Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 09:41, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субьекті ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезже өз қалауы бойынша таңдап алады. Басқаша сөзбен айтқанда, ұйымдардың жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдірдің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................3

I Бөлім Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері
1.1 Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері ..............8
1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына сәйкес құрастыру әдістері.................................................14
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық
операцияларының жіктелімі.........................................................................17
1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі...........................................................20

II Бөлім Қаржылық есеп беру – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы
2.1 «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің мағынасы және оны талдаудың
ақпарат көздері..............................................................................................22
2.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар..................28

III Бөлім «Келешек» Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың
қалыптасу көздерінің динамикасын талдау...............................................31
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау.......................................................37
3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты
көрсеткіштерін талдау...................................................................................44
3.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін
талдау..............................................................................................................48

Қорытынды...........................................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................58

Файлы: 1 файл

154_._.doc

— 372.00 Кб (Скачать файл)

    Ақша қаражатын қарызға алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың құрамы және құрылымымен анықталады.

    Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары мен жағдай сияқты сыртқы факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала алатын несие)-потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде оның вексельдері, облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың шектілігі, шығынның кездейсоқтық дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.

    «Келешек» компаниясында төлем қабілеттілігі коэффициенті жыл басында 0,015 (1427056 \ 89607766), жыл соңында 0,079-ды (5981653 \ 75303715) құрайды.

    Кәсіпорынның бір жылдан жоғарғы төлем қабілеттілігін  бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері  пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады.

    Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

    Үш көрсеткіш жиі қолданылады:

    1. абсолюттік өтімділік коэффициенті;
    2. аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
    3. жалпы өтеу коэффициенті.

Абсолюттік өтімділік  коэффициенті = (ақша қаражаттары + тез  өткізілетін бағалы қағаздар) / қысқа  мерзімді міндеттемелер

Аралық өтеу (жабу) коэффициенті = (ақша қаражаттары + бағалы қағаздар + қысқа мерзімді қаржы салымдары + дебиторлық салымдар + басқа да активтер) / қысқа мерзімді міндеттемелер

Жалпы өтеу коэффициенті = ( ағымдағы активтер – болашақ кезеңдегі  шығыстар) / қысқа мерзімді міндеттемелер

7 кесте              «Келешек» ЖШС мәліметтерін мысалға ала отырып

ағымдағы активтердің өтімділік көрсеткіштерін талдау

                                                                                                                      (теңге)

Көрсеткіштер

Жыл басы

Жыл соңы

Ауытқу 

1

2

3

4

Барлық ағымдағы активтер

оның ішінде:

54087845

46689702

(7398143)

Ақша қаражаттары

1427056

5981653

4554597

Қысқа мерзімді қаржы  салымдары

-

-

 

Дебиторлық борыштар

9870889

9032446

(838443)

Басқа да активтер

14000000

5170116

(8829884)

ТМҚ, болашақ кезеңдегі  шығыстарды қоспағанда

 

28789900

 

26505487

 

(2284413)

Қысқа мерзімді міндеттемелер, барлығы

 

89607766

 

75303715

 

(14304051)

К абсолюттік өтімділік

0,015

0,079

0,064

К аралық өтеу

1,27

0,26

(1,01)

К жалпы өтеу

0,60

0,62

0,02


 

    Кесте мәліметтерінен көргендей, кәсіпорынның абсолюттік өтімділік коэффициенті жыл басымен салыстырғанда 6,4% -ға өскені байқалады. Бірақ оның теориялық мәні:  К а.ө. ≥ 0,2 – 0,5.

    Аралық өтеу коэффициенті берілген нормаға сәйкес емес, өйткені 1,01–ге азайып тұр. Жалпы өтеу коэффициенті өткен жылмен салыстырғанда 0,02-ге ға артып отыр. Бұл көрсеткіштің қалыпты мәні 2 – ден төмен болмауы керек.

    Келтірілген есептеулерде жалпы өтеу коэффициентіне дебиторлық борыштар мен ТМҚ күрт өсуі оң әсер еткенін көруге болады.  Кредиторлық борыштардың көбеюі осы көрсеткіштің төмендеуіне әкелді.

    Сонымен бірге кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар – елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығының жағдайы, меншіктің капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, кәсіпорынның қаржылық жағдайы әсер етеді. Бұл факторлар талданып отырған кәсіпорынның жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Баланс өтімділігін  талдау. Кәсіпорынның өтімділігі бұл  бар қаражаттарды (активтерді) өздерінің  міндеттемелерін уақытында төлеу  үшін тез арада мобилизациялау мүмкіндігі.  Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда.

    Өтімділік  дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына  айналу жылдамдығына байланысты  кәсіпорын активтері келесідей  топтарға бөлінеді:

А 1 Ең өтімді активтер (ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржы  салымдары);

А 2 Тез өткізілетін  активтер (дебиторлық борыштар, басқа  да ағымдағы активтер);

А 3 Баяу өткізілетін активтер (ТМҚ, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар, ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары);

А 4 Қиын  өткізілетін  активтер (аяқталмаған күрделі құрылыс, негізгі құралдар, материалдық емес активтер).

    Міндеттемелер  мен капитал қайтару, төлеу  уақытының мерзіміне байланысты  топтастырылады:

П 1 Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер (кредиторлық қарыздар, есептелген салықтар, шығындар);

П 2 Қысқа мерзімді міндеттемелер (қысқа мерзімді несиелер, ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі);

П  3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер (пассивтің екінші бөлімі);

П 4 Тұрақты міндеттемелер (пассивтің бірінші бөлімінің баптары + болашақ кезеңдегі табыстар – болашақ кезеңдегі шығындар).

    Баланс абсолютті  өтімді деп саналады, егер келесідей  қатынастар сақталса:

 А 1 ≥ П  1                                                       А 3 ≥ П 3

 А 2 ≥ П 2                                                        А 4 ≤ П 4

    Басқа сөзбен  айтқанда, егер активтің сол алғашқы  үш теңсіздігінің әрбір тобы  кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер  тобын жапса немесе оған тең  долса, баланс өтімді болады, кері  жағдайда баланс өтімді емес.

    Егер бір  жүйенің бір немесе бірнеше  теңсіздігінің қолайлы варианттағыға  қарама – қарсы мәні болса,  онда баланс өтімділігінің абсалютті  өтімділіктен азды – көпті  айырмашылығы болады. Бұл кезде  активтердің бір тобы бойынша  қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.

    «Келешек» компаниясының балансы бойынша теңсіздіктердің сақталуы:

    1. 5981653 <4134114+720485+2864478
    2. 9032446+5170116 < 18000000
    3. 26505487  > 0
    4. 39509615 <10895602+49584638

    «Келешек»  компаниясының балансы өтімді  емес. Төлем қаражаттарының бірінші  және екінші тобы төлем міндеттемелерін  жауып тұрған жоқ.   

    Жалпы алғанда  баланс активі мен пассивті  баптарының  және II  топтарын салыстыру  ағымдағы өтімділікті анықтауға  мүмкіндік береді. Ол қарастырылып  отырған мезгілгі жақын уақыттағы  кәсіпорынның төлем қабілеттілігін  көрсетеді. Талдап отырған кәсіпорынның жыл басында да, аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі болмаған.

    Баяу өткізілетін  активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен  салыстыру перспективалы өтімділікті  бейнелейді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, жыл соңында да төлем қаражаттарының артықшылығы болған.

    Баланс активі  мен пассиві баптарының төртінші  тобының жиындарын салыстыру  кәсіпорынның оның иеленушілері  алдындағы міндеттемелерін жаба  алу мүмкіндігін көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік сақталған. .

 

3.3 Ұйымның  қаржылық тұрақтылығының абсолютті  және қатысты көрсеткіштерін  талдау

 

    Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстар дегеніміз қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, немесе пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың  ұлғаюы болып табылады. Табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

    Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіштеріне:

    1. өнімді өткізуден түсекн табыс
    2. жалпы табыс
    3. негізгі қызметтен алынған табыс
    4. салыққы дейінгі табыс
    5. салықтан кейінгі табыс
    6. таза табыс жатады.

    Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жөнді және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.

    Табыс өз қызметін тиімді орындай алу үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

  1. жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай – ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет;
  2. бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек;
  3. табысты бөлу механизмі белсенді роль атқаруы керек;
  4. табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, салық салу, салымдар,  пай төлемдері және т.б.) ғана мүмкін.

    Табыстылықтың  көрсеткіштерін  талдау міндеттеріне мыналар жатады:

    • Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
    • Таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
    • Табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау;
    • Табыстың өсу резервтерін анықтау;
    • Табыстылықтың әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

    Табыстылықтың бірінші абсолюттік көрсеткіші өнімді өткізуден түскен табыс. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай – ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып көрсетіледі.

    «Келешек» компаниясының сатылған өнімнен түскен түсімі 2004 жылы 248741214 теңге. Өнімнің өзіндік құны 240703108 теңге.

    Табыстылықтың екінші абсолюттік көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталынады. Талданып отырған компанияда жалпы табыс 8038106 теңгені құрайды.

    Жалпы табысқа әсер ететін маңызды факторлар:

    1. өндірістік өзіндік құн;
    2. сатылған өнім бағасы;
    3. сатылған өнім саны;
    4. өнімнің құрылымы.

    Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету.

    Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі.

        Табыстылықтың келесі абсолюттік көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде көрсетіледі. Талданып отырған кәсіпорында негізгі қызметтен алынған табыс жыл соңында 3800000 теңгеге тең.

    Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды  білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынған алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізген дұрыс.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорының қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.

    Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:

      1. жалпы активтер және олардың жекелеген элементтері
      2. өнімдер
    1. ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі негізінде есептелінетін табыстылық көрсеткіштері).

    Енді осы көрсеткіштерді талданып отырған кәсіпорын үшін есептеп көрейік:

      1. жалпы активтер табыстылығы = таза табыс / жалпы активтер
      2. сатылған өнім табыстылығы = таза табыс / өнімді өткізуден түскен табыс
      3. ағымдағы активтер табыстылығы = таза табыс / ағымдағы активтер көлемі.

8 кесте 

 «Келешек» ЖШС-нің табыстылық көрсеткіштері

Информация о работе Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау