Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2014 в 19:42, курсовая работа
Жергілікті органдар өзінің қызметін орталық биліктердің бақылауыңда атқарады. Бақылау әр салада әртүрлі болуы мүмкін.
Орталық органдар жергіліктілерді әкімшілік бақылауыңда өзінің кейбір актілерін бекіту және олардың белгілі іс-әрекеттеріне санкция салу құқықтарын қолданады, сонымен қатар орталық жергілікті басқарудың лауазымды қызметкерлерін жұмыстан босата алады.
Орталық органдар өзіңің жергілікті басқару құрылымдарымен арақатынастарында қаржылай бақылау өкілетін де қолданады. Жергілікті органдардың қаржысы өздерінің жеке табыстары мен мемлекеттік бюджеттен кіріс түсуден құралады. Бұндай жағдай олардың, бірінші жағынан өздерінің белгілі мәселелерде дербестігін білдірсе, екінші жағынан, жалпымемлекеттік деңгейдегі орнын анықтап, мемлекеттік басқару жүйесіне кіретіндігін білдіреді.
Кіріспе……………………………………………………………………............3
І. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері
1.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны..............................4
1.2.Мемлекеттік және жергілікті билік басқарудың құрылымы........................7
1.3. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмдері................................11
ІІ. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары
2.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі.................................................................................................................17
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ағымдық жағдайы.................................................................................................22
ІІІ. Қ.Р-да Жергілікті басқарудың жалпы ерекшеліктері мен жетілдіру жолдары
3..1.Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері..........................................................24
3.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдіру бағыттары...........................29
Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................35
Қоғам үшін өндіріс, бөлу және айырбас кезеңдерімен қатар экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштері бар тұтыну кезеңінің де маңызы зор. Өнімді алу жеткіліксіз, оны тиісті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін колдану керек. Өнім кейде сапасыз болуы, істен тез шығуы, үлкен шығындарды қажет етуі мүмкін. Кейде қымбат өнімнің өзі өзіне барабар қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Нәтижелі тұтыну ұғымы өндіріс құралдарын пайдалану деңгейін сипаттайды. Өсім беретін, еңбек өнімділігін арпыратын, ұлттық табысты құрайтын осы нәтижелі тұтыну. Сондықтан тұтыну кезеңінде өнімнің қоғамға, адамдарға қандай пайда әкелетінін білген жөн. Оны біз басқару тиімділігінің үшінші түрі - әлеуметтік тиімділікті қарастыру барысында анықтай аламыз.
Әлеуметтік тиімділік - бұл коғамның қандай да бір өнімді қолдану немесе нақты жұмыс түрін атқару барысында, сонымен қатар тиісті материалдық, әлеуметтік және рухани кұндылықтарды пайдалануда жалпы оң нәтижелерге қол жеткізуі. Егер оны «өндіріс-бөлу-айырбас-тұтыну» жүйесіне қолданатын болсақ, ол тек өндіріс кезеңінде ғана емес, басқа да кезеңдерде орын алып, жүйе үшін ортақ болып, жалпы оның жағдайын сипаттайды.
Әлеуметтік тиімділік кез келген еңбектің маңыздылығын, ұтымдылығын және тиімділігін көрсетеді. Егер өнімге кеткен шикізаттық, энергетикалық және басқа да материалдық шығындарды «шегеріп тастасақ», онда адамдардың еңбегі және таланты, білімі мен тәжірибесі, біліктілігі мен ар-ұяты толығымен әлеуметтік тиімділікте көрініс табады. Әлеуметтік тиімділіктің көлемі қоғамдық құрылымдар мен реттеуіштердің ұғымдылығын сипаттайды. Егер экономикалық немесе өндірістік тиімділікке табиғатқа және қоғамдық өмірдің басқа жағдайлары мен факторларына (әлеуметтік инфрақұрылымға, адамдардың денсаулығына және т.б) зиян келтіру есебінен қол жеткізілсе, онда мұндай жағдайларды әлеуметтік тиімділік деп айта алмаймыз. Сонымсн қатар тапқан табыстарға сай келмейтін қорларды қолдану арқылы уақытша, қысқа мерзімді қол жеткізген жетістіктер әлеуметтік тиімділікті білдірмейді.
Әлеуметтік тиімділік жоғары сапа мен қазіргі заманғы технологиялық көрсеткіштерге негізделген. Онда ғылыми-техникалық революцияның жетіктіктері толық көрініс табады. Ол тек баскару субъектілерін, ең алдымен мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарын ұтымды ұйымдастыру, басқарылатын объектілердің оңтайлы қызмет жасауы,олардың белсенділігінің қоғам заңдылықтарымен және мүдделерімен сәйкес үйлесуінің нәтижесінде пайда болады. Әлеуметтік тиімділіктің мәні оның тұрақты, өндіруші, прогрессивті болуында, жүзеге асқан қызметтің қолданған нәтижесі ғана емес, сонымен қатар болашақта дамудың қайнар көзі мен құралына айналып, қоғамдык өмірдің ұдайы өндірісінде берік және тұрақты буыны ретінде көрініс табуында.
М Жергілікті мемлекеттік басқару жайлы жоғарыда айтылғандар онымен атқарылатын іс-әрекетгің барлығы басқарудың әлеуметтік тиімділігімен өлшеніп, бағалануы керек деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мемлекетке қоғамның нысаны ретінде барлық қоғам үшін, онда болып жатқан құбылыстар, карым-қатынастар мен процестер жүйесі үшін жауапкершілік жүктеледі. Ол адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде анықтап және қорғай отырып, сонымен бірге олардың ұтымдылық пен тиімділік түрғысынан пайдалануын қадағалайды. Адамдардың тек ұятына, адал ниетіне, адамгершілік қылықтарына ғана сенім білдіру жеткіліксіз. Тек қана заңға, мінез-құлық пен іс-әрекет нормаларының орындалу міндеттілігіне ғана сенім артуға болады Ал олардың нақты орындалу деңгейі қоғамға, адамдарға белгілі пайда әкелетін, оларды материалдық және рухани аспектіде дамытатын әлеуметтік тиімділікпен анықталуы қажет.
Жергілікті мемлекеттік
Жергілікті мемлекеттік
басқарудың тиімділігі
Жоғарыда айтылғандарды корытындылайтын болсақ, мемлекеттік басқару тиімділігінің түсінігіне оның мақсатты бағытталған және мақсатка сай кызмет ретінде өзіндік мәні көрініс табатын анықтамасы тән. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі нәтижелер мен қол жеткізген қоғамдық мақсаттардың және пайдаланылған мемлекттік ресурстардың арақатынасын білдіретін ұғым. Тиімді басқару - қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру барысында оң нәтижелерге қол жеткізетін қызмет түрі. Тиімділік - басқарушы субьектінің және коғамның алдына қойылған мәселелерді шешу үшін жұмсаған күш-жігерінің (ресурстар) қаншалықты әлеуметтік маңызы зор нәтижелерде іске асқанын (көрініс тапқанын) білдіретін көрсеткіш.
Сонымен «мемлекеттік басқарудың тиімділігінің» категориясы келесідей түсініктер арқылы анықталады: «қоғамдық мақсаттар», «нәтижелер», «қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделер». Олардың әрқайсысы мемлекеттік басқарудың саяси астарымен бірге өзіндік белгілерін анықтайды. «Қоғамдық мақсаттар» - түптеп келгенде — бұл саяси мәнді мақсаттар; «нәтижелер» - (саясатта көрініс тапқан) қоғамдық кажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандырумен байланысты болатын объектілер, кызметтер, үрдістер; «мемлекеттік ресурстар» - қоғамдық мақсаттарға сай болу тұрғысынан да, құқықтық негізделуі жағынан да мемлекетпен белгіленетін экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық, ақпараттық капиталдар.
« жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігінің» түсінігін анықтағаннан кейін тиімділік өлшемдерін қарастырған жөн. Тиімділік өлшемдері басқарудың көрініс табуының белгілерін, қырларын, әр түрлі жақтарын білдіреді. Оларды талдау арқылы басқару деңгейі және сапасы, оның қоғамның қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келуі анықталады.
Жүйенің, яғни мемлекеттік басқарудың субъектілері мен басқарушы объектілерінің жиынтығының, атқарған қызметінің нәтижесін көрсететін мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің өлшемдері (критерилері) құрайды. Мұндай өлшемдер бір жағынан, қоғамдық дамудың (жалпы ұлттык, аймақтық) қажеттіліктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен объективті түрде байланысты, ал екінші жағынан, толғағы жеткен қажеттіліктердің, мүдделер және мақсаттардың мемлекеттік басқару арқылы қанағаттандырылатын шамасын көруге және бағалауға мүмкіндік береді. Осылардың негізінде мемлекеттік басқарудың қоғамның серпінділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз етуге қаншылықты дайын екендігін анықтауға болады.
Жергілікті мемлекеттік
Басқарудың жалпы әлеуметгік тиімділігінің өлшемдеріне (критерийлеріне) келесілерді жатқызуға болады:
а) өзінің сәйкес түрлері бойынша әлемдік
параметрлермен
салыстырылатын еңбек өнімділігінің
деңгейі;
э) БҰҰ-ң әдістемесі бойынша есептелетін ұлттық байлықтың қарқыны мен ауқымы;
б) жан басына шаққандағы және
әр түрлі категориялардың
табыстарына бөлгендегі, сонымен бірге
дамыған елдердің
стандарттарымен салыстырғандағы
адамдардың өмір сүру
деңгейі;
в) қоғамдық қатынастардың тәртіптілігі, қауіпсіздігі және сенімділігі, олардың оң нәтижелерге қол жеткізе отырып одан әрі дамуы. Аталған мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің өлшемдері қоғамдық өмірдің салалары бойынша бөлінеді. Егер қарқынды дамушы елдердің экономикасындағы процестерге көңіл аударатын болсақ, мұнда ең бастысы — еңбек өнімділігінің өсуіне, шығарылатын өнімнің сапасының, түрлерінің артуына алып келетін жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерге негізделген қоғамдык өндірісті ұлғайту екендігін аңғаруға болады.
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы.
Биліктің объективті тиімділігі өмір сүрудің сапасын арттырады. Әкімнің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің өкілі ретінде жергілікті атқарушы органдардың бақылауында бола отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қызметтерімен сәйкестелінген және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын жауапкершілігін алып және мемлекеттік басқару өкілеттікті пайдалану арқылы мемлекеттік саясатты жүргізу.
Бұл мақсатқа жету мемлекеттік қызметшілердің жақсы сапалы түрде жұмыс аптқаруына байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев саясатында маңызды орынды мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселесі алады. Оның кәсібилік деңгейді арттыру, кадрларды тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсіби жоғарылауды қадағалау, адал қызмет, жемқорлыққа қарсы күресті және құқық бұзушылықты болдырмау деген сияқты маңызды бұйрықтары үнемі облыс әкімшілігінің назарында тұрады.
Бүгінгі таңда облыс маслихатының 2006 жылғы желтоқсандағы отырысында бекітілген басқару схемасына бойынша жиырма облыстық департаменттер мен басқармалар, сонымен қатар облыс әкімінің аппараты, он бес қалалық және аудандық әкімшіліктер жұмыс істеуде. Бұл органдар арқылы әкім жалпы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді.
Басқаруға және атқаруға жоғарыдағы барлық органдардың құжаттары, әкімнің жарлықтары, облыс әкімінің бұйрықтары мен тапсырыстары қабылданады.
2006 жылдың ішінде облыс әкімінің
аппаратына Президент
Қазіргі кезде облыс әкімшілігінің 49 жарлығы бақылауға алынған. Халықпен кездесу , жиналыстар мен басқа да шаралар бойынша әкімдердің берген бұйрықтары мен тапсырмалары да назарға алынады. Облыс департаменттері мен басқармалардың басшыларына 337 тапсырма берілген, оның 241 – ұзақ мерзімді сипатта, ал 96 тапсырма орындалды.
Кесте 2
№ |
Аудан аты |
Тапсырмалар саны |
Орындау мерзімі аяқталмаған және үнемі бақылауда болатын тапсырмалар саны |
Орындалған тапсырмалар саны |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 |
Арыс қаласы Кентау қаласы Түркістан қаласы Шымкент қаласы Бәйдібек ауданы Қазығұрт ауданы Мақтарал ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Сайрам ауданы Сарыағаш ауданы Созақ ауданы Төлеби ауданы Түлкібас ауданы Шардара ауданы |
110 114 110 131 92 109 106 108 102 108 115 103 111 109 106 |
50 51 41 66 38 50 49 48 51 54 55 58 47 54 55 |
60 63 69 65 54 59 57 60 51 54 60 45 64 55 51 |
2006 жылы облыс әкімінің аппаратына
2311 аса жазбаша арыздар түсті,
әкімдер мен орынбасарлары 400-ден
аса азаматтарды қабылдады. Облыс
халқының арыздану себептер
Информация о работе Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі