Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 09:41, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субьекті ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезже өз қалауы бойынша таңдап алады. Басқаша сөзбен айтқанда, ұйымдардың жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдірдің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................3

I Бөлім Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері
1.1 Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері ..............8
1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына сәйкес құрастыру әдістері.................................................14
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық
операцияларының жіктелімі.........................................................................17
1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі...........................................................20

II Бөлім Қаржылық есеп беру – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы
2.1 «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің мағынасы және оны талдаудың
ақпарат көздері..............................................................................................22
2.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар..................28

III Бөлім «Келешек» Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың
қалыптасу көздерінің динамикасын талдау...............................................31
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау.......................................................37
3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты
көрсеткіштерін талдау...................................................................................44
3.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін
талдау..............................................................................................................48

Қорытынды...........................................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................58

Файлы: 1 файл

154_._.doc

— 372.00 Кб (Скачать файл)

Көрсеткіштер 

Өткен жыл

Есеп беру жылы

Ауытқу 

Таза табыс, мың тг

1712629

2666000

953371

Өнімді өткізуден түскен табыс

752938506

248741214

(504197292)

Меншікті капитал

10022795

10895602

872807

Жалпы активтер құны

333100238

86199317

(246900921)

Ағымдағы активтер құны

254383282

46689702

(207693580)

Жалпы активтер табыстылығы, %

0,51

3,09

2,58

Сатылған өнім табыстылығы, %

0,22

1,07

0,85

Ағымдағы активтер табыстылығы, %

0,67

5,71

5,04

Меншікті капиталдың табыстылығы, %

17,08

24,46

7,38


 

    Көрсетілген көрсеткіштер ішінде неғұрлым маңыздысы ағымдағы активтер табыстылығы. Талданып отырған кәсіпорын үшін ағымдағы активтердің табыстылығы өткен жылмен салыстырғнда 5,04 % - ға көбейген. Тәжірибе жүзінде компания төлемге қабілетті және несиеге қабілетті деп есептелінеді, егер жалпы активтердің рентабельдігінен ағымдағы активтердің рентабельдігі асып тұрса.

    Кәсіпорынның меншікті капиталының табыстылығы өткен жылмен салыстарғанда 7,38%– ға өскен. Бұл құрылтайшылардың капиталының тиімді пайдаланылуын көрсетеді.

    Сатылған өнім  табыстылығы өткен жылмен салыстырғанда  0,85%-ға өскен. Бұл дегеніміз кәсіпорында өткізілген өнімнің 1 теңгесіне таза табыстың мөлшерін көрсетеді.

 

    1.  Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдау

 

    Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін бағалау және талдау қорытынды кезең болып табылады.

    Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайда ең алдымен оның қаражат айналымының жылдымдығынан көрінеді.

    Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

    Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен анықталынатындығын айта кету керек.

    Іскерлік белсенділік коэффициенттерінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік – техникалық күшінің артқанын көрсетеді.

    Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына көрсеткіштер жатады:

1. Капиталдың жалпы айналымдық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:

К О А = Д N / A K,  мұнда, К О А – капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;

Д N - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс (саудадан түскен ақша);

A K – авансталған капитал (кезеңдегі орташа баланс валютасы).

    Авансталған  капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты түсінік береді. Сатудан түскен табыстың баланс ваютасының (барлық капиталдың) орташа шамасына қатынасымен есептелінетін ол, кәсіпорынның барлық капиталдың айналым санын көрсетеді және олардың жұмылдыру көздеріне байланыссыз, барлық ресурстарды кәсіпорынның пайдалану тиімділігін сипаттайды. «Келешек» компаниясы үшін бұл көрсеткіш өткен жылда 3,6 рет (752938506 : 209649777,5), есеп беру жылында 2,7 (248741214 : 91774265,5) рет құрады. Көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталының пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер өткен жылы активтердің әрбір ақша бірлігі 3,6 тенге келтірсе, есеп беру жылында 0,9 теңгеге азайды.

2. Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарылымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Қор қайтарамдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады. Біздің кәсіпорын үшін бұл коэффициент өткен жылда 12,7 (752938506 : 59113285,5), ал еесп беру жылында 6,01 (248741214 : 41385492)  құрайды. Бұл көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда азайғанын көруге болады, бұл дегеніміз коэффициент төмендеген сайын, шығындардың көбейгеніне әкеледі.

3.  Меншікті капиталдың айналымдық коэффициенті.  Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын; ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері тәукелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін сипаттайды. Біздің компанияда бұл көрсеткіштің деңгейі өткен жылда 71,9 рет (752938506 : 10459198,5), есеп беру жылында (248741214:9318525 ) 26,6 рет айналғанын көруге болады, бұл кәсіпорынның акционерлерінің қаражатын пайдалану тиімділігінің төмендегенін дәлелдейді.

4.  Айналым капиталының  айналымдық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердік орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

К О ТА = Д N / Т а С ,   мұнда:

К О ТА – ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;

Т а С  - ағымдағы активтердің орташа шамасы.

    Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш өткен жылы 5,0 рет (752938506: 150536492), есеп беру жылында 4,93 (248741214 : 50388773,5) рет айналып отыр. Ағымдағы активтердің айналым жылдамдығы айналым ұзақтығымен де сипатталады. Ағымдағы активтердің бір айналымының ұзақтығы өткен жылда 71,9 – ды ((150536492 * 360 күн) /752938506 ), есеп беру жылында ((50388773,5* 360 күн) /248741214) 72,9 күнді құрайды. Есептеу ағымдағы активтердің бір жылда айналым жылдамдығы 5,0-ден 4,93-ке қысқарғанын көрсетеді, сол себепті бір айналымның ұзақтығы 1 күнге артқан. Бұл кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарланғандығын куәландырады.

5.  Дайын өнімнің айналымдық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасына қатынасы формуласы бойынша анықталады:

К О r= Д N / r .,   мұнда:  К О r - дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті;

Д N / r - баланс бойынша кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы. Ол дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді.Оның өсуі кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың артқанын көрсетеді, ал төмендеуі – сұраныстың  төмендеуіне байланысты  дайын өнімнің шамадан тыс жиналып қалғанын білдіреді. Бұл көрсеткішті талданып отырған кәсіпорын үшін есептемейміз, өйткені өткен жылда да есеп беру жылында да дайын өнім жоқ.

6. Дебиторлық борштың айналымдық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

К О Д/З = Д NЗ .,  мұнда:

К О Д/З – дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

Д З  - дебиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.

    Дебиторлық  борыштың айналымдылық коэффициенті  дебиторлық борыштың сапасы мен  көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. Егер коффициент шоттарды төлеуге қарай құрылған сатудан түскен табыс (ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі – несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі – несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.

    Дебиторлық  борыштың айналымдылық коэффициентімен  қатар дебиторлық борыштың орташа  айналым уақытын анықтау мына  формуламен анықталады:

Д О Д/З = 360/ К О Д/З = Д З * 360 / Д N.,  мұнда:

Д О Д/З - дебиторлық борыштың орташа айналым уақыты немесе оны өтеу кезеңі. Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттердің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі – оң, ал артуы – теріс бағаланады.

    Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш өткен жылда 52,5 рет (752938506 : 14330960,5), ал есеп беру жылында (248741214 : 9032446) 27,5 рет екенін көрсетеді.

7. Ақша қаражатының айналымдық коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты

қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының  ерекше

маңызы зор. Компанияның  қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының

негізгі шарттарының  бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін  жабуды

қамтамассыз ететін ақща қаражатының құйылуы болып табылады.

Кәсіпорынның ырғақты  қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының

жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

ойдағыдай болуының негізгі  шарттарының бірі, оның ағымдағы

міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының  құйылуы

болып табылады. Демек, мұндай аса қажет ақша қаражатының қорының

болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін

куәландырады. Сонымен  қатар ақша қаражатының шамадан  тыс көп болуы,

инфляция және ақшаның  құнсыздануына байланысты, іс жүзінде  кәсіпорын

шығынға ұшырап отырғанын  білдіреді

Ақша қаражатының айналымдық коэффициенті мына формуламен  есептелінеді:

К ақша қаражатының айналымдығы = Ақша қаражатының айналымы / Ақша                               қаражатының орташа қалдығы

8. Инвестицияланған капиталдың айналымдығы. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффиценті кәспорынның өзінің  дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвесицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді. Алымында – сатудан түскен табыс (ақша) бөлімінде – кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:

КОИ.К = ДN/ ДИИ., мұнда:

ДИ - және КИ – сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.

Бұл коэффициенттің мағынасын  сол кезеңдегі істегі капиталдың (барлық активтерден қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестицияларды  алып тастағанда), яғни тікелей өндірістік қызметтегі  капиталдың айналымдылық коэффициентімен салыстырған абзал.

9. Істегі капиталдың айналымдылығы. Істегі капиталдың айналымдылығы алымында – сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде – кезеңдегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген формула бойынша есептеледі:

КО Ф. К = ДN / Ф К., мұнда: Ф К - Істегі капитал. Бұл коэффициенттің мағынасын талдағанда өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдылығының баяулағанын немесе жылдамдағын көруге болады. «Келешек» компаниясында бұл көрсеткіш өткен жылда 3,6 рет (752938506 : (209649777,5-0)), есеп беру жылында 2,7 (248741214 : (91774265,5-0)) айналғанын көруге болады.

10. Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығы. Перманенттік капиталдың айналыма жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффицент анықтайды:

КО ПЕР/К = ДN / ПЕР/К., мұнда:

ПЕР/К - перманенттік капитал - меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер.

    Бұл коэффицент  кәсіпорынның ұзақ мерзімдік  пайдалануындағы капиталдың қаншалықты  тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы талдағанда кәсіпорынның  ұзақ мерзімді міндеттемелерінің әсерін еске алу керек.

    Бұл көрсеткіш өткен жылда жылда 71,9 рет (752938506 : 10459198,5),

есеп беру жылында (248741214:9318525 ) 26,6 рет айналған.

11. Іскерлік белсен


Информация о работе Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау