Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 20:20, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 18 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамуның барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған мәрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Азаматтық іс жүргізу нысанына түсінік.........................................................5
1.2 Азаматтық іс жүргізу нысанының құқығы мен бастаулары........................8
1.3 Азаматтық іс жүргізудің қайнар көздері.......................................................12
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
2.1 Азаматтық процестің негізгі қатысушылары...........................................12
2.2 Азаматтық істердің ведомстволық бағыныштылығы..................................15
2.3 Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдеу мен дәлелдемелер..................16
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................28
Сот төрелегін жүзеге асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқык, жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады.
Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық іс жүргізу нысаны құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтың сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жаллы ережелерді, іс жүргізу мерзім-дерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүр-гізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс және т.б. жатқызуға болады.
Азаматтың сотта іс қарау саласында құқықтық реттеу әдістері: императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.
Процессуалдиқ құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың жүйеленуі: реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу нормалары. Азаматтың іс жүргізу құқықтық нормалардың құрылымы: гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т.б.), диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың түрлері.
Кейбір құқық салалары кезінде іс жүргізуді бөлек қарастырып, өзінен бөліп шығарады. Жалпы іс жүргізу құқығы адам мен азаматтың құқықтарын қорғауға бағытталған нормаларды бекітіп, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерін реттейді. Азаматтық құқықтарды қорғау әр түрлі әдіс-тәсілдермен жүргізіледі. АІЖК 9-бабында келесі түрлері бекітілген: құқықтарын мойындау, жағдайларды орнына келтіру, іс-әрекетті тоқтату, шығындарды өтеу, айып пұлды талап ету.
Заңнамада қорғау нысандарының әр түрлі болуына құқықтардың қорғалу ерекшелігі, күрделілігі, құқықтық дәстүр себеп болады. Осы формалар ішінде ең жоғарғы деңгейдегісі - сот арқылы қорғалуы. Өйткені сот билігі - тәуелсіз, ең жоғарғы деңгейде. Негізгі әрекеті - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Конституцияның нормаларын іске асыру. Сондай-ақ ҚР Конституциясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде сот арқылы қорғау құқығы бекітілген.
Азаматтық іс жүргізу нысанының бастаулары дегеніміз – азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары - азаматтық, отбасылық, еңбектік-к,ұқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құра-мына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конс-гитуциясының 14-бабының 1 бөлігінде былай жазылған: "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең". Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі нормативтік актілердің қандай байланысы бар екенін айту қажет: ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын (ҚР прокуратурасы туралы, ҚР ҚІЖК, ҚР еңбек туралы, ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы және т.б.) оқып танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызамыз.
Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы -ҚР АІЖК-сі болып танылады.
Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚР АІЖК-сі 1999 жылгы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады. Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңнын, кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе. Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.
Азаматтық іс жүргізу
құқығының өзге құқық салаларым
Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданатын ұғымдар мен категория-ларын еске алу керек. Азаматтық іс жүргізу құқық өзге салалык, құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықдык, институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар.
Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымы іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні:
-тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс жүргізу құқығының өзі;
-азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары;
-азаматтың іс жүргізу құқығының тарихы;
-шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының жүйесі.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық ғылыми теориялық және тәжірибелік мәні бар бірқатар жалпы мәселелерді қарастырады: құқық пәні, принциптерді (қағидаларды) оқыту туралы, іс жүргізу құқықтың қатынастары мен оның субъектілерін, талап теориясы туралы, дәлелдеу туралы және т.б. - жалпы бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің әр сатысына байланысты маңызды проблемаларды зерттеу, олардың ерекшеліктерін, мәнін қарастыру - ерекше бөлім. Ғылым азаматтың іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуын зерттейді.
1.3 Азаматтық іс жүргізудің қайнар көздері
Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері:
- ҚР Конституциясы;
- ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы (24.12.2000 ж.);
- ҚР Президентінің
«ҚР Конституциялық Кеңес
- Азаматтық іс жүргізу кодексі 5-бөлім, 45-тарау, 426-баптан тұрады;
- Мемлекеттік (пошлина) баж туралы заң. Сот бажы;
- Прокуратура туралы ҚР Жарлығы;
- Адвокаттардың іс-әрекеттері туралы ҚР заңы. 5.12.1997 ж.;
- «Сот приставтары туралы» ҚР құқықтық актілері;
- Президенттің, Үкіметтің, әділет министрлігінің, салық комитеттерінің актілері;
- халықаралық актілер: келісімдер, мемлекет араларында көмек көрсету;
- шет мемлекеттерінен алимент іздестіру Конвенциясы
(30.12.1999 ж.).
Негізгі қағидалары: - заңдылық; - сот әділеттігі тек сот арқылы орнатылуы; - соттар тәуелсіздігі, заң алдындағы тендік, сот өндірісінің тілі. Осы іс жүргізу заңының әрекеті - мерзім бойынша жүргізіледі (АІЖК4-бабы).
- кеңістіктегі әрекеті барлық ҚР территориясында;
-дипломаттар мен елшілерге қатысты бекітілген заңдарға, мемлекет-аралық келісімдерге сүйенеді;
- барлық ҚР азаматтарына, шет мемлекеттерге аз тарайды. Азаматтық сот өндірісі дегеніміз - соттардың іс-әрекеттері, іске қатысушылардың мәжбүрлеп орындату органдарының әрекеттері.
Іс әрекеттердің сатылар жиынтығын өндіріс дейді. Сот өндірісінде нақты азаматтық істер қаралады.
Сот өндірісінің түрлері:
- талап өндірісі - құқық туралы даудың болуы;
- ерекше талап өндірісі - бір жағы міндетті түрде мемлекеттік орган;
- ерекше өндіріс - азаматтарды белгісіз жоғалды, өлді деп тану.
ҚР Конституциясы мен Азаматтық кодексте белгіленген осы құқықтар азаматтық сот өндірісімен қорғалады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы дегеніміз - азаматтық істер Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша сот төрелігін жүргізу тәртібін реттейтін нормалар жиынтығы, сондай-ақ сот шешімдерін мәжбүрлеп орындау тәртібі.
Азаматтық іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың іс-әрекеттерін, мерзімдерін белгілейтін - құқық саласы. Қарастыратын пәні: сот пен іс жүргізуге қатысушылардың арасындағы қатынастар.
Осы қоғамдық қатынастарды реттеу үшін мәжбүрлеу әдісі (ережелер, шарттар арқылы бостандықтар мен құқықтарды шектеу) қолданылады.
Құқықтық жүйесі: жалпы және ерекше бөлім.
Жалпы бөлім (азаматтық іс жүргізу заңнамасы туралы):
- азаматтық істердің сот қарауына жатуы;
- сот құрамы;
- қатысушылар, өкілдік дәлелдемелер мен дәлелдер;
- сот шығындары, мәжбүрлеу шаралары. Процессуалдық мерзім осы нормаларды ашып береді.
Ерекше бөлім ерекше жеке іс жүргізудің сатылары туралы мәлімет береді. Мысалы, талап өндірісі, ерекше өндіріс, Істі қайта қарау.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі 5 бөлімнен тұрады, атап айтқанда: 1-бөлім Жалпы ережелер; 2-бөлім бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу,осы екінші бөлімнің өзі 4 бөлімшеден тұрады, олар бұйрық арқылы іс жүргізу, талап қою бойынша іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізу, ерекше іс жүргізу; 3-бөлім сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу; 4-бөлім жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру және соңғы 5-бөлім халықаралық процесс.
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
2.1 Азаматтық процестің негізгі қатысушылары
Құқықтық қатынастар әрекет пен оқиғалардан туындайтын қоғамдық қатынастарда тараптар өзара құқықтарға және міндеттерге ие болып келеді.
Азаматтық (өндіріске) іс жүргізуде екі заңды қатынастар пайда болады:
- талап етуші мен сот арасында;
- жауапкер мен сот арасында.
- хот
- талапкер
- жауапкер
Азаматтық іс жүргізу қатынастары - сот өндірісінде сот пен басқа да сотқа қатысушылар арасында пайда болатын, азаматтық іс жүргізу нормалары мен реттелетін қоғамдық қатынастар.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілері - жеке және заңды тұлғалар және заңмен процессуалдық құқықтар мен заңды міндеттерге ие деп белгіленген мемлекет және ұйымдар.
Процесс субъектісі деген нақты іс бойынша қатысушылар құрамына кіретін және осы іске қатысып, белгілі бір орынға ие болған тұлға. Қатысушылар құрамы өте кең, ол істің ерекшелігіне тәуелді. Олардың атқаратын ролі, мақсаттары мен мәселелері де әр түрлі.
Қатысушылар келесі түрлерге бөлінеді:
- сот әділеттігін іске асыратын тұлғалар (соттар, сот, лауазымды тұлға - сот төрағасы)
- сотта іске қатысатын тұлғалар (прокурор, мемлекеттік орган);
- сот өкілдері;
- сотта іс жүргізуге үлес қосушылар (куәгер, эксперт, аудармашы, мамандар, затты сақтаушы).
Азаматтық процестің негізгі қатысушылары.
Азаматтық процестің негізгі қатысушылары - тараптар, АІЖК 44-бабында белгіленген. Тараптардың сипаттары:
- істің нәтижесінде заңды мүдделері бар;
- процесте өз аттарынан сөз алып, өз мүдделерін қорғайды;
- сот шешімінің заңды күшінің әрекетіне түседі;
- заңмен белгіленген процестік құқықтарға ие.
Процесс тараптарының негізгі
ерекшеліктері істің
Тараптардың түрлері АІЖК 48-бабында талапкер мен жауапкер деп белгіленген.
Талапкер - азамат немесе заңды тұлға, өз мүдделері бойынша талап-арыз беруші.
Жауапкер - талап-арыз берілген адам, тұлға. Сондай-ақ процесте тарап ретінде мемлекет те шығуы мүмкін.
Тараптар барлық берілген процессуалдық қүқықтарға ие (АІЖК 47-бап).
Процесте процессуалдық мәртебе (статус) қоса атқарылуы рұқсат етілмейді (тек қана жауапкер немесе талапкер), кейбір жағдайларда 2 процессуалдық статус болуы мүмкін:
- жауапкер талап етушіге қарсы талап берсе;
- егер де қатысушылар өз араларында бір адамға істі жүргізуін рүқсат етіп берсе.
Іске процессуалдық қатысушылық. Бұл бір істе бірнеше талап қоюшылар мен жауапкерлердің болуы, олардың істің нәтижесіне жалпыға бірдей мүдделері болу.
Негізгі мақсат:
- процесте уақытты үнемдеу;
- сот шығынын азайту,
Процессуалдық қатысушылық келесі жағдайларда пайда болады:
- даудың объектісі - бір құқық (мүлік, мұра, авторлық құқық);
- бір әрекет бірнеше қатысушыға бөлінсе.
Тиісті емес жауапкерді ауыстыру. Тиісті және тиісті емес жауапкерлер ұғымы белгіленген. Тиісті жауапкер - даулы материалдық қатынастардың тікелей субъектісі деп танылған тұлға, талап-арызға жауап беруге міндетті тұлға. Тиісті емес жауапкер - істің материалдары бойынша даулы материалдық қатынастардың субъектісі деген болжамға жатпайтын тұлға, іс бойынша жауап беруге міндетті емес. Тиісті емес жауапкер АІЖК 51-бабына сай ауыстырылады. Ол тек талап қоюшының келісі бойынша жүргізіледі, сот шешімімен рәсімделіп, тиісті жауапкер тартылады. Тек осындай ауыстыру жүргізілгеннен кейін жауапкер тиісті емес деп танылады. Сот қайта басынан бастап жүргізіледі.
Процессуалдық мирасқорлық - талаптың бір тұлғаның басқа тұлғаға өтуі (берілуі). Бұл процестің кез келген сатыларында болуы мүмкін.
Азаматтық процестегі үшінші тұлғалар. Үшінші тұлға деп азаматтық процесте қаралған іске өз мүдделерін қорғау үшін қатысатын тұлғалар танылады. Олардың негізгі сипаттары: