Неке. Неке шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 12:30, реферат

Описание работы

Неке. Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы.

Содержание работы

Жоспар:
1. Неке. Некенің құқықтық табиғаты.
2. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.
3. Некелік шарт.
4. Неке қиюдың кедергілері. Некенің жарамсыздығы. Жалған неке.
5. Некені тоқтату және оның негізі.
6. Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.
7. Некені тоқтатудың құқықтық салдары.
8. Азаматтық неке. Тарихы.
9. Қазақстандағы жағдай.
10. Аралас неке. Метистер құрған мемлекет.

Файлы: 1 файл

Неке.docx

— 37.12 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар:

1. Неке. Некенің құқықтық табиғаты.

2. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.

3. Некелік шарт.

4. Неке қиюдың кедергілері. Некенің жарамсыздығы. Жалған неке.

5. Некені тоқтату және оның негізі.

6. Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.

7. Некені тоқтатудың құқықтық салдары.

8. Азаматтық неке. Тарихы.

9. Қазақстандағы жағдай.

10. Аралас неке. Метистер құрған  мемлекет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Неке. Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).

Некенің құқықтық табиғаты. Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай – ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі – зайыптық қатынстар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру бегілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады. Қазақстанда мемекеттік АХАТ органында тіркелген неке ғана танылады. Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады. Ерлі – зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.

Некеге тұрудың  шарттары мен тәртібі. Неке жасы. Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күмәнсіз. Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас. АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да длелді себептердің болуы мүмкін. Некеге тұратын адамдар медециналық, сондай – ақ медециналық – генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медециналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін. Болашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде млімдеуі керек. Ал олардың біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді. Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады. Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі. Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс - әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.

Некелік шарт. Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет. Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды. Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз. Некелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.

Неке қиюдың кедергілері. Некенің жарамсыздығы. Жалған неке. Жақын туыс адамдардың арасында неке қиюға тыйым салынады. Бұл тыйым салудың негізінде көптеген тұқым-қуалаушылық аурулардың болашақ ұрпаққа медициналық- биологиялық жолмен берілу мүмкіндігі жатыр. Мәселен, қазақтың әдеттік құқығы жеті атаға дейінгі туыс адамдардың некеге тұруына тыйым салады. Қазіргі қолданылып жүрген заң немере қарындастары мен ағаларының, нағашылары мен жиендерінің некеге тұруына тыйым салмайды. Бірак әдептік нормалармен денсаулығы нашар ұрпақтың дүниеге келу мүмкіндігі мұндай некеге көбіне тоқтау салады. Бала асырап алушылар мен асырап алынғандар арасындағы некеге тыйым салу адамгершілік-әдептік нормаларға негізделген. Олардың арасында қандастық туыстық байланыс болмаса да, асырап алу фактісінен туындайтын қатынастар, ата-аналық және баласы ретіндегі қатынас қалыптасуы тиіс. Некенің жарамсыздығы туралы мәселе, егер ол мынадай жағдайларда қиылған болса туындайды:

  • некеге тұрушылардың өзара келісімі болмаған;
  • неке жасына жетпеген адаммен некелескен;
  • іс-әрекетке қабілетсіз адаммен;
  • жақын туыстарымен;
  • өзге біреумен тіркелген некеде тұратын адаммен;
  • бала асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында;

Бұдан басқа, жалған неке, яғни отбасын құру мақсатын көздемейтін  неке жарамсыз деп танылады. Әдетте, жалған некеге тұру қандай да бір мүліктік құқыққа және игілікке қол жеткізу мақсатында жасалады. Тұрғын үй алу, астаналық қалада тіркелу, тұрақты тұру үшін шетелге көшуді қалау, азаматтық алу, мұраға ие болу — мұндай мақсаттың көбінесе көздейтіні осылар. Жалған некені көзге басқаша көріну үшін жасалатын неке деп атауға болады. Жалған некені өз пайдасын көздеп жасалатын есепті некеден айыра білу керек. Соңғысы ерлі-зайыптылардың біреуі не екеуі тарапынан белгілі бір пайданы көздеп жасалатын неке болса да, алайда сөзсіз отбасын құру мақсатын көздейді. Жалған некеде мұндай мақсат мүлдем болмайды. "Есепті неке" коғамда теріс бағаланатындығына қарамастан, жарамсыз деп танылмайды, өйткені ол қандай да бір пайда табуға (материалдық, әлеуметтік және т.б.) ғана бағытталған емес, ерлі-зайыптық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге бағытталған неке. Жаңадан құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының қауілсіздігше нақты қатер төндіретін ауруын (мысалы, ВИЧ- инфекциясы, адам ағзасында ауруға қарсы тұратын заттардың жетіспеушілігі, сөз және басқалары) жасырған адаммен қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін. Мәжбурлеп қиылған неке де жарамсыз, діни әдет- ғүрыптарды қатал ұстанатын және келісімді қажет етпейтін әйелдерге қатысты жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда тек жәбір көрген әйелдің өзі немесе прокурордың ғана, оның өзін қорғау жөнінде сотқа жүгінуге қақы бар екендігін атап керсету қажет. Некені com жарамсыз деп таниды. Неке, ол қиылған күннен бастап жарамсыз деп танылады. Некені жарамсыз деп тану ерлі-зайыптылардың барлық жекебастық және мүліктік құқықтарының жойылғандығын білдіреді. Ерлі- зайыптылар ортақ тек алу, ерінің не әйелінің тұрақжайын пайдалану, алимент алу құқығынан айырылады. Алайда кейбір жағдайлар көмекке мұқтаж және жарамсыз некені қиған кезде сот адал деп таныған кінәсіз ері не әйелі алимент алуға, тегін сақтау құқығын сақтап қала алады. Некені жарамсыз деп танудың салдарынан өзіне келтірілген моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге қақы бар. Адал деп танылған ерлі-зайыптылардың некеге тұруға кедергі болатын жағдайларды білмеуін заң түсінеді. Мысалы, есінің дұрыс еместігі, туысқандық жақындығы, т.б. Бірак, сонымен бірге некенің жарамсыз деп танылуы мұндай некеден туған балалардың құқығына ықпал ете алмайды, өйткені баланы оның ата-аналары жіберген құқық бұзушылық үшін жазалауға болмайды. Сонымен, ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18-ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастар құқықтары мен міндеттерінің теңдік қағидаларына негізделеді. Азаматтық некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар үшін заңдық салдар туындатпайды.

Некені тоқтату  және оның негізі. Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:

  • ерінің қайтыс болуы;
  • соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
  • некенің бұзылуы (ажырасу);

Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады. Ері  қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың  біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында  қалған адам жаңадан некеге тұрғысы  келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті. Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың  бірін) өлді деп жариялау жөніндегі  шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ. Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын  жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі  төнген жағдайда немесе оның өлімі  алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз  болатын жағдайларда хабар –  ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі  адамдардың арызы бойынша сот  арқылы өлді деп жариялануы мүмкін. Сот азаматты қайтыс болды деп  жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп  есептеледі. Кейде қайтыс болды деп  жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған  жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған  неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен  өтініші бойынша АХАТ органдары  арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың  екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше  шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен  некесін тіркеуге мүмкіндік береді.

Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу. Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін. Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді. Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:

Информация о работе Неке. Неке шарты