Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 10:16, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты- осы тақырып бойынша көптеген әдебиеттерді қарастырып, Қазақстандағы қаржылық лизингінің қызметін қарастыру, оған байланысты көрсеткіштер кешенін зерттеу, талдау мен ұсыныс жасау болып табылады.
Жоғарыда айтып өткен мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттер қарастырылды:
- лизингтің теориялық негізін зерттеу
- Қазақстандағы лизингтің даму жағдайын қарастыру;
- лизингтік қатынастардың шетелдік тәжірибесін қарастыру;

Содержание работы

КІРІСПЕ ................................................................................................................... 4

1. ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен лизингтің мәні ...........................................9
1.2 Қазіргі лизингтің формалары мен түрлері ..................................................... 12
1.3 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері........................................................... 23

2. «КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері ................... 30
2.2 Қазақстан Республикасында лизингтің қалыптасуы және дамуы ............... 43
2.3 «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау ...50

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында лизинг рыногының қалыптасу және даму проблемалары.docx

— 82.10 Кб (Скачать файл)

Лизингтік мәмілеге үш жақ қатысады (Сурет 2):

-  Лизингберуші – меншігіне  лизинг затын алушы және оны  лизинг шарты талаптарында Лизингалушыға  беруші жақ.

- Лизингалушы –  кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг шарты талаптарында лизинг затын қабылдаушы жақ.

-  Сатушы – Лизингберуші  лизинг затын алатын жақ.

Лизингтік нарықта арнайы субъектілерді атап көрсетуге болады, олар:

-  Банк (немесе басқа  несиелік ұйым) келісім – шарттағы  затты алуға қаражат беруші  жақ.

- Сақтандыру компаниялары  – лизингтік келісім шартта  пайда болатын кездейсоқ тәуекелдерден  сақтандыру: лизингберушінің мүлкін  сақтандыру, лизинберушіге несиелік ұйым берген несиелерді, төлемқабілетсіз жағдайлардан және тағы басқа.

ет


7


5 2 1 4 2     6

                                      Лизинг беруші


                                                      3


                                  Несиелік комитет

Сурет 2. Лизингттік мәмілеге қатысушылар тізбегі

 

«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының заңында қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:

-  Лизинг беруші –  лизинг шартымен лизинг затын  сатушыдан алуға және оны лизинг  алушыға белгілі төлеммен, белгіленген  мерзімге және анықталған шартпен  уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік  мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға  берілетін мерзім ұзақтығы жағынан  лизинг заты құнының түгелдей  немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан  кем емес) амортизациясымен өлшенеді.

-  Лизинг алушы лизинг  келісіміне сәйкес, келісім жасау  кезіндегі баға бойынша лизинг  заты құнының түгелдей немесе  белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем  емес) көлемде қалпына келтірілуімен (амортизация) есептелетін қылыпты  кезеңдік төлемдерді төлейге  міндеттенеді. Бұл кезде әрекет  ету мерзімі өткеннен кейін  лизинг заты толықтай лизинг  алушының меншігіне көшеді немесе  ол аяқталғанға дейін лизинг  келісімінде қарастырылған төлем  толықтай төленеді, әрине, егер мұндай  алмасу келісімде көрсетілген  жағдайда ғана.

Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі. 

Лизингтік мәміле негізін келесілер құрайды:

-  Мәміле объектісі;

-  Мәміле субъектілері (лизингтік келісім тараптары);

-  Лизингтік келісім  мерзімі (лизинг кезеңі);

-  Лизингтік төлемдер;

-  Лизинг бойынша ұсынылатын  қызметтер;

Өндірістік циклде жойылмайтын мтериалдық құндылықтардың кез-келген түрі лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Жалға берілетін объект табиғаты бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингі қарастырылады.

Мәміле объектісіне тікелей қатысы бар тараптар лизинг субъектісі  болып саналады. Банктерді лизингтік лизингтік қызмет рыногына енгізу, біріншіден лизинг – бизнестің капитал сыймды түрі болуымен, ал банктер – ақша ресурстарының негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің экономикалық табиғаты бойынша банктік несиелеумен тығыз байланысты және соңғысына өзіндік балама ретінде шығуы жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. «КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ

 

2.1  Қазақстан  Республикасындағы лизингтің құқықтық  негіздері

 

Лизингтің көптеген анықтамалары бар. Лизинг етістіктен туындаған to lease-затты алу және оны уақытша пайдалануға беру деген ағылшын сөзінен шыққан. Біздің көзқарасымыз бойынша «лизинг» терминінің мәнін мына анықтама нақтылайды: Лизинг уақытша бос немесе тартылған қаржылық қаражаттың инвестициалануы болып саналады, бұнда лизинг беруші меншігіне белгілі сатушыдан шартпен келісілген мүлікті және осы мүлікті лизинг алушыға кейіннен сатып алу құқығымен төлем ақыға уақытша пайдалануға береді.

Лизингтік мәміле, өз кезегінде, лизинг беруші, лизинг алушы және лизингтың затын сатушы (жеткізіп беруші) арасындағы шартты жүзеге асыратын шарттардың жиынтығын көрсетеді.

Үйлер, ғимараттар, көліктер, құрал-саймандар, жабдықтар, мүкәммал, көлік құралдары, жер тілімдері және басқа да қолданылмаған заттар лизинг заты болып табылады.

Құнды қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг заты болып табылмайды.

Лизинг заты ретінде жеке деңгейдегі заттар мен жер тілімдерін пайдалануға заңнама актілерімен кейбір тыйымдар салынуы мүмкін.

Әдеттегі лизингтік мәміле мынандай болып көрінеді.

1.Пайдаланушы (лизингтік  қарым-қатынасқа түскеннен кейін  лизинг алушы) лизингтік компанияға  өзіне қандай жабдық керек  екенін хабарлайды.

2.Лизингтік компания , жобаның  өтімді екеніне көз жеткізгеннен  кейін осы жабдықты дайындаушы  фирмадан немесе басқа заңды  тұлғадан, немесе жеке тұлғадан  лизинг объектісі болып табылатын  сатылатын мүлікті сатып алады.

3. Лизингтік компания (лизинг  беруші) жабдықтың меншік иесі  болғаннан кейін, оны орнына лизингтік  төлемдерді ала отырып, кейіннен  сатып алу құқығымен (келісім-шартпен  нақтыланады) лизинг алушыға уақытша  пайдалануға береді.

«Риторикада» Аристотель  белгілегендей , байлық тек құқық меншігі негізінде мүлік иемдену емес, ал оны (мүлікті) пайдалану. Ағылшын авторы Т.Кларк лизинг Аристотель өмір сүрген уақыттан қаншама ертерек мәлім болған деп сендіреді: ол біздің дәуірге дейінгі 1760ж маңайында қабылданған Хаммупари заңдарында лизинг туралы бірнеше ереже жиынтықтарын келтіреді. Лизинг мәселелерінен Рим Империясы да шетте қалған жоқ - олар өз бейнесін Юстинианның Институциясында тапты. Сонымен иемдену құқығы мен меншік құқығы және иемденуден пайда түсіру  идеясы ежелгі уақыттан бері келе жатқан, ал қазіргі лизингтың пайда болуы және тарауы «жаңа – жақсы ұмытылған ескі» екендігін тағы да растайды.

Лизинг американың  жаңа ой табысы деп дәстүрлі есептеледі, «Белл телефон Компани» америка  компаниясы телефондарды сату орнына оларды жалға беруге шешім қабылдаған бастап, шетел зерттеушілері лизинг операцияларын есептеу нүктесі 1877 жыл.деп есептейді. Лизингтың дамуына қуатты импульс берген арнайы лизинг компаниясының құрылуы, олар үшін лизинг тек қана сауда саясатының амалы ғана емес, сондай-ақ қызмет құралына айналды. Бірінші лизинг компаниясы «Юнайтед Стейтс лизингкорп» Сан-Францискода 1952 жылы құрылды. 60-жылдардың басында америка кәсіпкерлері лизингты Еуропаға мұхит арқылы «өткізді», осында бірінші лизинг компаниясы «Дойче лизинг ГМбХ» Дюссельдорфта 1962 жылы пайда болды. 1972 жылдан бері осында еуропалық лизинг рыногы қолданыста.

Англияда жалға беру заңының алғашқыларына Уэльс Заңы жатады (Statute of Wales) 1284 ж., ол дәстүрлі жерді жалға беруге қоса жылжымайтын мүлікті де жалға беруді қосты. Осы заңға сәйкес,жалға беру аса адал емес және мейірімсіз адамдардың мүддесінде пайдаланды, мысалы, заттың шын мәнін жасыруда: кім меншік иесі, кім қожа екені-кредиторларды жаңылтуға енгізу үшін. Кейіннен Англияда тек қана жер мен жылжымайтын мүлік қана емес, сонымен қатар жылжитын мүлік пен басқа да тауарлар жалға беріле бастады. Лизинг заттың шын мәнін жасыру үшін аса адал емес және мейірімсіз адамдардың мүддесінде  заттың шын мәнін жасыру: кім меншік иесі, кім қожа екенін, кредиторларды жаңылту үшін пайдаланылды. 1571ж. Лизингті алу тарихы ХХ ғасырда да қайталанады. қазірзі заманғы лизинг шуы «лизинг» аты ғана, мәні жағынан үлкен кірістер алу мүмкіндігін жапқан, салық төлеуден жалтаратын үлкен мәмілелер санын арттыруға әкеп соқтырды. алғаш рет осы саладығ заң актілері өзінің негізгі мақсаты ретінде түрлі өлшемдер мен көрсеткіштерді пайдалану жолымен «шын мәніндегі» және «алдамшы» лизингтің ара жігін ажыратуды өздерінің мақсаты етіп қойды.

«Алмашы лизинг» біздің елемезде де және ТМД көршілестерде де жетіп жатыр. Мысалы, Белорсуссияның банктері әдейі жасалған компанияларды лизнгі, кредит берудің күрделі жүйесін пайдалана отырып, бір бірінен «лизингке» банк офистерін, қазіргі заманға байланыс құралдарын, қымбат автомобильдер мен инкасациялауға брондалған машиналар алды. Соңында көптеген соманы (салықтар, резервтік ақша) ала алмаған Беларуссияның Ұлттық Банкі ғана ұтылды.

Біздің елімізде қабылданған лизинг түрлерімен қатар әлемде жабдықьың лизингінен басқа, астық лизингі, жұмыс күшінің лизингі және тауарлардың басқа да көптеген түрлерінің лизингі бар, сондықтан біздің елімізде экономикалық қарым-қатынастардың бұл түрінің әлеуеті біздің елімізде зор.

Мәміле лизингінде әдетте бірнеше субъектілер қатысады:

Лизинг беруші – тартылған немесе жеке қаражатының есебінен лизинг мәмілесін іске асыру барысында меншігіне мүлік сатып алатын және білгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттарда уақытша иелік етуге және лизинг затына меншік құқығын лизинг алушыға бере отырып немесе бермей белгілі бір ақыға лизинг берушіге лизинг заты ретінде береді.

Лизинг алушы – лизинг шартына сәйкес белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттарда уақытша иелік етуге және пайдалануға белгілі бір ақыға лизинг затын алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға. Мүлікті сатушы (өнім беруші) – лизинг берушімен сатып алу-сату шартына сәйкес лизинг заты болып табылатын өзі өндірген (сатып алатын) мүлікті лизинг берушіге сататын жеке немесе заңды тұлға. Сатушы (өнім беруші) сатып алу-сату шартына сәйкес лизинг берушіге немесе лизинг алушыға лизинг затын беруге міндетті.

Шарт затын сатып алуға қаражат беретін банк (немесе басқа кредит мекемесі).

Қаржы лизингі экономикалық сиапттары бойынша капитал салымдарының ұзақ мерзімді банктік кредит беруіне ұқсас болғандықтан, қаржы лизингінің рыногында банктер, қаржы компаниялары және банктермен тығыз байланыстағы мамандандырылған лизинг компаниялары ерекше орын алады. Бірқатар елдерде банктерге қаржы лизингімен ғана айналысуға рұқсат берілген. Жедел және қаржы лизингінің арасындағы негізгі ерекшеліктер көрсетілген

Лизинг субъектілерінің кез келгені Қазақстан Республикасының резиденті де, бейрезиденті де, сондай-ақ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын шетелдік инвестордың қатысумен кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады.

Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар - лизинг нысанасы бола алады.

Дамыған елдерде қаржы лизингінің ахуалын зерделеу лизингке берілетін жабдықтардың негізгі топтарын анықтауға мүмкіндік береді:

көлік (көлік ұшақтар, автомобильдер, теңіз кемелері, темір жол вагондары және т.б.);

байланыс жабдықтары (радиостанциялар, спутниктер, почта жабдықтары және т.б.);

ауыл шаруашылығы жабдықтары;

құрылыс жабдықтары (крандар, бетон араластырғыштар және т.с.с.) және т.б..

Лизингтің негізгі түрлері отандық та, шетел мамандарының да пікірі бойынша қаржылық және жедел лизинг деп санайды.

Жедел лизинг – бұл қысқа және орта мерзімді сипатқа ие мәміле, онда жалға алу төлемдері арқылы жабдықтар құнының бөлігі ғана амортизацияланады. Жедел лизинг бойынша жеткізілетін жабдық жалға алушының балансына қойылмайды. Мұндай мәмілелер бойынша лизинг беруші, әдетте, техникалық қызмет көрсету, сақтандыру, салық төлеу және есепке алу мәселелерін өзіне алмайды, жедел лизинг санатына қаржы лизингі санатына сәйкес келмейтін мәмілелер жатпайды.

Жедел лизинг үшін мынадай белгілер сипатқа ие:

Лизинг алушы лизинг нысанасын, егер лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын өз меншiгiне сатып алу қўқықтары мен мiндеттерi көзделмесе не ол лизинг нысанасын сатып алудың көзделген қўқығын пайдаланбаса не лизинг шарты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бўрын тоқтатылса, сондай-ақ лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда қайтаруға тиiс.

Қаржы лизингі. Экономикалық мәні жағынан қаржы лизингі мүліктің өмір сүру циклының толық мерзімі немесе көп бөлігінің ішінде жабдықты пайдалануға алады; жалдау төлемдері толығымен лизинг берушіге аударылады (мысалы, қарыз берушіге емес), жалға алушыда техникалық қызмет көрсету, салықтарды төлеу және жабдықтарды сақтандыру жауапкершілігі жатыр; лизингке беруші жабдықтың бүкіл өмірлік циклінде алатын жиынтық жалға алу төлемдері жабдықтың бастапқы құнын жабады және инвестицияланған капиталға кірісті қамтамасыз етеді.

Оралымды және қаржы лизингінің екі негізгі түрлерінің сипаттымасы туралы мәселе.

Сызықтық қағидат бойынша топтастырудың негізінен 8 белгісі бөлініп айқындалды:

-мәмілеге қатысушылардың  құрамы;

- лизингке берілетін мүліктің  түрі;

- оның өтелуінің дәрежесі;

- тозуына қарай жарна  төлеудің шарты;

- қызмет етудің көлемі;

- операциялар жүргізілетін  нарық секторы;

- салықтық және амортизациялық  жеңілдіктерге көзқарас;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері