Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:24, реферат
Сонымен, қорыта айтсақ, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен басты ерекшелігі, біріншіден, оның тәуелсіздік қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында атқарған ресми қызметтерімен тікелей байланысты. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметте болған, дәл тәуелсіздік алдында Елбасы болып сайланған Н.Ә. Назарбаевқа сол жылдары болған барлық түбегейлі өзгерістердің ортасында жүріп, тарихи құбылыстардың куәсі болуына тура келді. Жәнеде соның бәрі туралы өз еңбектерінде жазып, маңызды дерек көздерін дүниеге әкелді. Екіншіден, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелгі, олардың Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы, оның ең бір қиын-қыстау сәттердегі тарихи шешімдер қабылдап, жаңа мемлекет қалыптастыра білу тарихы туралы мол мағлұмат сақтауында.
Кіріспе ...............................................................................................................2
Н.Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері ..............................................................3
Қорытынды ......................................................................................................13
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ......................................................................14
Кіріспе ..............................
Н.Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан
тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы
мен ерекшеліктері ..............................
Қорытынды ..............................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ..............................
Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары күмәнсіз. ХХ ғасыр соңында адамзат тарихындағы ең алып империялардың бірі – КСРО-ның күйреуі нәтижесінде, әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып,тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы, осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады. Қорытындысында өз тәуелсіздігінің 15 жылдығын қазақ халқы әлем таныған ұлттық мемлекеті бар іргелі ел ретінде қарсы алды.
Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол, ұлт тағдыры үшін шешуші рөл атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер жас ұрпағы үшін қымбат.Уақыт озған сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне, яғни ірге тасының қайта қалану кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылықтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан осындай заңды құбылысқа, яғни тәуелсіз Қазақстан Республикасының дүниеге келу, қалыптасу және даму тарихының терең зерттеліп, шынайы да, объективті жазылу ісіне дайындық осы бастан жүйелі де, ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Солардың бірі – тәуелсіз Қазақстан тарихының ірге тасын құрайтын деректік негізінің тарих ғылымының талаптарына сай дұрыс қалануы.
Тағдыр бізге бірінші рет өз тарихымыздың өтпелі кезеңдерінің бірінің ірге тасын ғылыми негізде және жүйелі түрде қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр. Ондай мүмкіндікті толықтай ұлт мүддесіне сай пайдалана білмеу үлкен қателік болар еді. Халқымыз бұрын да талай өтпелі кезеңдерді басынан өткерген. Бірақ, өз тарихының төл деректерін өз мүддесіне сай дер кезінде жинастыруға мұршасы болған жоқ. Өз алдымызға ел болып, ес жинай бастағанымызда Елбасының бастамшылығымен арнайы мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасын қабылдап, бүткіл әлемнен дерлік мәдени мұраларымызды, яғни тарихи деректерімізді іздеп тауып, жинай бастауымыз соның салдары.
Н.Ә.
Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан
тарихының дерек
Деректану ғылымының талаптарына сай тарихи дерек көздерінің маңыздылығын анықтау,біріншіден, зерттеушіге маңызды дерек көздерімен жұмыс істеп, олардан ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға мұмкіндік берсе, екіншіден, дерек көздерінің немесе нақты деректің ерекшелігін анықтау зерттеушіге, сол дерек көзінің немесе нақты деректің ерекшелігінен шыға отырып, соған сай келетін тәсілдер қолдану арқылы талдау жүргізуге көмектеседі. Дегенмен, тарихи деректердің де, дерек көздерінің де маңызы мен ерекшелігі, ең алдымен, сол деректерді немесе дерек көздерін жасаушы субъекттермен тығыз байланысты. Егер, белгілі орыс деректанушысы А.С. Лаппо-Данилевскийдің сөзімен айтсақ: “ Тарихи дерек дегеніміз - адам психикасының іске асқан жемісі” [112, 365 б.].
Әрине, тарихи деректің пайда болуының басты объективті алғышарты белгілі бір оқиғаның немесе қоғамдық құбылыстың болуы екендігі белгілі. Бірақ, оның әр түрлі дерек көздерінде қалайша бейнеленуі деректі жасаушы жеке субъектің қолында екендігі де анық. Олай болса, болып жатқан немесе болып өткен объективті тарихи құбылыстардың деректерде қай дәрежеде бейнеленуі, яғни объективті құбылыстар туралы субъективті мәліметтердің қай дәрежеде деректерге енуі, сол деректі жасаушы субъектің психикасына /дүниетанымы, ой өрісі, білім дәрежесі, діни наным-сенімі, қоғамдық позициясы т. т./ тікелей байланысты. Демек, Н. Назарбаев еңбектерінің ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы объективті қоғамдық құбылыс – КСРО-ның ыдырап, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болуы және қалыптасуы тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері, сол еңбектердің авторы, яғни тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көздерінің үлкен бір тобын жасаушы субъект - Н.Ә. Назарбаевтің қоғамдағы орны мен өзіндік адами және тұлғалық қасиеттерімен тығыз байланысты.
Н. Назарбаев еңбектері, деректану ғылымы тұрғысынан қарағанда, өзінің пайда болуы жағынан жазба дерек көздерінің жеке адамдық тобына жатады. Ал, жеке адамдық дерек көздерінің басты ерекшелігі, оларда субъективті фактордың айрықша орын алуында. Сондықтан дерек көздерінің осы түрлерімен жұмыс істегенде олардың авторлары, яғни деректі жасаушы субъект туралы объективті мәліметтерді пайдалана білудің маңызы үлкен. Демек, біздің зерттеу жұмысымызда субъективті фактор ретінде, дерек көздерін жасаушы Н. Ә. Назарбаев туралы мәліметтерге сүйенуге тиіс боламыз.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті ретінде Н. Назарбаев туралы, жоғарыда айтқанымыздай, аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Соңғы Президенттік сайлау қарсаңында, әсіресе сайлаудан кейін, Н.Ә. Назарбаев туралы, оның айқын жеңісінің себептері туралы баспасөз беттерінде көптеген мақалар жарияланды. Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны - өмірі мен атқарған қызметінің негізгі кезеңдері жұртшылыққа жақсы таныс. Сондықтан біз бұл мәселеге, яғни Н. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, әдеттегідей, хранологиялық принципке сай өмірбаяндық тұрғыдан емес, дерек көздерін жасаушы субъект ретінде, деректанулық тұрғыдан қарауымыз қажет болады.
Егер, осы тұрғыдан келсек, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі ең алдымен, оның тәуелсіздік қарсаңындағы және тәуелсіздік жылдарындағы ресми лауазымдарына сай атқарған қызметтерімен тығыз байланысты екендігіне ерекше көңіл аударуға тиіс боламыз. Обылыс көлемінде іскерлігімен көзге түскен Н. Назарбаев, өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметте болса, тәуелсіздіктің дәл қарсаңында, яғни 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында Қазақстан сияқты үлкен республиканың бірінші басшысы міндетін атқарды. Ол туралы ҚР Президентінің интернет жүйесіндегі веб-сайтында: “1979-1984 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 - 1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті”- деп көрсетілген[113]. Демек, бұл, Н.Ә. Назарбаевтың дәл сол жылдары болып өткен, қорытындысында КСРО –деп аталған алып империяның тағдырын шешкен аласапыран оқиғалардың бел ортасында жүріп, ел тағдыры үшін жауапты бірінші адам ретінде, жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыру ісінің қайнар көзінде тұруына тура келді деген сөз.
Ол туралы Н. Назарбаевтың өзі “Әділеттің ақ жолы” атты кітабында: “Өзімнің қызмет жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да, әрдайым оқиғалардың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға және салыстыруға, қорытындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен де, өзімнің жеке пікірімді айтуға барып отырмын”-деп, жазды [114, 219 б.]. Олай болса, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі басты маңызы, олардың басқа да тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көздерінен негізгі ерекшелігі, сол жылдарығы қоғамдық құбылыстар мен түбегейлі өзгерістердің “қалың ортасында жүріп”, ел тағдырын, ұлт тағдырын шешкен “шешімдер қабылдаған” адамның дүниеге әкелгендігінде. Әрине, талай отандастарымыз, қоғам және мемлекет қайраткерлері тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихының куәгері болды, ол туралы өз естеліктерін жазды, яғни тарихи деректерді дүниеге әкелді. Сөз жоқ, олардың бәрі де Қазақстанның ең жаңа тарихының дерек көздерін құрайды. Және де келешекте тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеуде пайдаланылады. Дегенмен, жоғарыда келтірілген фактілер Н. Назарбаев еңбектерінің тарихымыздың түбегейлі өзгерістер кезеңінің бірінің орны бөлек дерек көздері екендігін толығымен дәлелдейді.
Дегенмен, деректанушы ретінде, біз ҚР Президенті веб-сайты сияқты ресми де, маңызды дерек көзінің өзінде де қарапайым қателіктің кеткендігін айтуға мәжбүрміз. Н. Ә. Назарбаев веб-сайтта көрсетілгендей: “1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті”- емес, КСРО-деп атлатын алып империяның құрамындағы Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды. Ал, Қазақсатан Республикасы деп аталған мемлекет, сол КСРО-ның күйреуі салдарында кейін пайда болды. Бұл факті дерек қандай деңгейде пайда болмасын, оны деректанулық сыннан өткізу қажеттігін тағы бір рет дәлелдейді ғой деп ойлаймыз.
Әрине, Қазақстанның өз тәуелсіздігіне ие болуы сияқты түбегейлі тарихи өзгерістер кезінде республика басшылығында дәл Н.Ә. Назарбаевтың болуы, бір жағынан тағдырдың жазуы болғанымен, екінші жағынан, онда белгілі бір заңдылықтың барлығын да байқауға болады. Туа біткен табиғи таланты, ұйымдастырушылық қабілеті, өзін өзі сыйлай білушілік, көптің бірі болып қара көбейтіп ортада жүруді қаламауы Н. Назарбаевты жастайынан белсенділік танытып топ алдында жүруге итермеледі. Ол туралы Н. Назарбаев: “Егер өзім туралы айтар болсам, мен ешқашан қандайда бір басшылық қызметтерге айрықша құмартқан жан емеспін. Бірақ, бала кезімнен “орташа” болып қалуды ұнатпайтынмын, өз қадірімді өзім сезерліктей әлде бір ішкі сезімнің әсерінде болдым. Мәселен, мектепте әрқашан оқуда бірінші болуға талпындым. Мұндай сезім өзін құрметтейтін кез келген адамға тән деп ойлаймын. Ал егер адам өзін сыйлаудан қалса, онда одан өмірде айтарлықтай дәйекті ешнәрсе шықпайды. Маған ұдайы басшылық ету бұйырғандай-ақ, әрдайым әйтеуір бір органдарға сайланумен болдым: жоғарғы кластарда мектеп оқушылар комитетінің мүшесі болдым, әрдайым мектеп, аудан комсомол активінің қатарында жүрдім”- дейді [114, 69 б.].
Н. Назарбаевтың мектепте оқып жүргенде-ақ белсенділік танытып, қатарының алды болып жүретіндігі туралы ұстазы Сейітхан Исаев ақсақал: “Нұрсұлтан алғыр, мінезі орнықты, білімге ынталы бала болатын. Өнерлілігімен есімі аудан көлемінде белгілі болып жататын. Қоғамдық жұмыстарға, мектеп өміріндегі әр қилы істерге бел шеше араласып кететін. Комсомол ұйымы қат-қабат шаруаларының әр кез басы-қасында жүретін”- деп еске алады[11,123 б.].
Осылай, бала кезінен қалыптаса бастаған белсенділік, іскерлік қасиеттерін Н. Назарбаев өмірге енді араласа бастаған жастық жылдарында одан әрі дамыта білді. Келешек Елбасының өзінің іскерлік қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілетін жас кезінде-ақ көрсете бастағандығы туралы жастық шақтарын бірге өткізген досы, Қарағанды металургия комбинатының цех бастығы Қуаныш Омашев жақында “Егемен Қазақстан” газетінде жариялаған мақаласында жас жігіт Нұрсұлтан туралы айта келе: “Иә, адам ісінен, талабынан танылады. Ортамыздан топ жарып шыққан бұл жігіттің тегін азамат еместігі сол кездің өзінде сезілетін”-деп [10, 12 б.], оған дәлел ретінде бір мысал келтіреді.
“Мен Нұрекеңмен Қарағанды политехникалық иниститутының Теміртаудағы филиалында оқып жүргенімде таныстым”-дейді Қ. Омашев. “Кісіні баурап алатын қасиетімен курстастарымызды үйіріп әкетті. Өндірістен қол үзбей оқыдық. Күндіз жұмыстан мойын бұрылмайтынына, кешкісін сабақтан бас көтерілмейтініне қарамастан, бір уақ көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысуға да үлгертінбіз. Аралас-құраластығымыз студенттік құрылыс отрядында бірге болғанымызда тіпті беки түсті. Бұл да кімнің кім екенін көрсететін орта ғой. Соның бір жарқын көрінісі жас Нұрсұлтанның бойынан мұнда да танылып еді.
Ол уақытта, яғни алпысыншы жылдардың басында Нұра ауданындағы “Балықтыкөл” кеңшары жаңадан шаңырақ көтеріп жатқан еді. Осында бірнше тұрғын үй салуға кіріскен отрядымыздың жұмысы көпке ұзамай тоқтады да, қол қусырып отырып қалуға мәжбүр болдық. Отряд жетекшісі Князев болса, бұған оншалықты қам жемей, жайбарақат уақыт өткізумен жүрді. Күзге дейін бірқатар отбасыны баспаналы етуге бізге үміт артқан жергілікті басшылардың: “Жігіттер, қапыда қалдыратын болдыңдар-ау”,-деп реніш білдіруі жанымызға батып, тығырықтан шығудың амалын қарастырдық”-дей келе, сол тығырықтан Нұрсұлтанның белсенділік таныту арқасында ғана шыққандығын айтады.
Екі аптадай жоқ болып кетіп, қажетті құрылыс материалдарын тауып келген Н. Назарбаев туралы: “Ол облыстық мекемелерден бастап, ірілі-ұсақты кәсіпорын басшыларының есіктерін тоздырып, ақыры мақсатына жетіпті. Іле жұмысымыз да қызып сала берді. Таңның атысы, күннің батысы тыным болмай, үйлерді бірінен соң бірін қаз-қатар салып шықтық. Олар пайдалануға беріліп, жұрт қуанышқа бөленген сәтте студент құрлысшыларға, соның ішінде әсіресе, командиріміз Назарбаевқа ақ алғыстарын жаудырды...Осында бой түзеген алғашқы көшедегі үй қабырғасында “Бұл үйлерді Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік еткен студенттік құрылыс отряды салды” деп жазылған ескерткіш тақта тұр”-дейді [10, 19 б.].
Міне, осылай, саналы өмірін өз іскерлігінің арқасында қатарларының алды болып, көпшіліктің алғысын алудан бастаған Н.Ә. Назарбаевты жастайынан республика, тіптен Одақ деңгейінде де танымал болуына әсер еткен де, сол белсенділігі, табиғат берген бойындағы талабы мен таланты деп айтуға болады. Оның айқын дәлелі 1962 жылы ақпан айында, яғни 21 жасында республика комсомолының оныншы съезінде сөйлеген сөзі. ҚР Президенті мұрағатында сақтаулы тұрған сол съезде сөйлеген сөзіне, Н. Назарбаевтың саясаткер ретінде қалыптасу тарихының маңызды дерек көздерінің бірі ретінде деректанулық талдау жасау, бойында ұлттық сезімі бар, жалындаған жас саясаткердің қалыптаса бастағандығын көрсетеді.
Съезд делегаты ретінде өз сөзін: “Мыңдаған жылдар бойы біздің ата-бабаларымыз маңыратып қой, кісінетіп жылқы баққан шексіз-шетсіз далада кеңес халқының қолымен жасалған алып завод бой көтерді – ол біздің еліміздің төртінші металлургиялық базасы – ол Қазақстан магниткасы”- деп бастаған Н. Назарбаев: “Мен біздің заводтағы қазақ жігіттеріне ерекше тоқталып, олардың өмірі мен жұмыстары туралы айтқым келеді. Олар өз кәсіптерін жете меңгеріп, қәзір жақсы және үйлесімді жұмыс істеп жүр. Олар: Сүлейменов, Сәрсекенов, Мырзахметов, Салимов т.б.”- деп біраз қазақ жігіттерінің аттарын атап, оларға металлург мамандығын үйренуге көмектескен, еліміздің басқа металлургиялық заводтарынан келген өзге ұлттардың тәжерибелі аға буын өкілдеріне алғыс айтуды да ұмытпаған [115].