Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2014 в 19:42, курсовая работа

Описание работы

Жергілікті органдар өзінің қызметін орталық биліктердің бақылауыңда атқарады. Бақылау әр салада әртүрлі болуы мүмкін.
Орталық органдар жергіліктілерді әкімшілік бақылауыңда өзінің кейбір актілерін бекіту және олардың белгілі іс-әрекеттеріне санкция салу құқықтарын қолданады, сонымен қатар орталық жергілікті басқарудың лауазымды қызметкерлерін жұмыстан босата алады.
Орталық органдар өзіңің жергілікті басқару құрылымдарымен арақатынастарында қаржылай бақылау өкілетін де қолданады. Жергілікті органдардың қаржысы өздерінің жеке табыстары мен мемлекеттік бюджеттен кіріс түсуден құралады. Бұндай жағдай олардың, бірінші жағынан өздерінің белгілі мәселелерде дербестігін білдірсе, екінші жағынан, жалпымемлекеттік деңгейдегі орнын анықтап, мемлекеттік басқару жүйесіне кіретіндігін білдіреді.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………............3
І. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері
1.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны..............................4
1.2.Мемлекеттік және жергілікті билік басқарудың құрылымы........................7
1.3. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмдері................................11
ІІ. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары
2.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі.................................................................................................................17
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ағымдық жағдайы.................................................................................................22
ІІІ. Қ.Р-да Жергілікті басқарудың жалпы ерекшеліктері мен жетілдіру жолдары
3..1.Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері..........................................................24
3.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдіру бағыттары...........................29
Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................35

Файлы: 1 файл

kurs_3175.doc

— 233.00 Кб (Скачать файл)

Жергілікті әкімшілік-территориялық бөліктерде биліктің екі түрі жүзеге асуы мүмкін. Олар: жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өзін-өзі басқару.

Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз жергілікті әкімшілік- территориялық жердегі Орталық өкіметтің атынан немесе жоғары тұрған     әкімішліктің     атынан    жүргізілетін    биліктің бір түрі.

Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі жоғары тұрған әкімшілік орындары тағайындайды. (Мысалы, ауылдың әкімін аудан әкімі тағайындаса, аудан әкімін тағайындау облыс әкімінің қолында).

Жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз сол территорияда тұратын тұрғындардың билігі, бұл билік сол тұрғындардың қалауымен сайланып қойылатын органдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Осы жерде "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Европа Хартиясынан" толық анықтамасын алуға болады:

1. Жергілікті тұрғындардың мүддесін  қорғай отырып, заң шеңберінің  көлемінде мемлекеттік істердің  негізгі бөлігін жүзеге асыруды  және сол істерді басқарудың нақты мүмкіншілігі мен құқығына ие болуды - жергілікті өзін-өзі басқару деп түсеніміз.

2. Бұл құқықты жалпыға бірдей, еркін, жасырын және тікелей дауыс  беру арқылы сайланған мүшелері  бар кеңестер мен жиналыстар  жүзеге асырады. Кеңестер мен  жиналыстар олардың алдында есеп беріп отыратын атқарушы органдарды пайдалана алады. Бұл ереже азаматтардың кеңеске тікелей шығуына, референдум жасауына және сол сияқты азаматтардың заңда белгіленген басқа да құқықтарын жүзеге асыруына бөгет бола алмайды.

Европалық жүйе бойынша жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару аралас жүреді, екеуі бірге отырып, бір жүйені береді. Басқарудың екі түрінің араласуының да түрі нұсқасы бар. Әсіресе жергілікті мемлекеттік басқаруға өзін-өзі басқару жүйесіне байланысты әр түрлі міндет крйылады.

Бірінші - әкімшіліктің жергілікті өзін-өзі басқаруды "қамқорлығына алуы".

Бұл жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару органының шешімі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының рұқсатын алмайынша күшіне ене алмайды. Қысқасы, сол шешімді жергілікті әкімшілік (губернатор, әкім, бургамистер, т.б.) қолдауы не бекітуі шарт. Оны қолдаудан бас тартудың да екі түрлі жолы бар. Біріншісі - әкімшілік орындары өзін-өзі басқару органының шешімін заңсыз деп табады, екіншісі - шешімді қажетсіз деп кейін қайтарады. Демек оның "қажетсіз" не "қажетті" екенін халық емес, әкімнің білетін болғаны. Өркениетті елдердің көпшілігінде дәл осыңдай әкім тарапынан жасалатын "қамқорлық" баяғыда-ақ келмеске кеткен.

Екіншісі - әкімшілік тұрғысынан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қадағалау.

Бұл - бүгіңдері көптеген мемлекеттерде кездесетін, европалық жүйенің ең көп тараған түрі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімін мемлекеттің өкілі (өкім) тек сол елдің заңына сәйкестігі тұрғысынан ғана бақылай алады. Әдетте шешімді тексеруге аз ғана уақыт беріледі, егер сол мерзімде әкімшілік тарапынан қарсылық болмаса, өзін-өзі басқару органының шешімі күшіне енеді. Соңғы уақытта кең етек алған бір жаңалық - әкімшілік ол шешімді сот тәртібімен ғана тоқтата алады. Өз кезегінде жергілікті өзін-өзі басқару да сот арқылы өздерінің шешімдерін қорғап шыға алады. Мемлекеттік және жергілікті билік органдарын қосымшадағы схемадан көре аламыз.

Көптеген елдерде жалпы мақсатты жүзеге асыру бірнеше жергілікті өзін-өзі басқару органдары бас қосып, бір орталық құрады. Осы одақтар арқылы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қажетті заңдарды қабылдатуға күш салынады, жергілікті жердегі түрлі мәселелерді шешуге бағытталған жалпы ұлттық бағдарламалар жасалынады, тәжірибе алмасып, бірлесе жасайтын жұмыстардың басты бағыттары анықталады.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қоғамдық өмірдегі орнын, мемлекеттік жүйеден ерекшелігін және басқа ғылымдармен байланысын көрсету мақсатында төмендегі схемаларды ұсынамыз. Жергілікті  мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік және атқарушы органдар жүзеге асырады.

2001 жылы қаңтар айында “Қазақстан  Республикасы жергілікті мемлекеттік  басқару туралы” заң қабылданды. Бұл заң бойынша жергілікті  мемлекеттік басқаруға мынандай анықтама берілді.

“Жергілікті мемлекеттік басқару заң және заң актілері шеңберінде территорияда мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың іс-әрекеттері болып табылады”.

Әкім Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады және тиісті территорияда әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытуға және мемлекеттік саясатты жүргізуге жауапты.

Жергілікті өкілетті органдар (маслихат) облыс пен аудандардың        депутаттарынан     тұрады.      Бұлар         Қазақстан

Республикасы заңына сай жергілікті жерлерде шешімдерді қабылдайды, оны жүзеге асырады және бақылайды. Сонымен қатар, заң атқарушы және өкілетті органдардың негізгі міндеттерін, талаптарын және шектеулерін анықтайды.

Маслихаттар мен акиматтар инвестиция, қаржы және жалпы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қайшы келетін шешімдерді қабылдамауға, мемлекеттік стандартты сақтай отырып, ұлттық тұрақтылықты сақтауға және азаматтардың құқықтарын сақтауға міндетті.

Маслихаттар мен әкімияттардың тиісті территорияны дамыту мақсатында жасаған жоспарлары Қазақстан Респубилкасының стратегиялық даму жоспарымен сәйкес болуы керек. “Қазақстан Республикасы Астанасы статусы туралы” және “Алматы қаласының арнайы статусы туралы” заңдары бойынша осы қалалардағы жергілікті атқарушы органдарына қосымша құқық берілген.

Жергілікті жерлердегі халықтар тиісті аймақтарда шешім қабылдау процесіне өздерінің сайлаған маслихат депутаттары арқылы қатыса алады.

Қазақстан Республикасы азаматының барлық деңгейдегі өкілетті органдарға сайлануға және сайлауға құқығы бар және 18 жасқа толған азамат осы құқыққа ие  болады.

Жасы жиырмаға толған азамат маслихат депутаты болуға толық құқығы бар және бір ғана маслихаттың депутаты бола алады.

Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік басқару ісіне тікелей болмаса да жекелей  немесе коллективті түрде мемлекеттік органдарға барып ұсыныстарын білдіре алады.

Жергілікті халық өздерінің атқарушы орган басшысына (әкімге) жергілікті өкілетті орган арқылы сенімсіздік білдіре алады. Бірақ бұл практикада кездеспеген және Қазақстанда мұндай жағдай болған емес.

Азаматтардың ролі негізінде шешім қабылдау процесінде сайлау науқанында жүреді. Шешім қабылдау процесіне халықтың ұсынысының қатысуы 1999 жылы Павлодарда алғаш рет жүзеге асты.

Заң бойынша ассоцация құру туралы ешқандай да қарастырылмаған. Бірақ Алматы мен Астана қалаларының мәслихат cекретарлары координациялық кеңес құрды. Алайда, бұл кеңес мемлекеттік тіркеуден өте алмады.

Қазақстан Республикасы көп ұлтты болғандықтан Қазақстан Халықтар Ассамблеясы құрылған және олардың облыстарда да бөлімшелері бар. Сонымен қатар, республика деңгейінде 40 жуық мәдени орталықтар құрылған.

Әкімият пен әкімнің қабылдаған актілері әкімшілік және территориялық аймақтарда заңды күштерге ие болады.

Әкімият пен әкімдердің азаматтардың міндеттері, бостандығы және құқығы туралы актілерді периодты басуға немесе газеттерде жариялауға міндетті. Әкімияттар жалпы ортақ маңыздылыққа ие, ведомствоаралық характер немесе азаматтардың міндеттері, бостандығы және құқықтарын білетін актілер Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің территориялық органдарында тіркеледі.

Әкімият пен әкімдердің актілері іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі, Жоғарғы әкімият пен әкімдер немесе өздерінің қалауы, сонымен қатар соттың шешімімен өзгертеді немесе жұмысын тоқтатады.

Облыстық мәслихат хатшыларының жиналысында Әділет Министрлігі аудандық деңгейде қабылданған шешімдердің 15-20 пайызы тіркелмейді. Тіркеуге бармай жатып кері қайтарылып жатқан актілерді де көруге болады. Тағы басқа мәселелердің мемлекеттік бюджетке қаншалықты күш салып жатқандығын атап айтты.

Үкімет конституциялық құқығы негізінде заңның орындалуын қадағалауды жүзеге асырады. Атқарушы органдар тікелей сызықтық құрылымға жатқандықтан бақылау жоғарыдан төменге қарай жүреді. Ал мәслихаттар тікелей бағыныштылық құрылыммен байланысты емес.

Президенттік бақылауды президенттің өзі және оның әкімшілігі  жүргізеді. Президент премьер-министрдің ұсынысы бойынша облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдерін сайлайды. Президенттің әкімдерге деген билігі  үкімет билігіне қарағанда артықшылығы бар және ол Президенттің “әкімдерді өз еріктеріне босату” құқығымен бекітілген.

Логика бойынша әкім атқарушы органдар жүйесінің бәр бөлігі болып табылатын жергілікті атқарушы билігінің басшысы болғандықтан  өзінің іс-әрекеттеріне үкімет алдында толық есеп беруге міндетті. Бірақ әкім президенттің бұйрықтарында орындап, оның да алдында есеп беруге міндетті.

Президенттің барлық деңгейдегі әкімдерді бақылауы мүмкін емес. Сонымен  қатар, барлық деңгейдегі әкімдердің жұмыстарын бақылайтын мемлекеттік инспекция құрылған, бірақ облыстан селолық деңгейдегі барлық әкімдерді олардың да бақылауы өте қиын. Сондықтан да олардың қызметтегі босатылуын президент шешеді. Ал, парламенттің жергілікті органдардың жұмыстарын бақылау заңды түрде қарастырылмаған. Сенат Бас прокурордың ұсынысы бойынша маслихаттың өкілеттігін шұғыл түрде тоқтата алады.

Үкімет конституциялық өкілеттіктіктер шегінен тыс заңдардың орындалуына бақылау жүргізеді. Әділет министрлігі және оның территориялық органдары жергілікті органдар актілерін тіркеп отырады.

Аудандық акиматты ауданның әкімі құрады. Оның құрамында әкім орынбасарлары, әкім аппараты, тиісті атқарушы органдардың, бірініші басшылары болады. Сонымен қатар, атқарушы органдардың аймақтық бөлімшелерінің бірінші жетекшілері (облыстық бюджеттен қаржыландырылады және тиісті жоғарғы органдардың

басшысының келісімімен) де болуы мүмкін.

Аудан әкімі өзінің маслихаттың функциясын жүзеге асыруға міндетті. Өзінің және аудан акиматының құзыреті бойынша Қазақстан Республикасы Президенті және облыс әкімінің алдында жауапты.

Аудандық органдарға мыналар жатады: аудандық әкім аппараты, бөлімдер, ішкі істер, білім, басқару, коммуналды шаруашылық, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік саясат, қаржы және экономика бөлімдері.

Облыс, аудан әкімдері (облыстағы қалалар) ауданды басқару схемасын дайындап аудандық маслихаттың бекітуіне ұсынады

 

1.3. Жергілікті  басқарудың экономикалық механизмдері

 

Мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі демократияландыруда жергілікті шаруашылықты басқаруды жетілдіруде әкімшілік - экономикалық механизмдердің алатын орны бөлек. Мемлекеттің негізгі қызметті ұлттық егемендікті, меншік құқын, заңды және тәртіп сақтауды қорғау және ақша айналысын, сыртқы сауданы реттеу және тағы да басқалай болып келсе, жергілікті шаруашылықты басқару аясына жергілікті жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, жергілікті халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты барлық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету және т.б. кіреді.

Президентіміздің биылғы жылғы халыққа Жолдауында тұрғын - үй құрылысының жаңа саясаты тұрғысында "құрылысты арзандату мақсатында тұрғын-үй инфрақұрылымын қаржыландыруды өз мойнына жергілікті билік алуы тиіс" дей келе, "облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру, дансаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиіс" деп нақты әрі ашық міндеттерді алға тартты.

"Қазақстан - 2030" Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік  қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.

Жергілікті шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдерді қолданудың ерекшелігін оның әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді әрі уақытында шешім қабылдай алатындығынан көре аламыз. Жергілікті халықты еңбекпен қамтуда, оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесі де жергілікті басқару органдарының өкілеттігіне беріледі.  Мәселен, олардың келесі жылдан бастап шетелдік инвесторларға мынадай шарт қоюға құқықтары бар: Инвесторлар бір жыл ішінде жергілікті белгілі бір салалар бойынша даярлайды, белгіленген уақыт өткен соң халық еңбекпен қамтылып, шетелден келген жұмыс күші өз елдеріне қайтарылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу елдің экономикалық саясатымен байланысты және оны жүзеге асыруға бағытталады. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасында аймақтық экономикалық саясаттың алатын рөлі зор.

Мемлекеттік реттеудің экономикалықпен бірге әкімшілік және институционалдық та механизмдері де бар. Әкімшілік тұтқалардың жиынтығы құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттерді реттеуді қамтитын болса, экономикалық шараларға қаржы (бюджет, фискалды), ақша-несие (монетарлы) саясаты, бағдарламалау және болжау мәселелері жатқызылады. Жалпы алғанда, "қаржы саясаты" түсінігі - ауқымды категория. Ол екі жақты түсінік береді. Біріншіден, ол экономикалық саясат мақсатын, екіншіден, қаржылық шараларды жүзеге асыру механизмдерін білдіреді. Қаржыдан жергілікті басқаруда туындайтын бюджетаралық қатынастар мәселесі күн тәртібіне шындап қойылып отыр. Қазір Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10 ақпан 2003 жылы №147 қаулысымен мақұлданған "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру" Концепциясындағы бюджет сферасында экономикалық механизмдер берілген. Онда жергілікті басқаруды дамыту максатында ауылдық (селолық) округтардың әкімдер аппаратын құру көзделген. Ол 2004 жылғы республикалық бюджетте (31 бап) ауылдық (селолық) округтардың әкімдері аппараттарын қалыптастыруға облыстық бюджеттерге 7-ші қосымшаға сәйкес берілетін 2,9 млрд. теңге сомасында белгіленген мақсатты трансферттермен жүзеге асырылып отыр.

Информация о работе Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі