Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 09:41, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субьекті ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезже өз қалауы бойынша таңдап алады. Басқаша сөзбен айтқанда, ұйымдардың жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдірдің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................3

I Бөлім Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері
1.1 Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері ..............8
1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына сәйкес құрастыру әдістері.................................................14
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық
операцияларының жіктелімі.........................................................................17
1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі...........................................................20

II Бөлім Қаржылық есеп беру – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы
2.1 «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің мағынасы және оны талдаудың
ақпарат көздері..............................................................................................22
2.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар..................28

III Бөлім «Келешек» Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың
қалыптасу көздерінің динамикасын талдау...............................................31
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау.......................................................37
3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты
көрсеткіштерін талдау...................................................................................44
3.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін
талдау..............................................................................................................48

Қорытынды...........................................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................58

Файлы: 1 файл

154_._.doc

— 372.00 Кб (Скачать файл)

    Баланс ақпараттары негізінде  сыртқы қолданушылар берілген  кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелдіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.

    Бухгалтерлік баланс  – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

    Баланс көрсеткіштері  кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздернің көлемі мен құралымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділгін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.             Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік іске кіріспе»деген оқу құралында былай жазылған: Баланс – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтердің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.

    «Активтер – бұл ұйымға  тиісті немесе ол пайдаланатын  бағалы нәрсе.

    Пассивтер – басқа біреуге тиісті нәрсе. «Пассив» термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.

      Капитал – пассивтердің арнайы түрі.

      Капитал алғашқы  капитал мен қызметте қалдырылған  табысты қоса алғандағы меншік  иесінің бизнестегі үлесі болып  табылады».

      Капитал  – бұл пассивтерді активтерден  алып тастағандағы кәсіпорынның  өзіндік қаражаты.

      Баланс  активі мен пассивін құру принциптері  бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік  деңгейіне байланысты, өтімділігі  төмен активтерден өтімділігі  жоғары активтерге қарай пассивтер  принцип бойынша төлем мерзімінің  жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.

  1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады.
  2. Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелерінде статус-квотаны сипаттайды.
  3. Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ.
  4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ.
  5. Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиынтығы болып табылады.
  6. Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны қолдану принципі жүргізіледі.
  7. Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді.

    Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылық жағдайына  талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен  қатар қаржылық есеп берудің  басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын кіріс пен шығыс есебін қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті  және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі ұйымның қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттықұ болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Дәл осы үлгі американдық және жаңазеландиялық компаниялардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі.

    Табыстар мен шығындар  баптарының арасын ажырату ұйымның  жұмысының нәтижесін көрсетуге  мүмкіндік береді.

    Осылайша кәсіпорынның  кіріс пен шығыс есебі қаржылық  есептің қалған екі элементі  туралы- яғни табыс пен шығындар  туралы мәліметтерден тұрады. Табыстар активтердің көюеюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар- активтердің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.

    Ақша қозғалысы есебінде  кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі  ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдалану жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен  алынған қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылыққызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді. 

 

 

2.2  Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар

 

    Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығы жағдайына  көптеген факторлар әсер етеді.  Оларға:

  1. пайда болу орнына байланысты- ішкі және сыртқы;
  2. нәтижесінің маңыздылығына байланысты- негізгі және негізгі емес;
  3. құрылысы бойынша- қарапайым және күрделі;
  4. әрекет ету уақыты бойынша- тұрақты және уақытша.

    Ішкі факторлар  кәсіпорынның өзінің жұмысын  ұйымдастырууына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын  еркіне бағынышты емес

    Кәсіпорынның  өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі- активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалынып алуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

    Сонымен бірге  таза табыстың көлемі ғана  емес, сонымен қатар оны тарату  құрылымы, әсіресеөндірісті дамытуға  бағытталған бөлігі де өте  маңызды болып табылады.

    Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы  (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тарататын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуелділік те өседі- яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есеп айырыса ала ма?, жоқ па?- деген қауіп туады.

    Және де бұл жерде  кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің  қаржылық кепілінің  бір түрі  ретінде резервтерге үлкен роль берілген.

    Сонымен қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына  әсер ететін мынадай ішкі факторларды  атап көрсетуге болады:

      • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
    • шығарылатын өнімнің құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұранысының үлесі;
      • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
    • шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
    • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының динамикасы;
      • ұйымдарды басқару тиімділігі.

    Сыртқы факторларға  шаруашылық жүргізудің экономикалық  жағдайының әсері, қоғамда үстемдік  етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс  және тұтынушылар табысының деңгейі,  ҚР үкіметінің салық және несие  саясаты, кәсіпорынның қызметін  бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

    Кәсіпорынның  тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда  оның өз контрагенттерімен өзара  қарым-қатынасы үлкен әсер етеді.Сондықтан  да серіктестермен реттелген  іскерлік қарым-қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдаый көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

    Сондай-ақ бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта – облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты.кез- келген еоммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешеім қабылдай отырып, кез –келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді.

    Жабдықтаушылар  мен тұтынушылар сенімді және  төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен  келісім-шартқа үлкен ықыласпен  отырады. 

    Осылайша қаржылық  жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағыэкономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін бағалайды.

    Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл-талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шарушылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерін өңдеуменкәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

    Нарықтық экономикасы  жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың  қаржылық жағдайын талдаудың  міндеттері келесілер болып табылады:

    • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
    • активтер мен олардың калыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
    • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара қатынасын анықтау;
    • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
    • кәсіпорын табыстылығын бағалау;
    • кәсіпорынның қаржылық стратегиясын анықтау және т.б.

    III Бөлім «Келешек»  жауапкершілігі шектелген серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау

 

3.1  Ұйымның активтерінің  құрамы мен құрылымын және  олардың қалыптасу көздерінің  динамикасын талдау

 

    Нарықтық  қатынастары жағдайында басқару шешімдерін қабылдау барысында компаниялардың қаржылық есептемесін талдаудың маңызы өте зор. Қаржылық есептеменің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтерді нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі.Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке таптарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.Қаржылық есептемені талдау баланстан басталады. Баланс бойынша кез-келген компанияның қаржылық жағдайы анықталынады. 

    Қаржылық жағдай инвесторлардың өз бағасын алады, егер келесі теңсіздіктер сақталынса:

  1. Меншік капитал ≥  Ұзақ мерзімді активтер.
  2. Ағымдағы активтер ≥ Ұзақ мерзімді міндеттемелер+

                                      Қысқа мерзімді міндеттемелер.

   «Келешек» компаниясында бұл теңсіздіктер:

1. 10895602 > 39509615

2. 86199317 > 75003715

    Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

    Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кестені құруға болады:

 

 

 

5 кесте 

 «Келешек» ЖШС-гі баланс активтерінің құрамы мен құрылымы

 

Көрсеткіштер

Жыл басы

Жыл соңы

Ауытқу

∑, теңге

Үлес 

салм.%

∑, теңге

%

Сомамен

%

1

Активтер құны, барлығы

оның ішінде:

1.1.Ұзақ мерзімді активтер

1.2 Ағымдағы активтер.

97349214

 

 

43261369

 

54087845

100

 

 

44,4

 

55,6

86199317

 

 

39509615

 

46689702

 

100

 

 

45,8

 

54,2

(11149897)

 

 

(3751754)

 

(7398143)

 

-

 

 

1,4

Информация о работе Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау