Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 16:49, реферат

Описание работы

Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез-құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.

Файлы: 1 файл

құқық).doc

— 172.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) адам құқығының бастау тұғырына айналып, негізгі орын алатын,  әлемдік стандарттарға жауап беретін сенімді құқық қорғау жүйесінің құқықтық негізін қалайды.Жүргізіліп отырған жаңғыртумен қатар  Қылмыстық (бұдан әрі – ҚК), Қылмыстық іс жүргізу (бұдан әрі – ҚІЖК), Қылмыстық-атқару (бұдан әрі – ҚАК) кодекстерінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) жаңа редакциясын енгізу жоспарлануда.Бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған әлеуметтік тұрғыдан осал адамдар санаттарына байланысты қылмыстық саясатты ырықтандырып, ізгілендірумен қатар, қылмыстың жаңа нысандарына қарсы күресу үшін негіз қаланады, криминалдық қызметтің жандануы байқалатын салалардағы жазалау қатаңдатылатын болады.Қылмыстық жазаланатын әрекеттердің – қылмыстық теріс қылықтардың жаңа санаттарын енгізу жоспарланып отыр, оған санкция ретінде бас бостандығынан айыру көзделмейтін неғұрлым елеулі әкімшілік құқық бұзушылықтар мен аса ауыр емес қылмыстарды жатқызу жоспарланады. Бас бостандығынан айыруға балама жазалау шараларын неғұрлым кеңінен қолдану көзделуде.

Қылмыстық процестерге реформалау жүргізіледі. Сотқа дейінгі іс жүргізудің ұсынылып отырған моделінде тергеуге дейінгі тексеру мен қылмыстық іс қозғау алып тасталатын болады, бұл өтініштер тіркелген кезден бастап процеске қатысушылардың құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қылмыстық-атқару саласында жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қылмыстық жазалауды орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдем көрсету мен қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларына, сондай-ақ жазасын өтеген адамдарды қайта әлеуметтік ортаға тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру болжанады.Бағдарлама шеңберінде құқық қорғау органдарының қызметін бағалауды қайта қарау жоспарланады. Бұл ретте оның негізгі өлшемдері құқық қорғау органдарының қызметіне халықтың сенімі деңгейін айқындау болады.Құқық қорғау органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер  стандартталатын болады, сондай-ақ халықты құқықтық тәрбиелеу, құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыру жөнінде іс-шаралар жүргізілетін болады. Халықтың, азаматтық қоғам институттарының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылының жаңа нысандары одан әрі дамытылады. 

Сот актілерінің және өзге де актілердің орындалу тиімділігіне орындаушылық іс жүргізудің жаңа тетіктерін жасау арқылы қол жеткізу болжанады.Жоғары кәсіби кадр құрамын қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады. Ведомстволық білім беру жүйесі мен құқық қорғау органдары қызметін ғылыми қамтамасыз ету одан әрі дамытылады.Сот-сараптамалық қызметтерді бір ведомствоға біріктіру мен олардың қызметін аккредиттеудің халықаралық стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру көзделеді.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2020 жылға қарай азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сондай-ақ елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, бүкіл жүйенің жұмыс істеуі халықтың сенімділігін арттыру мақсатында ашықтық пен айқындылық призмасы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған жаңа құқықтық саясат тұжырымдамасын қабылдау келесі кезең болып табылады, онда құқық қорғау мен сот жүйелерін, сондай-ақ құқық қорғау институттарын дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.

Құқық қорғау жүйесін қызметтің сапалы жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік берген құқық қорғау қызметі саласында бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер, нақты практикалық шаралар қабылданды.

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалауда бастапқы іс-шаралардың бірі болды. Қылмыстық істерді тергеу тәртібі оңтайландырылды, құқық қорғаудың бүкіл қызметін үйлестіру қамтамасыз етілді, құқық қорғау органдары құзыретінің аражігін нақты ажырату және оларды өздеріне тән емес функцияларды орындаудан арылту жүргізілді, құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің бірыңғай стандарттары белгіленді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдарының барлық жеке құрамын кезектен тыс аттестаттау жүзеге асырылды.Қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл деңгейі қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің сапалық сипаттамасы мен міндеттеріне жете алмай отыр, бұл тұтастай алғанда халықтың құқық қорғау жүйесіне сенімінің төмендеуіне алып келді.Тұрақты криминогендік ахуалда 2012 жылы елдегі тіркелген қылмыстың саны едәуір болып, 2011 жылмен салыстырғанда 39%-ға өсті және 288 мыңнан астамды құрады. Мұндай өсудің негізгі себебі - соңғы бес жыл ішіндегі қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеудің толықтығын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар болды. Бұл нақты қылмыстық статистиканы қалыптастыруға, елдегі қылмыстың шынайы ауқымын айқындауға мүмкіндік берді. 

Өз кезегінде объективті тіркеу қылмыстың құрылымы мен серпініндегі өзгерістерге уақтылы ден қоюға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарын ұтымды бөлуге ықпал етті.

Прокурорлық қадағалау шараларымен өтініш пен хабарлама бойынша іс жүргізу шешімін үш күн мерзімде қабылдау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптары қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні 100 өтініш берушінің 80-нен астамы өз өтінішіне 3 күн ішінде жауап алады, бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда 30%-ға көп. Бұған қашықтықтан байланыс жасау түрлері де ықпал етті, ендігі жерде өтініш берушілер құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен байланысқа шықпай-ақ, интернет немесе мобильді байланыс арқылы электрондық талонмен ақпарат ала алады.

Бұдан басқа, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап облыс орталықтарындағы және ірі қалалардағы ішкі істер органдарында келушілерді электрондық есепке алу енгізілді.Мемлекеттің бақылауы мен  есепке алуынан тысқары тұрған, қоғам мен мемлекеттен жасырын экономикалық қызмет (бұдан әрі – бейқалып экономика) - сыбайлас жемқорлық үшін қолайлы болып табылады, ол экономикалық өсу әлеуетін едәуір тежейді және елдің экономикасына ғана емес, ұлттық қауіпсіздігіне де нақты қатер төндіреді.

Бейресми экономика көлемі елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауға тікелей әсер етеді. Мәселен, Transparency International-дың жыл сайынғы зерттеулеріне сәйкес сыбайлас жемқорлықтың деңгейі дәстүрлі түрде төмен елдерде (Сингапур, Швейцария, Жаңа Зеландия, Дания, Швеция және басқалар) көлеңкелі айналымның көрсеткіштері салыстырмалы түрде алғанда онша көп емес - ІЖӨ-нің 15% шегінде. Қазақстандағы бейресми экономиканың ауқымын аталған ұйымның сарапшылары ІЖӨ-нің 45%-ы деңгейінде бағалайды, тиісінше, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 133 позицияда тұр (176 мемлекеттің ішінде). 

Қылмыстың мұндай жай-күйі құқық қорғау органдары қызметінің ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілерін қайта қарауды, қылмысқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға түзету енгізуді, профилактикалық негіздерді күшейтуді, сондай-ақ «Transparency Internatoinal» халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингінде сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (яғни сыбайлас жемқорлыққа жұртшылықтың төзбеуін) арттыру бойынша шаралар қабылдауды талап етеді.

Мұның себебі құқық қорғау жүйесіне азаматтардың сенімсіздігі болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша 2012 жылы жүргізілген сауал нәтижелері бойынша 356 мың респондентің 12 мыңы (3,5%) қылмыс құрбаны болғанын мәлімдеді, олардың 46%-ы немесе сұрау салынғандардың жалпы санының 1,6%-ы ғана құқық қорғау органдарына жүгінген. 

Құқық қорғау органдарының қоғамның әлеуметтік институттарымен, оның ішінде қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу саласында өзара іс-қимылы бойынша жұмысының тиімділігі де жеткілікті дәрежеде емес. Азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды соттан тыс реттеу институттарының рөлі төмен. 2011 жылдың екінші жартысында енгізілген қылмыстық процестегі медиация институтының әлеуеті іске қосылған жоқ.

Кең ауқымды құқықтық түсіндіру жұмысы, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметі туралы құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілмейді.

Мемлекеттік орган не оның құрылымдық бөлімшесі құқық қорғауға жатқызылуға тиіс құқық қорғау функцияларының критерийлері осы уақытқа дейін нормативтік тұрғыдан айқындалған жоқ, құқық қорғау қызметін өткерудің қағидаларын толық біріздендіру жүргізілмей отыр. Ресімдерді сөзбұйдаға салушылық, есептілік нысандарының көптігі, дереккөздердің, оның ішінде жеделдік пен тиімділікке әсер ететін халықаралық сипаттағы дереккөздер интеграциясының жеткіліксіздігі құқық қорғау қызметіне тән нәрселер.

Бүгінде инновациялық технологияларға негізделген қылмысқа және қылмыстық істерді тергеуге алдын ала әсер етудің осы заманғы әдістеріне кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылуда.

«Қылмыстың электрондық картасы» криминогендік аудандарды, көшелер мен үйлерге дейін көрнекі түрде көрсетеді және елді мекендердегі құқық тәртібінің күштерін ұтымды бөлуге мүмкіндік береді.

49 дереккөзді интеграциялаған құқық  қорғау органдарының ақпарат  алмасу жүйесі өздерінің жұмысын  едәуір жеңілдетті. Ендігі жерде  бөлмеден шықпай-ақ, санаулы минутта  қылмыстық істің нөмірін алуға, адамды соттылығы тұрғысынан  тексеруге, іздестіруге, психиатриялық және наркологиялық мекемелерде есепке алуға және басқа да маңызды ақпараттар алуға болады. 

Сонымен бірге, ғимараттың сәулеті, коммуникациялық құрылыс желілері, геологиялық және географиялық карталар, қала халқы туралы статистикалық деректер (оның ішінде үй-жайда тұратын адамдардың жынысы мен жасының санаттары бойынша бөле отырып, әрбір үй-жай бойынша нақты) және басқалар бойынша деректерді кеңейту және біріктіру арқылы құқық бұзушылық пен төтенше жағдайлардың барлық түрлеріне арналған өзара ақпарат алмасу мен жедел ден қою саласын одан әрі кеңейту мәселесін қарастыру талап етіледі.  

Құқық қорғау органдарының трансұлттық және жасырын сипатқа ие жоғары ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарға (киберқылмыс) қарсы іс-қимыл бойынша қызметі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді. Істің мұндай жағдайы құқық қорғау органдарында білікті кадрлардың, қазіргі заманғы техникалық жарақтандыру мен сараптамалық мекемелердің болмауынан, сондай-ақ құқық қорғау органдарының осы салада шетелдегі әріптестерімен тиісінше ведомствоаралық өзара іс-қимылдың болмауынан туындап отыр. Соңғы 5 жыл ішінде (ҚК-нің 227-бабы бойынша) тек ресми түрде 329 қылмыс тіркелген (2008 ж. – 58, 2009 ж. – 43, 2010 ж. – 107, 2011 ж. – 70, 2012 ж. – 54).

Көші-қон ағынын, әсіресе Кеден одағы жағдайында бақылаудың жаңа нысандары мен әдістерін тұжырымдау қажет.

Қазақстан Республикасындағы сыртқы және ішкі көші-қон процестері жоғары белсенділігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге, көші-қонды бақылау саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету бүгінгі күні барлық міндеттер тізбесін шешуге кешенді қарауға мүмкіндік бермейді, бұл қолда бар ақпараттық ресурстардың шашыраңқылығы мен орталықтан алуынан туындайды.

Осындай ахуалда көші-қон полициясының ақпараттық жүйесін құру қажет, бұл көші-қон ағынын бақылауды автоматтандыруға және оның қызметінің тиімділігін арттыруға, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұруы мен оған уақытша келу қағидаларын, сондай-ақ сыртқы еңбек көші-қоны саласында белгіленген қағидаларды сақтауына мүмкіндік береді.Әлеуметтік профилактика бойынша нормативтік құқықтық база жасалды. «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы», «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды. Сонымен бірге, құқық бұзушылық профилактикасының өңірлік бағдарламалары, жалпы, декларативтік ережені қамтиды, аумақтық ерекшеліктерді ескермейді. Оларда айқындалған                    іс-шаралардың негізгі көлемі уәкілетті органдардың күнделікті қызметі сипатына ие, атқарушы органдар оларды қаржыландырмайды.

Нәтижесінде елде құқық бұзушылық профилактикасының халыққа және азаматтық қоғам институттарына нақты арқа сүйейтін тиімді жалпымемлекеттік жүйесі құрылмаған.

Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың профилактикалық әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайды (25 мыңнан астам адамды біріктіретін 4,6 мыңнан астам қоғамдық құралым).

Қауіпсіздіктің интеллектуалдық жүйесін, адамдар көп жиналатын объектілерді қашықтықтан электрондық бақылауды дамыту арқылы құқық бұзушылық профилактикасы мен оның жолын кесу жүйесін дамыту өзекті болып отыр.

Құқық қорғау органдары қызметінің бағытын құқыққа қарсы әрекеттің салдарына ден қоюдан олардың алдын алуға және жолын кесуге, профилактикалық бастауларды бірінші кезекті міндеттер дәрежесіне көтеруге, осы жұмысқа барлық мемлекеттік органдар мен жұртшылықты тартуға қайта бағдарлаудың өткір қажеттігі туындайды.

Ювеналдық әділет саласы

Қабылданған шараларға қарамастан, жасөспірімдер арасында қылмыстың өршуі жалғасуда. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар санының азаюы аясында (2012 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 21,8%-ға азайған), соңғы үш жылда олар жасаған қылмыс санының өсуі байқалуда. Бұл ретте, әрбір екінші қылмысты жалпы білім беретін оқу орындарының кәмелетке толмаған оқушылары жасайды. Мұндай жағдай полицияның «мектеп» инспекторлары институтын одан әрі дамытуды талап етеді, оны әрбір қала мен ірі ауыл мектептерінде енгізу қажет.Тергеу кезеңінде уақытша оқшаулауды қажет ететін кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ұстау орындарын құру жөнінде кезек күттірмейтін шаралар қабылдау, сондай-ақ оларды ұстауға арналған ерекше режимдегі арнаулы ұйымдар талап етіледі.Қазіргі кезде осы мәселелердің шешілмеуі қылмыс жасаған және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін кәмелет жасына жетпеген жүзден астам балалардың жыл сайын жасөспірімдер арасында қалуына және басқа кәмелетке толмағандарға сөзсіз теріс ықпал етуіне әкеп соғуда.Тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдануды ерекше режимде ұстай отырып білім беретін бірден-бір ұйым – «Қылмыстық жауаптылық пайда болатын жасқа жеткенге дейін қылмыстық жазаланатын әрекет жасаған кәмелетке толмағандарға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етеді (Белоусовка кенті, Шығыс Қазақстан облысы), ол жергілікті бюджеттен қаржыландырылады және республиканың басқа өңірлерінен бала қабылдамайды. Ерекше режимде ұстай отырып білім беретін қыздарға арналған арнаулы ұйым жоқ, бұл осы санаттағы кәмелетке толмағандарға қатысты заңды күшіне енген сот актілерінің орындалмауына әкеп соғады.

Соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың актілерін орындау саласы

Информация о работе Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесі