Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:24, реферат
Сонымен, қорыта айтсақ, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен басты ерекшелігі, біріншіден, оның тәуелсіздік қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында атқарған ресми қызметтерімен тікелей байланысты. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметте болған, дәл тәуелсіздік алдында Елбасы болып сайланған Н.Ә. Назарбаевқа сол жылдары болған барлық түбегейлі өзгерістердің ортасында жүріп, тарихи құбылыстардың куәсі болуына тура келді. Жәнеде соның бәрі туралы өз еңбектерінде жазып, маңызды дерек көздерін дүниеге әкелді. Екіншіден, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелгі, олардың Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы, оның ең бір қиын-қыстау сәттердегі тарихи шешімдер қабылдап, жаңа мемлекет қалыптастыра білу тарихы туралы мол мағлұмат сақтауында.
Кіріспе ...............................................................................................................2
Н.Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері ..............................................................3
Қорытынды ......................................................................................................13
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ......................................................................14
КСРО-ның ыдырауынан бірнеше ай бұрын ғана: “Менде әдеттен тыс атаққұмарлық ниет атымен болған емес, оны ойлауға мұрша да жоқ еді – өмір маған қашанда өзінің, көбнесе кәдімгі қарапайым, кейде тым қатал заңдарына сәйкес талаптарын үстемдікпен ұсынып келді. Негізінен алғанда қашан да дерлік бір проблеманы: қайткенде де шыдау, төтеп беру проблемасын шешуге тура келіп отырды” - деп, айтқан [114, 48-49 бб.]. Н. Назарбаевқа, өмір тағы да шыдамдылық танытып, тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қайта қалыптастыру міндетін жүктеді. Оның еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі де осы факторлерден туындайды.
Н. Назарбаев еңбектерінің деректік маңызы мен ерекшелігін айқындайтын келесі факторлар тобын оның жеке адами және тұлғалық қасиеттері құрайды. Белгілі зиялы қауым өкілдері М. Жолдасбеков, Қ. Салғарин және А. Сейдінбектер “Елбасы қандай болу керек?-деген сұраққа:
“ - Ұлты қазақ, ұлттық дәстүрдің уызына жарыған, халқының бар қадыр-қасиетін бойына жинаған; тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін; ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіретін ұлтжанды; дені таза, ары аппақ, жұртшылықты алақанына салып аялайтын, сенімін үмітін ақтай алатын, ел тағдырына жауап бере алатын Азаматы; кек сақтамайтын, өштеспейтін, бар қазақты бауыр тұтып, басынан сипай алатын мейірімді Жанашыры; қар жауса – күрек, жел тұрса тірек бола алатын халақтың қамқоршы Қызметшісі; ағаны ағадай, ініні інідей сыйлайтын, әдептен аттамайтын, ешкімді бөліп-жармайтын, халқының мұңдасы, Тағдырласы; қорыққанда – қорған, тарыққанда – пана, зарыққанда сана бола білетін, ел таныған, көпшілік мойындаған, мінезге бай, антқа адал, сертке берік, пейілі кең, байлыққа құнықпайтын қазақ халқының шын Перзенті болуы керек;
- Ел басына күн туса ауыздықпен су ішетін, етікпен су кешетін; туған жерін, Отанын қызғыштай қорғайтын, көзінің қарашығындай сақтайтын; іске алымды, сөзге шалымды, бүгінгісін оза ойлайтын, ертеңін дұрыс болжайтын көреген Көсем болуы керек;
- Адамзат тарихын, дін тарихын, қоғамның, мемлекеттің даму заңдылықтарын, әлемдік үдерісті жетік білетін, оны жүзеге асыра алатын Іскер; Қазақстанның байлығын төгіп-шашпай халықтың игілігіне айналдыратын, Қазақстанды озық елдердің қатарына қоса алатын, нардың жүгін көтеретін Қайраткер болуы керек;
- Халықаралық қауымдастыққа
Сонымен, қорыта айтсақ, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен басты ерекшелігі, біріншіден, оның тәуелсіздік қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында атқарған ресми қызметтерімен тікелей байланысты. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметте болған, дәл тәуелсіздік алдында Елбасы болып сайланған Н.Ә. Назарбаевқа сол жылдары болған барлық түбегейлі өзгерістердің ортасында жүріп, тарихи құбылыстардың куәсі болуына тура келді. Жәнеде соның бәрі туралы өз еңбектерінде жазып, маңызды дерек көздерін дүниеге әкелді. Екіншіден, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелгі, олардың Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы, оның ең бір қиын-қыстау сәттердегі тарихи шешімдер қабылдап, жаңа мемлекет қалыптастыра білу тарихы туралы мол мағлұмат сақтауында. Үшіншіден, Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің деректік маңызы мен ерекшеліктері автордың жеке адами қасиеттерімен тығыз байланыстылығында. Оның ең бір ауыр жылдары қарапайым қазақ отбасында дүниеге келіп, еңбекке ерте араласуына байланысты, ел өмірін жете біліп, бар саналы өмірін соған қызмет етуге арнауында. Төртіншіден, Н. Назарбаевтың бастауыш партия ұйымынан бастап биліктің барлық сатысынан өтуі, оған елдің реальді саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайын әрдайым объкетивті бағалап, өз еңбектерінде шынайы бағалай білуге мүмкіндік берген.
Мысалы, тәуелсіздік жылдары Елбасы қасында болып, оның сан қырлы істерін жақыннан бақылауға мүмкіндігі болған М. Қасымбеков өз кітабында Н. Назарбаев еңбектерінің үлкен бір бөлігін құрайтын әр түрлі жиындарда жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздерінің тәуелсіздік тарихының дерек көздері ретіндегі маңызы туралы: “Президент Әкімшілігінің Кеңсесінде Нұрсұлтан Әбішұлының қызмет бабымен түрлі жиындарда сөйлеген сөздерінің түпнұсқалары мен көшірмелері, әртүрлі жұмыс нұсқалары жеке папкаларда сақтаулы тұр. Соларды асықпай отырып ақтарған адам еліміз тәуелсіз атанғалы бергі жылдарда мемлекет өмірінде болған талай-талай соқталы оқиғалар мен атқарылған ауқымды іс-шараларды еске түсіріп, көп нәрселердің төркініне қайта көз жібере алады. Өйткені, осы мерзім ішіндегі елімізде істелген істер мен саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы қиындықтардың сұлбасы бүгінде сарғыш тарта бастаған сол ақ парақтар бетінде көрініс тапқан...
Елбасының қолынан өткен сол баяндамалар мен сөйленген сөздердің мәтіндерімен жүйелі таныса бастасаң, осы мерзімде қаралып, талқыланған мәселелердің мазмұны мен сипаты да бірте-бірте жақсы жағына қарай өзгерістерге ұшырағанын байқау қиын емес”-дейді [27, 112 б.].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Назарбаев Н. Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда //Егемен Қазақстан. -2004. -13 қазан.
2 Ақбиев М. Президент шыққан шаңырақ // Өмір.-1992.-№1.-16-22 б.
3 Әбділдаұлы Б. Тұңғыш Президенттің туған жерінде // Ақ жол.-2003.-10 шілде.
4 Әзиев Ә. Алатаудан ұшқан ақиық // Орталық Қазақстан.-2001.-8-15 желтоқсан.
5 Әмірова К. Әділетсіздікпен бетпе-бет; Таусылмайтын туған күн; Бізге беймәлім Теміртау:// Ана тілі.-2000.-22 наурыз.
6 Боржымбай Ж. Кейіпкерім – мақтанышым // Президент және халық.-2005.-2 желтоқсан.
7 Кенжебайұлы М.-Ш., Шайқақов Ж. Президенттің кіндік шешесі // Егемен Қазақстан.-1998.-6 маусым.
8 Лұқпан Е. Құрыш қалай шынықты? // Егемен Қазақстан.-2005.-6 шілде.
9 Машрапов Қ. Өмірі мен ісі өнеге // Сарыарқа.-1991.-30 қараша.
10 Омашев Қ. Теміртау мектебі // Егемен Қазақстан.-2006.-7 қаңтар.
11 Сапаралы Б. Президенттің балалық шағы: - Алматы: Ер-Дәулет,-1995, 174 бет.
12 Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы: “Санат”,-1994.-512 бет.
13 Қонаев Д. Өтті дәурен осылай. - Алматы: РГЖИ “Дәуір”, МП Ынтымақ, -1992. -448 бет.
14 Кекілбайұлы Ә. Азаттықтың ақ таңы. - Алматы: Қазақстан, -1998.-736 бет.
15 Кекілбаев Ә. Тәуелсіздік толғауы. – Астана: -2002. -376 б.