Азаматтық іс жүргізу нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 20:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 18 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамуның барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған мәрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Азаматтық іс жүргізу нысанына түсінік.........................................................5
1.2 Азаматтық іс жүргізу нысанының құқығы мен бастаулары........................8
1.3 Азаматтық іс жүргізудің қайнар көздері.......................................................12
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
2.1 Азаматтық процестің негізгі қатысушылары...........................................12
2.2 Азаматтық істердің ведомстволық бағыныштылығы..................................15
2.3 Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдеу мен дәлелдемелер..................16
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................28

Файлы: 1 файл

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫ.doc

— 218.00 Кб (Скачать файл)

-  басқа тұлғалардың  арасындағы даулар бойынша процесіне  кіріседі;

- өз мүдделерін қорғайды;

- сот шешімі олардың  заңды негіздеріне байланысты  болуы мүмкін;

- үшінші тұлға іске  талап-арыз беру арқылы қатысады;

- іске қатысуы туралы  сот шешімі шығарылады, АІЖК 344-бабы бойынша Іске қатысуына рұқсат етілуі белгіленген.

Азаматтық процестегі прокурордың  міндеті. Прокуратураның негізгі әрекеті - атқарушы өндірістің заңды болуын прокурорлық қадағалау. Конституция заңдар мен халықаралық келісімдерді бірізді және нақты орындалуын талап етеді.

Прокурордың іске қатысу кездері:

- сот өндірісінде заңдылықты  қамтамасыз өту;

- азаматтардың мүдделерін қорғау;

- мемлекеттің, ұйымдардың мүдделерін қорғау.

Прокурордың азаматтық  сот өндірісіне қатысқанда келесі формалары бар:

- талап қою, сотқа  өтініш беру;

-  басқа тұлғалардың өтініші бойынша басталған процеске қатысу.

Прокурордың қорытынды  беру мақсаты мен процесте қатысуы келесі жағдайларда міндеттеледі

- заңмен белгіленсе;

- азаматтардың белгісіз  жоғалуы мен өлді деп танылуы;

- жоғарғы инстанциядағы  прокурордың бұйрығы бойынша іске қатысады.

Прокурор апелляциялық өндіріске қатысады, осы қайта  қарауға сот актілерін жіберуіне  тұлғалардың қайта қарауға өтініші арқылы апелляциялық сотқа істі жіберуіне құқылы.

Прокурор іске қатыса алмайтын жағдайлар;

- алдыңғы іс қарауда  куәгер ретінде қатысса.

Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың азаматтық  процеске қатысуы. АІЖК 56, 57-бабында мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары іске кірісуші немесе іске тартылған тұлғалар болып танылады. Олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері АІЖК 47-бабында белгіленген (іс материалдарымен танысуға, дәлелдемелер беруге, сот мәжілісінің хаттамасымен танысуга).

Процеске қатысу негіздері: іс нәтижесінде мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерінің болуы. Осы тұлғалар процесте басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін өздеріне берілген құзыреттерінің шеңберінде қорғайды.

Азаматтық процеске қатысу мақсаттары:

- азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын қорғау, бір тұлғаның құқығы мен міндеттерін қорғай отырып жалпы мемлекет немесе қоғам мүддесін қорғайды (қоршаған ортаны қорғау, әрекеті қабілетсіз азаматтарды қорғау);

- өз тиесілі құқықтары  мен мүдделерін қорғай алмайтын  азаматтардың   құқықтарын   іске   асыру   (денсаулығына,   жасына байланысты);

- сотқа істің нақты  жағдайларын орнатуға көмек ету.

АІЖК 56,  57-бабында  процеске  қатысудың екі формасы бекітілген:

-  басқа тұлғалардың  қүқықтарын қорғау мақсатымен  сотқа таләп-арыз беру (АІЖК 56-бабы);

- басталған процеске  істің қорытындысын беру үшін  кірісу..

Сотқа талап-арыз беруге құқықты органдар. Қамқоршылық органдар:

- некені заңсыз деп тану;

- ата-ана құқығынан айыру;

- бала асырауын жарамсыз деп санау;

- азаматты жоғалды  деп санау. Мемлекеттік органдар;

- мәмілені әрекетсіз деп санау;

-жылжымайтын мүлікке коммуналдық иеленушілік құқығын мойындау;

-жасөспірімдер ісі бойынша комиссия;

- қоғамдық ұйымдар,  Жеке тұлғалар:

- сайлау құқығын қорғау;

- әрекет қабілетсіздігін растау.

Басқа тұлғалармен басталған іске қатысу, бұл жағдайларды дәлелдеу, растау, қорытынды беру мақсатымен:

-  балаларды тәрбиелеу  бойынша дауға қорытынды беру  үшін қамқоршы органдары;

- тұрғын үй органдары - үй болу, ауыстыру мәселөлері бойынша;

- әлеуметтік сақтандыру органдары, зейнетақы тағайындау. Мемлекеттік органдар қорытынды беру үшін іске қатысқан уақыттарында іс материалдарымен танысуға, дәлелдемелерді ұсынып,   олардың  зерттеуін   анықтауына   қатысуға   қүқылы, қосымша дәлөлдемелерді талап етуге құқылы, соттың шешіміне шағым түсіруге құқылы.

Мемлекеттік органның қорытынды актісі жазбаша түрде беріледі. Мысалы, баланы тәрбиелеу дауы туындаса, қамқоршы орган оның тұрмысын зерттеп, материалдық жағымды жағдайы бар ата-ананың біреуіне береді. Осындай әрекеттері жағынан ұқсас тұлғалар: зксперт, сарапшы, маман қатысуы мүмкін. Бірақ мемлекеттік органдардың олардан айырмашылығы:

- істің аяғында заңды  мүддесі бар;

-  мемлекеттік органдардың  істе қатысуы заңда белгіленген 

-  істің аяққы шешімінің қандай болуына пікір айтып, үлес қосады.

 

2.2 Азаматтық  істердің ведомстволық бағыныштылығы

 

Азаматтық даулар әр түрлі  органдармен шешіледі (мемлекеттік  сот, нотариуспен, атқарушы органдармен). Азаматтық құқықтарды қорғау екі формада жүргізіледі;

- соттық;

- соттық емес (қоғамдық, нотариалдық, әкімшілік). Даудың  қай органда шешілу мәселесін  қарау - бұл істің ведомстволық  бағыныштылығын анықтау.

Ведомстволық бағыныштылықтың  түрлері белгіленген:

- ерекше соттылық (бір  органның қарауына);

- көп соттылық (бірнеше органның қарауына). Көп соттылық өзінде:

- балама соттылық (өз қалауы бойынша);

- келісімді соттылық (АІЖК 25-бабы);

- тегеурінді соттылық (императивті - бірнеше органмен, заңмен белгіленген кезекпен);

-  аралас ведомстволық  соттылық бірнеше органмен қаралуы мүмкін, мысалы, еңбек даулары.

Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныштылығы

АІЖК 24-бабы сот құзырына азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, қоршаған ортаны қорғау даулары бойынша талап-арыздарды қарау жатады,

АІЖК 25-29-баптарына сай ерекше талап қою өндірісін қарастырады:

- сайлау құқығын қорғау;

- әкімшілік органдардың  актілеріне қарсылық талап қою;

- құқықтық актілердің заңдылығын.

АІЖК 31-39-баптарында ерекше өндіріс істерін қарау соттарға жатқызылады:

- заңды маңызы бар  фактілерді орнату;

- азаматтарды белгісіз  деп тану;

- әрекет қабілетсіздігін  растау;

- нотариустың әрекетіне  қарсылық білдіру;

- заңды тұлғалардың банкротқа ұшырауы туралы;

- АХАЖ жазбаларын дұрыс еместігін анықтау бойынша;

-  бұйрық өндірісі бойынша даусыз талаптарды қарастырады (соттар).

А!ЖК 140-бап - нотариалдық  куәландырылған  мәміленің негізінде талап бойынша:

- алиментті талап ету;

- еңбек ақыны талап  ету (шағылған, бірақ төленген);

- ломбардтық борышкерге қойған талабына. Істердің төрелік сотқа вөдомстволық бағыныштылығы. Төрелік сот - қоғам тарихында ең ескі көне сот. АІЖК 192-бабы бойынша, терелік соттың мағынасы - тараптар өз ара-ларында пайда болған дауды үшінші тұлғаға шеше береді. Төрелік сот экономикалық дауларды қарастырады. ҚР шетел құқығының субъектілерінің қатысуымен байланысты дауларды шешеді.

Азаматтық істердің соттылық бағыныштылығы

Соттылық дегеніміз - бір инстанциядағы соттың азаматтық  істерді қарауы бойынша құзыры. Жергілікті соттар:

-  облыс және оған  теңелген соттар жатады (әскери  сот, республикалық деңгейдегі қалалардың соттары);

-  аудандық және  оларға теңелген соттар (қалалық,  аудандық, әскери гарнизон соты).

Соттардың құзырын биіктету тектік және аймақтық соттылық деп бөлінеді. Тектік соттылыққа бірінші инстанцияда қаралатын істердің соттылығы жатады.

Аймақтық соттылық АІЖК 31-33, 39-баптары бойынша;

- талап қоюшының мекенжайына  байланысты;

- нысандардың тұрған  аймағында;

- мұраның тұрған аумағында.

 

2.3 Азаматтық  іс жүргізудегі соттық дәлелдеу  мен дәлелдемелер

 

Жағдайлардың анығын білу үшін соттық дәлелдемелер қажет.

Соттық дәлелдеу келесі әрекеттерден тұрады:

- дәлелдемелерді жинау, ұсыну;

- зерттеу, сот мәжілісінде  қарау;

- дәлелдемелерді бағалау.

Дәлелдемелер АІЖК 64-бабының  бірінші пункті - нақты деректер іске қатысты және істе маңызы бар деректер (берілгендер):

- куәгерлердің көрсетуі;

-жазбаша дәлелдемелер,

-сарапшылардың қорытындысы  жазбаша түрде, белгілі бір  формада беріледі.

Сараптаманың түрлері - жеке, комиссиялық, кешенді, қосымша және қайта сараптау. Дәлелдемелер алу тәсілдеріне қарай 5 түрге бөлінеді:

- тараптар мен үшінші  тұлғалардың түсінігі;

- куәгердің көрсетуі;

- жазбаша дәлелдемелер;

- заттық дәлелдемелер;

- сарапшылардың қорытындысы.

Тараптар мен үшінші тұлғалардың түсінігі - бұл тараптардың құқықтары мен міндеттері: сот өндірісінде тараптардың бірі екінші жақтың берген түсінігін мойындайды.

Соттық мойындау сот  хаттамасына енгізіліп, іске қатыстырылады.

АІЖК 79-бабының бірінші  пунктінде куәгер болып кез келген тұлға кірісуі мүмкін. АІЖК 79-бабының екінші бөлімінде куәгер ретінде жатпайтын тұлғалар белгіленген, олар:

- кәмелеттік жасқа  толмаған азамат;

- әрекеті қабілетсіз  деп танылған азаматтар.

- қорғаушылар;

- діни ұйымдарының қызметкерлері;

- сот.

Сондай-ақ туыстары өзі-өзіне қарсы көрсету фактілерін бермеу құқығы белгіенген. Куәгердің міндеттері мен құқықтары АІЖК 80-бабында бекітілген, 352, 353-баптар бойынша жауапкершілікке тартылады (уақытында келу, жалған дәлелдемелер бермеу).

Соттық дәлелдеу және дәлелдеу құралдары. Соттық дәлелдеу - бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойынша процестке қатысушылардың қызметі. Өзгеше айтар болсақ - бұл тараптардың және өзге де қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зерттеуге әрекеті. Мұндай құқық ҚР АІЖК-нің 47-бабында көзделген.

ҚР АІЖК-нің 65-бабына сәйкес, әр тарап (талап қоюшы және жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Осы мән-жайларды ҚР азаматтық іс жургізу заңында белгіленген нақты деректер арқылы дәлелдеу қажет. Бұл нақты деректер:

- тараптардың және үшінші түлғалардың түсінік-темелерімен;                                     

- куәлардың айгаңтарымен;

- заттай дәлелдемелермен;

- сарапшылардың қорытындыларымен;

- іс жүргізу әрекеттерінің  хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Жоғарыда аталған деректерді басқаша - дәлелдеу құралдары деп атайды. Дәлелдеу құралдары - бұл сотта істің мән-жайларын анықтау үшін қолданылуы мүмкін құралдар.

Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады.

Осы түсініктемелерді мынадай  түрлерге бөліп қарастырады:

- Жазбаша;

- Ауызша;

- Талап;

- Мойындау.

Жазбаша түсініктемелер талап арызында немесе талапқа қарсылық білдіруде көрінеді. Ауызша түсініктемелерді төрағалык; етуші (судья) қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етіп, процеске қатысушылардың келуін тексерген соң тараптар мен үшінші тұлғалар береді. Талап-деректер туралы тараптардың баяндамасы және олар осы деректерді анықтауға мүдделі болады. Мойындау - басқа тарап дәлелдеуге тиіс деректерді екінші тараптың тануы. Тараптың талабын немесе қарсылығын негіздейтін деректерді екінші тараптың мойындауы ол тарапты осы деректерді одан әрі дәлелдеу қажеттілігінен босатады. Тарап мойындаған дерек сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған деректі мойындаған тарап қол қояды.

Егер деректілерді тану шындығында болмаған мән-жайды жасыру мақсатымен не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйгарым шығарады. Мұндай жағдайда осы деректер жалпы негізде дәлелденуге тиіс.

Деректі тану бұл түсініктемелердің бір түрі, сондықтан оны талап танумен шатастыруға болмайды.

Куәлардың айғақтары. Куә - іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға. Сотта куә берген мәліметтер - куәнің айғақтары деп аталады. Белгілі бір адамды куә ретінде (оның тегін, атын, әкесінің атын және тұратын жерін немесе жұмыс орнын белгілеп, сондай-ақ бұл адамнан жауап алу қажеттілігін негіздей отырып) сотқа шақырту туралы іске қатысушылар өздерінің өтінімдері арқылы, ал талал қоюшы - талап арызында көрсетеді.

ҚР АІЖК-нің 79-бабының 2-бөлігіне сәйкес куә ретінде бола алмайтын тұлғалардың тізімі көрсетілген. Оларға:

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу нысаны