Сатып алу-сату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 19:33, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының қалыптасуы, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді.
Тауарлық, ақшалық, мүліктік және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түсті.

Содержание работы

Кіріспе….........................................................................................................3
І.Сатып алу-сату шартының жалпы ұғымы
1.1 Сатып алу шартының ұғымы және элементтері....................................4
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері.........5
1.3 Сатып алу – сату туралы жалпы ережелер.............................................8
ІІ.Сатып алу сату шартының жекелеген түрлері.
2.1 Тауар жеткізілімі шарты.........................................................................14
2.2 Келісімшарт жасасу шарты....................................................................17
2.3 Қозғалмайтын мүлік сату шарты...........................................................19
2.2 Тұрғын үйді сату шарты.........................................................................23
2.3 Сатып алу-сату шартын бұзу және өзгерту ..........................................24 Қорытынды...................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................33

Файлы: 1 файл

Сатып алу-сатуДокумент Microsoft Word (10).doc

— 165.00 Кб (Скачать файл)

 

                                                 МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе….........................................................................................................3  

 

І.Сатып алу-сату шартының жалпы ұғымы 

1.1 Сатып алу шартының  ұғымы және элементтері....................................4

1.2 Сатушының және сатып  алушының құқықтары мен міндеттері.........5

1.3 Сатып алу – сату  туралы жалпы ережелер.............................................8  

 

ІІ.Сатып алу  сату шартының жекелеген түрлері.

2.1 Тауар жеткізілімі шарты.........................................................................14

2.2 Келісімшарт жасасу  шарты....................................................................17

2.3 Қозғалмайтын мүлік  сату шарты...........................................................19

2.2 Тұрғын үйді сату  шарты.........................................................................23

2.3 Сатып алу-сату шартын бұзу  және өзгерту ..........................................24  

 

Қорытынды...................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................33

 

                             Кіріспе

Қазақстан Республикасының  қалыптасуы, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді.

Тауарлық, ақшалық, мүліктік және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа  да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түсті.

Сатып алу-сату шарты  институты қазақтың шарттық құқығының құқықтық жүйе ретінде қалыптасуына үлкен әсер берді.

Кейінен азаматтық құқықта  міндеттемелік құқық деген бір  саланы қалыптастырды.

Қазіргі таңда сатып  алу-сату шарты шарттық құқықтың ең көп тараған бір түрі болып  табылады.

Сатып алу-сату шарты  біздің мемлекетіміздегі өндіріс процесін және тұтынуды қамтамасыз етеді, тауар ақша қатынасының міндеттемелерін шешеді.Ол ұйымдар арасындағы экономикалық байланысты жүзеге асырудың құралы болып табылады..

Курстық жұмысының  мақсаты ретінде сатып алу-сату шартының ұғымына, белгілеріне және элементтеріне түсінік беру табылады.

Осы мақсатқа жету үшін алдымызға  келесі мынандай міндеттер қоямыз:

· сатып алу-сату шартының ұғымы мен белгілерін қарастыру;

· сатып алу-сату шартының жекелеген түрлеріне толық талдау жасау;

· сатып алу-сату бойынша  жауапкершілік сұрақтарын қарастыру.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. 

 

 

 

 

 

І. Сатып алу-сату шартының жалпы ұғымы

1.1 Сатып алу  шартының ұғымы және элементтері

Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті  ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егср біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.

Сатып алу-сату шартына сатып алушы  жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты кезқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкінішлігі жоққа шығарылмайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып  алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде өкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық  кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.

Атап өтілгендей, сатып  алу-сату шарты мүлікті беру бойынша  барлық катынастарды қамтиды. Ертеректе  бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қөзғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды. 

 

1.2 Сатушының және сатып  алушының құқықтары мен міндеттері

Сатып алу-сату шарты азаматтық  – құқықтық шарттардың кең таралған түрлерінің бірі болып саналды. Қазақстан  Республикасы Азамматтық кодексінің ерекше бөлімінде шарттың дәстүрлі анықтамасы сақталған: сатушы тауарды сатып алушының меншігіне өткізуге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл тауарды қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндеттенеді. Азамматтық кодекстің ерекше бөлімі сатушы мен сатып алушының әрбір қадамын реттеп отырмайды. Жалпы ереже бойынша шарт талаптарын тараптар өздері анықтай алады. Бір жағынан, шарттардың көпшілігі, әдетте, стандарт ережелер шеңберінде жасалды. Бұл ережелер шарт жасар кезінде тараптар өзгеше талаптар қоймаған жағдайлар үшін қарастырылған. Сатып алу-сату шартының тараптарына қойылатын бірден-бір талап: барлық жағдайда да шарт нысанасын өздері анықтаулары қажет. Сатып алу-сату шартының талаптары онда тауардың атауы мен саны көрсетілгенде ғана келісілген болып есептеледі. Сатып алу-сатудың жекелеген түрлері үшін талаптардың кең көлемін міндетті түрде қамтуға қойылатын талаптар бекіту қажеттілігі қарастырылған. Мұндай талаптар, негізінен энергиямен қамтамасыз ету, қозғалмайтын мүлік және кәсіпорындар сату шарттарында талап етіледі. Сатушының негізгі мақсаты сатып алу-сатудың нысаны болып саналатын тауарды шартта көрсетілген мерзім ішінде сатып алушыға өткізу болып есептеледі, ал шартта мерзім белгіленбеген жағдайда , мерзімсіз міндеттемелердің орындалуы туралы ережелерге сай шешілуі керек. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға оның керек жарақтарын, сондай-ақ құқықтық актілерде немесе шартта көзделген, соған қатысты құжаттарды беруге міндетті. Сатып алу-сату шарты оны қатаң белгіленген мерзімде орындалу талабымен жасауы мүмкін. Бұл тек мерзімі бұзылған кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделігі жоғалатындығы шарттан айқын туындаған жағдайда ғана мүмкін. Сатушының мұндай шартты ондай белгіленген мерзім басталғанға дейін немесе біткеннен кейін сатып алушының келісуісіз және егер сатып алушы шарттың орындалуынан бас тарту құқығын пайдаланбаған жағдайда орындауға құқығы жоқ.

Сатып алушыға берілуге тиіс тауар  саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде көзделеді. Тауарлардың саны туралы оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі  мүмкін сатып алу – сату шартында берілетін тауардың айқында мүмкін болса, мұндай шарт заңды деп есептелмейді. Сатып алу сату шартында берілуге тиіс тауарлар түрі, модельді түсі және басқада белгілеріне қарай белгіленгендігі көзделеді. Сатушының мұндай шарт бойынша тауарды сатып алуға тараптан келіскен түр түрі бойынша беруге тиіс. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінде сапа кепілдігі және тауар сапасынан қойлатын талаптардың бұзылуына сатушының жауапкершілігі қатаң көзделеді. Сатып алынған тауардың сапасы талапқа сай келмеген жағдайда сатып алушы шығымды өтеуді талап етуге құқылы. Сонымен қатар әрі бір сатып алушы өз таңдауы бойынша сатып алу бағасын төмендетуді немесе тауар кемшіліктерін тегін жоюды немесе тауарды кемшіліктерін жоюға жұмсаған өз шығымдарын өтуді талап етуге құқылы. Сапасы лайықты емес тауар алған сатып алушы, сондай ақ, мұндай тауарды шартқа сәйкес келетін тауар алмастыруды талап етуге құқылы. Мұндай тауарды алмастыру немесе жиындықтау тек сатып алушы тауар кемшілігі туралы дер кезінде хабарлағанда мүмкін болады. Сөйтіп, халықаралық сауда тәжірибесіне қалыптасқан тауар кемшіліктерін хабарлау тәртібі және бұл тәртіпті бұзу салдары ескерілген. Сатып алу сату шарты бойынша сатушы сатып алуға жиынтылығы туралы шарттың талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті, шартта ол болмаған жағдайда жиынтықлығы айналымы дағдылармен немесе әдетте қойлатын өзге де талаптармен белгіленеді  Сатып алушы тауарды алғанға дейін немесе кейін оның толық бағасы мөлшеріндегі сонымен төлеу тиістілігі көзделген. Сатып алушы тауар ақысын төлеу міндетін орындамаған жағдай сатушы тауар бағасын ғана емес, бөтен адамның ақшасын қолдану пайызын талап етуге құқылы. Негізінен тауарлардың көтерме айналымы, кәсіпкер сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қарым қатынас тауар жеткізілімі ретінде белгіленген. Мұндай комерциялық қарым- қатынастар талаптарын, ең алдымен, оған қатысушылар анықтайды.

Сонымен қатар коммерциялық айналымның заңда көзделуді және тараптардың басқаша келісімі болмаған жағдайда қолдануды қажет ететін танымал стандаттары бар. Бұл бөлімде халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы Вена конвенциясында бекітілген, сонымен қатар біздің елімізде қалыптасқан тауар жеткізілімнің кезеңдері, тәртібі, жетіспеген тауардың орнын толтыру, оларды таңдау, жеткізілген тауар үшін есеп айырысу, жеткізілім талаптарыңың бұзылу салдарлары туралы ережелер ескерілген.

Жеткізілім түрлері ретінде  әдеттегі сатып алушымен салыстырғанда  дайындаушыға бірқатар қосымша міндеттер  жүктейтін ауылшаруашылық өнімдерінде келісім шарт жасасу қатынастары реттелген. Тұнғыш рет заң деңгейінде энергиямен жабдықтаудың арнайы ережелерін бекіту қарастырылған.

Тұтынушы – азамат үшін энергиямен жабдықтау шарты қатынастары, оны  нақты желіге қосқан сәтте пайда  болады. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау  тұрақтылығы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін шарты тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың біреуінің өтініші болмаған жағдайда шарттың әрі қарай өзінен- өзі ұзартылуымен қамтамасыз етіледі. Энергиямен жабдықтайтын ұйымның, қандай да болмасын сатушы сияқты, энергия сапасы туралы талаптардың бұзылуына толық жауаптылығы көзделген. Басқа да талаптар бұзылған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым осыдан келтірілген нақты залалды өтеуге міндетті.  

 

1.3 Сатып алу – сату туралы жалпы ережелер

Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінің 406-бабына сәйкес: «Сатып алу-сату шарты бойынша мүлікті бір тарап (сатып алушының) меншігіне шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті тауарды( қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті». Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталған заттарды беретін шарт ретінде бағалау мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.

Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі бұл ережені өзгертпейді.

Сатып алу-сату шарты  – ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларға сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтардан қорғау үшін де қажет. Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін. Аталған мәмілілер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілілер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа.

Бір- біріне қарсы бағытталған екі  тараптың субьективтік құқықтары мен міндеттері береді. Әңгіме шарттың мәнін құрайтын құқықтары мен міндеттері туралы б олады. Құқықтар мен міндеттердің көмекші мөлшер екі жақтан ауытқу болуы да мүмкін.

Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субьектілеріне және заңдылық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының АК-нің 152-бабына бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымда болып келеді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге жатады. АК-нің 495-бабы кәсіпорынның бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады. Олар басқа да жылжымайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады, және де мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап жасалған деп есептелінеді.  

Информация о работе Сатып алу-сату