Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 16:49, реферат

Описание работы

Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез-құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.

Файлы: 1 файл

құқық).doc

— 172.50 Кб (Скачать файл)

Құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына заңмен белгіленетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға болады.Мемлекеттік мәжбүрлеудің төрт түрі белгілі:

1) қылмыстық-құқықтық (қылмыс жасаған  жағдайда)

2) азаматтық-құықтық (қылмыстық жауапкершілікке  әкеліп соқтырмайтын мүліктік зиян келтірілген жағдайда);

3) әкімшілік-құқықтық (әкімшілікке  теріс қылық жасау; мысалы, ұсақ  бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді  ішімдіктер ішу);

4) тәртіптік (өзінің еңбек ету  және басқа міндеттерін атқармау  немесе оларға салдыр-салақ қарау).

Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал ету шараларын қолдануды талап етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі санкция қарастырылған болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану шегін қажетті тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.

Құқық қоргау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды. Қылмыстың жасалуына итермелеген себеп пен жағдай және қылмыстылықтың жолын кесу шараларын қабылдау.

Сот — әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі — қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.

Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:

— Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады.

— Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді. Сот әділдігінің барлық маңызды мәселелерін тек қана заң анықтайды.

Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгенін көрсетеді. Сот шешімін орындамау мемлеттік мәжбүрлеу, тіптен бостандығынан айыру шарасын қолдануға алып келеді. Қазақстан Республикасында сот әділдігі соттар арқылы ғана жүзеге асырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар сот әділдігін жүзеге асыра алмайды. Соттың шығарған шешімдерін бұзуға немесе өзгертуге тек қана соттардың ғана құқығы бар.

Сот билігін жүргізуші — судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз соттап жіберуден қорғайды. Әр азамат заң жүзінде кінәлілігі дәлелденгенше кінәлі емес деп есептеледі. Тек сот үкім шығарғаннан кейін ғана оны қылмыскер деп айта аламыз.

Әділет саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін атқарушы биліктің орталық органы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аумақтық әділет мекемелеріне, нотариалдық кеңселерге, азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін органдарга (АХАТ), қылмыстық атқарушылық жүйеге, оку орындары мен ғылыми мекемелерге басшылық қызметін атқарады.

Әділет министрлігінің негізгі міндеттері:

Саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірдің құқықтық негіздерін бекітуге ықпал ету;

заң жобалау жұмыстарын ғылыми және тәжірибелік жағынан қамтамасыз ету;

заң жобаларын құқықтық және қылмыстық тұрғысынан сараптауды қамтамасыз ету;

қабылданатын заңдардың тиімділігін болжау.

Ұлттық қауіпсіздік органндары — Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар. Олардың міндеті — өздеріне берілген өкілеттіктер мен жеке адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын; елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз ету.

Ұлттық қауіпсіздік органдары:

жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жасап, іске асыруға қатысады;

Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес барлау ақпараттарын іздестіріп табады;

Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталган терроризм сияқты қауіпті қылмыстар мен өзге де әрекеттерден сақтандырып, олардың жолдарын кеседі;

мемлекеттік органдарды, еліміздегі ұйымдар мен әскери құрылымдарды ақпараттық және кодталған (астыртын) байланыстармен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де қүрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органдары, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен өзге де ұйымдар ұлттық қауіпсіздік органдарының біртүтас жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге тілек білдірген, өздерінің моральдық (өнегелік) және іскерлік қабілеттеріне, жасы, білімі мен денсаулығына қарай өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке орналаса алады. Кедендік бақылау органдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік қызмет республиканың кеден шекарасыарқылы тауарлар мен көлік құралдарының (тасымалдаушының) қозғалысына кедендік иідемдер мен салықтар алу, кедендік рәсімдеу, кедендік бақылау және кедендік саясаттың, басқа да құрамаларын іске жұмылдырудың шарттары мен тәртіптерін құрайды. Кедендік органдардың лауазым иелері билік өкілдері болып табылады, олардың заңды талаптары мен өнімдерін мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар орындауғa міндетті.

Кедендік органдар жүйесіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамындағы кедендік бақылау агентігі, кедендік басқармалар, кедендер, кедендік бекеттер кіреді. Сонымен, құқық қорғау қызметі дегеніміз — заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі арнайы мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет мемлекеттің, жалпы қоғам мен әрбір жеке адамның құқықтары, еріктері мен заңды мүдделерін қорғаудан тұрады. Құқық қорғау қызметі заңды ықпал ету шараларымен заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.[1]

Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:

1.Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандырылған сот — Қазақстан Республикасы әскерлерiнiң әскери соты және басқалар)

2.Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандырылған сот – гарнизонның әскери соты және басқалар).

2.Бiрдей өкiлеттiктер берiлген бiркелкi құрылымды соттар сот буындарына бөлiнедi.

Сот жүйесiн шартты түрде 3 деңгейге (буын) бөлуге болады:

1.Негiзгi буын (аудандық, қалалық және ауданаралық соттар, гарнизонның әскери     соты)

2.Орта буын (облыстық және оларға  теңестiрiлген соттар)

3.Жоғарғы буын (Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты)

Сот жүйесiндегi ұйымдастыру құрылымы қағидасымен, юрисдикцияларының айырмашылығымен және әкiмшiлiк аумақтық мәртебесiнiң ортақтылығымен сипатталатын соттардың жағдайларын бiлдiрiтiн ұғымды сот деңгейi (буыны) деп атаймыз.Соттардың iстердi қарастыру кезеңдерiн, шешетiн мәселерiнiң шеңберiн, атқаратын функцияларын сипаттайтын түсiнiк сот инстанциясы деп аталады.Сот инстанцияларының мынандай түрлерi бар:

1.Бiрiншi инстанция соты.

2.Аппеляциялық (екiншi) инстанция соты.

3.Қадағалау инстанция соты.

Сот жүйесiндегi сот әдiлдiгiн жүзеге асыру барысында негiзгi салмақ негiзгi буын соттарына — аудандық және оған теңестiрiлген соттарға түседi. Бұл соттар азаматтық  және қылмыстық iстердiң, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы мәселелердiң көп бөлiгiн қарастырады.  

Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және “Сот жүйесi және судьялар мәртебесi туралы” Конституциялық заңға сәйкес құралатын жергiлiктi соттар құрайды. Жергiлiктi соттарға  аудандық, облыстық және оларға теңестiрiлген соттар жатады.

Сот жүйелерiнiң негiзгi буынын—аудандық және оған теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар) құрайды.“Сот жүйесi және судьялар мәртебесi туралы” 25.12.2000 жылғы Конституциялық заңының 6-бабына сәйкес аудандық және оған теңестiрiлген соттарды уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бiрнеше әкiмшiлiк – аумақтық бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк –аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық соттар құруы мүмкiн.

Аудандық сот құрамы төрағадан және тұрақты судьялардан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады.Аудандық сот үшiн судьялардың жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Бұл соттардың судьяларын және төрағасын қызметке әдiлет министрiнiң әдiлет бiлiктiлiк алқасының кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.

Аудандық сот бiрiншi инстанция соты болып табылады және өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды, сот статистикасын жүргiзедi, заңда көзделген басқада өкiлеттiктердi жүзеге асырады.Аудандық сот төрағасы судья қызметiн және сот төрағасы қызметiн бiрге атқарады.

Соттың қалыпты қызметiн қамтамасыз ету үшiн және сот тәжiрибесiн зерделеу мақсатында аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келiсе отырып, облыс бойынша сот әкiмшiсi белгiлейдi. Сот қызметiнiң бекiтiлген тәртiбiн жүзеге асыру үшiн соттар жанында сот приставтары болады.

Орта буын соттары болып облыстық және оған теңестiрiлген соттар (республика астанасының және республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, Қазақстан Республикасы әскерiнiң әскери соты) табылады. Облыстық соттарды уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады. Бұл соттар бiрiншi, апелляция және қадағалау инстанция соттары ретiнде болады. Бiрiншi инстанция соты ретiнде облыстық соттар:

1.Ауырлататын мән-жайлардағы адам  өлтiру бойынша, геноцид, мемлекеттiк  опасыздық, терроризм, бандитизм және тағы басқа қылмыстық iстердi қарастырады.

2.Талап арызы суммасы 25 мың айлық  есептiк көрсеткiштен асатын мүлiктiк  дауларға байланысты азаматтық iстердi және тағы басқаларды қарастырады.

Өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарауды жүзеге асырудан басқа да iстердi, атап айтқанда сот статистикасын жүргiзедi, сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды және басқа да заңда көзделген өкiлеттiктердi жүзеге асырады.Облыстық соттар Қазақстан Республикасы Конституциясының 82 бабының 2 тармағына сәйкес әр облыста құрылады. Жалпы облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қазiргi саны-17Облыстық сот құрамы – төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады. Бұл соттардың органдары:  

қадағалау алқасы

азаматтық iстер жөнiндегi алқа

қылмыстық iстер жөнiндегi алқа

соттың жалпы отырысы

Сот алқаларын алқа төрағалары, ал қадағалау алқасы сот төрағасы басқарады. әрбiр алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы (пленарлық) отырыста белгiлейдi. Облыстық соттың жалпы (пленарлық) отырысы жылына кемiнде екi рет өткiзiледi және де облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi (2/3) қатысқан жа¬дайда заңды болады.Облыстық соттың жалпы отырысын облыстық сот төрағасы шақырады және оған төрағалық етедi.Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң жоғарғы буыны болып Жоғарғы Сот табылады.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге  iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс-жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi. Ол өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдары бойынша бiрiншi, апелляциялық және қадағалау инстанция соттары қызметiн атқарады, сонымен қатар заңда көрсетiлген жағдайларда жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қылмыстық және азаматтық iстердi қарастырады.

Жоғарғы Сот құрамы төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. Жоғарғы  Сот органдарына:

-қадағалау алқасы

-азаматтық iстер бойынша алқа

-қылмыстық iстер бойынша алқа

-соттың жалпы отырысы жатады.

Жоғарғы Соттың қадағалау алқасын Жоғарғы Сот төрағасы басқарады және алқа судьялары соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы сайланады.Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы сот төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгiленедi.Мемлекеттің егемендігін, оның құқықтық жүйесін қылмысқа қарсы іс-қимыл тұрғысында нығайту және дамыту – мемлекеттің және Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты қамқорлық нысанасы.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет деп бекіту мемлекеттің, оның органдары мен арнайы уәкілетті тұлғаларының заңдылық пен құқық тәртібін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қылмысқа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күресті тұрақты әрі дәйекті қамтамасыз етуіне объективті түрде байланысты. 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы құқықтық реформа процесіне айтарлықтай серпін мен нақтылық берді, онда құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың арнаулы бағдарламасы негізінде құқық қорғау органдарын жүйелі түрде одан әрі реформалау міндеті қойылған.

Информация о работе Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесі