Құқық формаларының (қайнар көздерінің) ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 20:27, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының қайнар көздерін толықтай зерттеу болып табылады. Бұл курстық жұмыс барысында көптеген мағлұматтар қамтылады. Енді қысқаша тоқталып кететін болсам: курстық жұмыс кіріспе, негізгі 2 бөлімінен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы құқықтың қайнар көздері және оның түрлері туралы сөз қозғасам, курстық жұмыстың екінші бөлімінде азаматтық құқықтың қайнар көздері және оның жекелеген түрлері туралы мәлімет қамтылған.

Файлы: 1 файл

точный курсовой Ибрашева.docx2003-2007.doc,,.doc

— 241.00 Кб (Скачать файл)

Заңға сәйкес қабылданған кесімдер;

* Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;

* Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативтік қаулылары;

* Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары, өкілдері;

* Министрліктердің өзге де орталық мемлекеттік органдардың   нормативтік     қаулылары, ережелері, бұйрықтары;

* Мәслихат пен әкімдердің нормативтік шешімдері [5,113б].

 

 

1.2. Құқықтың қайнар көздерінің түрлері

 

 

Мемлекет және құқық теориясында құқықтың қайнар көздері мынадай:

1. Нормативтік заң актілері

2. Санкцияланған әдет нормалары

3. Заңды прецедент

4. Нормативтік шарт

5. Құқықтың жалпы қағидалары

6. Діни мәтіндер

1. Нормативтік заң актілері-бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжат тар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.

Нормативтік актілердің түсінігі және түрлері.

Нормативтік заңды актілер - бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағығтталған ресми құжаттар нормативтік актілерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анықталған тәртіп бойынша қабылдайды[6, 63б].

Заңды күшіне қарай барлық заң актілері екі топқа бөлінеді:

заңдар мен заң актілері.

Заң - бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатын астарды реттейтін нормативтік акт[7, 72б]

Заңға сәйкес актілер - бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер.

Оларға мыналар жатады:

1) Президенттің құзіреті шегінде  қабылданған жарлықтар мен өкімдер;

2) Парламенттің құзіреті шегінде  қабылданған қаулылар мен өкімдер;

3) мемлекеттік аумақтық және  жергілікті органдардың (өкілдік органдар мен әкімшілік органдар) актілері - мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдады және осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады;

4) ведомстволық актілер - белгілі бір органанның құзіреті шегінде қабылданады және осы ұжымның  мүшелеріне ғана таралады.

Заңның белгілері:

1.Заң - бұл құқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды жоюға немесе өзгертуге байланысты құқықшығармашылық әрекеттер бекітілген заң актісі.

2.Заң - бұл мемлекеттік биліктің қатаң анықталған жоғары органдарының актісі.

3.Заң жоғары заң күшіне ие. Бұл мынаны білдіреді:

а) қалған барлық құқықытық актілер заңдарға негізделуі және оларға қарама-қайшы болмауы тиіс. Кез-келген басқа акт заңға  қайшы келген жағдайда басымдылық соңғысына беріледі;

 ә) заңды кез-келген басқа  орган бекіте алмайды;

б) оны қабылдаған органнан басқа ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды.

4.Заң - бұл құқықтық жүйеде бұрын болмаған және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты міндетті нормалардан құралған нормативтік акт[8,156б].

Заңның түрлері:

1) Конституция - бұл басқарудың және мемлекеттік құрылымның нысанын, сот әділдігі жүйесін анықтайтын, конституциялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт [9,130б].

2) конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген және онымен байланысты мәселелерге қатысты қабылданады;

3) жай заңдар- бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани жақтар ына арналған ағымдағы заңнама актілері.

4.Нормативтік актілердің күші. Нормативтік актілер әрекет етудің уақыттық, кеңістік тік және субъектілік шектеріне ие:

1.Нормативтік актілердің уақыттағы  күші олардың күшіне енген  сәтінен бастап күшін жоғалтқан  сәтіне дейін таралады.   Актілер не оларды қабылдаған сәттен бастап, не нормативтік актінің өзінде оның күшіне енуі туралы арнайы актіде көрсетілген уақыттан бастап, немесе оларды жариялаған сәттен бастап белгілі бір мерзім өткеннен кейін күш іне енеді. Актілер оларды қабылдауда көрсетілген әрекет ету уақыты өткеннен кейін, не олардың орнына жаңа акт қабылданған жағдайда, не нақты бір органның осы актінің күшін жою туралы тікелей нұсқауы негізінде өз күштерін жояды [10,152б].

Нормативтік актілердің уақыттағы күшіне байланысты жалпы ережелердің ішінде екі ерекше ереже бар:

а) заңнын кері күші-жаңадан қабылданған нормативтік актінің өз күшін бұл акт заңды күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таратуы. Жалпы ереже бойынша, заңнын кері күші болмайды, алайда, заңның кері күшті иеленуі екі жағдайда мүмкін: егер заңнын өзін де бұл аталып өтсе немесе заң жауапкершілікті жеңілдетсе немесе жойса;

ә)жаңа заңдағы арнайы көрсету бойынша өз күшін жойған заңның жекелеген мәселелерге қатысты үшін сақтап қалуы.

Нормативтік актілердің кеңістіктегі күші олар таралатын аумақпен анықталады. Мемлекеттің аумағы ретінде мемлекеттік шекаралар ішіндегі оның құрғақ және су кеңіс тігі, олардың үстіндегі ауа кеңістігі, жер қойнаулары, сонымен қатар, шетелдердегі елшілік өкілдіктердің аумақтары, ашық теңіздегі әскери және сауда кемелері, мемлекеттің аумағынан тыс жерлерде ұшып жүрген ұшақтар танылады. Бұл мәселені қарастыру кезінде мынаны ескерген жөн: заңнын белгілі бір кеңістікке немесе тұлға ларға таралмау тәртібі эксаумақтық деп аталады.Заңнын тұлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талаптардың белгілі бір актінің әрекет ету аумағындағы барлық тұлғаларға таралуын білдіреді. Алайда, бұл ережеден  де ауытқушылықтар бар:а) мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, елшілік және консулдық өкілдіктердің қызметкерлері эксаумақтық құқығына ие және оларға қылмыстық заңнаманы және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілік және мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды; ә) кейбір нормативтік актілер, мысалы, қылмыстық жауапкершілікті көздейтін актілер, азаматтарға, олардың  қай жерде жүргеніне және олардың шетелдік заңнама нормаларына сәйкес жазаны өтегеніне қарамастан, таралады;  б) мемлекет аумағында өмір сүруші шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ     тұлғалар  құқықтар мен міндеттердің кең шеңберін пайдаланатынына қарамастан, кейбір жағдайларда құқықтар мен міндеттерді иелене алмайды.

Мысалы, олар қарулы күштер қатарында борышын өтемейді, мемлекеттік билік органдарына сайлана алмайды және сайлауға қатыса алмайды [11,169 -171].

2. Санкцияланған әдет нормалары - бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп, оларды орындауының өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. Әдет-ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:

а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;

ә)оларды сот шешімдерінде және де басқа да мемлекеттік органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы [12, 171б].

3. Заңды прецедент - бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім. Прецедент - бұдан бұрын орын алған және осы кездегі ұқсас әрекеттерге үлгі немесе негіз боларлықтай оқиға, жағдай, әрекет. Ұқсас жағдайлар туындаған кезде, үлгі ретінде қарастырылатын белгілі бір жағдайдағы тәлім-жосық

4)Coт прецеденті - сот прецедентіне тоқталмас бұрын жалпы прецедент ұғымына тоқталып кетсем, прецедент бұл бұдан бұрын орын алған және осы кездегі ұқсас әрекеттерге үлгі немесе негіз боларлықтай оқиға, жағдай, әрекет.Ұқсас жағдайлар туындаған кезде, үлгі ретінде қарастырылатын белгілі бір жағдайдағы тәлім-жосық. Ал сот прецеденті дегеніміз соған ұқсас істерді шешу кезінде не міндетті күші болмайтын заңды түсіндіруде үлгі қызметін атқаратын сол немесе төменгі сатыдағы соттар үшін міндетті болып табылатын нақты іс бойынша шешім. Соттың үлгі боларлық өнегесі оның міндеттілігін мойындайтын елдерде, құқық кезі болып табылады Прецеденттік құқық Құқықтың негізгі көзі ретінде сот өнегесі мойындалатын құқық жүйесі, яғни әлдебір іс бойынша шығарылған шешім, соған ұксас істі қарастыру кезінде тең және төмен сатыдағы барлық соттар үшін міндетті болып саналады. Бұл жүйе сотқа, тиісті заңның болмауы жағдайында ғана емес, сондай-ақ айқын нормалар жетіспеушілігі болған кезде, құқықтық шығармашылық міндеттерін орындауға мүмкіндік береді. Сот предеценті ҚР қолданылмайды. Ұлыбритания (Шотландияда өздерінің ерекше құқығы әрекет ететіндіктен, дәлірек айтқанда Англия үшін), АКДІ және ағылшын құқығын қабылдаған басқа елдерге тән. Өнегелі құқық аясында: жалпы құқық және әділеттілік құқығы түріндегі екі тармақ қалыптасты[13,75б]    

5) Нормативтік шарт - бұл екі немесе одан да көп субьектілердің жалпыға міндетті заң норм аларынан құралған келісімі.

6) Құқықтың жалпы қағидалары - бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы, заң намалық норма, міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттілік, ар-ождан, құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның, Ауғанстанның Азаматтық кодекстері).       7) Діни мәтіндер - бұлар, әсіресе,мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен,  бұл Құран мен Сүннет. Құран-бұл Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап; Сүннет-бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ. Діни нормалары – сонымен әр түрлі діндерді тұтынудағы белгіленген ережелер болып табылады. Және де бұл ережелер сол дінді ұстанып, тұтынатын адамдарға ғана міндетті болады.

Діни нормалары адамзат қоғамның белгілі бір даму сатысында заңдық сипатта болғанын тарих көрсетіп отыр. Олар саяси, мемлекеттік, азаматық, құқықтық, отбасылық және  басқалай да қатынастарды реттейтін болған.

Көпшілік қатынастарда діни ұйымдар белгілеген нормалар қолданыстағы құқықтар мен астасып жатады. Дәлірек айтқанда мемлекеттің негізгі заңы - Конституция діни ұйымдардың қызмет атқаруының құқықтық негізін қалап, адамдардың әрқайсысының өздері  қалаған кез келген дінді тұтынып ұстануына кепілдік береді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мәртебесінің берілуінің мүмкіндігі заңдарда көрсетілген [14, 122-124б].

Құқықтық нормалар әдет-ғұрып нормаларымен де байланысты болып келеді.

8) Әдет-ғұрып дегеніміз - қоғам дамуының ғасырларға жалғасқан болмысының барысында қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын, соның нәтижесінде дағдыға айналған адамдардың өздерінің еріктері бойынша орындалатын іс-әрекет (мінез-құлық) норма лары мен ережелері.

         Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  Кодексінің 3-бабы бойынша  іскерлік  қызмет өрісіндегі  құқықтық  әдеттегі азаматтық  заңдардың әдеттегі азаматтық заңдардың қайнар көздері болып саналады.

          Әдет-ғұрыптар  мораль нормаларына қарағанда  құқықпен аз байланысқан, бірақ  солай болғанның өзінде де  әдет-ғұрыптар құқыққа ықпалын тигізеді.Мысалы, көшпелі кезеңдегі қазақ қоғамында әдет-ғұрып құқықтың қайнар көзі болған. Мемлекет әдет-ғұрыптардың кейбіреулерін құқық нормалары ретінде бекіткен болатын.

Сөйтіп, оларға жалпыға бірдей міндеттілік мән (маңыз) берген. Құқықтық әдет-ғұрып («әдеттегі құқық») жинағының жарқын мысалына Тәуке ханның  «Жеті жарғы» заңдар жинағы жатады.

Құқық пен әдет-ғұрыптың  ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырып көрейік. Мысалы, құқық және әдет - ғұрыптар нормалары адамдардың іс-әрекеттерін реттеуші болып табылады, сөйтіп белгілі бір ұжымдардың пікірі бойынша адамдардың ісі (қылығы)  қандай болуы тиіс немесе қандай болуы мүмкін екендігін көрсетеді, жалпыға бірдей міндетті ережелер түрінде білдіріледі.

Құқық пен әдет-ғұрыптың  ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырып көрейік. Мысалы, құқық және әдет - ғұрыптар нормалары адамдардың іс-әрекеттерін реттеуші болып табылады, сөйтіп белгілі бір ұжымдардың пікірі бойынша адамдардың ісі (қылығы)  қандай болуы тиіс немесе қандай болуы мүмкін екендігін көрсетеді, жалпыға бірдей мін детті ережелер түрінде білдіріледі. Сонымен әдет-ғұрыптар мен құқық нормаларының бір бірінен айырымашылығы шығу тегі бойынша, білдірілу (баяндалу) формасы және қамтама сыз етілу тәсілдері бойынша анықталады. Егер әдет-ғұрыптар адам қауымының пайда бол уымен қатар, бір кезде пайда болған болса, онда  құқық  нормалары мемлекеттік түрде ұйымдастырылған қоғамда пайда болады; егер әдет-ғұрыптар арнайы актілерде баянды етіл месе (бекітілмеген болса), оның орнына адамдар санасында ғана болып және ұрпақтан-ұр паққа беріліп жатқан болса, онда құқық нормалары белгілі бір формаларда болады, сөйтіп ресми жолдар арқылы беріледі ;егер әдет-ғұрыптар қоғамдық пікірдің күшімен қамтамасыз етілетін болса, онда құқық нормалары мемлекеттің күштеп көндіру мүмкіндіктерін ескерек отырып жүзеге асырылады [15].                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        1. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.

 

        1. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне жалпы сипаттама

 

Жалпы Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне азаматтық құқық пәнімен реттелетін қатынастар орын алғанда қолданылыатын негізгі актілер, заңи нормалар т.б мына төмендегі ретпен көрсетілген.

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін жеке меншікке байланысты қатынастарды , оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген  6 – бапта : 1 «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. 

    2   Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. 

    3  Жер және оның қойнауы , су көздері , өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай –ақ заңда белгіленген негіздерде , шарттар шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.

   2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтық-құқықтық  қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994жылы 27 желтоқсанда күні қабылданып, 1995жылы 1 наурызда заңдық  күшіне енген, ал Ерекше бөлім 1999жылы 1шілдеде заңдық күшіне енді.  Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.                                                                                                                           3)Басқа да заң актілері . Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттің каулылары жатады т.б. жатады.                                        4) Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктер, атқарушы органдар, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған құқықтық актілер жатады.

5) Әдетегі құқықтар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 3бабының 3- тармағында « Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық зағдарға қайшы келмесе , солармен ретелуі мүмкін»  деп көрсетілген.

Информация о работе Құқық формаларының (қайнар көздерінің) ұғымы