Құқық формаларының (қайнар көздерінің) ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 20:27, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының қайнар көздерін толықтай зерттеу болып табылады. Бұл курстық жұмыс барысында көптеген мағлұматтар қамтылады. Енді қысқаша тоқталып кететін болсам: курстық жұмыс кіріспе, негізгі 2 бөлімінен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы құқықтың қайнар көздері және оның түрлері туралы сөз қозғасам, курстық жұмыстың екінші бөлімінде азаматтық құқықтың қайнар көздері және оның жекелеген түрлері туралы мәлімет қамтылған.

Файлы: 1 файл

точный курсовой Ибрашева.docx2003-2007.doc,,.doc

— 241.00 Кб (Скачать файл)

6)Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік  орган қабылдайтын құқық нормаларынан құралған  және белгілі бір қоғамдық  қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға  сәйкес актілер жатады.

 7)Халықаралық шарттар (конвенциялар) Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады.Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық құқықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі  ішкі заңдарға қарағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халықаралық заңдарға қайшы келмеуі  керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықараылқ шарттардың нормалары қолданылады.Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз- тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар – ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады. ҚР құрамына азаматтық құқықтың нормалары енгізілген  көптеген халықаралық конференциялар мен екі жақты шарттардың қатысушысы болып табылады. Мысалы, халықтық жүктерді тасымалдау шарты туралы Конвенцияны, Евразия патенттік конвенциясын, Женевалық вексель конвенцияларын, күрделі қаржы жұмсауды мадақтау  және өзара қорғау туралы ҚР мен АҚШ арасындағы келісімді және басқаларын атауға  болады. Халықаралық шарттың ұлттық заңнан басымдылығы туралы ереже 1969ж 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясынан туындайды [16,25-27б].

Жарлық - мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі. Құқықтық жағынан Жарлық нормативтік және нормативтік емес болып бөлінеді. Нормативтік Жарлық мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті күші бар құқықтық нормаларды белгілейді. Нормативтік емес Жарлық нақты оқиғаға байланысты шығарылады (мысалы, азаматтарды лауазымды қызметке тағайындауға, марапаттауға, т.б. байланысты). Қазақстан Республикасының Конституциясында (45-бап, 1-тармақ): “Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады” деп көрсетілген. Жарлық жарияланған күннен не Жарлықта арнайы көрсетілген мерзімнен бастап мемлекеттің барлық территориясында күшіне енеді..Жарлық тарихы - орта ғасырлардағы түркі мемлекеттеріндегі ханның немесе әскербасыларының бұйрығы.  Алтын Орда мен Қырым хандарының Жарлықтары біздің заманымызға дейін жеткен. Хандардың өздеріне тәуелді бектерді тағайындау және ішкі - сыртқы саясат мәселелеріне қатысты Жарлық шығаруы үрдіске айналған.  Бұл құжаттар қазіргі заманғы зерттеушілер үшін маңызды тарихи деректер болып отыр. Мысалы:  Тоқтамыс ханның (1392 -1393 жылы) Польша королі Ягайлоға жолдаған Жарлықтары екі мемлекеттің қарым - қатынасынан тың мағлұматтар береді.

Өкім – белгілі бір лауазымды тұлға шығаратын билік құжаты. Өкімді ҚР Президенті, Премьер-Министрі және әкімдер әкімшілдік - өкімдік, жедел және жеке дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарады. Президент пен Премьер-Министр өкімдері ҚР-ның бүкіл аумағында, ал әкім өкімі өзі басқарып отырған әкімшілдік-аумақта немесе өкімнің өзінде көрсетілген шекте міндетті күші болады. Өкім тиісінше Президент әкімшілігінің, Үкіметтің немесе әкімдіктің регламентінде белгіленген тәртіпте әзірленіп, шығарылады. Төмен тұрған лауазымды тұлғаның өкімін жоғары тұрған лауазымды тұлға, заңсыз өкімді сот жоюы мүмкін. Заңсыздығы жойылғанша өкімнің күшін прокурор тоқтата тұра алады.

Қаулы – алқалық негізінде жұмыс істейтін мекемелерде шешімдерді, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжілістерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады, онда көрсетілген шаралардың орындалуы міндеттеледі. Ірі мекемелерде, министрліктер мен ведомстволарда ең маңызды мәселелер бойынша алдын ала анықтама және анықтама бойынша қаулының, шешімінің жобасы әзірленеді. Қаулы мен шешім тілдік құрылымы жағынан ұқсас [17].

 

        1. ҚР Азаматтық құқығының қайнар көздерінің жекелеген түрлері

 

ҚР Азаматтық құқығының қайнар көздеріне ҚР конституциясы, ҚР азаматтық кодексі, халықаралық шарттар, ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлықтары, Парламент қаулылары, басқа да заң актілері , заңдар т.б жатады.            Ең бірінші кез-келген заң актісінің қайнар көзі болып табылатын ҚР Конституциясы туралы айта кетсем, еліміздің ата- заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Республикалық референдум нәтижесі жарияланған күні, яғни 1995 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы № 2454 «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» Жарлығына сәйкес Конституция мәтінінің түпнұсқасы Президентте сақталады [18].     Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.  «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, мемлекеттiк мерекелер – қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер болып табылса, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілген. Республика Конституциясының қабылданған күні − барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы мемлекеттік мейрам. Бұл күні ел азаматтарының мерейі конституциялық дәреженің жаңа сатысына көтерілген болатын. Бұндай тәжірибе, яғни халық пен оның жекелеген мүшелері үшін өте маңызды заң құжатын олардың тікелей қатысуымен қабылдау Қазақстан тарихында алғаш рет жүзеге асырылды. Оған дейінгі Конституциялар өкілді органдар арқылы қабылданған болатын. Осы Конституцияны қабылдай отырып еліміздің халқы өзінің және келер ұрпақтың болашақтарын айқын белгілеп алған еді[19,210б].    Конституция – ел тәуелсіздігінің, мемлекеттігінің негізгі тірегі. Ата Заңның 1-бабының 1-тармағында Қазақстан өзін ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деген. Ендеше мемлекетіміздің Ата Заңы халқымыздың тәуелсіз ел болуды армандаған мүддесін заң тілінде айшықтаған, әлемге, адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен юридистикалық құжат болып табылады. Еліміздің Ата Заңы – бостандық пен тәуелсіздіктің негізі, Республика халқына ең бастысы – таңдау құқығын берді. Құқықтық мемлекет, заңның жоғарғы мәртебелілігі, Конституцияның мызғымас беріктігі ұлттық идеологияның негізі және түп қазығы екенін мойындауымыз керек. Ұлттық идеология қандай болу керек, қандай құндылықтарға құрылуы керек деген пікірлер жиі айтылады. Ұлттық идеология – ол тәуелсіздік, берік мықты мемлекет, қазақ мүддесі, тіл, еркін экономика – міне, осы мәселелер тек Конституция, заң аясында шешіледі және дамиды. Құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру − ұлтымызды зиялылыққа, мемлекеттілік рухта тәрбиелейтіні анық. Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр [20,89б].                                                       Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп  жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының  тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады. Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады.  “Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады.  Осы қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” деп нақты жазылған.Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті  біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысының конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді [21,].                                  Заң – бәріне ортақ. Әлеуметтік, қызметтік, мүліктік жағдайына, ұлтына, тіліне, наным-сенімі мен дініне қарамастан заң алдында бәрі тең және осы қағида қоғамның негізгі ұстанымына айналуы үшін еңбек етуіміз қажет.Ата заң аясында әрекет ету − елдің дамуы мен азаматтық қоғамды қалыптастырудың кепілі. Оның негізгі қасиеті демократиялық даму мен құқықтық мемлекеттің принциптерін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Біздің міндетіміз − мемлекетіміздің негізгі заңын бұлжытпай орындап, оны құрметтеу.Осыған орай, Ата заңымызда белгіленген қағидалар мен принциптердің сақталып, бұзылуына жол бермеу бағытында басқа да мемлекеттік органдармен қоса әділет органдары да өз үлесін қосуда.«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңында жүктелген функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында әділет органдары жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердiң заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыруда. Сондай-ақ, әділет органдары Қазақстан Республикасы құқықтарын қамтамасыз ете отырып, құқытық және демократиялық мемлекет құрудағы басты билік органдарының бірі болып табылатындықтан, заңбұзушылықтар орын алған жағдайларда, дер кезінде заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгiзіп, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу жұмыстарын атқарады.Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс. Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуы тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды [22,256-257б]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң бекерден-бекерге қабылданып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызға бөгет бола бастады. Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек [23,280б].   Біздің Ата Заң − дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Ол − мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да біздің ортақ парызымыз – Негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз Тарихымызды құрметтегендей құрметтеу. Әрбір қазақстандықтың Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білуі, конституциялық міндеттемелерін қастерлеп, сақтап, орындауы маңызды. Конституция күнi –Тәуелсiз Қазақстанның құқықтық өмiрiнде мән мен маңыздылығы жағынан ерекше орынға ие, халқымыздың ең жоғары дәрежеде атап өтетiн басты мерекелерiнiң бiрi. Осы мереке күні барша қазақстандықтарға татулық пен келісім, денсаулық, табыс пен молшылық тілеймін! Отанымыз бен үйлеріңізден құт-береке кетпесін [24,27б].

Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексі

ҚР Азаматтық кодексі осы азаматтық құқықта орын алған тауар- ақша қатынастары мен және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай –ақ мүліктік қатынастарға   байланысты мүліктік емес жеке қатынастар орын алғанда ең ауқымды қолданылатын акт болып табылады.  Бұл кодекс жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Ел экономикасының нарықтық қарым-қатынастарға көшуіне байланысты жалпы бөлімі 27 желтоқсанда 1994жылы қабылданып, 1995 жылы 1наурызда заңды күшіне енді. Ал ерекше бөлім 1 шілде күні 1999 жылы кабылданды.  Бұл кодекске ең соңғы өзгерістермен толықтырулар 30наурызда 2011 жылы енгізілді. Бұл кодекс 1124баптан тұрады. Бұл жүйеленген бірегей заң шығарушылық (низамдық) акт. ҚР көлемі жөнінен ең үлкен заң актісі болып табылады.  Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық реттеу нысанасының құрамына кіретін - жалпы ережелер бөліміндегі және жеке институттардың ерекшеліктері бөліміндегі - қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы маңызды барлық азаматтық-құқықтық нормаларды қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық құқықты біртұтас, үйлестірілген құқық саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың қатысуымен пайда болатын мүліктік қарым-қатынастарды және осыған байланысты мүліктік емес жеке қарым-қатынастарды реттейді. Егер заң баптарында арнайы көзделмесе, бір тараптың екіншісіне әкімшілік жолмен бағынуына негізделген мүліктік қарым-қатынастарға, әсіресе, салық жөніндегі және т. б. бюджеттік қарым-қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды. Қазақ ССР-інің азаматтық Кодекі қабылданғанға дейін (1963) республикада жалпы одақтық азаматтық заң нормалары қолданылды.  Азаматтық құқық нормалары көпшілікке түсінікті болу үшін ерекше жазбаша мәтіндермен бейнеленуі тиіс, құзіретті органдар қабылдайтын нормативтік құқықтық актілер осындай мәтіндер болып табылады. Белгілі шектерде құқық нормалары өзге нысанда да бейнеленуі мүмкін. Азаматтық құқықтық нормалардың негізгі бөлігі жазбаша түрде нормативтік құжаттарда жазылады-заңдар,  Президенттің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулыларыжәне т.с.с шығарылды. Нормаларды олардың аяқталған күйіне дейін жеткізудің мұндай түрі олар арналған адамдарды, яғни оларды орындаушыларды нормалармен толығырақ таныстыруға мүмкіндіктер туғызады[25,].    Заң - мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде Заң ежелгі замандарда-ақ тәжірибеге еніп, әдет-ғұрып жосындарының орнын басқан. Заң күші кез келген нормативтік актінің нормаларын жоя алады. Бүкіл мемлекеттік органдардың актілері заңға сәйкес келуге, оның қағидалары негізінде және оны орындау бағытында шығарылуға тиіс, яғни заңға негізделген сипатта болуы шарт. Заңға қарама-қайшы келетін кез келген құқықтық акт "қолданысқа жарамсыз" деп танылуға тиіс. Заңды қабылдаудың айрықша тәртібі бар. Мазмұндалған нормалардың маңызына қарай заңдар конституциялық заңдар және қарапайым заңдар болып бөлінеді. Конституциялық заңға конституцияның өзі және Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар жатады. Ал қарапайым заңдарға жүйелік және ағымдағы заңдар жатады. Құқық пен заңдардың құрылымында өзара айырмашылықтар бар.  Құқық нормаларының тобы бір ғана іргелі заң – Азаматтық кодекске сүйенетіндіктен және барлық нормалар үшін бірыңғай объективтік –белгі реттеу нысаны мен әдісі бойынша құрылатындықтан, құқықтың бір саласы азаматтық құқық аталған белгілер бойынша біртекті нормаларды қамтиды.  Заңдар болса, заң актілерін қабылдау мақсаттарын, оларды қолдану міндеттері оларды қолдану міндеттері  мен жағдайларын ескере отырып, субъективтік  жолмен қарастырылады. Сондықтан нақты заң шығару актісі немесе өзге де нормативтік құқықтық акт азаматтық, әкімшілік, іс жүргізу және құқықтың  өзге салалардың нормаларын қамтуы , яғни  кешенді  сипатта болуы мүмкін. Мысалы, Кеден кодексі. Заң актілерінің оларды неғұрлым тиімді зерттеу және қолдану мақсаттарын көздейтін кешенді тобы да болуы мүмкін. Заңдардың кешенді салалары –құрылыс заңдары, көлік заңдары т.б субъективті қалыптастырады. Сондықтан заңдардың белгілі бір актілерін пайдалануда  белгілі бір құжаттардағы нормалардың құқықтың қай саласына жататынын дұрыс анықтау керек. ҚР Конституциясының 2-бабына  сәйкес Қазақстан біртұтас мемлекет болып табылады, сондықтан оның азаматтық заңдары да бүкіл республика үшін бірыңғай дептанылады. Кез-келген деңгейдегі жергілікті органдар бүкіл мемлекет үшін бірыңғай деп танылады., және барлық әкімшілік- аумақтық бөліністерде  тең міндетті күші бар азаматтық заң актілеріне жататын  нормативтік – құқықтық  актілерді қабылдауға құқысыз болып табылады. [26,]. 

Халықаралық шарт

 

«Конвенция» сөзі бізге латын тіліннен келген, ол «шарт, келісім» дегенді білдіреді. Халықаралық шарт - ( ағылш. international treaty; нем. internationaler Vertrag) Халықаралық құқықтар мен міндеттерді, оның қатысушылары үшін бекітетін олардың өзара және халықаралық қатынастарының түрлі мәселелері бойынша, мемлекеттер мен басқа халықаралық құқық субъектілері арасындағы келісім; халықаралық құқықтың негізгі көзі. Халықаралық шарттарды жасайтын органдарға қатысты түрде, оларды: мемлекетаралық, үкіметаралық, ведомствоаралық шарттар деп бөледі.Қазақстан  Республикасы  құрамына  азаматтық  құқықтың  нормалары  енгізілген  көптеген  халықаралық конвенциялар  мен  екіжақты  шарттардың  қатысушысы  болып  табылады. Мысалға, халықаралық   жүктерді  тасымалдау  шарты  туралы  Конвенцияны, Еуразия  патенттік  конвенциясын, Женевалық  вексель  конвенцияларын, Күрделі  қаржы  жұмсауды  мадақтау  және  өзара  қорғау  туралы  Қазақстан  Республикасы  мен  АҚШ  арасындағы  шартты, Сауда  қатынастары  туралы  Қазақстан  Республикасы  мен  АҚШ  арасындағы  Келісімді  және  басқаларын  атауға  болады.

Халықаралық  шарттың  ұлттық  заңнан  басымдылығы  туралы  ереже  1969ж. 23  мамырдағы  Халықаралық  шарттар  құқығы  туралы  Вена  конвенциясынан  туындайды, ҚР  оған  ҚР  Жоғарғы  Кеңесінің  1993 ж. 31  наурыздағы  Қаулысы  бойынша  қосылған  болатын [27,48б].

Халықаралық шарт жасау дегенiмiз- бiрнеше жүйелi сатылардан құралатын күрделi процесс. Халықаралық шарт процесiнiң теориясында осы процестi техникалық жаққа қарай жатқызу туралы пiкiрлер қалыптасқан. Халықаралық шартты жасау өте күрделi, оның күрделiлiгiн шарт обьектiлерiнiң күрделiгiмен, қатысушыларының табиғаты мен көлемiнен, кейбiр жағдайларда - саяси жағдайдың жағымсыздығымен түсiндiруге болады. Осы шарт процесiне халықаралық шарттың қатысушылар тарапының заңи әрекеттерi мен тұтастай бiрқатар нақты сатылары кiргiзiледi, олар: келiссөздер жүргiзуге өкілетті тұлғаларды тағайындау; өкілеттердіi ұсыну және тексеру; шарттың мәтiнiн үйлестiру; шарттың жобасын талқылау және қабылдау; шарттың түп нұсқасын жасау (парафирлеу); шартқа қол қою; ескертулердi жариялау; шартты ратификациялау; ратификациялық грамоталарды ауыстыру және депоненттеу; шартты промульгациялау (жариялау); Бiрiккен Ұлттар Ұйымына шартты тiркеу.   

 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары:     

1) Қазақстан Республикасының     

2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң      

3) Қазақстан Республикасының Президентiне  тiкелей бағынатын және есеп  беретiн Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары) атынан Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өз құзыретi шегiнде шет мемлекеттермен және (немесе) халықаралық ұйымдармен жасасылады [28, 12-15б].

Кейбiр заңгерлер шарт жасауға шарттың заңды күшiне енуiн де жатқызып жүр. Шарттың процесiне жоғарыда аталған сатылардың бәрiн енгiзу мiндеттi емес. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегi дипломатиялық  өкілдігі басшысының немесе Қазақстан Республикасының  халықаралық ұйым жанындағы өкілдігі басшысының арнайы өкілеттіктерi болған ретте ғана Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарына қол қоюға  құқығы бар. Қазақстан Республикасының министрi, Мемлекеттiк  комитетiнiң төрағасы, өзге де орталық  атқару органының басшысы, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн  мемлекеттiк органның басшысы өз құзырындағы мәселелер жөнiнде  арнайы өкілеттіксiз-ақ  келіссөздер  жүргiзуге және Қ Р ведомствоаралық  шарттарына қол  қоюға құқылы арнайы  өкілеттіктердi беру қажет болған жағдайда, келіссөздер жүргiзу, шартты қабылдау, оның түпнұсқасын бекiту, қол қою  құқығы құжатта куәландырылуы тиiс. Мұндай өкілеттіктер жасалатын шарттың  барлық сатыларына таралмауы мүмкiн, мысалы,  тек қол қоймай келіссөздер  жүргiзуге берiлуi мүмкiн. Бұл мәселелер  өкілеттіктердi тексеру жөнiндегi комитеттiң  құзiретiне жатады.Халықаралық шарттың келiсiлген мәтiнiн жасау шарт процесiндегi мiндеттi саты болып табылады. Осы сатыға тағы да шарт жобасын талқылау мен қабылдау және оның түпнұсқасын бекiту де кiредi. Келіссөздер жүргiзу келiсiлген мәтiндi дайындаудың негiзгi сатысы болып табылады. Олар халықаралық шарттың келiсiлген мәтiнiн дайындаудың мынадай сатыларынан өтедi:

*әдеттегi  дипломатиялық  көздердi пайдалану;                                                                         *халықаралық конференциялардың қызметi;                                                                              *халықаралық  ұйымдардың қызметi.

Әдеттегi дипломатиялық жолдар, келiсушi тараптардың  дипломатиялық өкiлдiктерiнiң қызметiмен ұсынылады. Келiсушi тараптар шарттың жобасы бойынша келiп түскен ұсыныстарды талқылап, компромисс, өзара жол беру арқылы өздерiнiң позицияларын үйлестiредi. Жүргiзiлген келіссөздердiң нәтижелерi бойынша халықаралық шарттың бiртұтас келiсiлген мәтiнi жасақталады. Халықаралық шарттың жобасын дайындау процесiнде тараптар негiзгi мәселелер жөнiнде алдын-ала  келiсiмдерге қол жеткiзедi.

Халықаралық конференциялардың қызметi халықаралық  шарт мәтiнiн үйлестiрудiң маңызды  нысанының бiрi болып табылады [29].  

Шарт  мәтiнiн қабылдау - дауыс берудiң қажеттi іс-жосығы, соның көмегiмен мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың өкілетті тұлғалары шарттың мәтiнiмен келiсетiндiктерiн бiлдiредi.Екi тарапты  шарттар және аз мемлекеттер қатысатын  шарттардың мәтiнi келіссөздерге қатысқан барлық мемлекеттердiң дауыс беруi арқылы қабылданады.

Информация о работе Құқық формаларының (қайнар көздерінің) ұғымы