Азаматтық іс жүргізу нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 20:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 18 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамуның барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған мәрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Азаматтық іс жүргізу нысанына түсінік.........................................................5
1.2 Азаматтық іс жүргізу нысанының құқығы мен бастаулары........................8
1.3 Азаматтық іс жүргізудің қайнар көздері.......................................................12
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
2.1 Азаматтық процестің негізгі қатысушылары...........................................12
2.2 Азаматтық істердің ведомстволық бағыныштылығы..................................15
2.3 Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдеу мен дәлелдемелер..................16
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................28

Файлы: 1 файл

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫ.doc

— 218.00 Кб (Скачать файл)

- балаларды тәрбиелеу  туралы даулар бойынша істерді  қоспағанда өзінің жастығына,  дене немесе психикалық кемістігіне  орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар;

- өкілдің немесе қорғаушының  міндетін атқаруына байланысты  өздеріне белгілі болған мән-жайлар  туралы - азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстың іс бойынша қорғаушылар

-  шешім немесе үкім  шығару кезінде мәселелерді істің мән-жайын кеңесу бөлмесінде талқылау кезінде туындаған мәселелер туралы - судъя;

- оларға тәубаға келу  кезінде сенім білдірген адамдардан  белгілі болған мән-жайлар туралы - дін қызметшілері;

- заңда көрсетілген  басқа адамдар жатады. Сондай-ақ, сотта адам өзі-өзіне, зайыбына (жұбайына) және шеңбері заңмен белгіленетін жақын туыстарына куәлік айғақ беруден бас тартқан жағдайда куә ретінде танылмайды.

Сот баланың өсу деңгейін ескере оны сотқа куә ретінде  қатыстыруы мүмкін. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауал алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері (ата-аналары, асырап алушылар, қамқоршылар немесе қорғаншылар) де шақырылады.

Куә ретінде шақырылған адам сотқа ұйғарыммен тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақ беруге міндетті.

Көрінеу жалған айғақ бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә ҚР ҚК-нің 352,353-баптарында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бірақ куә "өз-өзіне, зайыбына (жұбайына) және жақын туыстарына" қарсы куәлік етуге міндетті емес. Әдетте сот отырысында куә айғақтарын ауызша береді, бірақ ерекше жағдайда (науқастығының, қарттығының, мүгедектігінің немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан) сот куәдан өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін. ҚР АІЖК-і бойынша куә бірқатар құқықтарға ие:

- сотта ана тілінде  немесе өзі білетін басқа тілде  мәлімдеме жасау;

- сотқа келуге байланысты жолақысы, бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі, іссапарға шыққан тұлғаларға тиісті тәулікақы төленуге тиіс;

- куә ретінде сотқа шақырылған жұмыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін жері бойынша орташа жалақысы сақталады;

-  еңбек қатынастарында  тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріліп және заңда белгіленген 1 (бір) айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып өтемақы алады;

- сотқа шақырылуына  байланысты шығындарды өтеттіруге және уаңытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға;

Азаматтық істі сотта  қарауға әзірлеу

Азаматтық істі сотта  қарауға әзірлеу — азаматтық  іс жүргізудің сатысы

Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы азаматтық іс қозғағаннан кейін сот азаматтық процестің келесі азаматтың істі сотта қарауға әзірлеу сатысына өтеді. Нақты азаматтық істі сотта қарау сатысында бұзылған немесе даулы құқықтар, бостандықтар және заңмен қорғалатын мүдделер қорғауы жүзеге асырылады. Егер істі қарау және шешу бойынша сәйкесті әзірлік жүргізілсе бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды қорғап шығуға мүмкіндік бар.

Кез келген азаматтық  іс бойынша сотта қарауға әзірлеу  жүргізілуі қажет, себебі, бұл маңызды рөл атқаратын азаматтық процестің жеке сатысы.

Сотта іс қарауға әзірлеуді жүргізу туралы заң талаптарын сақтау істі дұрыс және уақтылы шешудің негізгі шарттарының бірі. Сотта іс қарауға әзірлеу сатысы сотпен сәйкесті ұйғарым қабылдаудан басталады. Бұл ұйға-рымда жүргізілуге тиіс әрекеттер белгіленеді. Істі сотта қарауға әзірлік жүргізудің мақсаты - істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.

Осы мақсат ҚР АІЖК-нің 166-бабында  көрсетілген міндеттерді шешу жолымен  жүзеге асырылады. Азаматтық істерді әзірлеудің міндеттері:

1)  істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;

2) тараптардың құқықтың қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;

3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;

4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.

Кейбір ғалымдардың  пікірінше сотта іс қарауға әзірлеу  сатысында тек сот қана әрекет етеді, бірақ бұл түбінде осы сатының мәні мен мазмұнына сәйкес емес. Әрине, судьяның қызметі негізгі болып есептеледі, сондықтан оның әрекеттері азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен реттеледі. Бірақ әзірлік жүргізуге іске қатысушы тұлғалардың тікелей қатысы бар. Мысалы, тараптар іс бойынша сотқа дәлелдемелер ұсынуға міндетті.

Әзірлеу сатысында дәлелдемелер ұсынуға жағдай жасалуына байланысты іс жүргізуге басқа да тұлғалар қатысуы мүмкін. Осылай, мысалы, сотта істі қарауға әзірлік жүргізу кезінде алғашқы, қосымша және қайталама сараптама тағайындауға болады.

Іс жүргізуге қатысушылардын, атқаратын рөлдері әр-түрлі. Судья заңмен бекітілген іс-әрекеттер жасауға тиіс. Егер іс сот мәжілісінде қарауға тиісті түрде әзірленбесе, онда судья оны сот отырысында қарауға тағайындауға құқығы жок,. Әзірленбеген іс заңсыз және негізсіз шешім шығаруға, сондай-ақ осы сотпен қабылданған шешімді бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғады. Сотпен белгіленген дәлелдемелерді іске қатысушылармен ұсынбауы олардың мүдделерін қанағаттандырмайтын сот шешімін шығаруға әкеледі. Басқа қатысушылар іске қажет болған жағдайда қатысады.

Азаматтық істерді қарап, талап арызды (арызды, шағымды) қабылдағаннан  кейін судья істі сотта қарауға  әзірлеу жүргізеді және ҚР АІЖК-нің 168-бабына сәйкес ұйғарым шығарады.

Мына жағдайды ескерген жөн, егер жоғары тұрған сот төменгі сот шешімін бұзып және істі жаңа сот қарауына жіберсе, осы іс бойынша істі жүргізуші судья жаңадан істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым қабылдау қажет. Істі сотта қарауға әзірлеу заңмен белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

Сот хабарлаулары мен  шақырулары. Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығарудан басталады және істі сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарумен аяқталады.

Судья істі дайын болды  деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады және осымен бір мезгілде тараптар мен процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды.

Іс бойынша тараптарды және басқа да іс жүргізуге қатысушыларды (куәларды, сарапшыларды, мамандарды және аудармашыларды) сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы:

- соттың шақыру қағаздарымен (іске қатысушы тұлғалар және пошта арқылы);

- тапсырыстық хат арқылы;

- телефонограмма немесе  жеделхат арқылы;

- хабарлау мен шақырудың жасалуын қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарландырылуы немесе сотқа шақырылуы мүмкін, бірақ адамдардың сотқа уақтылы келуі және іске даярлануы үшін жеткілікті мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс.

Тәжірибеде жиірек сот хабарлаулары мен шаңырулар арасында соттың шақыру қағазы қолданылады. Соттың шақыру қағазы жіберілген азаматқа табыс етіліп, сотқа қайтарылуга тиісті түбіршегіне оның өз қолы қойылады. Үйымға жіберілген шақыру қағазы оның өкіліне немесе басқару қызметін атқаратын тиісті адамға табыс етіледі, ол шақыру қағазының түбіршегіне оны алғандығы жөнінде өзінің қызметін, тегін және аты-жөнін көрсетіп қол қояды.

Кейде шақыру қағазын  жеткізуші адам іс бойынша хабарланатын немесе шақырылатын азаматты тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмайды, онда ол шақыру қағазын олардың келісімімен:

- онымен бірге тұратын отбасының ересек мүшелерінің біріне;

- тұрғын үй пайдалану ұйымына;

- жергілікті өзін-өзі  басқару органына;

- адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органға;

- оның жұмыс орнындағы әкімшілікке тапсырады. Жоғарыда аталған жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру қағазының түбіршегіне өзінің тегін, атын, аты-жөнін, сондай-ақ адресатқа қатыс-тылығын немесе аткаратын қызметін көрсетуге міндетті. Содан кейін шақыру қағазын қабылдап алған адам мүмкіндігінше кідіртпей шақыру ңағазын адресатқа тапсыруға міндетті.

Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні көрсетілген және адресаттың шақыру қағазын алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру қағазының түбіршегін сотқа қайтаруға міндетті, себебі, одан кейін сотта іс қарау кезінде судья үшін сотта іс қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығаруға негіз бо-лып табылады.

Сот шығыны дегеніміз - азаматтық істі қараудан және іс бойынша шығарылған сот актісін орындауға байланысты пайда болған мемлекет пен іске қатысқан тұлғалардың шығыны. Сот шығынын төлеу істің аяғында мүддесі бар тұлғаларға міндеттеледі (талап қоюшыға, тараптарға). Бұл міндеттер заңмен белгіленген (мемлекеттің соттарды ұстауға шығарған шығынын өтеу). Сот шығыны мемлекеттік баж бен іс өндірісіне байланысты шығындардан тұрады. Сот шығыны АІЖК басқа да актілерімен реттеледі (ҚР «Мемлекеттік баж туралы» заңы, 1996 жылғы 31 желтоқсан). ҚР Үкіметінің 1999 ж. 26.08 №12 - 47 Қаулысы «Адвокаттармен көрсетілетін заңгерлік көмекті төлеу ережелері туралы».

Мемлекеттік баж - заңмен белгіленген міндетті төлем. Төлеушілер болып жеке және заңды тұлғалар танылады. Мемлекеттік баж келесі әрекеттер  үшін алынады:

- талап-арыз беруден;

- кассациялық шағым  беруден;

- сот пен құжаттардың  көшірмелерін бергені үшін. Мемлекеттік  баждың екі түрі бар:

- тікелей мемлекеттік  баж - көлемі нақты заңда белгіленеді  (неке қию талабынан 30 %, есептеу  негізі - кіші айлық көрсеткіштер);

-  пропорциялық мемлекеттік  баж - талаптың бағасынан есөптеледі.

Талап-арыздың бағасы (құны):

- өндіріп алуға жататын  бағаның есебінен;

- өндіріп алуға жататын мүліктің құнынан;

- алименттің бір жылғы жиынтық төлемдерінен;

- мерзімсіз және өмірлік  төлемдердің 3 жылғы төлем жиынтығынан (зейнетақы, жалақы);

- құрылыс нысанына  иелік құқығын талап етсе құрылыстың құнынан.

Мемлекеттік баждың ақылары  келесі көлемде алынады:

- мүлікті сипатты талап-арыздардан;

- жеке тұлғалардан 1 %;

- заңды тұлғалардан  3 %;

-  мемлекеттік органдардың  лауазымды тұлғалардың заңсыз  әрекеттеріне шағым түссе жеке тұлғаларға - 30 % заңды тұлғаларға - 50 %;

- мүлікті бөлуге 1 %;

-  сот шешімінің  көшірмелерін қайта беруі әр қүжат үшін -10 %, сондай-ақ әр бетке - 3 %;

-  заңды тұлғаларды банкрот деп тануға - 50% (104-бап, АІЖК)     сот     тараптардың     материалдық     жағдайларына байланысты бір жақты мемлекеттік бажды төлеуден босатуы мүмкін.

«Мемлекеттік баж туралы»  заңның 9-бабына сай төмендегілер төлеуден босатылады:

- еңбекке қатысты даулар бойынша талап қоюшылар;

- алиментке талап қоюшылар;

- материалдық зиянды  өтеуге талап қоюшылар;

- табиғатқа зиян келтіруді  өтеуге талап етушілер.

Іс өндірісімен байланысты шығындар. АІЖК 107-бабына сай бұл шығындар:

- куәгерлерге, эксаперттерге, мамандарға жататын баға;

- орнында қарау өндірісіне  байланысты;

- заттық дәлелдемелерді  сақтау шығыны;

- жауапкерді іздестіру  шығыны;

- іс бойынша (баспасөзде  жариялау) шығындар.

Сот шығынын тараптар арасында бөлу АІЖК 110-бабы. 111, 115-117-баптары бойынша:

- талап қоюшы талаптан  бас тартса;

- жауапкерден талап  қоюшы босатылса.

Сотта өкілдік жасау. Кейбір жағдайларда азаматтар өз істері бойынша сотта өкілдері арқылы іс жүргізуге қатысуы мүмкін. Мысалы, денсаулығына байланысты өзі қатыса алмағанда мекеме атынан заңды өкіл іске қатысуы мүмкін (заңгер, ақтаушы).

Бұл жерде екі процессуалдық қатынас туындайды:

- сот пен өкіл арасында;

- өкілет беруші мен  өкіл арасында. Соттық өкілдіктің  мақсаттары:

- өкілеттік берушінің заңды мүдделерін сотта қорғау;

- сондай-ақ өкілеттік берушіге көмек ету;

- сотқа дұрыс шешім шығаруына үлес қосу.

Соттағы өкілдік - сенім  беруші мен берілген өкілеттік шеңберінде сотта іс жүргізетін жеке тұлға. Соттағы өкіл келесі сипаттарға ие;

-олардың процессуалдық міндеттері мен құқықтары сенім берушінің еркіне тәуелді;

-процесте сенім берушінің мүддесі бойынша және соның атынан сөз алады.

Соттағы өкіл кез келген әрекет қабілеттілігіне ие болған тұлға бола алады. Сот өкілі болып келетін тұлғалар шеңбері кең, олар: адвокаттар, заңгерлер, бас есепші, кадр бөлімінің инспекторы, сенім берілген тұлға.

Сот өкілдерінің негіздері - сенім беруші мен өкіл арасындағы қатынастар.

Сот өкілеттігі екі түрде  кездеседі:

- тапсырма бойынша  өкілдік;

- заңды өкілдік.

Тапсырма бойынша өкілдік - келісім, жарғы бойынша өкілдік - мысалы, еңбек шарты.

Заңды өкілдік - туыстық  факт бойынша, сот актісі бойынша  адвокат тағайындау.

Сот - өкілдің құзыреті:

- іс материалдарымен  танысу;

- сот хаттамасымен  танысу;

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу нысаны