Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 10:16, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты- осы тақырып бойынша көптеген әдебиеттерді қарастырып, Қазақстандағы қаржылық лизингінің қызметін қарастыру, оған байланысты көрсеткіштер кешенін зерттеу, талдау мен ұсыныс жасау болып табылады.
Жоғарыда айтып өткен мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттер қарастырылды:
- лизингтің теориялық негізін зерттеу
- Қазақстандағы лизингтің даму жағдайын қарастыру;
- лизингтік қатынастардың шетелдік тәжірибесін қарастыру;

Содержание работы

КІРІСПЕ ................................................................................................................... 4

1. ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен лизингтің мәні ...........................................9
1.2 Қазіргі лизингтің формалары мен түрлері ..................................................... 12
1.3 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері........................................................... 23

2. «КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері ................... 30
2.2 Қазақстан Республикасында лизингтің қалыптасуы және дамуы ............... 43
2.3 «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау ...50

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында лизинг рыногының қалыптасу және даму проблемалары.docx

— 82.10 Кб (Скачать файл)

- лизингтік төлемдердің  сипаттамасы.

Лизинг пен лизинг қатынастарын жіктеу.

Сонымен, көптеген топтастыруларды салыстырмалы саралау жасаудың, лизингтік операциялардың мәні мен мазмұнын зерттеудің  нәтижесінде мынадай топтастырудың белгісі бөлініп айқындалды:

- мәміле объектісі;

- мәміле мерзімі (кезеңі);

- мәміле көлемі мен  сомасы;

- қосымша және несие  қаражаттарын тарту дәрежесі;

- мүліктің өтелуінің дәрежесі;

- тозуына қарай жарна  төлеудің шарты мен әдісі;

- қызмет етудің көлемі;

- операциялар жүргізілетін  нарық секторы;

- салықтық және өзге  жеңілдіктерге көзқарас;

- лизингтік төлемдердің  сипаттамасы;

- лизингтік ымырада опционның  болуы;

- базистік (негізгі) мерзім  аралығында келісімді бұзудың  мүмкіндігі мен жағдайы;

- мүлікті бухгалтерлік  есептеудің тәсілі;

- мәмленің елдік спецификасы.

Тараптардың санына байланысты лизингтік мәмледе лизингті екі жақты, үш жақты және көп жақты деп бөледі. Классикалық лизинг, әдетте, үш жақты, тараптары «сатушы – лизинг беруші – лизинг – алушы» болады.

Лизингтік мәмілеге қатысушылардың (субъектілердің) құрамында меншік нысаны және заңды және жеке тұлғалар түрлері бойынша былаша бөлінеді:

- мемлекеттік органдар  және кәсіпорындар;

- жергілікті органдар;

- жеке меншік кәсіпкерлік  фирмалары;

- коммерциялық емес ұйымдар;

- халық (азаматтар).

Лизинг мәмілесінде олардың атқаратын функцияларына (рөлдеріне) байланысты бұл субъектілер мыналар ретінде:

- мүлік сатушы;

- лизинг беруші;

- лизинг алушы;

- кредит беруші;

- кепілгер бола алады.

Кәсіпорындар- машиналар және жабдық жасаушылар, немесе сауда фирмалары мен компаниялар және жабдықтау-өткізу ұйымдары тікелей мүлік сатушы (қамтамасыз етуші) бола алады.

Лизинг беруші болып, меншік нысанына қарамастан, лизингтік қызметті атқаратын кез-келген заңды тұлға бола алады. Ал, лизингке меншік иесі тапсырған мүлкіне байланысты мемлекеттік және жеке (коммерциялық) лизингті ажырата білу керек.

Лизинг берушілерді мынадай 4 негізгі түріне бөлінеді:

- тәуелсіз лизинг компаниялары;

- банктермен байланысқан  банктер мен фирмалар;

- жабдық  өндіруші-фирмалардың  лизинг филиалдары;

- инвестиция жасау үшін  қаржы ресурстарының жеткілікті  саны бар өзге де лизинг  берушілер (сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, сенім берілетін  компаниялар, тәуелсіз брокерлер)

Кез-келген меншік нысанындағы өндірістік және сауда кәсіпорны, коммерциялық емес ұйымдар және халық лизинг алушы бола алады.

Жұмыс күшін қоса алғанда, қайта-қайта және ұзақ пайдаланылатын кез-келген тауар лизинг объектісі бола алады. Лизинг объектісінің өндіріс үдерісіне қатысу дәрежесіне қарай олар инвестициялық және ұзақ пайдаланылатын тұтыну тауарлпрына бөлінеді. Мысалы, инвестициялық жеке капиталдың элементіне, қаржы капиталының элементіне бөлінеді. Инвестициялық тауарларының рыногы жылжымайтын мүлікке жылжымалы мүлікке, мүліктік құқықтарға және зияткерлік әлеуетке, инновацияларға бөлінеді.

Мөлшері мен сомасы бойынша лизинг мәмілелері:

- аз ауқымды;

- орташа;

- көп ауқымды болып  бөлінеді.

Мүліктің өзін-өзі өтеу дәрежесі бойынша:

- Егер бір шарттың қолданылу  мерзімі ішінде лизинг берушіге  жалға алынатын мүліктің толық  құны төленсе, толық өзін-өзі өтеу  лизингі;

- Егер бір шарттың қолданылу  мерзімі ішінде жалға алынатын  мүлік құнының бір бөлігі ғана  өтелсе, толық өтелмейтін лизинг  болып бөлінеді.

Амортизация шарттарына қарай:

- егер лизинг объектісінің  құны толық төленсе, толық амортизация  лизингі;

- егер лизинг объектісінің  құны ішінара төленсе, толық емес  амортизация лизингі болып бөлінеді.

Бір-бірімен тығыз байланысты объектінің өтелу дәрежесі мен оның амортизация шарттары бойынша жедел дизингті де бөліп көрсетеді.

Біріншісі, толық өтелетін мүліктің лизингін немесе full payout-lease білдіреді.

Екіншісінде шарт мерзімі мүліктің экономикалық қызмет ету мерзімінен қысқа; Басқаша айтқанда жедел лизинг объектісі моралдық тозуы жоғары қарқынды жабдық болып табылады. Екіншісінде мүлік құнынын ішінара төлеу немесе non full payout-lease жүргізіледі. Бұл жерде лизинг беруші осы шарттың қолданылуы кезінде мүлік құнының бір ғана бөлігін өтейді, сондықтан оны бірнеше рет, әдеттегідей, әр түрлі пайдаланушыларға жалға беруге мәжбүр.

Берілетін мүлікке қызмет көрсету көлемі бойынша:

  • таза лизинг;
  • қызметтердің толық топтамасы бар лизинг;
  • қызметтердің ішінара топтамасы бар лизинг болып бөлінеді.

Егер лизинг беруші сатып алушыға қызметтердің толық топтамасын ұсына алса, онда «ылғал лизинг» орын алады. Күрделі техникалық сипаттамалары бар арнайы жабдықты пайдалануға беру кезінде қосымша міндеттемелері бар «ылғал лизинг» орын алады.Әдеттегідей оны мұндай жабдықты өндірушілердің өзі, немесе ірі көтерме-сауда ұйымдары пайдаланады. Құны бойынша бұл ең қымбат лизинг түрлерінің бірі. Техникалық қызмет көрсетумен, жөндеумен және сақтандырумен қатар кешенге жұмыс істеу үшін қажетті жабдықты, шикізатты жеткізу, білікті мамандарды даярлау, маркетинг және дайын өнімнің жарнамасы кіреді.

Операциялар жүргізілетін нарық секторына қарай ішкі және сыртқы немесе халықаралық лизингке бөлінеді (бұл түрлер бұдан әрі Қазақстанның мысалында егжей-тегжейлі карастырылатын болады).

Салық немесе амортизациялық жеңілдіктерге қарағанда, мыналарға:

- мәміле саудагерлік сипат  алып, салық және амортизациялық  жеңілдіктер алу есебінен ең  көп пайда табу мақсатында  ғана жасалатын жағдайда, жалған  лизингке;

- төлемдер осы жабдықта  жасалған тауарларды жеткізу  нысанында немесе үстеме қызмет  көрсету нысанында жүзеге асырылатын  жағдайда өтелетін төлемі бар  лизинге;

- жоғарыда жазылған төлеудің  екі нысаны үйлеске жағдайда, аралас төлемі бар лизингке  бөлінеді.

Лизингтің теориялық негіздерін әзірлеушілердің бірі В.В.Бочаров жедел лизингтің құрамына рентингті - мүлікті бір күннен бастап бір жылға дейінгі қысқа мерзімді жалға беруді және хайрингті – бір жылдан бастап үш жылға дейінгі орта мерзімді жалға беруді жатқызады.

Кеңінен таралған, бұрын қаралмаған мынадай лизинг түрлері бар.

Топталған (немесе акционерлік лизинг) қаржы лизингінің бір түрін білдіреді, бұл жерде лизинг беруші лизингке тапсырылатын жабдықты сатып алу үшін қарыз қаражатын пайдаланады. Жабдықтың жалпы бағасындағы қарыз қаражатының үлесі 60-80 пайызға жетуі мүмкін. Бұл ретте лизинг беруші болып жиі бір топ қатысушылар (акционерлер тобы жиі білдіреді, ол меншік иесінің сенімді тұлғасы болады. Лизингтің бұл түрі ұшақтар, темір жол жабдықтары, бұрғылау платформалары мен бағаналары, кәсіорындардың жиынтық жабдықтары және т.б сияқты ірі ауқымды объектілерді жалға тапсыру үшін қолданылады.

Тікелей қаржы лизингі – бұл өндіруші немесе өткізуші болып табылмайтын бір лизинг берушінің (үшінші жақтың активтері тартылатын топталған лизингке қарағанда) өз бетінше жүргізетін лизинг операциясы.

Дара лизинг, әдеттегідей, бірнеше миллион тұратын мәмілер жасасқан кезде пайдаланылады, басқа жақтан қарыз берушілерді, қаржыландыратын мекемелерді, лизинг берушілерді және лизинг алушыларды қамтиды және көбінесе тресті немесе «жасанды» корпорацияны құру жолымен барлық қатысушылардың мүдделерін ескере отырып, топтамадағы мәміле ретінде брокерлердің көмегімен ресімделеді. Дара лизингтің жәй (кәдімгі» нысаны лизинг берушінің, лизинг алушынң және қаржыландыратын ұйымның қатысуын көздейді. Күрделі нысанға мынадай бес тарап қатысады: брокер (әдеттегідей, ірі дербес лизиг компаниялары): қаржыландыратын мекеме; лизинг алушы.

Лизингтің осы түрінің ерекшеліктері лизинг беруші лизинг алушыға қосымша қызметтер ұсыну болып табылады (жабдықты ұстауды, оны жөндеуді, сақтандыруды қамтамасыз етеді). Қосымша қызметтер жалдау ақысына жатады, сондықтан осы лизинг түрі салыстырмалы түрде қымбат. Әдетте, мұндай лизингпен жабдықтар жасаушылар (компьютерлер, ұшақтар және т.б.) айналысады.

Шартты лизинг – сату. Мысалы, АҚШ-та осы түрге мәміле жасасу сәтінде мүлікті пайдаланушы оның меншігі деп саналатын мәмілелер жатады. Мұндай талап лизинг туралы шартқа, әдетте, федералдық салықты азайту мақсатында енгізіледі.

Бас лизинг – бұл лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы жалпы (бас) лизинг туралы шарт, ол лизинг алушының жалға алатын жабдықтар тізімін жаңа келісім-шарт жасамастан толықтыру құқығын көздейді.

Капиталды лизинг – бұл АҚШ-тың қаржылық-бухгалтерлік стандарттары басқармасының бірқатар талаптарына жауап беретін, америка рыногындағы лизинг операциясы.

«Сату» үлгісіндегі лизинг - өндіруші немесе босатушы жүзеге асыратын капиталды немесе қаржылық лизинг өлшемдеріне жауап беретін америка рыногындағы лизинг.

Келісім-шартпен жалдау – қаржылық және жедел лизинг элементтерін үйлестіретін арнайы жалдау түрі. Негізінен, автокөлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникасын, тракторларды жалға алу кезінде қолданылады. Осы нысандағы лизинг операцияларын қаржылық мекемелер мен босатушылар оларда техника алғысы келетін тұтынушыларға машина парктерін жалға беру үшін қолдана бастады. Келісім-шартпен жалдау кезінде жалға берілетін мүлікті пайдаланушы, әдетте, 12 айдан 36 айға дейін өзгеріп отыратын келісілген жалдау мерзімі соңында иесіне қайтарылады. Келісім-шартпен жалдау кезінде жалдау ақысы нақты белгіленеді және мүліктің иесі жүргізетін қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі шығыстарды өзіне қамтиды.

Таза (нетто) лизинг – жабықты пайдаланумен байланысты барлық шығыстарды лизинг алушы өзіне алады.

Лизинг – кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерге өзінің негізгі қаражатын несиеге жаңартуға, салықтық және жедел ұстап қалуларды (табысқа салынатын салық, мүлікке салынатын салық, қосылған құн салығы) төмендетуге нақты мүмкіндік беретін тиімді қаржы институттарының бірі болып табылады:  

Біздің компанияның қызметтерін пайдалана отырып, Сіз мыналарға қол жеткізесіз:

Лизингтің басымдықтары:

1.Құнының бар-жоғы 15-30%-ын  аванспен төлеп, бөліп-бөліп төлеумен 12 айдан 48 айға дейінгі мерзіммен  автомобиль сатып аласыз;

2.Кәсіпорынның таза пайдасынан  автомобиль сатып алудың орнына  лизинг кезеңіндегі лизингтік  төлемдерді өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік құнына жатқызу мүмкіндігіне  ие боласыз. Шығындар бүкіл кезеңге  бөлінеді.

3.Автомобиль лизинг компаниясының  балансында көрініс табады, сондықтан  Сіз мүлікке салық салудан  босатыласыз.

4.Лизингтік төлемдер бойынша  ҚҚС есептеу.

5.Әрбір клиентке жеке  көзқарас кәсіпорын үшін ыңғайлы  лизингтік төлемдер төлеу кестесін  іріктеп алуға мүмкіндік береді, бұл ағымдағы қызметті жоспарлау  процесін жеңілдетеді.

6.Мүлікті тездетіп амортизациялау  тетігін пайдалану (3 дейінгі коэффициентпен) автомобильге меншік құқығын  нөлге жақын құны бойынша ресімдеуге, лизинг шартының жұмыс істеу  мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікті  нарықтық бағамы бойынша сатқан  жағдайда, пайда көруге мүмкіндік  береді.

7.Лизинг компаниясы берілген негізгі қаражатты есептеуді жүргізеді, салық есептейді және оны төлейді, лизинг алушы компанияның бухгалтерлік және салықтық есебін оңайлатады және Сіздің қаржылық құрылымыңызға жүктемені қысқартады.

8.Лизинг алушы жеке және қарыз капиталының ара қатынасын оңтайландыра отырып, лизинг компаниясының балансындағы негізгі қаражатты ескере отырып, кредит беретін тартымды кәсіпорынды сақтайды.

Лизингтік қызметтер түрлері

Қаржылық лизинг – бұл классикалық сызба, ол кезде Лизингтік компания Клиентпен лизинг шартын жасасады және Жеткізушіден Клиенттің өтінішіне сәйкес мүлік сатып алады. Қаржылық жалдау (лизинг) тартымды және дамып келе жатқан қаржы құралы болып қала береді. Қазіргі уақытта лизингті салық салудың қолайлы режимі сүйемелдейді, осыған сәйкес лизинг алушылар лизингтік төлемдердің барлық сомасын өндіріс шығындар құрамына жатқыза және тездетілген амортизацияны лизинг мәніне есептей алады.

Қайтарымды лизинг – қаржылық лизингтің әралуандығы, тек мұнда Лизингтік компания Клиенттен ол сатып алған мүлікті сатып алады және оған қайтадан лизингке береді. Қайтарымды лизинг сызбасы Клиентке мүлікті сату есебінен капиталды уақытша босатуға және оны пайдалана беруге мүмкіндік береді. Бұл рет те клиент қажет айналым қаражатын және салық төлемдерін азайту мүмкіндігін алады. Осының негізінде өндіруші мен өнімді тұтынушы арасында тығыз байланыс туындады, олар, өз кезегінде, оларды қаржыландыру мен кредит берудің принципиалды жаңа көздерін қалыптастырады және дамытады. Осындай жаңа көздердің бірі лизинг болды.

Осы шарт түрінің белгілері:

1. Қайтару лизингi - лизингтiң  бiр түрi, ол бойынша сатушы  лизинг нысанасын лизинг берушiге  осы лизинг нысанасын лизинг  алушы ретiнде лизингке алу  талабымен сатады;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері