Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 06:41, контрольная работа
Өзара әрекеттесу, өзара ықпал, сонымен бiрге қазiргi ғаламдану процестерінiң қарқынды ықпалы жағдайында халықаралық және ұлттық құқықтың өкiлеттiктерi шеңберiнiң шектелуi маңызды практикалық және теориялық мәні бар көп жоспарлы ғылыми проблема ретінде қалып отыр. С.И.Ожеговтың орыс тiлінің сөздiгіне сәйкес «өзара байланыс», «өзара әрекеттесу» сөздері «екi құбылыстардың өзара байланысы», «қатынас» мағынасында қолданылады, мысалы, өзара әсер ету, өзара тәуелділік, өзара пайда сияқты.
1. Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының теориялық негіздері
2. Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы нысандары
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бұл процесс
ең алдымен халықаралық құқық
нормаларының, жаңадан құрылған мемлекеттерде,
саяси құқықтық режимдерде, мысалы,
қазіргі Ауғаныстанда ұлттық құқықтың
қалыптасуын сипаттайды. Мұнда мемлекеттің
құрылуы өзара қақтығысушы
Ұлттық құқықтық жүйелердің өзара байланысын зерттеу өзекті болуда, өйткені ол болашақта адамзаттың бейбіт, үйлесімді қатар өмір сүруіне негіз болатын құқықтың жаңа түрінің, яғни метақұқықтың пайда болуына алып келуі тиіс. Метақұқық түсінігі ғылымға жақында ғана енді және шетелдер ғылымында (Америка Құрама Штаттарында, Ресейде) кеңінен қолданылуда. Қазақстандық ғалымдар ішінде метақұқық мәселелерін қарастыру бойынша даусыз басымдылық атақты құқық теоретигі, ғалым С.Ф.Ударцевқа тиесілі, ол «құқықтық эволюцияның жаңа кезеңінде құқықты түсінудің концепциясына мағыналық және құндылық түзету қажеттілігін» негіздеп, метақұқық деп аталатын құқық эволюциясының сатысын көрсетеді. Бұл жерде ғалым «құқықтық дамудың планеталыққа дейінгі деңгейінен кейінгісі ретінде метақұқықтың екі деңгейін: а) планетарлық немесе планеталық (нақтырақ өркениеттік) және б) гипотеттік өркениетаралық» бөледі. С.Ф. Ударцевтың пікірінше, «метақұқық – құқықтың терең табиғаты мен масштабын планеталық және ғарыштық деңгейде ашатын, құқық эволюциясы фазасының заңды және аяқтаушы құқықтық даму циклі» /29/.
Метақұқық туралы ғылымның дамуы ХХ ғасырдың басында «ноосфера» туралы идеяның пайда болуының заңды жалғасы болып табылады. В.И.Вернадский қазіргі адамзат Л. Агассистің (1807-1873) идеясын қайта жаңғыртқан А.П. Павлов (1854-1929) антропогендік (антропологиялық) эра деп атаған эрада өмір сүріп жатыр деп көрсетеді. Павловпен қатар, бірақ одан тәуелсіз Калифорниядағы Le Conte мен Жаңа Англиядағы К. Шухерт қазіргі эраны «психозойлық» деп атады. Мұны В.И. Вернадский ноосфераның (бұл сөзді ғылыми айналымға ХХ ғасырдың басында Леруа енгізді және гректің «ноос» - сана, «сфера»-жердің сыртқы қабаты деген сөзінен шыққан «сана патшалығы» деген мағынаны береді) пайда болуын білдіретін дәл анықтама деп санайды. Және тарих адамзатты бірігуіне, ноосфераға – біртұтас планеталық құрылым ретіндегі адамзат ұйымының болашақ бірлігіне алып келе жатыр дейді. А.Тойнби В.И. Вернадскийдің биосфераны ноосфера алмастырады деген гипотезасы түріндегі әлеуметтік эволюция идеясын қолдайды. Шынында да, ХХ және ХХI ғасырларда қатты белең алған жаһандану процестері осы ойшылдардың болжамын нақтылайды. Адамзат неше рет, өткір түрде дилеммаға жолықты: не ол жойылады, не әлемнің еш мемлекеті шет қалмай жалпы планеталық мәселелерді бірігіп, келісіп, контаминациялық шешу жолын табу. Сондықтан адамзат болашағы бізге жаһандық мәселелерді бірлесе шешетін әлемдік қауымдастықтың халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары негізінде үйлесімді, қатар өмір сүруі түрінде көрінеді.
Солай, кез келген ұлттық мәдениет басқалармен байланысты екен, олар тікелей қатынасқа түседі, әр түрлі нысандағы өзара әсері жүреді екен. Н.М. Карамзин былай деп жазады: «Халықтар үшін білім немесе ағарту жолы біреу; олардың барлығы ол жолмен бір бірінің артынан жүреді... Қандай халық екіншісінен қабылдамады? Асып түсу үшін қатарласуы керек емес пе?» /30/.
ФҚазіргі заманда басқа халықтардың «асып түсуі» өзектілігін жойды. Ол халықаралық қатынастарда ұлттық құқықтың жоғары болуы кезіне, халықаралық қатынастар күш арқылы шешілетін кезге тән болатын. Қазір халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларына негізделген әлемдік қауымдастықты құру міндеті тұр. Сондықтан халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы нысандары – тәжірибелік қызмет процесінде үнемі дамудағы, жетілудегі құбылыс.
Жоспар
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы
Орындаған: Ташимов Н.Т.
Астана 2012
Қолданылған әдебиеттер тізімі