Қолданылған әдебиеттер тізімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 06:41, контрольная работа

Описание работы

Өзара әрекеттесу, өзара ықпал, сонымен бiрге қазiргi ғаламдану процестерінiң қарқынды ықпалы жағдайында халықаралық және ұлттық құқықтың өкiлеттiктерi шеңберiнiң шектелуi маңызды практикалық және теориялық мәні бар көп жоспарлы ғылыми проблема ретінде қалып отыр. С.И.Ожеговтың орыс тiлінің сөздiгіне сәйкес «өзара байланыс», «өзара әрекеттесу» сөздері «екi құбылыстардың өзара байланысы», «қатынас» мағынасында қолданылады, мысалы, өзара әсер ету, өзара тәуелділік, өзара пайда сияқты.

Содержание работы

1. Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының теориялық негіздері
2. Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы нысандары
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы.doc

— 175.00 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттер тәжірибесінде  ұлттық-құқықтық имплементацияның екі  негізгі тәсілі қолданылады: біріншісі  –халықаралық міндеттемелерді орындау  мақсатында жаңа нормаларды шығару, өзгерту  немесе қазіргі ұлттық құқық нормаларының күшін жою. Екіншісі – халықаралық құқық нормалары (шарттық және (немесе) әдеттегі) ұлттық құқық аясында, мемлекет ішінде тікелей әрекет ете алатындай ұлттық құқықты халықаралық құқыққа сілтеме жасау. Бірақ қандай жағдай болмасын ұлттық заңдар халықаралық келісімдерге қайшы келмеуі тиіс.

Рецепция (лат. recepcio – қабылдау) бұл бір елдің, қоғамның осы немесе басқа елде, басқа кезеңінде туындаған құқықтық, мәдени және басқа да құндылықтарын  қабылдауы, соған бейімделуі. Құқықтағы  рецепция деген осы елдің аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымның немесе құқықтық жүйенің жоғалған тұстарын қайта қалпына келтіру немесе басқа елдің, халықтың, жергілікті өркениеттің тәжірибесін алуды білдіреді.

Батыс еуропа елдерінің  Ежелгі Рим мен ежелгі Грекияда қалыптасқан антикалық мемлекеттік құқықтық дәстүрлерді рецепциялауын айтуға болады. Осы елдердің жалпы мәдениеті мен мемлекет және құқығы тарихының бұл кезеңі Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) деп аталады.

Басып озушы  рецепция, яғни жаңа мемлекетте құқықтың ескі нормалары жоспарлы түрде қалпына келтірілуі деп 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Қаулысын айтуға болады. Оның 2 тармағы былай дейді: «Бұдан былай Қазақстан Республикасының тиісті заңдары мен басқа нормативтік құқықтық актілері қабылданғанға дейін оның аумағында Қазақстан Республикасының осы заңына, басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келмейтін бөлікте КСРО заңнамалары мен КСРО таныған халықаралық құқықтық нормалар қолданыла алады /25, 10б./.

Рецепцияны  сипаттайтын құбылыстарға құқыққабылдаушы  мемлекеттің құқыққалдырушы мемлекет бұрын жасаған халықаралық шарттарды бекітуін жатқызуға болады. Қазақстан және бұрынғы КСРО республикалары ол құлағаннан кейін әр түрлі негіздерде кейбір халықаралық шарттарға қатысатындықтарын мәлімдеді немесе бұрынғының заңдық күшін бекіту үшін жаңа халықаралық шарттар жасады.

Инкорпорация (лат. incorporatio – құрамына енгізу, қосылу) –имплементациялаумен қатар халықаралық құқық нормаларын ұлттық құқыққа енгізудің, халықаралық шарт ережелеріне байланысты ұлттық заңнама нормаларын өзгертудің жалпы процесі ретінде қарастырылады. 1969 жылғы халықаралық шарт құқығы туралы Вена Конвенциясының  24 бабының 2 тармағына сәйкес егер шартта оның күшіне енуі мерзімі көрсетілмесе, «шарт келіссөздерге қатысушы барлық мемлекеттер оның міндеттілігіне келісім берген сәттен бастап күшіне енеді». Бұл ереже шартқа қатысушы мемлекеттердің толық шарттың емес, оның жекелеген бөлігінің міндеттілігіне келісім бере алатындығын жоққа шығармайды. Солай, кейбір халықаралық шарттар ескертпелермен инкорпорацияланады, кейін ескертпе кез келген уақытта алынып тастала алады да, халықаралық шарттың бұрын алынған баптары ұлттық құқыққа инкорпорациялана алады.

Кеңес заңгерлері ешқандай мемлекет не халықаралық ұйым екінші мемлекетке оның ішкі құзіреті мен юрисдикциясына жататын мәселелерді  шешу әдістерін таңа алмайды дейтін уақыт адамзат тарихында ұзаққа созылған жоқ. Оған Кеңес Одағы өмір сүрген уақыт қана жатады. Сондықтан әр түрлі құқықтық жүйелердің байланысқа түсуінің тағы бір нысаны трансплантация туралы айтуға болады.

Трансплантация (лат. transplantare – қайта көшіріп орнату), жат мемлекеттің нормативтік құқықтық актісін ұлттық заңнамаға мәжбүрлеп енгізу немесе бір мемлекеттің екінші мемлекетке мүлдем жат құқықтық жүйені немесе оның элементтерін күшпен таңу. Бұл терминді ғылымға кең пайдалануға енгізу құқығын ғылымда «заңдық трансплантация» сөз тіркесінің қолданылып жүруі бекітеді. Бұл құбылысқа тоқтала отырып, Ю.А.Тихомиров жоғарыда аталған «Салыстырмалы құқықтану курсы» атты еңбегінде заңдық трансплантация «нақты құқықтық жүйедегі актілер мен нормалардың жат болуына, кейін итеріліп тасталатынына алып келеді» деп көрсетеді. Біз былай үнемі бола бермейтінін айтамыз. Жат мәдениетті, соның ішінде шетелдік құқықтық жүйені механикалық түрде көшіру, «трансплантациялау» (терминді акад. Д.С.Лихачев ұсынған) адамзаттың даму тарихында жиі кездескен құбылыс. Бұл Еуропада Наполеонның басып алуларынан кейін болған. Сол кезде Наполеонның атақты Азаматтық Кодексі француз императоры жаулап алған жерлерде өз күшін таратқан. Еуропа елдері үшін бұл ежелгі рим құқығының негіздерін рецепциялау болса, қалған елдер үшін трансплантациялау болғаны анық. XVIII—XIX ғасырларда отарлаушы елдер өздерінің құқықтарын отарланушы елдерге күшпен таңды, және онда олардың әсері ұзақ сақталды: ағылшын құқығы Үнді және бұрынғы британ отарларында, француз және португал құқығы африка отарларында.

Кейін отарлаушылар мен жергілікті халық ұзақ уақыт  қатар өмір сүруі нәтижесі ортақ  тарихтың, мәдениеттің, білімнің, моральдық  және құқықтық құндылықтардың пайда  болуына әкеп соқты, ал ол өз кезегінде ортақ (ұлттан жоғары) құқықтық дәстүрлердің пайда болуына әкелді. Мұндай көрініс XVIII ғасырда Ресейде мемлекеттің барлық саласын, соның ішінде құқықтық саласын ұлы «қайта құру» кезінде байқалды. Ол кезде Ресейді мемлекеттік құрылым, құқық, экономикалық жүйеден бастап қарапайым тұрмысқа дейін «неміс» (батысеуропалық) өмір сүру бейнесі жаулап, тіпті күшпен енгізілген еді. Осыдан бастап Ресейде батысеуропалық типтегі құқықтық мемлекет құру үшін күресуші «батысшылдар» мен Ресейде батыстан бөлек құқықты түсінуге ұмтылушы «славянофил» арасында қақтығыстар жүріп жатыр. Еуропалық құқық элементтерін Ресей Қазақстанға да әкелді, сондықтан жат құқықтық және басқа да құндылықтарды енгізу нәтижесінде қоғам трансформациясының жағымсыз тұстарын қазақ халқы да сезуге тура келді. Қазақстандық ғылымда осы мәселеге жеткілікті көңіл бөлінген. С.З. Зиманов өзінің «Политический строй Казахстана в конце XVIII и первой половине XIX века» тақырыптағы еңбегінде Қазақстанды отарға айналдыруға бағытталған патшалық саясат ашты, ал К.А.Жиреншин «Политическое развитие Казахстана в XIX- начале XX веков» атты кітабында ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстанда жүргізілген саяси әкімшілік реформаларды зерттеді және бұл реформалар қазақ қоғамының әлеуметтік, саяси және құқықтық өміріне үлкен өзгерістер әкелгенін жазды. М.А.Құл-Мұхамедтің пікірінше, Қазақстанда 1860 жылдардың соңында негізінен заңнаманың сапалы жаңа саласы – империялық құқықтың құрамдас бөлігі болатын ресей отарлық заңнамасы қалыптасты /26, 8-9б./. Қазақтар... патшалық күшпен таңған жергілікті өзін өзі басқару жүйесін қабылдады... Қазақ қоғамында кейбір квазисаяси түсініктер қалыптасты, мысалы, «жергілікті өзін өзі басқару», сайлау, «партиялар». Патшалық держава қазақ халқына «ең төменгі сатыдағы саяси өмірді» «сыйлады» /27, 3б./.

Неғұрлым соңғы  трансплантацияның мысалы ретінде  Т.Рысқұловтың Моңғолияның алғашқы  Конституциясын қабылдау кезіндегі  қызметін айтуға болады. Сонда 1924 жылы қазанда Коммунистік Интернационал (Коминтерн) Т.Рысқұловты Моңғолияға «Моңғол  Халық Партиясының белсенділеріне дамудың капиталистік сатысынан өтпеген халықтармен жұмыс істеудің лениндік партия тәжірибесін беру үшін» жіберілді. Коминтерн уәкілінің белсенді қызметінің нәтижесінде Конституция қабылданды және ол өзінің құрылымы бойынша мемлекеттің кеңестік типіне жақын ережелерді қамтыды.

Бұл шетелдік құқықтық топыраққа жеке заңды ғана (тіпті  Негізгі Заң элементтерін) емес, бүкіл құқықтық жүйені трансплантациялауға  болатынын куәландырады Мәселе бұл  жергілікті заңнамамен бәсекелесе ала  ма, халықтың құқықтық санасы мұны қабылдай ала ма, өзгерістерге ұшырай ма, бұл елге сіңіп кете ала ма және тағы басқада. Тарих тәжірибесі қоғам трансплантация процестері бастаған сыртқы әсер ету мен күрделі ішкі процестер нәтижесінде өте үлкен өзгерістерге ұшырай алатынын көрсетті. Мысалға XVIII ғасырдан бастап XX ғасырға дейін Ресейдің әсерімен классикалық әскери демократиядан өзіндік ұллтық ерекшелігі бар, романо-германдық (континенталдық) құқықтық жүйелі мемлекетке трансформацияланған Қазақстанды алуға болады.

III. Гармонизация (үйлестіру) (греч. harmonia – бір нәрселердің келісімділігі, үйлесімділігі). Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы тұрғысынан гармонизация – халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларының негізінде ұлттық құқықтық жүйелердің ауқымды, нақтыланбаған, келісілген дамуы. Әлемдік масштабта гармонизация процесінің танылған орталығы, заңды басқарушысы Біріккен Ұлттар Ұйымы болып табылады. Біздің ойымызша, халықаралық саяси, халықаралық экономикалық және құқықтық процестерді тиімді үйлестіре алатын бірден бір халықаралық орган.

Мемлекеттер құқық  нормаларын, ұлттық құқықтық жүйелерді  әлемдік және аумақтық деңгейде үйлестіруге  саналы түрде барады. Мысалы, 2001 жылы 16 қарашада Қазақстан Республикасы 1971 жылы 24 наурызда қабылданған Халықаралық патенттік саралау туралы Страсбург Келісіміне қосылды.Бұл құжатта келісуші тараптар «патенттерді, авторлық куәліктерді, пайдалы үлгілерді және пайдалылық туралы куәліктерді саралаудың біртұтас жүйесін барлығының қабылдауы ортақ мүдделерге сай, өнеркәсіптік меншік саласында неғұрлым терең халықаралық ынтымақтастығын орнатуға көмектеседі, сонымен қатар, осы саладағы ұлттық заңнаманың үйлестірілуіне көмектеседі» деп санайды делінген.

В.Б.Саймонстың пікірінше, гармонизациялауға хабарламалар, рекомендациялар, қағидалар, үлгілер, шарттар, конвенциялар көмектеседі. Олардың мазмұны дискуссиялар үшін, болашақта мүмкін болатын жетілдірулер үшін немесе тікелей әрекеттер үшін маңызды мәнге ие. Оларды ерікті не міндетті түрде жүзеге асырылады/28/.

1999 жылы 26 ақпанда Мәскеуде Кедендік Одақ елдері, яғни Беларусь, Қазақстан, Қырғызтан Республикалары, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан 1999 жылы 26 ақпандағы Кедендік Одақ және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы Шарттың қатысушы мемлекеттерінің ұлттық заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін үйлестірудің Бағдарламасын аймақтық деңгейде қабылдады. Онда үйлестірудің басты мақсатын болып Шарт аясындағы құқықтық қатынастарды реттеудің біріккен тәртібін белгілеу табылады делінген. Бұл жасалған халықаралық шарттардың ережелерін, интеграцияны басқару органдарының шешімдерін ұлттық заңнамаға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге заңдық интерпретациялау жолымен жүзеге асатындығы айтылған.

Үйлестірудің  негізгі қағидалары болып мыналар  табылды:

құқықтық реттеудің Шарт қатысушысы мемлекеттердің заңнамасына ыңғайлы қағидаларға келісілуі;

интеграцияны  тереңдету мәселелері бойынша актілерді  қабылдауда синхрондылық;

заңнамалық  және басқа да нормативтік құқықтық актілердің заңдық мәнділігі мен  иерархиясына сәйкес үйлестіру кезеңдерінің бірізділігі;

халықаралық құқықтың жалпы қағидаларының ұлттық заңнамалық актілерден басымдығы;

2001 жылы 22 маусымда  қабылданған Қазақстан Республикасының «1999 жылы 26 ақпанда Мәскеуде жасалған Кедендік Одақ және Біртұтас экономикалық кеңістікті құруды құқықтық қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы енді бір мысал бола алады. Бұл Келісімде интеграциялық өзара әрекеттердің құқықтық негіздерін жетілдіру мақсатында ұлттық заңнамаларды үйлестіру (жақындату мен унификациялау) қажеттігі туралы айтылған. 4-бапта «тараптардың мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы органдары заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді мыналардың көмегімен үйлестіреді (жақындатады, унификациялайды): а) келісілген заң шығарушылық және нормашығарушылық саясат жүргізеді, соның ішінде:

-ұлттық заң жобасы жоспарлары мен заңға сәйкес актілерді дайындау мен қабылдау жоспарларын үйлестіру;

-Үкімет басшыларының Кеңесі мен Мемлекетаралық Кеңес ұсынған үйлестірілген заңнамалық және заңға сәйкес актілерді қатар іске қосу;

-жасалған халықаралық шарттарың ережелері негізінде ұлттық заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

б) Парламентаралық Комитет қабылдаған үлгі заңнамалық актілерді заңшығармашылығында пайдалану;

в) заңнама жағдайы  туралы өзара мәліметтер беру, заңнамалық, статистикалық және әлеуметтік экономикалық ақпараттардың базасын құру;

Заңда ұлттық заңнамасы  мен жасалған халықаралық шарттардың, интеграцияны басқарушы органдардың  шешімдері арасында қарама қайшылықтар  болған жағдайда (мұндай қарама қайшылықтар өзара тиімді мүдделерді іске асыруға кері әсерін тигізуі мүмкін) аумақтық бірлестіктер мемлекеттерінің жауапкершілігі қарастырылмаған. Тек қана 7-бапта тараптар мұндай жағдайда ұлттық заңнаманы үйлестіру (жақындату мен унификациялау) жолымен немесе шешімдер мазмұнын өзгерту жолымен қарама қайшылықтарды жою үшін кеңес алмасулар немесе келіссөздер жүргізетіндігі жазылған.

Бұл жерде мемлекеттен  жоғары ұлтүстілік органдарға көп өкілеттіліктер беру туралы мәселе туындайды, бірақ  бұл сұрақ бөлек қаралады.

Унификация (лат. uni+facere – бір жүйеге келтіру) – ұлттық құқықтық жүйелердің нақтыланған жақындауы, соның нәтижесінде біртұтас жүйені құрауы. Неғұрлым толық құқықтың унификациялануы біртұтас федеративтік мемлекеттің аясында жүзеге асырылады, мысалы, мұны Ресей Федерациясында қазір РФ Президенті В.В.Путиннің басшылығымен федерация субъектілерінің құқықтарын федералдық Конституцияға сәйкестендіру процесінен көруге болады. Заңнаманы, құқықтық жүйенің басқа да элементтерін бір жүйеге келтіру Қазақстан мен Ресей тарихында да кездеседі. ХІХ ғасырда Ресей империясы 1864 жылы жүргізген Сот реформасынан кейін Қазақстанда 1898 жылы соттық құқықтық реформа нәтижесінде басқару жүйесі мен сот жүйесін унификациялау жүзеге асырылды. Бұл реформаның мақсаты болып сотты әкімшіліктен ажырату, сот процесінің жариялылығы мен жарыспалылығын енгізу, округтық соттар жүйесін ұйымдастыру мен 1909 жылы алқабилер сотын енгізу табылды. Жазылған ережелер негізінен декларация деңгейінде ғана қалғанымен, колониялық әкімшіліктің қысым көрсетуі өзгеріссіз жалғаса бергенімен, унификацияның туындауы еуропаланған (романо германдық жүйе сияқты) құқық жүйесінің қалыптасуына алып келді. Унификация процесінің жарқын мысалы болып бұрынғы Кеңес Одағының заңнамасы табылады. Ол кезде одақтас республикалардың Конституциялары еш өзгеріссіз Одақтық Конституцияның негізінде қабылданды. Ұлттық заңнама да дәл солай қалыптасты. Гармонизациялау және унификациялау процесі әр түрлі деңгейде және әр түрлі нысанда жүзеге асады. Қазір аймақтағы, мысалы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ұлттық құқықтық жүйелерінің унификациялануы үлгі кодекстер мен басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асуда. Бұл процестің маңыздылығы сондай, посткеңестік елдердің ұлттық құқықтық жүйелерінің унификациялануы мен гармонизациялануы процесіндегі үлгілі заңнаманың рөлі туралы бұл кітапта жеке тоқталамыз.

Контаминация (лат. contaminatio – араласу, қосылу) – бұл  құқық субъектілерінің салыстырмалы теңдігі арақатынасында екі және көпжақты өзара әсер ету процесі.

Информация о работе Қолданылған әдебиеттер тізімі