Шпаргалка по "Теории государства и права"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 15:26, реферат

Описание работы

Абсентеизм - халықтың саяси өмірге немқұрайды, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Ол әсіресе сайлаушылар тарапынан өкіметтің өкілдік органдарына сайлауға қатынасқысы келмеуінен байқалады.
Абсолютизм – жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі.
Репрессия –мемлекеттәк құрылымдардың жазалау шарасы,қуғын –сүргінге ұшырату.
Республика – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі.

Файлы: 1 файл

Абсентеизм.docx

— 44.15 Кб (Скачать файл)

 

Доктрина – саяси, экономикалық,  әскери  мақсаттарды  жинақталған  түрде  білдіретін  саяси  теория, ілім.

 

-Е-

 

           Еуропарламент – еуропалық   бірлестіктің  25  елін  қамтитын  мемлекетаралық  саяси  мекеме.  Ол  5 жылда  бір  рет осы елдер халықтарының  тура  дауыс беруі арқылы  сайланады. Оның  мәжілісінде  Еуропа  құрлығының  дамуына  байланысты  негізгі  мәселелер  қаралады.

 

Еуроцентризм – ғылым,білім, мәдениет, әдебиет, өнер  және  т.б. нағыз  жетістіктері  тек  Еуропада  ғана  дамыды  деп  дәлелдеуге  тырысатын  ғылыми тұжырым.

 

Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның  саяси  тәуелсіздігі. Мемлекеттік  егемендік  деп  шетелдің  араласуына  жол  бермейтін  мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы  істері  мен  қатынастарындағы  саяси  тәуелсіздігі  және  елді  басқаруда, шешімдер  қабылдауда, жоғарғы  билік  жүргізудегі  еркіндігін  айтады. Егемендіктің  саяси, экономикалық, құқықтық  жақтары болады.

 

-Ж-

 

             Жалпы  адамзаттық  құндылықтары  – бүкіл  адамзаттың  рухани  тәжірибесінен туған адамгершілік  қазыналар. Олар  адамдардың  адамгершілік  туралы  ой-пікірлерін  білдіреді.

 

Жаңарған  колониализм (неконсерватизм) – бұрынғы  отаршы  елдердің  тәуелсіздігін  алған  мемлекеттерді  экономикалық, саяси, әскери, мәдени, идеологиялық  және  т.с.с. әдіс-тәсілдерді  шебер  пайдалану  арқылы  өз  ықпалында  ұстау, ісіне  араласу, қысым  жасау  саясаты.

 

Жаңарған  консерватизм (неконсерватизм) – бұрынғы  қалыптасқан  дәстүрлі  қазыналар  мен  арман-мұраттарды  сақтап, оларды  өмірдің  бүгінгі  талабына  сай  жаңғыртуға  тырысқан  Батыс  саясаттану  ғылымындағы  ағым. Ол  біздің  ғасырымыздың  70 жылдарының  екінші  жартысында  пайда  болған.  Белсенді  өкілдері: Д.Белл, И.Кристонн, С.Липсет  және  т.б.

 

Жаңарған  либерализм (неолиберализм) – дәстүрлі  либерализмнің  қағидаларын  сақтап, оларды  ХХ ғасырдың  жаңа  талаптарына  сай  өзгертуші  идеялық-саяси  ағым.  Мысалы, бұрынғы  либерализм  мемлекет  экономикаға  араласпасын  дейтін.  Қазір  әлеуметтік-экономикалық  және  т.б. мәселелердің  кейбір  жерлерін  мемлекеттің реттегенің  жөн көреді. Мемлекеттің бюрократиялануына, адамның жеке  өміріне араласуына  және  т.с.с. қарсы шығады.

 

Жаңаша  саяси  ойлау  – КСРО  мен СОКП  басшыларының  жалпы  адамзаттық  мұраттар  мен  құндылықтарды  басшылыққа  алып, бұрынғы  «қырғи  қабақ  соғыс»  қалпынан  бас  тартуы. 80 жылдардың  ортасында  оған  себеп  болғандар: 1)ядролық-космостық  дәуірде  мемлекеттер, блоктар  арасында  әскери  қақтығыстың  болмау  керектігін  түсіну;  2) ғаламдық  мәселелердің  маңызды  орын  алуы  және  т.б.

 

«Жасылдар» - айналадағы  ортаны  қорғап, жер  бетінде  тіршілікті  сақтау  үшін  күресетін  халықаралық  сипаты  бар  экологиялық  қозғалыс.  70 жылдардың  екінші  жартысында  ол  қозғалыстардан  партиялар  пайда  болды. Ондай  партиялар  қазір  барлық  елдерде дерлік  бар.

 

Жеке  басқа  табынушылық  – саяси  қайраткерді  шексіз  дәріптеу. Ол  азаматтардың  демократиялық  құқықтары  тапталған  елдерде  дамиды.

 

Жекешелендіру – мемлекеттік  меншікті (кәсіпорын, тұрғын  үй, көлік  құралдары және  т.с.с.)  жеке  меншікке  беру  немесе  сату. Ол – нарықтық  экономикаға  өту  үшін  қажетті  шарттың  бірі.

 

-З-

 

           Заң  шығарушы  билік – заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе  жоюмен  айналысатын билік, парламент.

 

-И-

 

           Идеал – саяси  салада  саясатты  жасап, оны  жүзеге  асырушылардың   алдына  қойған  жоғарғы  саяси   арман-мұраты.

 

Идентификация – жеке  адамның  белгілі  бір  әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және  т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдыры бір екендігін сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылыми  әдебиетке З.Фрейд енгізді.

 

Идеология – белгілі  бір  әлеуметтік  топтар, таптар, партиялар және  т.б.  мақсаттары  мен мүдделерін  бейнелейтін, үстемдік  етіп  отырған қоғамдық  қатынастарды  орнықтыруға немесе  оларды  өзгертуге қызмет  ететін  тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың  жүйесі.

 

Иерархия – төменгі  органдардың, шенділердің  жоғарғы  органдарға, шенділерге  бағыну  тәртібі.

 

Импичмент – жоғарғы  лауазымды  адамдарды (президентке  шейін) конституцияны  бұзғаны  үшін  немесе  басқа  қылмысы  үшін  жауапкершілікке  тартуға  және  ісін  сотта  қарауға  мүмкіндік  беретін  ерекше  тәртіптің  түрі.

 

Институализация – саяси  қозғалыс  немесе  құбылыстың  тәртіпке  келтірілген, ұйымдасқан  мекемеге  айналуы.

 

Интеграция – мемлекетаралық  саяси, экономикалық, әскери  және  т.б. одақтардың  құрылуы. Оның  негізінде ортақ мүдде, саяси  қатынастардың  жақындасу, бірлесуге  тырысу  үрдісі  жатыр. Бұл  салада  Еуропалық  Одақ  зор  жетістіктерге  жетті.

 

-К-

 

               Келісім – мәжіліске  қатысушылардың  немесе  саясаттың  басқа  субъектілердің  келісімі  негізінде  қабылданатын  шешім.

 

Коалиция – 1) ортақ  жауға  қарсы  екі  немесе  одан  көп  елдердің  жасаған одағы;  2) мемлекеттік билікті жүзеге  асыру үшін  немесе  бірлесіп  іс-әрекет  жасау мақсатымен  партиялардың  я қоғам қайраткерлерінің  бірігуі, келісімі.

 

Консерватизм – 1) тарихи  қалыптасқан  саяси  және  қоғамдық  өмірді  өзгеріссіз  сақтауға  тырысқан  әлеуметтік-саяси  көзқарастар, теориялар  жүйесі;  2) консервативтік  партиялардың  ұстаған  бағдарламалық  бағыты.

 

Конституция – мемлекеттік  және  қоғамдық  құрылыстың  негізгі  қағидаларын, принциптерін  білдіретін  негізгі  заң.

 

Конфедерация - өздерінің  кейбір  амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы  саясаттағы  және т.с.с.) жүзеге  асыру үшін  бірлескен егеменді  елдер одағы. Онда  жалпыодақтық  азаматтық немесе  ол  одаққа  кірген  мүшелердің  бәріне  міндетті  заң  шығарушы  билік  болмайды. Оның  алғаш  шешімдері  оған  енген  елдердің  бекітуінен  өтуі  керек.  Ол  өмірде  сирек кездеседі. Мысалы, ол  1848 жылға дейін Швейцарияда, 1778-1787 жылдары Солтүстік  Америка  штаттарында  болды. Қазір  соған  ұқсас  құрылымды  Еурополық  Одақ  құрмақ  ойы  бар.

 

Конфликт (жанжал) – қарама-қарсы  күштердің, партиялардың, көзқарастардың, мақсат-мүдделердің  бір-біріне  қайшы  келуі.  Ол  өрістеген  кезде  арты  шешілмес  қатты  дау-жанжалға, ал  саяси  шиеленіс  саяси  дағдарысқа  әкеліп  соқтыруы  мүмкін.

 

Конфликтология - әлеуметтік  дау-жанжал, шиеліністердің  мәнін, табиғатын, зардаптарын  зерттеуге, оларды  алдын  ала  болжауға  арналған  ілім.

 

Коррупция – 1) мемлекеттік  және  саяси  қайраткерлерді, министрлерді, парламент  мүшелерін, шенеуніктерді  және  т.б. параға  сатып  алу;   2) лауазымды  адамдардың  жеке  басын  байыту  мақсатында  өз  қызметін  қылмыстық  жолмен  пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.

 

Көппартиялылық – мемлекеттік  билік  үшін  күрес  барысында  бірнеше  саяси  партиялардың  әр  түрлі мүдделері мен пікір алалығын  пайдалана отырып  басқару түрі.

 

-Қ-

 

            Қоғамдық-саяси  ұйымдар – халықтың  белгілі  бір  тобының  мүддесін  білдіріп, қорғайтын, алдына  қойған  әлеуметтік  мақсатқа  жету  үшін  ерікті  түрде  мүшелікке  кірген, оған  материалдық  көмек  көрсететін, өзін-өзі  басқаратын  адамдардың  бірлестігі.

 

Құқықтық  мемлекет – демократиялық  жолмен  қабылданған  заң  үстемдік  ететін, оның  алдында  бәрі  де  тең  саналатын, жеке  адамның  құқықтары  жан-жақты  қамтамасыз  етілетін  мемлекеттік  құрылыс.

 

«Қырғиқабақ  соғыс» - екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  басталып, 80 жылдарға  дейін созылған  социалистік  және  капиталистік  жүйелер  арасындағы  халықаралық  шиеленіс  қатынастары.

 

 Қысымшы  топтар  – билік  институттарына  мақсаты   ықпал  ету  арқылы  өз  мүдделерін  қанағаттандыруға  тырысқан  қоғамдық  бірлестіктер.

 

-Л-

 

             Легитимдік – халықтың  үстемдік  етіп  отырған саяси билікті мойындауы, оның  заңдылығы мен шешімдерін  растауы.

 

Либерализм – 1) жеке  адамның  саяси  және  экономикалық  құқықтарын  мақұлдап, мемлекеттің  экономикаға  араласуын  шектеуге  тырысатын  ілім, саяси  бағыт;  2) бірқатар  елдерде  орта  топтың  мүддесін  қорғайтын  либералдық  партиялар.

 

Лобби – белгілі  бір  заң жобаларына, қабылданатын  шешімдерге  ықпал ету мақсатында  әрекет  ететін  ерекше  саяси ұйым. Ол  қысымшы топтың  бір  түріне  жатады. Саяси, қоғам қайраткерлерімен  жақсы қатынастар  орнатып, солар арқылы  үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына  өздеріне  керекті өзгерістер  жасауға  және  т.с.с. күш  салады. Бұл  мақсатта  неше  түрлі  әдіс-тәсілді  пайдаланады.

 

Люмпен – қоғамның  азғындалған  бөлігінің  жалпылама  аты. Оған  қаңғыбастар, қайыршылар, жезөкшелер, қылмыскерлер  және  т.с.с.  жатады.

 

-М-

 

               Мaжoритарлық  жүйе – сайлау  нәтижесінде  үміткердің  округ  бойынша  көпшілік  дауыс  алу.

 

Макиавеллизм – алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін  амал-айланың  қандай  түрі  болмасын  пайдалану  тәсілі. Оның  негізін  салған  Италияның  саясаттанушысы  Н.Макиавелли (1469-1527) елдің  басын  біріктіріп, бірлігін  сақтау  үшін  патшаларға  жауыздық  жасауға  да, күш  жұмсауға  да  кеңес  берді.

 

Манифестация – бір  іске, оқиғаға, билеушілердің саясатына тілектестігін не  қарсылығын  білдіру үшін  көпшілік  болып қыр көрсету.

 

Маргиналдар – белгілі  бір  себептерге  байланысты  қоғамның  негізгі әлеуметтік  тобына, табына  кірмей  қалған  аралық  жағдайдағы  адамдар.  Мысалы, ауылдан жұмыс іздеп қалаға  келген  жастар.  Олар  бір  жағынан ауыл  өмірінен  қол үзген, екінші  жағынан қаланың өмір  салтын, мәдениетін  игеріп, сіңбеген.  Осылайша  әредік  жағдайға  душар  болады.  Мұндайларды  маргиналдар  дейді.  Олардың  көбінің  тұрақты  тұратын  орны  жоқ, жұмыс  орны  да  анықталмаған, белсенді  саяси  өмірге  тартылмаған. Сондықтан  олар  қылмыс  не  басқа  арандатушылық   әрекеттерге  оңай  ілесіп  кетеді. Маргиналдарға этникааралық, нәсіларалық некеге  түскендер де  жатады. Мысалы, метистер.

 

 Марксизм - өзара  байланысты  философия, саяси  экономия, ғылыми  коммунизмнен  тұратын  ілім. Ол  социалистік  революция нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизмнен) тұратын коммунистік қоғамды орнатуды  мақсат  етті.

 

Мәміле – дау-жанжалға  қатысушы  жақтардың  өзара  кешірімділік  білдіріп, ымыраға  келуі.

 

Мемлекет – белгілі  бір  аумақ шеңберінде  адамдардың, әлеуметтік  топтар, таптар  мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын  қоғамның  саяси жүйесінің негізгі элементі.

 

Мемлекеттік  билік –  барлық  адамдарға  міндетті  заңдарды  шығаруға  жеке-дара  құқығы  бар, заңдар  мен  ұйымдарды  сақтау  үшін  ерекше  күштеу  аппаратына  сүйенетін  саяси  биліктің  түрі.

 

Менталитет – 1) ойдың  бағыты, жүйесі, ақыл  шабыты, құрылымы;

 

2) адамның, топтың, таптың, халықтың  дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке  қатынасы;  3) рухани  өмірдің  ерекшелігі.

 

Меритократия – ерекше  қабілетті, құзыретті, таланаттылардың  билігі.

 

Милитаризм – жаппай  қарулану, соғысқа  әзірлену, ішкі  және  сыртқы  мәселелерді  қарулы  күшпен  шешуге  тырысқан  саясат.

 

Модернизация – қазіргі, жаңа  жағдайға  байланысты  жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта  саяси  жүйенің, әдіс-тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың  өзгеруі.

 

Монархия – мемлекеттің  жоғарғы  өкімет  билігі  жеке-дара  бір  билеушінің  қолында болып, ол  әкеден  балаға  мұра  ретінде қалатын түрі.  Оны хан, патша, император, король, сұлтан, шах және  т.б. деп атауы мүмкін. Монархия  өз  кезегінде абсолюттік (шексіз) және  конституциялық  болып екіге бөлінеді.

 

Муниципалитет – 1) кейбір  елдерде өзін-өзі басқаратын  аумақтық  қоғамдастық, жергілікті  өзін-өзі басқару органы.  Оның  өз  меншігі, заң шығаратын, салық салатын және  т.б. құқықтары бар;  2) кей елдерде кездесетін  төменгі әкімшілік-аумақтық  бөлік;  3) муниципалитеттің  орналасқан  үйі.

 

-Н-

 

             Нәсіл – шығу  тегіне  және  әр  түрлі тұқым қуалайтын ерекшеліктеріне (дене  құрылысы, терісіне, көзінің түсіне  және  т.с.с.)  байланысты  бірлескен адамдар тобы.

 

Нигилизм – жалпы  қабылданған  заңдық  ережелер, қоғамдық  саяси  өмірдің  тәртіптерін  және т.с.с. жоққа  шығару.  Саясатта  оны  жақтаушылар  қалыптасқан  саяси  қазыналарға, партиялар  мен  саяси  қайраткерлердің  іс-әрекетіне  қарсы  болып, қабылдамайды.

 

-О-

 

     Объект –  субъектінің танымдық және басқа  іс-әрекеті бағытталған зат.Саясаттанудың обьектісіне  саясат әлемі жатады.

 

Оккупация-бір елдің мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы.

 

Олигархия-саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында түрған биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі.

 

Оппозиция -  1)бір саясатқа ,саяси іс-әрекетке ,қайраткерге қарсылық ету ,кедергі жасау.2)партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы,

 

Охлократия – қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып , ойран салған ,демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

 

-Ө-

 

     Өркениеттілік-1)қоғамның , адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі; 2)мәдениеттің синонимі; 3) Л.Морган, Ф.Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуында варварлықтан кейінгі сатысы.

 

-П-

 

      Парадигма- жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі ,бейнесі.

Информация о работе Шпаргалка по "Теории государства и права"