Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 12:30, реферат
Неке. Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы.
Жоспар:
1. Неке. Некенің құқықтық табиғаты.
2. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.
3. Некелік шарт.
4. Неке қиюдың кедергілері. Некенің жарамсыздығы. Жалған неке.
5. Некені тоқтату және оның негізі.
6. Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.
7. Некені тоқтатудың құқықтық салдары.
8. Азаматтық неке. Тарихы.
9. Қазақстандағы жағдай.
10. Аралас неке. Метистер құрған мемлекет.
Екі жылдың алдында www. Mglclub. сom /forum7/ ақпарат сайтында жарияланған дерекке жүгінсек: 6 миллионға жуық халқы бар ішкі моңғолдардың этникалық құрамы қатты өзгерген. Қытаймен қаны араласпай таза сақталғаны 1 миллионға жетер-жетпес. Қараңыз: өзінің ана тілі бар, көнеден келе жатқан ұйғыр текті моңғол жазуы бар, ұлан-ғайыр тарихы бар бір этнос аралас некенің нәтижесінде құрдымға бет алды.
1970 жылдан бастап ҚХР-да
Адамның кімге үйленуі – әркімнің өз еркіндегі шаруа. Алайда, аралас неке аз халықты жұтудың жақсы жолы (Сэм Харисон). Еуропада ер адамдардың белсіздігі кең етек алып барады. Оның себеп-салдарын біреулер экологиядан, келесі біреулер тағамнан, үшінші біреулер кәсібіне байланыстырып әртүрлі болжамдар айтқан болатын. Жақында бұл дерттің себебін генетиктер тапқандай. Үш атадан үзілмей аралас некеден туған ұрпақ белсіздікке ұшырайды екен. Мұндай қорытындыға себеп болған дүние – белсіз еркектер өздерінің қай ұлтқа жататындығын білмеуі. Тіпті мұндай жағдай хайуандарды будандастыру барысында да байқалған. Мысалы: Алтайдың теріскей бетін мекендейтін қазақтар байырғы қол сиыр мен тау қодасын будандастырып «Кәйнік» деп аталатын ірі қараның жаңа түрін тапқан. Ол тұрқы ұзын, сүйекті, аса ірі мал. Бір қызығы кәйніктен бұқа қоймайды, өйткені, оның еркегінде ұрық жоқ. Сол сияқты әлемде қазынасы бай, қуаты кем этностарды жұтудың бір жолы – аралас неке екендігін зерттеуші ғалымдар айтып жүр.
Пайдаланылған әдебиеттер: