Неке. Неке шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 12:30, реферат

Описание работы

Неке. Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы.

Содержание работы

Жоспар:
1. Неке. Некенің құқықтық табиғаты.
2. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.
3. Некелік шарт.
4. Неке қиюдың кедергілері. Некенің жарамсыздығы. Жалған неке.
5. Некені тоқтату және оның негізі.
6. Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.
7. Некені тоқтатудың құқықтық салдары.
8. Азаматтық неке. Тарихы.
9. Қазақстандағы жағдай.
10. Аралас неке. Метистер құрған мемлекет.

Файлы: 1 файл

Неке.docx

— 37.12 Кб (Скачать файл)
  • АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
  • кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
  • бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.

Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді  қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі  өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды. Ерлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді. АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады. Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді. Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады. Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды». Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.[2] Сот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.

Некені тоқтатудың құқықтық салдары. Жоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен - өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады. Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады. Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды.

Азаматтық неке. “Азаматтық неке” деген шарасыздықтан қойылған шартты атауы ғана. Оны Дiн мүлдем неке деп санамайды, Аллаһтың алдында куәлiк келтiрмей, жұртқа жария етiлмей ерлi-зайыптылардың бiр шаңырақтың астында тұруын зинақорлыққа ғана балайды. Аллаһ тағаланың Хақ дiнi–Исламды жеткiзушi Мұхаммед (с.ә.с) Пайғамбарымыз заңды некесiз қосылып, зина жасағандарды:“Пенде зина жасағанда иманы шығып, бас жағында көлеңке сияқты үйiрiлiп тұрады” деп сипаттаған. (Әбу-Һурайрадан) Әлбетте, “азаматтық некемен” тұратын ерлi-зайыптылардың да өздерiнiң санасына сiңiрiп алған пәлсапасы бар. Олардың пiкiрiнше, бiр шаңырақтың астында тұрамыз деп шешкен жандарға неке куәлiгiн алып, әуреленудiң қажетi жоқ. Мөрдiң қойылғаны, қойылмағаны не? Ең бастысы, тату-тәттi болып, жарасып кету, жараспасақ ың-шыңсыз өз жөнiмiзге кете барамыз дейдi. Өздерiне шаң жуытқысы жоқ. Заңды түрде ерлi-зайыпты болып танылмағаннан кейiн “азаматтық некедегi” ерлер мен әйелдер бiр-бiрiнiң алдында жауапкершiлiк алмайды. Тiптi “Азаматтық некеге” үйiрсек келетiндердiң көпшiлiгi қарақан басын күйiттеуден әрi аса алмайды, әрi одақтарының тұрақты болуы да неғайбыл, қашан айырылысып кетемiз деген қауiппен жүредi, сол себептi олар перзент сүйiп, ата-ана борышын өтеуге де құлықсыздау болады. Психологтардың пiкiрiнше, “азаматтық некедегi” нәзiк жандылар көбiнесе күйеуiм бар деп сенедi, ал ер адамдар оларға тек көңiлдесiм деп қана қарайды. Осындай қарым-қатынастағы ер мен әйелдi отбасы деп те атауға қалай ауыз барады? Әрине, “азаматтық неке” жағдайында балалы болып жататын жұптар бар. Бiрақ о баста Заңды менсiнбегендер дәл осы кезде мықтап опық жейтiнi сөзсiз. Бiр жолдасым ағасының бел баласынан қалай айырылып қалғанын айтып бердi. Ағасы бiр әйелмен көңiл қосып, некелерiн заңдастырмастан тұра бередi. Ал сәбилерi дүниеге келiп, оны кiмнiң тегiне жазуымыз керек деген мәселеге келiп тiрелгенде, әйел аяқасты айнып, “әкесi емессiң” деп маңына жуытпайды. Қолдан келер амал жоқ. Өйткенi заң бойынша сәбидiң әкесiнiң кiм екендiгiн тек анасы ғана шеше алады. Кейде оқиға керiсiнше өрбiп жатады. “Азаматтық неке” кезiнде дүниеге келген баланың әкесi екенiн мойындаудан ер адамдардың өздерi бас тартады. Осындай келеңсiз жағдайлардың кесiрiнен қаншама сәбидiң тағдырына “некесiз туылған” деген жаман атақ жамалады, қаншама сәби жарық дүние көрместен жатыр iшiнде тұншығып өледi.

Тарихы. Бiрқатар батыс елдерiндегi шiркеу мен мемлекет арасындағы ушыққан дүрдараздық нәтижесiнде халық екiге жарылып, азаматтық некеге тұрушылар пайда болды. Олардың некесiн ендi дiн өкiлi қиған жоқ, мемлекеттiк орган тiркедi” деп жазылған. Ал Ресей жерiндегi православиелiк христиан дiнiн ұстанатын халықтардың арасында азаматтық неке ХХ ғасырдың бас кезiнде пайда болған. 1917 жылғы революциядан кейiн билiк тiзгiнiн ұстаған большевиктер ескiлiкке қарсы көзсiз күрес жүргiзе бастады. Соның iшiнде Дiнге де қарсы атейстiк атой салынды. Православ дiндарларының таратуынша, бұрыннан қалыптасқан заңды бұзып, “бүйректен сирақ шығарып” ең алғаш азаматтық некеге отырған– әйел комиссар Александр Колонтай болған. Рас, жұртты шошытқан сол жолғы неке өте сәтсiз аяқталған көрiнедi. Бiрақ 70 жыл бойғы Коммунистiк партияның үстемдiгi кезiнде күштеп жүргiзiлген атейстiк iлiмнiң пәрменiмен адамдардың көбi ендi некесiн шiркеуде емес, азаматтық хал актiлерiн жазатын мемлекеттiк мекемеде тiркетуге мәжбүр болды. Сөйтiп, бiр кездерi дiн өкiлдерi күнә деп таныған азаматтық неке уақыт өте келе зайырлы қоғамның да заңынан жаттық көрмей, сiңiстi болды. Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңының 3-шi бөлiмiнiң, 2-шi бабында да “мемлекеттiк АХАЖ мекемелерiнде тiркелген неке–азаматтық неке” болып саналатындығы жазылған. Әрине,120 ұлт пен ұлысты қанатының астына алған зайырлы мемлекетте азаматтардың некесiн тiркеудiң баршаға ортақ, ешқандай ұлттың этикалық ұстанымына қайшы келмейтiндей ең оңтайлы жолы осы болмақ. Ал егер үйленiп жатырған жас-жұбайлар некелерiн дiн өкiлдерiне барып қидырғысы келсе, оған да тиым жоқ.

Қазақстандағы жағдай. Қазақстан Мұсылмандары Дiни басқармасының қызметкерi Қайрат Жолдыбайұлының айтуынша “Мемлекеттiк Неке сарайларындағы некенi тiркеу рәсiмiнде де шариғаттың кейбiр талаптары орындалады; куәлары болады, екi жас бiр-бiрiне жар болуға ризашылықтарын бiлдiредi. Бiрақ қосылғалы жатқан жас жұбайлар имандылыққа бет бұрған жандар болса, мешiтке келiп, Аллаһтың алдында куәлiк келтiрiп, шариғат бойынша неке қидырғаны дұрыс” дейдi. Ал Бiз сөз қылып отырған “азаматтық неке” – дiни некенi де мойындамайды, мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, әрi Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген, сондықтан заң өкiлдерi мұны “бейресми некелесу” деп атайды немесе “азаматтық неке” деген тiркестi тырнақшаның iшiнде жазуды ұсынады. Сiрә, сөз сыңайын ұққан адамға дiннен бөлектенген некенiң екi түрiнiң де әу бастағы сипаты бiр болғанын аңғаруға болады. Тек жiк iшiнен жiк пайда болып, ендi тiптi мемлекеттiк неке куәлiгiн де керек қылмайтын, “еркiн махаббатты ” қолдаушылар қалыптасты. Сiрә, “еркiн махаббат” деген ұғым асу астында қалған жүз жылдықтың бел ортасындағы оқиғалардан хабары бар адамды емiксiте қоюы екi талай. АҚШ пен Батыс Еуропадағы 60- жылдары еркiндiкке бой ұру тым жүгенсiз кетiп, тұтас бiр ұрпақты “сексуальдық төңкерiс” деп аталатын азғындықтың билеп алғаны көзi қарақты адамның есiнде. Бүгiн Қазақстанда кәмелеттiк жасқа толмаған балалардың 22%–некесiз туылғандар. Дағдарыс орталықтары Одағының төрағасы, заңгер Зүлфия Байсакова: “Жыл сайын кем дегенде “азаматтық некеге” тұрып, алданып қалған 10-15 әйел көмек сұрап келедi. Қазiр ер адамдар өздерiнiң заңды балаларына алимент төлеуден қашқақтайды, ал “азаматтық некеде” дүниеге келген балаға алимент төлету мүлде мүмкiн емес. Ер адамды шынымен баланың әкесi екенiн анықтайтын бiр ғана жол бар, ол – ДНК арқылы дәлелдеу. Бiрақ бұл өте қиын, әрi қаржыны қажет етедi. Ал сот көп жағдайда мұндай iстердi қарауға тәуекел етпейдi.

Аралас неке. Әртүрлі этностар қатар өмір сүріп жатқан қазіргі Қазақстан қоғамында аралас неке болмай тұрмайды. Бірақ аралас неке қазақ ұлтының болашағына пайдалы ма, әлде зиянды ма? Нақтырақ айтқанда, аз ұлттар азулы ұлттардың кең көмейіне жұтылып жатқан мына заманда, бар-жоғы 10 миллионнан жаңа асқан қазаққа аралас некенің берері бар ма екен?.

Осы тұрғыдан ой өрбітсек: 1940 жылы Кеңес  Одағы өзінің құрамында өмір сүріп  жатқан 130 ұлтқа зерттеу жүргізіпті. «Орыстармен үйленген басқа ұлт  өкілдері қанша екен?» деп, санап  кеп жібергенде, бірінші орынға Латвия секіріп шыққан да, екінші орында –  Қазақстан. Ел басқарған азаматтардың қуаныштан бөркі қазандай болып, бірер жылда Латвияны басып озуға  ұмтылыс жасағаны жасырын емес.

Кейін 1950 жылдары тың игеру кезінде  елімізде аралас неке күрт өскен. 1940 жылдары 15 пайыздың шамасында болса, 1950-ші жылдардың  соңында 23 пайызға жеткен. 1979 жылы дегенде  әрбір бесінші неке – аралас неке болыпты. Бір таңданарлық жағдай, 1980 жылдардың аяғында  аралас неке күрт төмендеген. Тіпті 9,7 пайызға дейін құлдырап кеткен. Бұлай болуына әсер еткен дүние – елдегі демократиялық өрлеу пен ұлттық сананың оянуы сияқты. Оның сыртында орыстан қатын алған қазаққа көрсетілетін жеңілдіктер (пәтерлі болу, қызметін өсіру) келмеске кетіп бара жатқанын аңғарғандықтан болар біздің алақұйрық азаматтар аттың басын тарта қойған сыңайлы.

Қазір ше? Тәуелсіз Қазақия елінде жыл сайын шамамен 100 мың неке қиылады. Осының 20 пайызы немесе 20 мыңы аралас неке екен. Құдай бұйыртса, кешікпей Кеңес кезіндегі межеге жетіп жығылатын түріміз бар. Кейбір қоғамдық ұйымдардың зерттеуіне қарасақ, 18-20 жастағы қазақстандық қыздардың үштен бірі шетелдік жігітке күйеуге шыққысы келеді. Бұл бойжеткендердің 50 пайызы қазақ қыздары.

Шетелдік азаматтармен аралас неке құрушылардың 50 пайызы ресейліктердің үлесінде. Келесі орында Қырғызстан мен  Өзбекстан. Бұл ағайындар соқа бас  жұмыс іздеп келіп-ақ, қалыңсыз қазақ қыздарын құшып жатыр. Тек Астананың өзінде құрылыста жүрген түріктерден туып қалған жиендер жүздеп емес мыңдап саналады. Түріктерге тоқалдыққа тиіп кетіп, басы сыймай қайтып келген қарындастар қаншама.

Міне, біздің қазіргі жағдай осы. 2007 жылы Астана қаласында азаматтығы жоқ тұлғалармен 36 неке қиылса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 47-ге жеткен. 2009 жылдың алғашқы жартыжылдығында 37 неке тіркелген. Бұл сан жыл сайын өсу үстінде

Жиен етін жеп, сүйегін бере ме? Атам қазақ: «береді» деуші еді. Осы сөзді көзі жетіп, басына тиген соң айтқан сияқты. Дәл қазір Талдықорған қаласында түп тегі сарыағаштық Жанар дейтін жас келіншек Хау-ин дейтін қытаймен бірге тұрады. Шаңырақ көтергеніне 10 жыл. Қысқасы, қытай Хау-ин мен біздің Жанар қыз біреуі қатынын, келесісі байын тәрк етіп қосылып алған. Біздің қыз бұрынғы күйеуінен қалған Нұржан атты ұлын да ерте келген. Қытай елі Хау сияқты шетелдік қызбен үйленген азаматтарына аямай қаржы береді екен, соның арқасында екі жас екі қабат коттедж салып алған. Олар өздерінен туған бір ұлына Жун-го деп ат қойыпты. Бұл әрине, «Қытай елі» деген сөз. Қысқасы екі бала да орыс мектебінде оқиды. Қазақша ләм-мим. Керісінше қытай, ағылшын, орыс тіліне судай.

Сөйтіп, жиендеріміз жиендігін жасап жатыр. Оны айтасыз Кеңес кезінде орыстан қатын алған ардагер ағалардың балалары, орысқа қатын болған апа-қарындастарымыздан туған жиендердің 80 пайызы қазір Қазақстанда тұрмайды. Әсіресе, жиендер 100 пайыз босып кеткен. Алды Америка, Канада, одан қалды Еуропа елдерінде. Оқыған білімін, қарым-қабілетін басқалар үшін жұмсап жатыр.

Қысқасы, жиендерден қайыр жоқ. Мысалы, 1842 жылы Троицк қаласында дүниеге  келген орыстың атақты адвокаты Федор  Плевако қазақтың қызынан туған  дейді. Күллі Ресейдің шаруа-мұжықтарына  қамқор болып, сот алдында көшедегі орыс кемпірдің құқын қорғап, жеңіп шыққан осы жиеніміз қазақтың кең даласын қан сасытып, халықты қояндай қырып жатқан отарлаушыларға «өкшең қисық» деді ме? Жоқ, өйткені ол біз сияқты бейшара нағашысын сыйламайды. Қазақ рас айтады. Қазіргі жиендер – етін де жейді, сүйегін де бермейді.

Метистер құрған  мемлекет. Аралас некенің шектен тыс көбеюінің салдарынан жеке ұлт немесе ұлттық мемлекеттің жойылып кетуі мүмкін бе?. Әбден мүмкін. Ондай мысалдар әлемде көптеп саналады. Мысалы: өткен ғасырдың басында Испан отарынан азат болған Перу елінде әртүрлі этникалық-әлеуметтік топтар пайда болды. Біріншісі – Перудің титулды халқы – кечуалар. Бұлар барлық халықтың көп пайызын құрады. Екіншісі – отарлаушы испандық креолдар. Барлық билік осыларда болды. Үшіншісі – перулік пен испандық аралас некеден туған – метистер..

Тәуелсіздік алған соң Перудің  байырғы халқы дәстүрлі Инк мемлекеті – Тауантинсуйді қайта қалпына келтіріп, Инк империясын жаңғырту идеясын ұсынды. Қысқасы биліктегі креолдар мен халықтың денін құрайтын кечуалар арасында тартыс пайда болды. Осы тартыста аралас некеден туғандар (бізше жиендер) отарлаушы креолдардың жағына шығып кетті (біздегі орыс тілді қазақтың орыстар жағына шығып кеткені сияқты).

Метистер испан тілі диалектісімен  сөйледі. Олардың тек тұрмысында, киімінде, жүріс-тұрысында ғана аздаған байырғы сипаттар болды. Ақыры бұл метистер бәрін ығыстырып билікті қолына алды. Бұлардың ықпалының күшейгені соншалық Қытай мен Үнді елінен, көрші Латын Америкасы мемлекеттерінен келіп қоныстанған қауым метистердің жағына шығып кетті. Олар метистің тілінде сөйледі, солардың мәдениетін қабылдады.

Шетелдік алпауыттар аралас некеден  туған тасжүрек метистерді Перу халқының болашағы, ұлттың рухы деп көтермеледі. Айналасы жүз жылға жетпей байырғы  халық перуандар (кечуалар) құрып  кетті. Құрымауға бет алғандары  алыс-шалғай тау-тас, орман-тоғайға  барып тығылды. Қалалық жердегілер өздерін кечуалықтармыз деп айтуға арланды. жолда аса қатерлі іш ауруына шалдыққан. Кейбір дерек көздері уланған су ішкендіктен болған дейді. Қысқасы әскерлердің 80 пайызы қырылып қалған. Мыңдаған жас әйелдер жесір қалған. Отағасы отан үшін қаза тапқан отбасыларға «көмек» ретінде олардың малын бағып, отын жағып қарайласады деп, үй басына бір-бір жас қытай жігітін жіберген. Жас қытайлар кешікпей жесір әйелдерге үйленіп тынған. Осындай жағдайлардан кейін қазіргі Ішкі Моңғолдың жағдайы түсінікті.

Информация о работе Неке. Неке шарты