Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 15:26, реферат
Абсентеизм - халықтың саяси өмірге немқұрайды, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Ол әсіресе сайлаушылар тарапынан өкіметтің өкілдік органдарына сайлауға қатынасқысы келмеуінен байқалады.
Абсолютизм – жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі.
Репрессия –мемлекеттәк құрылымдардың жазалау шарасы,қуғын –сүргінге ұшырату.
Республика – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі.
Абсентеизм - халықтың саяси өмірге немқұрайды, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Ол әсіресе сайлаушылар тарапынан өкіметтің өкілдік органдарына сайлауға қатынасқысы келмеуінен байқалады.
Абсолютизм – жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі.
Автаркия – елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлтық мақсат. Осыған орай ол шетелдердің тауарларын, капиталын және т.б. өз еліне енгізуге шек қоюы мүмкін. Бұл тәсіл өз елінің өндірісін дамытуға немесе басқа саяси мақсатта да жасалады.
Автократия – бір адамға жоғары өкімет билігін шексіз беру арқылы басқарудың немесе осындай басқарушылық орнаған мемлекетті айтады. Сонымен қатар қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам не адам тобын атау үшін де пайдаланылады.
Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлтық құрылым.
Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол көбіне саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.
Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.
Адам құқықтары – белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері.
Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар және т.б.) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.
Альянс – ортақ мақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Анархизм – жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен (құрама одақтармен) алмастырғылары келеді. Оның алғашқы идеялары Платонның еңбектерінде кездеседі. Орта ғасырда утопистердің, жаңа дәуірде ұсақ буржуазия (У.Годвин, М.Штирнер, П.Прудон), орыс және халықаралық революциялық қозғалыстың идеологтарының (М.Бакунин, П.Кропоткин) ілімдерінде кең тараған. Қазіргі кезде бұл ағымның саяси әсері шамалы.
Анархия – 1) Мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді.
Аннексия – басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күшпен жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.
Антагонизм – мүдделері қарама-қарсы күштердің, қастасқан таптар, топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиелініскен түрі.
Антисемитизм – еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі.
Апартеид – нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау құқығынан айыру, бірдей еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп-қонуды шектеу және т.с.с. көрініс береді.
Апатридтер – ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.Олар қай елде тұрса,сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары болмайды.
Аристократия – 1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдіктерге ие ақсүйектер тобы; 2) ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі. Мысалы, мұндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде болды.
Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы.
Ассимиляция – бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
Ассоциация – белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі.
Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару органдарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік солардың бақылауында болады және олардың алдында есеп береді. Олардың жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Әйтпесе, парламент үкіметке сенім білдірмеуі мүмкін. Президенттік республикаларда мемлекетбасшысы да президент болады. Оны парламент сияқты халық сайлағандықтан ол парламент алдында тікелей жауап бермейді. Бірақ бұдан президент парламентпен санаспай іс істеуі керек деген ой тумауы керек.
-Ә-
Әлеуметтік саясат – қоғамның
ең жақсы дамуын қамтамасыз
етуге, әлеуметтік мүдделер мен
қажеттіктерді
-Б-
Бедел – саясатта саяси қайраткердің абыройлылығы. Оның шиеліністі шешуге, дау-дамайдың алдын алуға, елде тұрақтылық, татулықты орнатуға етер әсері зор келеді. Оның бәрі саяси қайраткердің адамдар мүддесін түсіне біліп, керегінде оны қорғай білуіне, парасаттылығына, адамгершілігіне, білімділігіне, адамдар тағдырына жауап бере білуіне, адалдылығына және т.б. қасиеттеріне байланысты болады.
Бейсаясаттық – азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы. Мысалы, ол қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тартудан, сайлау немесе референдум кезінде дауыс беруге бармаудан және т.с.с. білінеді.
Бейтараптылық – 1) екі жақтың айтыс, талас, дау-жанжалдарына кіріспеушілік; 2) соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін алған мемлекеттің халықаралық құқықтық мәртебесі және сол бағытта жүргізілген саясаты. Ондай елдер бейбітшілік жағдайда әскери-саяси блоктарға кірмейді.
Билеуші партиялар – қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.
Билік – 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік және әкімшілік өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары.
Биліктің тармақталуы – демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу.
Бипатридтер – бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі.
Бихевиоризм – жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында пайда болған. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп білуге болады дейді.
Буржуазиялық-демократиялық партиялар – ХIХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынадай принциптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істеуі керек. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы және т.с.с.
Бүлік – бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекет.
Бюрократ – 1) азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын қызмет адамы; 2) басқарудың бюрократиялық жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.
-В-
Вето – тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын орындардың қарарына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату.
Волюнтаризм – саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайлармен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
Вотум - өкіметке я оның кейбір мүшелеріне(министрлеріне) сенім білдіру (вотум доверия) немесе сенім білдірмеу (вотум недоверия) мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім. Мысалы, парламент үкіметке сенім білдірмесе, ол, әдетте, жұмыстан кетуге мәжбүр болады.
-Г-
Геноцид – адамдарды щығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.
Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Бұл теорияның негізін қалаушы Ф.Ратцель, Х.Маккиндер т.б. қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайы мен даму барысы географиялық ортаға байланысты дейді.
Геронтократия – ақсақалдардың билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар өкімет билігі жасы келген адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады.
Глобальдылық (жаһандық)
– бүкіл жер шарын
қамтитын, әлемдік мәселелерді
шешуге арналған ғылыми бағыт.
Қазіргі ғаламдық мәселелерге
термоядролық соғысты болдырмау,
айналадағы ортаны экологиялық
апаттан қорғау, жер бетінде
демографиялық жағдайды тұрақтандыру,
халықаралық терроризм,
Гуманизм – қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
-Д-
Дәуір –қоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезеңі.
Деидеологизация – идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылымды жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан аластатуға тырысушылық.. Оның негізін біздің ғасырымыздың 50-60 жылдарында Р.Арон, Д.Белл, Т.Парсонс сияқты Батыстың ірі әлеуметтанушылары салды.
Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.
Делегирование – бір субъектінің екінші субъектіге билікті беруі, сенім білдіруі.
Демагогия - өз мақсатына жету үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.
Демократия – халық билігін,заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады.
Демократиялық партиялар – басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір алалығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.
Деполитизация – белгілі бір ұйым, органдардың және т.б. жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық..
Депортация – жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.
Деспотизм – 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірімсіз, қатал басып-жаншу тәсілі.
Деспотия – шексіз және дара билеудің бір түрі.
Децентрализация – орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билігінің бөлігін беруі.
Диктатор – заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.
Диктатура – қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің шиелініскен шағында, өтпелі кезеңдерде, өкімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады.
Дискриминация – нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.т. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу.
Диссидент – үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам.
Догматизм – нақтылы жағдайда өмір және тәжірибенің жаңалық, жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау, дүние тану тәсілі. Саясатта ол бір кездерде қалыптасқан ой-пікірлерді, әдіс-тәсілдерді бұлжымайтындай көріп, ескірген ережелерді, қалыптасуды, көзқарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжуына кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына әкеледі.
Информация о работе Шпаргалка по "Теории государства и права"