Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 16:49, реферат

Описание работы

Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез-құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.

Файлы: 1 файл

құқық).doc

— 172.50 Кб (Скачать файл)

Соттың үкімін, соттың шешімін немесе өзге де сот актілерін қасақана орындамағаны үшін борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту жөніндегі құқық қолдану практикасын талдау осы норманы қолданудың тиімділігінің төмен екендігін көрсетті.

Егер 2000 жылдан бастап 2001 жыл аралығында қылмыстық жауаптылыққа 700-ге жуық адам тартылса, 2001 жылдан бастап (көрсетілген қылмыстар туралы істерді ішкі істер органдарының тергеуіне беру)  қылмысқа тартылған адамдардың 2012 жылы 39-ға дейін күрт азайғаны байқалады.

Ал бұл кезде сот орындаушыларының ішкі істер органдарына жіберетін материалдарының саны жыл сайын 1700-ден 2000-ға дейінгіні құрайды.Орындаушылық құжаттардың үздіксіз өсуі және қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына жіберілетін материалдардың ұлғая түсуі жағдайында, сот актілерін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған борышкерлер санының азаюының кері үрдісі байқалуда.

Қалыптасқан жағдайдың себебі борышкерлерге әсер етудің жеткілікті тұтқасының болмауы, мәжбүрлеу әдісін дербес пайдалану мүмкіндігі, сот орындаушылар мәртебесінің төмендігі болып табылады.Әлемдік практиканы талдау сот орындаушыларының тергеуді борышкерлерге түрмеге қамау немесе оны борышын өтеу үшін қажетті мерзімге қоғамдық жұмыстарға мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып жүргізетінін көрсетеді. Ресей Федерациясында сот актілерінің орындалмауына байланысты істер бойынша анықтау функциясын Сот приставтарының федералдық қызметі жүзеге асырады, бұл олардың қылмыстық-әкімшілік тетігін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік береді.

Сот орындаушылары сот актілерін орындау процесінде тап болатын проблемалар - сонымен қатар олардың қызметіне қол күшімен қарсылық жасауға, орындамауға, талаптарына құлақ аспауға дейін кедергі келтіру, келмеу, тұратын жерін қасақана өзгерту болып табылады.«Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында сот приставтарының сот орындаушыларына орындаушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға жәрдем көрсетуі көзделген.Сот приставтарына заңнамалық тұрғыдан өкілеттіктер берілген, осындай өкілеттіктер сот орындаушыларының қажетті орындаушылық іс-әрекеттерді кедергісіз жүргізуіне мүмкіндік берер еді.  Дегенмен аталған іс-әрекет Сот актілерін орындау жөніндегі комитетте штат бірліктерінің болмауынан  іс жүзіне асырылмайды.

Сот орындаушылары процессуалдық адамдар болып табылады, олардың іс-әрекетімен орындаушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сақтау жүзеге асырылады.Шетелдік тәжірибені зерделеу нақты құқық қорғау мәртебесінің болуы  орындаушылық іс жүргізу органдарының  өздеріне жүктелген функцияны тиімділікпен іске асыратынын көрсетеді, өйткені олардың талаптарына кедергі жасау және ден қоймау тәуекелі едәуір төмен болады.2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес сот актілерін мүлтіксіз орындауға, оның ішінде сот шешімін орындаудан жалтарғаны үшін жауаптылықты күшейтуге, жосықсыз борышкерлерге қатысты шектеу шараларын одан әрі қолдануға, орындаушылық іс жүргізуге іс жүргізушілік сот бақылауын күшейтуге қол жеткізу қажет.Осылайша, бүгінгі күні сот актілерін және өзге де актілерді мәжбүрлі түрде орындатудың тиімді жүйесін жасау үшін ұйымдастырушылық, нормативтік сипаттағы өзекті шаралар қолдану қажеттігі туындайды. Мемлекет басшысы тапсырған қылмыстық заңнаманы ізгілендіру және рақымшылық жасау саясаты Қазақстанның халықаралық индекстегі рейтингін 18 позицияға жақсарта отырып, «түрме халқын» 25%-ға азайтты.Соттардың жазалау практикасы өзгерді. Өткен жылы соттар бас бостандығынан айырудың орнына бостандығын шектеуді 25%-ға дейін көп қолданды, ол бұрын небәрі 2% болатын. Тұтастай алғанда, сотталған адамдардың саны 15%-ға қысқарды.

Жасалған қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етумен қатар, тетігі әлі де жетілдірілмей отырған жәбірленушіге келтірілген залалды өтеу халықтың құқық қорғау органдарының қызметін бағалауының маңызды көрсеткіші болып табылады.

2011-2012 жылдар ішінде жеке және  заңды тұлғаларға 194 миллиард теңге  соманың залалы өтелген жоқ. Пайдакүнемдік-күштеу бағытындағы қылмыстар туралы істер бойынша ғана өтелмеген залалдың орташа көрсеткіші соңғы үш жыл ішінде 30%-ды құрады.

Бұл ішінара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын еңбекке қабілетті сотталғандардың жартысынан астамының еңбекке қамтылмауынан туындайды. Нарықтық қатынастарға көшу, шаруашылық байланыстардың үзілуі түзеу мекемелерінің өндірістік әлеуетін іс жүзінде қиратты, өндірістік қуаттардың 30%-ы ғана пайдалануға жарамды, ал кейбір мекемелерде олардың тозуы 100%-ды құрайды.

Бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өзіндегі негізгі қорларды тікелей жаңғырту талап етіледі. Аталған мәселелерді шешу үшін мемлекеттік-жекеше әріптестік институтын енгізу өзекті болып табылады.

Қылмыстың қайталану деңгейі әлі де жоғары. Бұрын сотталғандар жасаған қылмыстың үлес салмағы ел бойынша орта есеппен 15%-ды құрайды, бұл бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтудың толыққанды жүйесінің жоқтығымен түсіндіріледі. Осыған байланысты мемлекеттік және қоғамдық институттардың өзара іс-қимылының қажеттігі іс жүзінде пісіп-жетілді.

Құқық қорғау органдары, сот сараптамасы органдары жұмысының тиімді болуының жеткіліксіздігі кадр ресурстарындағы кемшіліктерден, сабақтастықтың болмауынан және кадрлардың көп ауысуынан туындап отыр. Бірқатар проблемалардың: кадрларды жоспарлаудың және орналастырудың нақты жүйесінің болмауының; қызметке кандидаттарды зерделеу сапасының төмендігінің; қызметкердің жұмыс нәтижелерін бағалаудың нақты критерийлерінің болмауының, бұл кадрларды жоғарылату кезінде аттестаттаудың атүсті жүргізілуіне, уәждеудің төмендігіне, тамыр-таныстыққа әкеп соғады; қызметкерлердің кәсіби және дене даярлығына үстірт қараушылықтың; ұйымдық-штаттық жұмыстың тиімсіздігінің, функциялардың қайталануының; тәрбие жұмысының жеткіліксіздігінің барлық құқық қорғау органдарына ортақ болып қалуы жалғасуда. 

Құқық қорғау органдары қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету мен әлеуметтік қорғалу мәселелерін одан әрі шешу талап етіледі, олардың жеткіліксіз қамсыздандырылуы кадрлардың кері ағымына әкеп соғатын факторлардың бірі болып табылады (2008-2012 жылдар ішінде құқық қорғау органдарынан 20 мыңнан астам қызметкер өз еркімен кетті; құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету орта есеппен 15%-дан аспайды).

Құқық қорғау органдарының ескірген әдістемелік база жағдайында дамып келе жатқан ғылыми-білім беру саласы реформалауды қажет етеді.

Ғалымның әлеуметтік мәртебесінің және ғылым беделінің төмендеуі, ғылыми-білім беру саласы қызметкерлерінің одан әрі кәсіби өсуіне уәждеудің болмауы жоғары білікті кадрлардың коммерциялық сала мен өзге де қызмет салаларына кетуіне әкеп соғады.Ғылыми зерттеудің жай-күйі құқық қорғау практикасы мен өрт қауіпсіздігі проблемаларының барлық спектрлері толық қамтылмай отырғанын, ведомствоаралық кешенді зерттеулердің жоқтығын көрсетеді. Жүргізіліп отырған зерттеулер тез алмасу үстіндегі жедел жағдайлардан артта қалуда, практиканың және оқу процесінің нақты қажеттіліктеріне жеткілікті түрде бағдарланбаған. Жүргізіліп отырған зерттеулердің қолданбалы сипаты ведомстволық міндеттердің ерекшеліктерінен туындайтын шеңбермен объективті түрде шектелген. Ғылым мен практикалық қызметтің өзара байланысы қамтамасыз етілмейді, ал зерттеу тақырыбы көбіне құқық қорғау органының өзекті міндеттерін шешуге бағдарланбаған. 

Қылмысқа қарсы күрестің қазіргі заманғы міндеттері ведомстволық тар шеңбердегі проблемалардан шығып кетеді. Құқық қорғау ведомстволарының қазіргі заманғы, іс-әрекетке қабілетті ведомствоаралық моделін, білім берудің, ғылыми зерттеу мен практиканың бір тұтастығының бірлескен идеясын құруға бірыңғай, кешенді тәсіл мен күш-жігерді үйлестіру қажет.ЖБИ көрсеткіштері бойынша «білім беру жүйесінің сапасы» және «ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы» жөнінен Қазақстан тиісінше 101 және 108 позицияларда болса, «инновацияға қабілеттілік» жөнінен – 92, «жаңа технологияларға қолжетімділік» жөнінен 90-позицияда.Республикада жыл сайын 16 мыңнан астам өрт болады, материалдық шығын 5,5 млрд. теңгеден асады, өрттен 600 адамға дейін көз жұмады, оның ішінде  50-дей бала болған.

Бұл ретте өрттің 40%-дан астамы отпен абайсыз жұмыс істеуден, 18%-ы электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдаланудың қағидаларын бұзу нәтижесінде туындайды, өрттің 14%-ы қасақана от қоюдан болса, 12%-ы пешті салу мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу себебінен болады және өрттің шамамен 16%-ын, балалардың отпен ойнауын, электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталмауын қоса алғанда, басқа себептер құрайды.  

Бұл мән-жайлар, соның ішінде өрт қауіпсіздігі саласында баспа-плакат өнімдерін шығару, үнпарақтар, брошюралар тарату жолымен,  халықтың арасында өрт-профилактикасының рөлін күшейтуді талап етеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде ғылымды дамыту, алынған нәтижелер негізінде азаматтық қорғау бөлімшелерінің жедел қызмет процесін жетілдіруге мүмкіндік беретін, қолданбалы ғылыми зерттеулер алу жағына бағытталған.

Қазіргі кезде өрт қауіпсіздігі саласында жекелеген зерттеулер жүргізілуде, алайда кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу қажет, оларды шешу қосымша қаржыландыруды талап етеді.Қазақстанда соңғы 11 жыл ішінде өрт қауіпсіздігі саласында Қазақстан Республикасының 84 ұлттық стандарты қолданысқа енгізілген, ол әзірленгендер елде қазіргі заманғы құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды, сондай-ақ өрт сөндіру құралдары мен өрт-техникалық қаруларын шығаруға басымдық беріле отырып жүзеге асырылады.

Экономикалық дамуға және Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін  арттыруға ықпал ететін, тұрақты, тиімді жұмыс істейтін кеден жүйесін қалыптастыру кедендік тазарту уақытын, шекарадан өту уақытын қысқартуды, электрондық декларациялауды енгізуді, кеден қызметі туралы жұртшылықты ақпараттандыруды және т.б. қамтамасыз ететін болады.

Құқық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күреске қоғамды, әлеуметтік институттарды тарту нысандарын дамыту азаматтардың, қоғамдық ұйым өкілдерінің құқық қорғау органдары қызметін жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылатын болады. Анықтау мен жолын кесуге азаматтар мен олардың бірлестіктерінің қатысуы ықпал ететін құқық бұзушылықтар саны 2016 жылы – 8%-ға, 2020 жылы 10%-ға артатын болады.

Құқық қорғау органдарының азаматтармен, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар профилактикасы жөніндегі қоғамдық құралымдармен өзара іс-қимылын жетілдіру – адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастық нысандарын дамыту шеңберінде, соның ішінде құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша жүзеге асырылатын болады.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесі