Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 06:41, контрольная работа
Өзара әрекеттесу, өзара ықпал, сонымен бiрге қазiргi ғаламдану процестерінiң қарқынды ықпалы жағдайында халықаралық және ұлттық құқықтың өкiлеттiктерi шеңберiнiң шектелуi маңызды практикалық және теориялық мәні бар көп жоспарлы ғылыми проблема ретінде қалып отыр. С.И.Ожеговтың орыс тiлінің сөздiгіне сәйкес «өзара байланыс», «өзара әрекеттесу» сөздері «екi құбылыстардың өзара байланысы», «қатынас» мағынасында қолданылады, мысалы, өзара әсер ету, өзара тәуелділік, өзара пайда сияқты.
1. Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының теориялық негіздері
2. Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы нысандары
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сондықтан халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың бір бірімен жолығу шегін терең зерттеу талап етіледі, ұлттық құқықтық жүйені жетілдіру үшін үнемі жұмыстар жүргізілуі қажет және бұл халықаралық құқықтық нормалар мен қағидалармен өзара әрекетінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Осы өзара әрекеттің сипатын, нысанын және құралдарын нақты білу қажет. Қазіргі таңда Еуропалық аумақтық құқық бар, Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының, ТМД аясында құрылған әр түрлі аумақтық бірлестіктердің құқығы дамуда, жаһандану күші артуда. Адам құқықтарының басымдығы жарияланып, оларды қорғауға және қамтамасыз етуге ұлттық құқықтың да, халықаралық құқықтың да күші бағытталуда.
Біздің зерттеуімізде халықаралық жария құқық пен ұлттық жария құқықтың арақатынасы қаралады, өйткені мамандардың пікірінше, халықаралық жеке құқықтың қалыптасу логикасы басқаша, ол ұлттық құқықтан халықаралық құқыққа айналады және онда өзінің ерекше орны бар.
2. Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы нысандары
Халықаралық және ұлттық құқық арақатынасын жалпы сипаттағанда түрлі анықтамалар қолданылады: «өзара байланыс», «бір біріне әсер ету», «бейімделу» және т.б. Аталған құқық жүйелері арақатынасының нысандарына талдау жасаған кезде ғалымдар түрлі терминдер қолданады: жіберу, рецепция, трансформация, имплементация, ұлттық-құқықтық имплементация, адаптация (бейімделу), легитимация және т.б. Ұлттық құқыққа халықаралық құқық нормаларын енгізу процесін сипаттайтын «транформация» сөзі барынша жиі қолданылады. «Трансформация» терминін көптеген ғалымдар қолдамайды. Мысалы, А.Гринберг итальяндық заңгерлердің (А.Пергола, К.Мортати) тәжірибесіне талдау жасай отырып, транформация емес, бейімделу терминін қолдану екі құқықтық тәртіп арақатынасының дуалистік теориясы тұрғысынан барынша ақталған және процестің өзінің заңды мәнін нақтырақ көрсетеді және соның арқасында халықаралық-құқықтық норманың қайта құрылуы емес, нақты халықаралық нормаларға сәйкес келетін ішкі құқықтық нормалардың құрылуы туралы айтады. Халықаралық және ішкі құқық арақатынасы нысандарын сипаттайтын терминдердің көптігі әбден ақталған, себебі халықаралық құқық нормаларының әрекет ету мәселесін әр мемлекет өз бетінше шешеді, өйткені мемлекеттің мойнына алған халықаралық міндеттемелерді (нормаларды) орындауды қамтамасыз ету нысандары мен әдістері әр мемлекеттің жеке құқығына тиесілі, ол ұлттық құқықты жетілдірумен қатар, әрі қарай жемісті жұмыс жасау үшін халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы аясындағы терминологияны белгілі жүйеге келтіруді талап етеді, өйткені ғылыми зерттеуге деген маңызды талаптардың бірі зерттеуші қолданатын түсініктердің нақтылығы болып табылады. Түсініктердің мазмұнын нормативтік, немесе бірінші кезеңде, доктриналды бекіту құқықты біркелкі норма шығармашылықта, түсіндіруде және қолдануда маңызды рөл ойнайды.
Ұлттық және
халықаралық құқық
Ғылыми әдебиеттерде
халықаралық және ұлттық құқық арақатынасын
сипаттайтын терминдер мен
Нақты саны белгісіз
және бір бөлігі ғана мемлекеттердің
Парламенттерінде ратификацияланатын
халықаралық шарттар
Халықаралық-құқықтық құжаттардың әр түрлі деңгейлігі ұлттық құқықтың олармен әр түрлі қатынасқа түсуіне әкеп соғады. Егер ұлттық заңнама иерархия және т.б. түрдегі нақты жіктелген болса, онда халықаралық құқық күрделі, жіктеуге қиындық туғызатын үлкен материал болып табылады. Төменде халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының талдауын ұсынып отырмыз, ол логикалық байланыстағы талданып отырған материалды топтарға жіктеуге мүмкіндік береді және талдау үшін ыңғайлы болып табылады.
Халықаралық құқық,
Г.И.Тункиннің классикалық
Мемлекетаралық құқықта халықаралық құқық нормаларын құрайтын ұлттық құқық нормаларының өзара әсері байқалады. Бұл мемлекеттің құзырлы органдары ратификациялаған, сонымен қатар ратификацияланбаған шарттары да болуы мүмкін. Әлемде таралған тәртіп бойынша Парламент ратификациялаған халықаралық шарттар әрекет етуші ұлттық құқыққа қарағанда жоғары заңды күшке ие болуы тиіс. Қалған шарттар өзінің иерархиясы бойынша мемлекетте әрекет ететін заңнамадан төмен тұрады және міндетті түрде ұлттық заңнамамен келісіледі. Бұл мысалы, Қазақстан Республикасына тән.
Жалпы халықаралық құқық - әлемнің бүкіл аумағын қамтитын мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымының белсенді қатысуымен жасайтын құқық. Аталған терминді анықтаған кезде өз алдына алынған мемлекет немесе аймақтың халықаралық құқығы, мысалы, «Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы» немесе «халықаралық африкалық құқық» және тіпті «халықаралық америкалық құқық», сонымен қатар «ТМД немесе Еуропалық Одақ халықаралық құқығы» бола алмайтынын негізге алдық.
Мексикалық заңгерлер халықаралық құқықты бүкіл әлем мемлекеттерінің мүддесін көрсететін заңды нормалардың жиынтығы ретінде анықтайды, және әдетте, халықаралық құқық субъектілеріне өз бостандығы үшін күресуші ұлттар мен халықтарды жатқызбайды, бірақ бір уақытта олар жеке тұлғаларды халықаралық құқық субъектілері ретінде таниды.
Аймақтық құқық
екіден артық мемлекеттер арасында,
бірақ бір аймақ шегінде
Аймақтық құқықтың негізгі өзегі ірі мемлекеттер тобы болып табылады және аймақтың бірнеше немесе барлық мемлекеттері оған қабыса отырып жасалады. Субъектілердің құқықтық мәртебесіне байланысты мемлекетаралық жүйелер, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы және халықаралық ұйымдар арасындағы жүйелер ажыратылады.
Халықаралық және Қазақстан Республикасы ұлттық құқығы арақатынасындағы нақтыланған терминологиялық база, біздің ойымызша, терминдердің үш блогынан тұрады. Арақатынас нысандары өзара тығыз байланыста болғаны халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқыққа енуінің көп аспектілігі туралы дәлелдейтіндігін ескеру қажет.
I. Трансформация. Құқықтануда «трансформация теориясы» бар, ол термині бойынша мемлекетішілік құқықта халықаралық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттің құқықтық актісімен жанамалануы тиіс, яғни халықаралық шартты жасау мен ішкі құқық субъектілерінің арасында мемлекеттің ерік актісі болуы керек. Бұл ғылымда халықаралық және мемлекетішілік құқық құқықтың әр түрлі жүйелеріне жататыны туралы пікір кең тарағандықтан, халықаралық шарт мемлекеттің егемендігіне байланысты мемлекетішілік құқық субъектілері үшін тікелей құқықтар мен міндеттер жасай алмайды. Бұл теория халықаралық құқық үшін негізінен Е.Т. Усенко, Д.Б. Левин, С.В. Черниченко, Р.А. Мюллерсон енгізген.
«Трансформация» термині (латынның тransformatio – қайта құру, өзгерту) қайта құруды, өзгертуді білдіреді. Көбінесе қоғамдық ғылымдар бұл түсінікті радикалды құрылымдық өзгерістерді суреттеу үшін қолданады. Ол қоғамдық ұйымның жаңа сапалы жағдайына көшуді білдіреді. Трансформациялық процесс келесідей сатылардан өтеді: қоғамның осы күнгі жағдайын қайта бағалау; әлеуметтік диагностика, дағдарыстан шығудың мүмкін жолдарын анықтау; ескірген жүйені бөлшектеу; қоғамның жаңадан өзін-өзі билеуі. «Трансформация» термині жаңа әлеуметтік-экономикалық саясатқа көшкен посткеңестік мемлекеттердегі өтпелі процестерді нақты сипаттайды. Осылайша, біздің ойымызша трансформация дегеніміз – мемлекет нысанының немесе құқықтық жүйенің көлемді өзгерісін сипаттайтын термин. Мысалы, қазақ қоғамының саяси трансформациясы туралы Президент Н.Ә.Назарбаев «XXI ғасыр табалдырығында», «Қазақстан 2030: «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Президенттің Қазақстан халқына жолдауы», «Қоғам трансформациясы стратегиясы және Еуразиялық өркениеттің қайта дамуы» атты еңбектерінде жазды. Бұл процесс бірнеше терминдермен сипатталуы мүмкін: адаптация, модернизация және бейімделген модернизация.
Адаптация (лат. adaptatio–лайықтау, бейімдеу) –өзара байланысты нормативтік құқықтық актілер блогы деңгейінде ұлттық құқықтың біртіндеп өзгеруі, әлемдік қоғамдастықта әрекет етуші құқықтық дәстүрлерді ескеру, үнемі туындайтын ішкі және сыртқы факторларға лайықтану мақсатында сала ішілік, салалық және тіпті түгелдей жүйе ауқымында өзгеру.
Ұлттық құқықтық
жүйенің адаптациясы
Модернизация (фр. мoderniser – осы заманға сай істеу) – өтпелі кезеңде қоғамдық өмірдің барлық жақтарының елеулі жаңаруы («заманға сай жаңалануы») негізінде елдің мемлекеттік-құқықтық құрылымының уақыт бойынша ұзақ емес, ерікті өзгеруі. Бұл Ежелгі әлем уақытынан белгілі Non progredi est regredi» – «прогрестің жоқтығы – регресс» қағидасы бойынша дамитын барлық мемлекеттерге тән үздіксіз процесс. Модернизация эволюцияның құрамдас бөлігі болып табылады және ол революцияға (латын тілінде re-volutio тіркесі «кері қозғалу, артқа шегіну» дегенді білдіреді - кейіннен мемлекеттің әрі қарай дамуына жағымсыз әсер етуі мүмкін мемлекет және құқық дамуының күтпеген, күшпен, өткінші өзгеруі) қарама-қарсы.
Модернизацияның
әмбебаптылығы оның материалдық
негізге сүйене отырып, сонымен қатар
қоғам мен мемлекеттің
Модернизация процесі біртіндеп ескірген таптық және әлеуметтік құрылым жоқ болып, қысқа тарихи уақыт ішінде жаңа қоғам құрылатын өркениеттің шыңына жету қозғалысын білдіреді /24, 4б./.
Мемлекеттің жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастарға көшу кезіндегі модернизацияның революциялық өзгерістер жағдайында болатын «қатаң терапиядан» өзгешелігі, ол кең ауқымды өзгерістерді өткізуде аяушылық танытып, жаңаның ескіні бұзбай, соған негізделіп, оны сақтап, ескіргенді кезең-кезеңмен алмастыру табылады.
Бейімделген модернизация – радикалды өзгерістерге әкеп соғатын және мемлекеттің көп полярлы әлемде жаңа тәуелсіз жағдайға бейімделу мақсатын көздейтін мемлекеттік-құқықтық құрылымның және экономикалық қатынастардың кезең-кезеңмен, жоспарлы өзгеруі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев біздің елде болып жатқан реформаларға бейімделген модернизация терминін лайықты деп санайды. Бұл процеске арнайы бөлім арналған.
II. Имплементация (лат. implementatio – енгізу, жүзеге асыру) – ұлттық құқықтық жүйеге халықаралық немесе шетелдік құқық нормаларын енгізу процесін сипаттайтын термин. Имплементация термині көбінесе мемлекет халықаралық-құқықтық актіні ратификациялағаннан кейін басталады, бірақ халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқыққа имплементациясы ратификацияға дейін де жүзеге асырылады (Қазақстан тәжірибесінен көруге болады). Халықаралық құқық нормаларының имплементациясы мәселесі зерттеушілердің еңбектерінде, мысалы, А.С.Гавердовскийдің «Халықаралық құқық нормаларының имплементациясы» монографиясында қарастырылған. Халықаралық-құқықтық нормалардың имплементациясы мәселесіне арнаған ғылыми зерттеулер арасында Э.М.Аметистов, Дж.Д. Джебриннің т.б. еңбектері арналған, А.Н.Талалаев, И.И.Лукашук, Е.Т.Усенконың т.б. жоғарыда көрсетілген еңбектері.
Имплементация
белгілі бір халықаралық
Ол халықаралық-құқықтық нормаларды тікелей жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенін жүргізуді көздейді. Одан басқа И.П.Блищенко қазіргі заманғы халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын мемлекет аумағында және халықаралық құқық субъектілері арасындағы қатынаста да жүзеге асыруды имплементация деп атауға болады деп санайды /11/.