Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 08:15, реферат

Описание работы

Осы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр қондырғыларын және қайта жаңғыртылатын электр станцияларын, электр және жылу желілерін пайдалануға, жөндеуге, монтаждауға, реттеуге және сынауға байланысты персоналына қолданылады.

Файлы: 1 файл

техника қауіпсіздігі.doc

— 219.50 Кб (Скачать файл)

      109. 1000 В-тан жоғары электр станциялары мен қосалқы станцияларының электр қондырғыларында:

      1) тасымалдау жерге  тұйықтауды екі жұмыскер орындау  керек: біреуі IV топтан (кезекші немесе  жедел-жөндеу персоналының ішінен), ал екіншісі ІІІ топтың жөндеу персоналы ішінен, ал жерге тұйықтауда тұтынушы персоналы ішінен болуы мүмкін. Алыс қосалқы станцияларында әкімшілік-техникалық персоналдың немесе диспетчердің рұқсатымен негізгі схема бойынша жерге тұйықтау орнатуға екінші жұмыскер ретінде тұтынушы персоналынан бір жұмыскерді тартуға болады.

      2) жерге тұйықталатын  пышақтарды қосуды кезекші немесе  жедел-жөндеу персоналы ішінен IV топтағы бір жұмыскер орындай  алады.

      3) жерге тұйықталатын  пышақтарын өшіру мен тасымалды  жерге тұйықтауды алуды кезекші немесе жедел-жөндеу персоналының ішінен ІІІ топтағы бір жұмыскер орындай алады.

      110. Жөндеуге тапсыру  үшін өшірілген ӘЖ тасымалды  жерге тұйықтау орнату мен  алуды және тіреулердегі жерге  тұйықтау пышақтарын қосуды кезекші  немесе жедел-жөндеу персоналының қызметкерлері: біреуі IV топтағы (1000 В-тан жоғары ӘЖ) немесе ІІІ топтан (1000 В-қа дейінгі ӘЖ), ал екіншісі ІІІ топтағы қызметкер орындайды. ІІІ топтағы жөндеу персоналынан екінші адамды, ал тұтынушыны қоректендіретін ӘЖ-ға – тұтынушы персоналынан пайдалану рұқсат етіледі.

      Жерге тұйықталатын  пышақтарды ажырату ІІІ топтағы  кезекші немесе жедел-жөндеу персоналының  ішінен бір жұмыскерге рұқсат  етіледі.

      ӘЖ жұмыс орындарында  тасымалдауды жерге тұйықтауды  ІІІ топтағы бригада мүшелерімен  жұмыс жетекшісі (өндіруші) орнатады. Осы тасымалдаушы жерге тұйықтауды жұмыс жетекшісінің (өндірушінің) нұсқауы бойынша ІІІ топтағы екі бригада мүшелерімен алады.

      111. ӘЖ кернеудің  жоқтығын тексеру, жерге тұйықтауды  алу немесе орнату кезінде  екі жұмыскердің біреуі жерде екіншісін бақылап тұруы тиіс.

      112. Кернеу қатысындағы  тоқ өткізгіш бөліктерді уақытша  қоршау үшін, ағаштан немесе оқшаулаушы  материалдан дайындалған қалқанды  қолдануға болады.

      Кернеуді өшірмей  уақытша қоршау орнату кезінде  тоқ өткізгіш бөліктерге дейінгі арақашықтық осы Қағидаларға 4-қосымшасындағы 1-кестесінде көрсетілгеннен кем болмауы керек. 6-10 кВ электр қондырғыларындағы бұл арақашықтық 0,35 метрге дейін қысқартылуы тиіс.

      Уақытша қойылған  қоршауларда «Тоқта! Кернеу» деген жазу жазылады немесе тиісті қауіпсіздік плакаттары ілінуі тиіс.

      113. 6-20 кВ электр  қондырғыларында тоқ өткізгіш  бөліктерді қалқанмен қоршауға  болмайтын жағдайда, өшірілген және  кернеулі тоқ өтер бөліктерінің  арасына орналастырылатын оқшаулаушы бастырмаларды қолдануға болады (мысалы, өшірілген ӘЖ ажыратқыш түйіспелер арасына). Бұл оқшаулаушы бастырмалар кернеу қатысындағы тоқ өткізгіш бөліктерге ғана жатады.

      Бастырмаларды орнату  мен алуды IV және ІІІ топтардағы (біреуі – кезекші немесе жедел-жөндеу персоналдарынан) диэлектрлік қолғаптарды, оқшаулаушы қарнақтарды, қармауыштарды пайдаланумен екі жұмыскер орындайды.

      114. Камераларда, шкафтарда,  панельдерде және жұмыс орнымен  шекараланған қоршауларында «Тоқта! Кернеу» деген плакаттары ілініп тұрады.

      115. АТҚ-да жерде,  іргетастар мен жекелеген конструкцияларда  орнатылған жабдықтарда жұмыс  істеген кезде, жұмыс орындары  майлы не синтетикалық талшықтардан  жасалған арқанмен, жіппен немесе  баумен (өтетін жол қалдыра отырып) кеңістікті қоршап, онда қоршалған кеңістіктің ішіне назар аудартатын «Тоқта! Кернеу» деген плакаттар ілінеді.

      Жұмыс орны аймағына  қосылмаған арқанды ілу үшін  конструкцияларды пайдалануға болады.

      Желілерде ӘЖ ажыратқыштардан  басқа барлық АТҚ кернеуді  өшіру барысында АТҚ арқанмен қоршалып, сыртқы кеңістікке «Тоқта! Кернеу» деген плакаттар ілінеді. АТҚ екінші реттік тізбектерінде жұмыс істеу кезінде нұсқау бойынша жұмыс орнын қоршау талап етілмейді.

      116. ӘЖ, КЖ басқа,  электр қондырғыларында дайындалған  жұмыс орындарында «Жұмысты осы жерде істе!» плакаты ілінеді.

      117. Жұмыс орындарынан  кернеулі учаскелермен шекараласқан  АТҚ конструкциялар учаскелерінде  жақсы көрініп тұратын «Тоқта! Кернеу» деген плакаты ілінеді.  Бұл плакаттарды жіберушінің  басшылығымен жөндеу персоналынан ІІІ топтағы жұмыскер орната алады.

      Көтерілуге рұқсат  етілетін конструкциялардың төменгі  жағында «Өрмелеме! Мерт боласын!»  плакаттары ілінеді.

      Жұмыс жүргізуге  рұқсат етілетін конструкциялар  мен стационарлы баспалдақтарда  «Осы жерден өрмеле» плакаты ілінеді.

      118. Жұмысты толық  орындамайынша плакаттарды ілуге,  алуға тыйым салынады.

3. Жеке жұмыстарды орындау кезіндегі  қауіпсіздік шаралары

 

      119. Электр қондырғыларында  еңкейіп жұмыс істеуге болмайды, егер кернеулі тоқ өткізгіш бөліктерінің арақашықтығында түзелу осы Қағидалардың 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген арақашықтықтан аспайды. 6-110 кВ станциялары мен қосалқы станциялардағы электр қондырғыларында қоршалмаған тоқ өткізгіш бөліктерде жұмыс істеу кезінде осы бөліктер артқы жақта немесе екі жақта орналасуы қажет.

      120. Кернеулі жабдықтардың  оқшаулаушы электр қорғау құралдарын  пайдаланусыз жақындауға тыйым  салынды.

      121. ӘЖ мен БӘЖ  жалғау және ажырату учаскелерінде  (сымдарды, тростарды) осы учаскелердің әлеуетін түзету керек. Әлеуеттерді түзету осы учаскелердегі сымдарды жалғаумен немесе бір жерге тұйықтағышқа (жерге тұйықтау құралына) қосылуымен ажыратылудың (мүмкін болатын ажыратылудың) екі жақтарынан қосылуды орнатуды жерге тұйықтау жолымен жүзеге асырылады.

      122. Электр қорғау  құралдарын (оқшаулаушы штангалар,  қыспақтар, электр өлшейтін штангалар  мен қыспақтар, кернеу көрсеткіші) пайдалана отырып, жұмыс істеу  кезінде адамның тоқ өткізгіш  бөліктерге жақындауы құралдардың  оқшаулаушы бөліктерінің ұзындығына сәйкес болады.

      123. АТҚ мен ӘЖ  арақашықтығының қиылысында сымдарды (тростарды) ауыстыру кезінде  және кернеулі сымдардан (тростардан) төмен тартылған оларға қатысты  оқшаулаушы мен арматура тізбектердегі  ауыстырылатын сымдар арқылы  сымдардан жоғары тартылған тізбектегі кескіндерді алдын алу синтетикадан жасалған арқандардан жасалады. Арқанды екі жерден лақтыру керек – екі жағын қиылысқан жерден олардың ұштарын зәкірге, конструкцияларға байлау керек. Сымдарды (тростарды) көтеру ақырын және асықпай жүзеге асырылады.

      124. Сымдарда жұмыс  істеу кезінде кернеу қатысындағы  сымдардан жоғары тартылған оларға  қатысты оқшаулаушыда, арматураларда  сымдардың түсіп кетуінің алдын  алу мен тума кернеуден қорғау  үшін шаралар орындалады. Осы  жұмыстар кезінде қиылысқан сымдарды кернеуді өшірмей сымдарды (тростарды) ауыстыруға болмайды.

      125. Персонал электр  қондырғыдан кернеудің жоқ болып,  содан кейін ескертусіз қайта  берілетінін есінде сақтауы керек.

      126. Тәуліктің түнгі  уақыттарында жұмыс учаскелері, жұмыс орындары мен жолдар жарық болуы керек. Жарықтандыру біркелкі болады, жұмыскерлердің көздеріне дұрыс әсерін тигізуі керек. Қараңғы жерлерде жұмыс істеуге тыйым салынады.

      127. Найзағайдың жақындаған  кезде ӘЖ, БӘЖ, АТҚ, ЖТҚ ұшпақтары  мен ӘЖ учаскелеріне қосылған ӘЖ, КЖ желілерінің ажыратқыштарында, сондай-ақ байланыс тораптардың үй-жайлардың БӘЖ кірмелерінде жұмыстар тоқтатылады.

      128. Электр станциялардағы, қосалқы станциялардағы КЖ 1000 В-қа  дейінгі электр қондырғыларында  кернеумен жұмыс істеу кезінде мыналар:

      1) жұмыс орындарының  жанында орналасқан кездейсоқ  тиіп кетуі мүмкін кернеу қатысындағы  басқа да тоқ өткізгіш бөліктерін  қоршау;

      2) диэлектрлік галоштар  киіп немесе оқшаулаушы тіреулердің  үстінде не резинадан жасалған диэлектрлік кілемдердің үстінде тұрып жұмыс істеуі;

      3) оқшаулаушы ұстағыштары  (бұрағыштарда, бұдан басқа өзекті  оқшаулау) құралдарды пайдалану;

      4) осындай құралдар  болмаған кезде диэлектрлік қолғаптарды  пайдалану қажет.

      Қысқа жеңді немесе түрілген жеңді киіммен жұмыс істеуге, сондай-ақ пышақтарды, егеулерді, металл сызғыштарды және басқа да құралдарды пайдалануға болмайды.

      129. Кәсіпорындардың  немесе басқа да ұйымдардың  персоналының жұмысшысына (іссапардағы  персонал құқығымен) кезекшінің рұқсатымен есептеуіштер мен ТҚ және басқару қалқандарында орнатылған өлшеу құралдарының көрсеткіштерін жазып алуына рұқсат етіледі. Жергілікті кезекші персонал болған кезде, осы жұмыскер II топтағы, ал жергілікті кезекші персонал болмаған жағдайда ол III топтағы жұмыскер болуы керек.

Магниттік және электр өрістері әсер ететін аймақтағы жұмыстар

 

      130. АТҚ мен 500 кВ-тан  және жоғары ӘЖ жұмыскерлерді  адамның организміне қарама-қарсы  әсер ететін биологиялық белсенді  электр өрісінен қорғауды және  жерге тұйықталатын немесе жерден оқшауланған электр өткізуші объектілерге жанасқан кезде электр разрядтарының пайда болуын қамтамасыз етіледі.

      131. Электр өрісі  әсер ететін аймақтарда жұмыс  істеу кезінде адамның осы  аймаққа келуі шектеледі. Электр  өрісінің 5 кВ/метрге дейінгі кернеуі кезінде оған жұмыс уақыты ішінде болуына рұқсат етіледі.

      5 пен 20 кВ/метрге  дейінгі жоғары кернеуліктегі  (кернеудің белгілі бір деңгейі  үшін) электр өрісіне келудің  рұқсат етілетін уақыты Т, сағат,  мына формуламен есептеледі:

 

Т = 50/E - 2

 

      мұндағы Е –  бақыланатын аймақтағы электр  өрісінің әсер ететін кернеулігі, кВ/метр.

      20 мен 25 кВ/метрге  дейінгі және жоғары кернеу  кезінде келу уақыты 10 минуттан  аспауы керек. 25 кВ/метрге дейін  кернеу кезінде қорғау құралдарын пайдалану керек. Осы кездегі жұмыс уақыты 1 жұмыс күнінен аспауы керек.

      Осы пункттің талаптары  персоналға электр разрядтарының  әсер етуін болдырмау жағдайларында  жарамды.

      132. Электр өрісіне  келуге рұқсат етілетін уақыт  жұмыс күнінің ішінде бір рет немесе бөлшектеп іске асырылады. Қалған жұмыс уақытында қорғау құралдарын пайдалану керек немесе электр өрісінің 5 кВ/метрге дейінгі кернеуі болу керек.

      133. Электрлік өрістің  кернеуі, сондай-ақ әсер ету  шекарасы мен экрандау өлшеу  нәтижелері бойынша айқындалады. Барлық жағдайларда электр өрісінің бұрмаланбаған кернеулігі адамдар жұмыс істеп жатқан барлық аймақтарда өлшенуі керек.

      Жабдықтар мен  конструкцияларды көтерусіз жұмыс  істеу кезінде өлшеу былай  жүргізіледі:

      1) жер бетінен 1,8 метр биіктікте қорғау құралдары жоқ болса;

      2) жер бетінен  0,5; 1,0 және 1,8 метр биіктікте ұжымдық  қорғау құралдарын пайдалану.

      Жабдықтарға немесе  конструкцияларға көтерумен жұмыс  істеу кезінде (қорғау құралдарын  бар-жоқтығына қарамастан) өлшеу жұмыс орнының алаңынан 0,5; 1,0; және 1,8 метр биіктікте және жабдықтардың жерге тұйықталған тоқ өткізгіш бөліктерінен 0,5 метр арақашықтықта жүргізіледі.

      134. Бақыланатын аймаққа  келу уақыты өлшенген кернеуліктің  жоғарғы мәніне сүйене отырып анықталады.

      135. Қорғау құралы  ретінде стационарлық, тасымалды  және қозғалатын экран құрылғылары;  машиналар мен механизмдерге  орнатылатын алмалы-салмалы экран  құрылғылары; экрандық жинақтар  пайдаланылады.

      Зертханалардың, жылжымалы  шеберханалармен, механизмдердің, машиналардың жерге тұйықталған шанақтары мен кабиналары, сондай-ақ темір бетоннан жасалған ғимараттар, кірпіш ғимараттарында темір бетонды ұласумен, темір каркасын немесе жерге тұйықталған темір шатырларында электр өрісі жоқ болса, қорғау құралдарын қолдану талап етілмейді.

      136. Тасымалданатын  немесе жылжымалы экранды құрылғылар  орнатылған жерлерде жерге тұйықтау  құрылғыларына немесе жерге тұйықталған  құрылғыға жалғанған қимасы 10 шаршы  милиметрден аспайтын майысатын  мыс сымдармен темір конструкциялар жерге қосылуы тиіс.

      Алмалы экранды  құрылғылар сол жерде орнатылған  машиналармен және механизмдермен  гальваникалық жалғастырылуы керек.  Машиналар мен механизмдерді  жерге тұйықтау кезінде қосымша  жерге тұйықталған алмалы экранды  құрылғыларда талап етілмейді.

      Жеке экранды жинақтарды  жерге тұйықтауда тоқ өткізгіш  табаны бар арнайы аяқ-киім  пайдалану арқылы жүзеге асырылады.  Оқшаулайтын негіздеменің үстінде  тұрып жұмыс істеу кезінде  (боялған темір, оқшаулаушы, ағаш  төсеніштер) немесе арнайы қолғапсыз жерге тұйықталған конструкцияға жақындауда экранды киім қимасы 10 шаршы милиметрге арнайы майысқақ сыммен қосымша жерге тұйықталған конструкцияға немесе жерге тұйықталған құрылғысына жерге тұйықтау керек.

      137. Экранды жинақтарды 1000 В-қа дейінгі кернеулі тоқ өткізгіш бөліктерде, сондай-ақ жабдықтарды сынақтан өткізгенде (жоғары кернеуде тікелей сынақ өткізетін тұлғалар үшін) және электр дәнекерлеу жұмыстарында пайдалануға тыйым салынады. Осы жағдайда жұмыс істеп жатқандарды қорғау экранды құрылғыларды пайдаланумен жүзеге асырылады.

      138. Ажыратылған тоқ  өткізгіш бөліктердің учаскелерінде  жұмыс істеу барысында тума  әлеуетті алу үшін оларды жерге  тұйықтау қажет. Ажыратылған,  бірақ тоқ өткізгіш бөліктерді  жерге тұйықталмаған қорғау құралынсыз ұстауға тыйым салынады.

      139. Электр өрісі  әсер ететін аймақтардағы пневматикалық  дөңгелек жүрісіндегі машиналар  мен механизмдер де жерге тұйықталу  тиіс. Олардың осы аймақта қозғалуы  кезінде тума әлеуетін алу  үшін жермен байланысы бар шанаққа немесе шассиге жалғанған темір тізбегін қолдану керек.

Информация о работе Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары