде болады. Кәсiпорындар осы уақытша бос қаржысына коммерциялық банктердiң төлейтiн проценттiк мөлшерi нарық деңгейiне сай келгенде ғана есепшотта сақтайды. Сонымен, шаруашылықты экономикалық әдiстермен жүргiзу – өндiрiстiң өсуiн қамтамасыз етiп, қаржы қорларының көбейiп, қоғамда әлеуметтiк оң өзгерiстердiң болуының кепiлi.

Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердiң реттеушiсi. Бұл алдымен капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндiрiс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынады. Капиталдың бұндай айналыс механизмi мынадан түсiнiктi. Мысалы, кейбiр тауарларға немесе қызмет түрлерiне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседi. Демек, оларды өндiруден пайда да өседi, сондықтан басқа салалардың өнiмiне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиiмдiлiгi кемiп, ондағы капитал өнiмiне сұраныс өсiп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрал. Мәселен, акцияның нарықта сатылу бағасы – акция курсы болып табылады. Ал акция курсы процент нормасына тiкелей байланысты.

Капиталдың таза өнiмдiлiгi орташа жылдық табысқа процентпен шаққандағысы, оны капиталды әр қилы салаға жұмсау арқылы алуға болады. Бұл мөлшер (жаңадан жұмсалған капиталға кұтiлетiн табыс нормасы) “табиғи” (нормалды) процент нормасы деп аталады.

Бөлiнетiн қаржы массасының өсуiмен байланысты (бiрдей жағдайда) табыстың кеми беру деген заң әрекет етедi, нәтижесiнде табиғи норма“ процентi, яғни қосымша капиталдың шектеулi тиiмдiлiгi азаятын болады.

Процент мөлшерлемесi –  несиеге алған ақша үшiн төлем  мөлшерi; несие беру жөнiндегi келiсiмдерде процент мөлшерлемесi барлық мерзiмге тұрақты немесе өзгермелi (нарық конъюнктурасына сәйкес ұдайы өзгерiп тұруы мүмкiн) мөлшерлеме болуы мүмкiн.

Ал жинақталған процент  – облигацияға соңғы процент  төлеген уақыттан бастап есептелген процент. Облигация сатып алушы оның құнын және осы алушы проценттi төлейдi.

Нарықтық экономикада  проценттiң атқаратын рөлi, жаңа классиктердiң  пiкiрiнше, капиталды пайдаланудың әр қилы варианттарын таңдап алудың маңызды  құралы ретiнде ғана емес, процент  ставкаларын салыстыру, ресурстарды рационалды бөлiп және капиталды ең пайдалы жобаларды жүзеге асыруға жұмсау. Бұдан басқа, процент ставкасы ұзақ мерзiмдi жоспарда тұтынуға деген бейiмдiлiктi жеңiп, ұқыптылық, үнемдiлiкке ынталандырады, олай болса капиталдың қорлануына қолайлы жағдай туғызады.

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi:

 

  1. Қазақстан Республикасының Заңы. Бағалы қағаздарды айналымға шығару   туралы. - Алматы, 1997.
  2. Жалпы экономикалық теория: Оқулық / Ө.Қ.Шеденов, Ә.С.Байжомаров, т.б.- Алматы – Ақтөбе, 2002.
  3. Жүнiсов Б. Нарықтық экономика негiздерi. - Алматы, 1994
  4. Жиенғазиева К.М. Вексель айналымы // Қаржы-қаражат.- 2001.- N 3.- 23-25 б.
  5. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 1999.
  6. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер. Валюталық қатынастары.- Алматы: Экономика, 2000.- 328 б.
  7. Нұрпейiсов Ж. Экономикалық теория негiздерi: Оқу құралы.- Ақмола, 1996.
  8. Тоқсейiтов Р.Қ. Экономкалық сөздiк - анықтамалық.- Қарағанды: Болашақ-баспа, 1999.- 240 б.
  9. Экономикалық теория негiздерi: Оқу құралы / Е. Әубәкiров.- Алматы, 1998.
  10. Экономикадағы сапалық өзгерiстер қаржы секторы қарқынды даму үстiнде // Егемен Қазақстан.- 2003.- 15 ақпан.- 1,2 б.
  11. Грибанова С. «Банк Центр Кредит» гарантирует успех. Новое Поколение, №21 (157), 2001.
  12. Миржакыпова С.Т. Банковский учет в Республике Казахстан.– Алматы: Экономика, 2002.
  13. Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері «Қазақстан Республикасының банктер және банк мекемелері». Алматы, 2005.
  14. Нұрпейiсов Ж. «Экономикалық теория негiздерi»: Оқу құралы.- Ақмола, 2003.



Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы туралы ҚР заңына сәйкес бағалы қағаздар ұғымы