Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 20:07, курсовая работа
Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негiзделедi. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрi ретiнде оның маңызын дәлелдейдi. Бiрақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектелiп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттiң төлем айналымында маңызды орын алады, себебi олар арқылы мемлекеттiң инвестициялық қызметi жүзеге асырылады. Дәлiрек айтқанда, бұл күрделi қаржы тiкелей халық шаруашылығының ең тиiмдi саласына жiберiледi, яғни оларды нарық жүйесiндегi ең өмiршең субъектiлер ғана ала алады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
1.1. Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі.......................................7
1.2. Бағалы қағаздарды шығару және жекеменшіктендіру түсінігі.....................13
1.3. Бағалы қағаздар нарығының қызметi және оның нарықтық экономикадағы атқаратын ролі...........................................................................................................16
1.4. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы..............................................................20
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ АКЦИЯ ТҮСІНІГІ
2.1 Бағалы қағаздардың нормативтік құқықтық базасы...................................22
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың пайда болуы, даму негіздері......................................................................................................................24
2.3. Акция түсінігі мен экономикалық мәні............................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................30
Екiншiден, несие капиталының нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзiмдi банктiк несие нарығы. Коммерциялық банктер (олардың саны 71-ден асады) қысқа мерзiмдi несиенi қайтарылуына көзi жеткенде ғана жоғары проценттiк өсiммен бередi. Бұл несиенi өзiнiң айналым қаржысы жоқ кәсiпорындар алуына мәжбүр етедi. Негiзгi қорларды құруға және оларды жаңартуға проценттiк өсiмi өзгерiп, қайта қаралып отыратын ұзақ мерзiмдi несие берiледi. Сондықтан, қаржы нарығының бұл бөлiгiне де дағдарыс тән:
Үшiншiден, бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың кейбiр белгiлерi КСРО-да қазан төңкерiсiне дейiн болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгiсi болған жоқ. Ал 90-шы жылдардың басында ТМД елдерiнде, оның iшiнде Қазақстанда басталған нарық қатынастары даму және одан әрi жетiлдiру үшiн белгiлi бiр уақыт қажет. Себебi, нарық меншiк қатынастарын және мемлекет пен жергiлiктi басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады. Айта кету керек, нарық ең бiрiншi меншiктi жекеменшiктендiру және мемлекеттiк кәсiпорындарды акцияландырудан басталады. Қазiргi кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын жою мақсатында бұрынғы үйренген әдiс – ақша белгiлерiн шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттiк бағалы қағаздардың бiрi – қысқа мерзiмдi мемлекеттiк вексельдердi шығарумен айналысуда. Жергiлiктi басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда.Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез - келген саласының өз қажетiне ақша қорын алуына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемi, яғни кәсiпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиенi банктен алудан тиiмдiлеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрiстетуге мүмкiндiк бередi. Қаржы нарығына мемлекеттiк үстемдiктi жойған кезде, ол әкiмшiлiк емес, тек экономикалық заңдардың әсерiмен қызмет жасайды. Егер қаржы нарығы жеке меншiкке негiзделсе, әрине оның әкiмшiлiк тәсiлмен қызмет етуi мүмкiн емес. Кәсiпорын мемлекеттiк меншiктен акционерлiк меншiкке өткенде бұкiл табыстың салық төлегеннен кейiн қалғаны өз меншiгiнде болады. Кәсiпорындар осы уақытша бос қаржысына коммерциялық банктердiң төлейтiн проценттiк мөлшерi нарық деңгейiне сай келгенде ғана есепшотта сақтайды. Сонымен, шаруашылықты экономикалық әдiстермен жүргiзу – өндiрiстiң өсуiн қамтамасыз етiп, қаржы қорларының көбейiп, қоғамда әлеуметтiк оң өзгерiстердiң болуының кепiлi.
1.4. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2004 жылы 126.2 млрд. теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20.1%-ға көп. Жалпы орналастыру көлеміндегі қысқа мерзімді қағаздар 40.4%, орта мерзімді қағаздар 59.6% құрады. Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын өтеу сыйақы төлеуді қоса алғанда 2004 жылы 71.7 млрд. теңге болды.
Нәтижесінде Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2004 жылғы желтоқсан айының соңында 2003 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 229.5 млрд. теңгеге дейін 41.1%-ға ұлғайды. Қысқа мерзімді 3 және 6 айлық МЕККАМ-дар айналыстан шығарылды, оларды Қаржы министрлігі 2004 жылғы желтоқсан айында толық өтеді. Нәтижесінде бағалы қағаздар айналысының құрылымы 2004 жылдың соңында былайша болды: қысқа мерзімді МЕККАМ-дар (тек 12 айлықтар ғана) жалпы көлемнің 9.2%-ын, орта мерзімді МЕОКАМ-дар (айналыс мерзімі 2 жылдан 10 жылға дейінгі)- 89.6%-ын және орта мерзімді МЕИКАМ-дар (айналыс мерзімі 3жылдан 7 жылға дейін)- 1.2%-ын құрады.
2004 жылы кірістілік
төмендеді: 12айлық МЕККАМ-дар бойынша
5.10%-дан 4.79%-ға дейін, 5жылдық МЕОКАМ-дар
бойынша 6.18%-дан 5.58%-ға
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі №941
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қазынашылық
Ұлттық Банк ноталары эмиссиясының көлемі 2004 жылы 561,9 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылға қарағанда 8.3%-ға кем. 2004 жылы Ұлттық Банктың ноталарын, оған қоса сыйақы төлемін өтеу 374,8 млрд. теңге болды.
Нәтижесінде 2003 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2004 жылдың аяғында Ұлттық Банктің айналыстағы ноталарының көлемі 99.5%-ға ұлғайып, 396.1млрд. теңге болды. Айналыстағы ноталардың ұлғаюы екінші деңгейдегі банктердің шамадан тыс өтімділігін стерилизациялау қажеттігімен түсіндіріледі. Қысқа мерзімді ноталар бойынша орташа алынған тиімді кірістілік бір жылда 5.45%-дан 4.40%-ға дейін азайды.
2004 жылы репо операцияларының
көлемі 60.1%-ға 782.4млрд. теңгеге дейін
ұлғайды. 26млрд. теңгеге бір кері
репо операциясы жүргізілді, бұл
2003 жылғы кері репо операцияларыны
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ АКЦИЯ ТҮСІНІГІ.
2.1 Бағалы қағаздардың нормативтік құқықтық базасы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша бағалы қағаздар деп мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын құжат.Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет. Біріншіден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанында мүліктік құқты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т.б.) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты куәландыратын ақша құжаты.Екіншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын кұжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөльде ойнайды. Үшіншіден, бағалы қағаздар - бұл нақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талап етуі көрсетілетін құжаттар. Төртіншіден, бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті - олардың табыс әкелуі болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейді немесе қатыспайды.Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиет-терімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы нәтижесінде ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың айналымдылық қасиеті сатып алу-сату негізінде (акция, облигация және т.б.) немесе басқа тауарлар нарығымен (чектер, вексельдер, коносаменттер, жекешелендіру құжаттары) айналымды байланыстырып, төлем құралы ретінде іске асырылады.
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде, яғни өзіне тиесілі ұйымдары және онда жұмыс істеу ережелері бар нарығы болуы керек. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі бағалы қағаздар - бұл тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады. Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты күрделі ұйымдық және техникалық циклдардың толықтылығы мен аяқталғандылығын жоғары деңгейімен ұсынады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін қолдану арқылы сатып алу-сату заты ретінде пайдаланылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында (қор биржасында) айналыста болатын құжатты және құжатсыз, эмиссиялық және эмиссиялық емес, атамалы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар тиісті тұлғаның (жеке тұлғаның, заңды тұлғаның немесе өзге де тұлғаның) мүліктік құкығын куәландырады. Бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 136, 139-баптарында және «Бағалы қағаздар туралы» Қазақстан Республикасы занының 11, 12, 15-18-баптарында және өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындалған акциялар, облигациялар, Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді валюталық, ноталары, қазақстандық депозитарлық қолхат және т.б. жатады.Бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаздар нысанына қойылатын талаптар, сондай-ақ өзге де қажетті талаптар заңи құжаттармен немесе соларда көзделген тәртіп негізінде белгіленеді. Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногындағы тиісті (кәсіби) операцияларын тек уәкілетті мемлекеттік орган беретін лицензия (лар) негізінде жүзеге асыра алады.Бағалы қағаздар рыногындағы банктер өз клиенттеріне қызметтер көрсету процесінде аталмыш рынокка байланысты коммерциялық және операциялық кызмет құпиясын құрайтын мәліметтердің жарияланбауына, сондай-ақ бөтен тұлғалардың пайдалануына жол бермеуге мүмкіндік беретін талаптардың сақталуын камтамасыз етуге міндетті.
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың пайда болуы, даму негіздері
1996 жылдың аяқталу
кезінде Қазақстан бағалы
Қазақстан бағалы қағаздар
нарығының дамуы барысында
1. Акционерлік қоғамды «ашық», «жабық» деп типке бөлу жойылған.
2. Жарғылық капиталының минимальды мөлшері анағұрлым өсірілген.
3. Акцияларды мемлекеттік
тіркеусіз салықтық
4. Жарияланған акцияларды
шығаруды мемлекеттік
5. Акцияларды жабық тәсілмен орналастыруга шектеу қойылған.
6. Дивидендтерді төлеу мерзімін өткізіп алганы үшін айыппұл төлеу енгізілген;
7. Соттың шешімі бойынша
акцияны өтеу процедурасы
8. Бұрын мемлекеттік
қызметте болған адамдарды
9. Процедуралық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талаптар (акционерлердің жалпы жиналысын дайындау және өткізу, директорлар кеңесін сайлау және оның мәжілісін өткізу және т.с.с) қойылған.
10. Аффилиирленген жақтар туралы тарау енгізілген ( бүрынғы заңда ол туралы тек түсінік берілген болатын).
11.«Орналастыру бағасы»,
«ірі акционер», «төлем агенті»
12. Тек қана тәуелсіз
тіркеушілердің акция ұстаушы
реестрін жүргізуі бойынша
13. Халықтық акционерлік
коғам екенін білдіретін
Қорыта айтқанда, заңның 11 тарауы 90 бабының 1 тармағында «Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қүрылған коғамдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті» және 2 тармағында «Осы талаптарды орындамаған қоғамдар белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей қоғамды қайта ұйымдастыруды жүргізуге немесе оны таратуға міндетті» делінген.
2.3. Акция түсінігі мен экономикалық мәні
Акция (нидер. aktіe , нем. aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады. Мысалы: акцияда 100 теңге деп көрсетілсе, бұл оның нақты бағасы, ал төленетін дивиденд пен несие капиталы процентінің деңгейіне байланысты ол 110-115 теңгеден сатылуы мүмкін. Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу тәсіліне қарай олар атаулы және ұсынбалы дейтін екі түрге бөлінеді. Атаулы акциялардың иелері міндетті түрде корпорация реестірінде тіркелуге тиісті. Ұсынбалы акцияларды корпорация тіркемейді. Корпорацияны басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жай және пайдалы болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді. Пайдалы акциялар басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд түсіреді және пайданы бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады. Кез келген заңдық немесе әлеуметтік маңызы бар әрекет; әлде бір мақсатқа (мысалы, саяси акция; дипломатиялық акция) қол жеткізу үшін қолданылатын іс-қимыл.Акционерлік қоғам капиталында оның иесінің үлестік қатысуы туралы куәлік ететін акционерлік қоғам шығаратын және қоғамның істерін басқаруға қатысуға, оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивиденд түрінде алуға және сонымен қатар, ол таратылғаннан соң қалған мүліктің тиісті бөлігін алуға құқық беретін құнды қағаздың бір түрі.
Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы туралы ҚР заңына сәйкес бағалы қағаздар ұғымы