Құқық формаларының (қайнар көздерінің) ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 20:27, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының қайнар көздерін толықтай зерттеу болып табылады. Бұл курстық жұмыс барысында көптеген мағлұматтар қамтылады. Енді қысқаша тоқталып кететін болсам: курстық жұмыс кіріспе, негізгі 2 бөлімінен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы құқықтың қайнар көздері және оның түрлері туралы сөз қозғасам, курстық жұмыстың екінші бөлімінде азаматтық құқықтың қайнар көздері және оның жекелеген түрлері туралы мәлімет қамтылған.

Файлы: 1 файл

точный курсовой Ибрашева.docx2003-2007.doc,,.doc

— 241.00 Кб (Скачать файл)

Халықаралық қауымдастықтыңқалыптасқан тәжiрибесiнде халықаралық  конференцияларда шешiм қабылдау іс-жосығы бiлiктi дауыстар санына, атап айтқанда 2/3 дауысқа келтiрiлген. Консенсус жолымен шешiм қабылдануы да мүмкiн (латын сөзiндегi consensus  келiсiм, бiртұтастық деген мағынада), яғни, пiкiрталас нәтижесiнде даулы мәселе бойынша қол жеткiзетiн ортақ келiсiмге келу және халықаралық келіссөздердiң қатысушыларының позицияларының жақындасуы, шарттың мәтiнi ресми дауыс берусiз қабылдау .

Маңызды шешiмдер қабылданатын жағдайда конференцияға қатысушы  барлық мемлекеттер алфавиттi тәртiпте жеке-жеке дауыс бередi, оны конференцияның төрағасы жеребе бойынша айқындайды.

Консенсус жолымен шешiм қабылдануы да мүмкiн (латын сөзiндегi consensus  келiсiм, бiртұтастық деген мағынада), яғни, пiкiрталас нәтижесiнде даулы мәселе бойынша қол жеткiзетiн ортақ келiсiмге келу және халықаралық келіссөздердiң қатысушыларының позицияларының жақындасуы, шарттың мәтiнi ресми дауыс берусiз қабылдау. Іс-жосық  ережелерi дауыс беру нысанын да айқындайды. Соның iшiнде ең көп қолданылатыны - қол көтеру арқылы дауыс беру. Маңызды шешiмдер қабылданатын жағдайда конференцияға қатысушы  барлық мемлекеттер алфавиттi тәртiпте жеке-жеке дауыс бередi, оны конференцияның төрағасы жеребе бойынша айқындайды. Дауыс беру қорытындысы көпшiлiкке дауыстап айтылып, конференцияның хаттамасында бейнеленедi.Мәтiндi үйлестiру және қабылдау іс-жосығынан кейiн, осы мәтiндi түпкілікті деп тану және өкілетті тұлғалар тарапынан өзгертiлмейтiндей бiр тәсiлдi анықтау қажеттiлiгi туындайды. Шарттың қабылданған мәтiнi түпкілікті деп танылатын іс-жосық мәтiннiң түпнұсқалығын бекiту деп аталады (грек сөзi authentikos - түпнұсқа; түпнұсқаға сәйкес , алғашқы қайнар көзден  шығатын деген мағынаны бередi). Түпнұсқалық мәтiн дегенiмiз - бiр немесе бiрнеше тiлде жасалатын мәтiн, олар бiрдей түпнұсқалық деп қарастырылады және бiрдей заңдық күшi болады. Қазiргi кездiң шарттық тәжiрибесiнде мәтiннiң түпнұсқалығын бекiтудiң мынадай нысандары қолданылады:                                                                                                               - парафирлеу (paraphe деген француз сөзі қысқартылған  жазу мағынасында       - халықаралық  шартқа өкілетті тұлғаның аты-жөндерiнiң бас әрiптерiмен  алдын-ала  қол қою; 

     · халықаралық  конференцияның резолюциясына шарттың  мәтiнiн енгiзу.

Халықаралық шарттың өзi үшiн мiндеттi болатындығына мемлекеттiң келiсiм беруiнiң маңызды тәсiлдерiнiң бiрi оған қол қою. Халықаралық шарт жасаудың қазiргi кезең тәжiрибесiнде шарттың қол қою сатысынан өтпейтiн кездерi де болады.   

             Мысалы, халықаралық Еңбек ұйымының кейбiр көп тарапты конференцияларын мемлекеттер қол қоймай-ақ ратификациялайды. Дегенмен де, қол қою шарт жасаудың маңызды сатысы болып  қала бермек, сондықтан болар шартқа қол қойған күн шарттың жасалу мерзiмi болып есептелiнетiндiгi.                                                                    

 Халықаралық шартқа қол қоюдың екi түрi бар; түпкілікті және аяқталмаған (немесе шартты, немесе ad referendum, яғни одан әрi қарастыру үшiн қол қоюды кейiнге қалдыру). Ad referendum шартқа қол қою, егер шарт кейiн үкiметтiң бекiтуiн немесе ратификациялауын қажет етсе, яғни жоғарғы заң шығарушы орган шарт мәтiнiн бекiтуi қажет болған жағдайда өкілетті тұлғамен жүзеге асырылады. Алайда, қол қоюдың бұл түрi соңғы емес және парафирлеуден мынадай айырмашылықтары бар: ad referendum - мемлекеттiң шарттың өзiне мiндеттi екендiгiмен келiсу тәсiлi; ал парафирлеу тек түпнұсқалықты анықтау мақсатымен ғана шектеледi, яғни парафирлеуден кейiн қол қойылады.

Екiтарапты  шарттарға қол қойған кезде қол  қою балама немесе кезектесу негiзiнде  жүзеге асырылады, (alternat деген француз сөзінен шыққан алма-кезек мағынасында) яғни, шарттың мәтiнiне оның қатысушыларының қол қою кезегiн реттейтiн тәртiп. Мысалы, егер Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында шартқа қол қойылатын болса, онда Қазақстан жағына берiлетiн шарттың нұсқасында қазақ тiлiндегi мемлекеттiң атауы, өкілетті тұлғаның қолы, мөрі, шарттың мәтiнi бiрiншi орынға қойылады. Қойылатын қолдар үшiн бiрiншi орын болып шарттың мәтiнiнiң астындағы сол жақ, егер мәтiн араб тiлiнде болса - оң жақ есептеледi. Егер қойылған қолдар бiрiнiң астында бiрi орналасқан болса, онда өкiлiнiң қолы жоғары орында тұрған мемлекет бiрiншi орын құқығын иеленедi. Көп тарапты шарттарға қол қойған кезде өкілетті тұлғалардың қолы бiрiнен кейiн бiрi қойылады, орысша, ағылшынша немесе шарт қатысушылары таңдаған өзге де  алфавиттiк тәртiпте қойылады. Балама ережесi шарт саясатындағы мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидаларының бiр көрiнiсi. Егер өкілетті тұлға өзiнiң өкiлетi көлемiнде әрекет етсе және олар жарамды болса, қойылған қол жарамды болып есептеледi.                                                                                    Шарт  жасаудың барлық сатыларында мемлекеттiң  ескертулер жасау құқығы бар.      

 Ескерту дегенiмiз - мемлекеттiң кез-келген нысанда және кез-келген атауда жасайтын бiр тарапты жариялауы. Ескертудi  өтiнiштен айыра бiлу керек, өтініш келiсiм беру немесе келiспеудi айту болып есептеледi. Ескерту арқылы мемлекет белгiлi бiр ережелердiң әрекет күшiн жояды немесе өзгертедi, алайда шарттың негiзгi мазмұны өзгерiссiз қалады. Егер бiртарапты өтініш халықаралық шартты жасаудың бастапқы сатыларында жасалатын болса, онда олар ескертулер болып есептелмейдi. Себебi олардың ескерпелер сияқты заңдық салдарлары жоқ. Халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 жылғы Вена Конвенциясының 2  бөлiмiнде (19-23 баптар) ескертулердiң құқықтық табиғаты айқындалған. Вена Конвенциясының 19 бабына сәйкес, мемлекеттер шартқа қол қойғанда, қабылдағанда немесе бекiткенде ескертулер жасайды. Ескертулердi қолданудың кейбiр ерекшелiктерi бар. Мысалы, егер нақты ескертуге шартта тыйым салынса; егер шарттық ережелердiң талабы бойынша белгiлi бiр ескертулер ғана жасауға рұқсат етiлсе; егер ескерту шарттың көлемi мен мақсаттарына сай немесе, онда ескертулерге қатысты  іс-жосық (Вена Конвенциясының 23 - бабы) мемлекеттерден ескертудi жасағанда, оларға қарсылықтар жасағанда, оларды алып тастағанда жазбаша нысанды қолдануларын талап етедi. Әйткенде ескерту жасалмаған деп есептеледi. Шартты ратификациялағанда жасалатын ескерту ратификациялық грамотаның  өзiнде ауысу жөнiндегi хаттамада немесе ратификациялық грамотаны өткiзу хаттамасында мазмұндалуы мүмкiн. Сонымен, ескертулердi тұжырымдап айту - әр тараптың өзiнiң тәуелсiз құқығы, бiрақ ескерту шарттық ережелердiң мәнiне әсер етпеуi керек. Ескерту жасау құқығы мемлекеттерге шарттың қатысушысы болуға мүмкiндiк бередi. Олар оның негiзгi ережелерiн, мiндеттерi мен мақсаттарын қабылдайды, бiрақ түрлi себептерге байланысты шарттың кейбiр ережелерiмен, ал кейде болымсыз  ережелерiмен де келiсе алмай қалады [30,25-28б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Өзімнің курстық жұмысымды қорытындылай келе, АК-ның  3-бабы  азаматтық  заңдардың  құрамына, біріншіден, ҚР Азаматтық  кодексі, оған  сәйкес  республиканың  өзге  де  заңдары, ҚР  Президентінің  Заң күші бар жарлықтары,  Парламентінің  және  оның  палаталарының  қаулылары; екіншіден  ҚР Президентінің  нормативтік  жарлықтары  және  Үкіметтің  қаулылары  кіреді  деп анықтайды.  Аталған  нормативтік  актілердің  бірінші  тобы  заң  актілері  деген  ұғымға  бірігеді. Екінші тобы,  заң  актілермен  қатар, заңдар  деген  едәуір  кең  ұғымға кіреді. Заң  актілермен, заңдармен  және  өзге  нормативтік  құқықтық  актілердің  арасын  межелеудің  зор  практикалық  маңызы  бар, өйткені  ол  белгілі  бір  құқықтарды  немесе  міндеттерді  нақ  қандай  нормативтік  актілердің  белгілеуге  құзіретті  болатынын  тікелей  көрсетуге  мүмкіндік  береді. Мәселен, заң  актілеріне сілтеме жасау тиісті  норманы  тек  Парламент  немесе  Президенттің  заң  күші  бар  жарлығы  қабылдай  алатынын  білдіреді  (АК-ның 8-ба бының 2- тармағы). АК-ның  Жалпы  бөлімі  1995 ж. 1  наурыздан, ал  Ерекше  бөлімі-1999 ж. 1 шілдеден  қолданысқа  енгізілді. 1124  баптан  тұратын, Қазақстан  республикасының  көлемі  жөнінен  ең  үлкен  заң  актісі-Азаматтық  кодекс  азаматтық-құқықтық  реттеу  нысанасының  құрамына  кіретін-жалпы  ережелер  бөліміндегі  және жеке  институттардың ерекшеліктері бөліміндегі-қоғамдық  қатынастардың  барлық  салаларындағы  маңызды  барлық  азаматтық  - құқықтық  нормаларды  қамтып, жүйелеп  отырады. Нақ  осы  әрекет  азаматтық  құқ ықты  біртұтас, іштей  үйлестірілген  құқық  саласы  ретінде  дамытуға  мүмкіндік  береді. Ал  бұл, өз  кезегінде, Азаматтық  кодекстен  басқа  заң  актілерінде  қамтылған  азаматтық-құқықтық  нормалардың  оған  қайшы  келмеуін  талап  етеді, АК-ның 3-бабы ның  2-тармағында  бұл  жөнінде  тікелей  айтылған.

Қазақстан  Республикасы  құрамына  азаматтық  құқықтың  нормалары  енгізілген  көптеген  халықаралық   конвенциялар  мен  екіжақты  шарттардың  қатысушысы  болып  табылады. Мысалға, халықаралық   жүктерді  тасымалдау  шарты  туралы  Конвенцияны, Еуразия  патенттік  конвенциясын, Женевалық  вексель  конвенцияларын, Күрделі  қаржы  жұмсауды  мадақтау  және  өзара  қорғау  туралы  Қазақстан  Республикасы  мен  АҚШ  арасындағы  шартты, Сауда  қатынастары  туралы  Қазақстан  Республикасы  мен  АҚШ  арасындағы  Келісімді  және  басқаларын  атауға  болады.Халықаралық  шарттың  ұлттық  заңнан  басымдылығы  туралы  ереже  1969ж. 23  мамырдағы  Халықаралық  шарттар  құқығы  туралы  Вена  конвенциясынан  туындайды, ҚР  оған  ҚР  Жоғарғы  Кеңесінің  1993 ж. 31  наурыздағы  Қаулысы  бойынша  қосылған  болатын.

 1995 жылы тамыздың 30-ында елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Олардың 89,14 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады. Сонымен 20жасқа толған Конституция тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының басым бөлігін қамтып отыр десе де болады. Алайда, заман ағымына қарай Негізгі заңымыздың өзгеріске ұшырауын да ешкім жоққа шығара алмасы анық.

Ал, қазіргі басты міндет Конституцияны қатаң ұстану. Осы тұрғыдағы ойымызды Елбасының сөзімен аяқтасақ : «Конституцияны қатаң ұстану –бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру - бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет - Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесе, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ».

Мен курстық жұмысты орындау барысын жоспарға сәйкес орындап шыктым. Көптеген мәліметтер білдім. Әсіресе Халықаралық шарт туралы толық түрде жаңа мәлімет алдым, сонымен қатар Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің жекелеген түрлерін білдім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1)С. Досжанов “Құқық негіздері ” Алматы 2004ж

2) М.Ә.Бақтыбаева “ Мемлекет және құқық теориясы ” Алматы 2003ж

3) С. Өзбекұлы  Ө. Қопабаев “ Мемлекет және құқық теориясы ”

Алматы 2006

4)  Д. Булгакова  “ Мемлекет  және құқық теориясы ”

Алматы 2008

5) С. А. Табанов “ Салыстырмалы құқықтану негіздері ” Алматы  2006ж

6) Д. Булгакова  “ Мемлекет және  құқық теориясы ”

Алматы 2008

7) Қ.Д Жоламан “ Мемлекет және құқық теориясы ” Алматы 2007

8) М. К. Сүлейменов “ҚР Азаматтық құқығы ’’ Астана 2003ж

9) Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі "Заңтану" Алматы 2009

10) Т.О Ағдарбеков “Мемлекет және құқық теориясы” Алматы  2003

11) Т.Б Даулетбеков. “Мемлекет және құқық негіздері”  Астана 2001

12) Т.Б Даулетбеков. “Мемлекет және  құқық негіздері”  Астана 2001

13) Ғ.С. Сапарғалиев, А.С.Ибраева “Мемлекет және құқық теориясы” Астана 2007ж.

14) Д Булгаков , А.Исатаев ”Мемлекет  және құқық   жалпы  тарихы”              оқу-әдістемелік құрал Алматы 2004

15) http://google.kz

16) А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. “ Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық” Алматы: “ Мектеп баспасы”, 2007ж

17) http://www.akorda.kz/

18) “ Қазақстан Республикасының 1995жылғы конституциясы”

19) Қазақстан энциклопедиясы

20)“ Қазақстан Республикасының 1995жылғы конституциясы”

21)М.Нарбинов,  Ж.Зиятова “Конституциялық құқық ’’2003ж

22) Т. Садырова  “Ата заң еркіндігімізді  тұғыры ҚР конституциясына10жыл  қала мен дала” 2002 ж

23)А.Оғалбаев “Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл”Алматы “Жеті  Жарғы 2005ж 7шілде.

Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл

24) М. Орынбеков “Қазақтың дүниетанымы” Алматы 2006ж

25) “ Егеменді Қазақстан газет”  қыркүйек 2008ж басылым

26)  www.pravo/zakonodatelstvo-rk/kodeksy/

27) Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі "Заңтану" Алматы 2009

28) http://www.aoktb.kz/

29) Азаматтық кодекс Алматы 2011

30) Қазақ тілі терминдерінің  салалық ғылыми түсіндірме сөздігі "Заңтану" Алматы 2009

31) М. К. Сүлейменов “ҚР Азаматық құқығы ’’2003ж

32) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 Заңы

33) www.yandex.kz

34) "Егемен Қазақстан" газетi 2008 жылғы 8 тамыз

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Заңы 

 

Жеке кәсіпкерлік туралы

(2009.20.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

2-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3. Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.  

Информация о работе Құқық формаларының (қайнар көздерінің) ұғымы