Шпаргалка по "Теории государства и права"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 15:26, реферат

Описание работы

Абсентеизм - халықтың саяси өмірге немқұрайды, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Ол әсіресе сайлаушылар тарапынан өкіметтің өкілдік органдарына сайлауға қатынасқысы келмеуінен байқалады.
Абсолютизм – жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі.
Репрессия –мемлекеттәк құрылымдардың жазалау шарасы,қуғын –сүргінге ұшырату.
Республика – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі.

Файлы: 1 файл

Абсентеизм.docx

— 44.15 Кб (Скачать файл)

 

Тоталитарлық партиялар - саяси жүйенің басқа элементтерін(құрамдас бөліктерін)өзіне бағындыруға тырысқан партиялар.Олар идеологияланған,қатаң тәртіпке негізделген бірпартиялық жүйе құруға тырысады.

 

Тұжырымдама  - 1)белгілі  бір мәселеге,құбылысқа  көзқарастардың жүйесі;2)ғылыми еңбек,шығарманың және т.с.с. негізгі қағидалары.Саясат әлемінде ол саяси партиялардың бағдарламаларында,жарғыларында,ресми құжаттарында және т.б. көрініс береді.

 

Тұлға - қоғамдық өмірдің  нақтылы тарихи жағдайы қалыптастырған,саналы іс-әрекет ете алатын,өзінің жүріс-тұрысына жауап беретін,еңбек етіп,қарым-қатынас жасаушы,айналадағыны танып-білуші жеке адам.

 

-У-

 

         Узурпация-өкімет билігін заңсыз басып алу немесе басқаның құқығын иемдену.

 

Унитарлық мемлекет-саяси  билік бір орталыққа бағынған,мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейтін мемлекеттің түрі.Оның жер аумағы,конституциясы бір болады,мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі,азаматтығы ортақ келеді.Мысалы,Греция,Италия,Қазақстан,Норвегия,Польша,Финляндия,Франция,Жапония және т.б.

 

-Ұ-

 

         Ұлт  –аумақтың ,тілдің,экономикалық өмірдің және ұлт мәдениеті мен тұрмыс ерекшеліктерінде көрінетін психикалық қалпының ортақтығын байланысты адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі.

 

Ұлтжандылық-Отанға,халқына,оның тарихы,тілі,мәдениетіне деген сүйіспеншілік,бойындағы  күш-қуаты мен білімін Отан игілігі  мен мүддесіне жұмсау.Отан сүйгіштік,ұлтжандылық үлкен азаматтық,мәдениеттілігінің белгісі.Ол өз мүддесі мен елінің,халқының мүддесі бір, ортақ екенін сезінуге әкеледі.Сондықтан бұл сезім Отанның егемендігін,абыройын қорғауға шақырады.Оны ұлтшылдықпен шатастыруға болмайды.

 

Ұлттардың өзін өзі билеуі-ұлттардың  өзінің мемлекеттік құрылысын өзі  шешу принципі.Бұл мәселе алғашында  Еуропада буржуазиялық-демократиялық  революциялардың жеңуіне байланысты пайда болады.Ең бірінші бұл пікір 1776 жылы Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі туралы Хартиясында жарық көрді.

 

Ұлтшылдық-ұлттық жекешілікке,артықшылыққа,басқа ұлттарға сенбеушілікке және бір ұлтты екінші ұлтқа қарсы қоюға бағытталған саясат,идеология,психология және әлеуметтік тәжірибе.

 

-Ф-

 

         Фашизм-реакциялық ,грессивтік күштердің террорлық  диктатурасы.Ол 1919 жылы Италияда,содан кейін Германияда пайда болды.Оның ерекшеліктеріне жататындар:бір нәсілді екіншіден жоғары қою,мемлекетке барлық басшылықты беру,демократиялық құқықтар мен бостандықтарды басып –жаншуда шектен тыс күштеу әдіс-тәсілдерін пайдалану,қоғамдық және жеке өмірді жаппай бақылауға алу және т.с.с.

 

Федерация-белгілі бір  тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік  құрылымдардың бірігіп,одақтық жаңа мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі.Әрбір субъектінің өзінің жоғары билеу(заң шығарушы,атқарушы,сот)органдары болады.Бірақ олар орталық  институттарға бағынады.

 

Феминизм-қоғам өмірінің барлық салаларында еркектер мен әйелдердің теңдігі үшін күресетін қозғалыс.

 

Фракция-парламентте немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және т.б.өз партиясының саясатын ұйымшылдықпен өткізу үшін біріккен кейбір саяси партиялардың мүшелері ;партияның жалпы бағытымен келіспегендіктен өз алдына бөлек оқшауланған,өзіндік бағыты,құрылымы,тәртібі бар ,бірақ сол партияның қатарынан шықпаған саяси партия мүшелерінің бөлігі.

 

Фундаментализм-мұсылман елдеріндегі  қоғамдық ойдың ислам діні негіздерін берік сақтау әрекеттері.

 

-Х-

 

         Халықаралық  қатынастар - халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілетін саяси,экономикалық ,құқықтық , демократиялық ,әскери,мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік,экономикалық,саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығы.

 

Халық майдандары-белгілі  бір саяси мақсатқа жету үшін ұйымдасқан бұқара  халықтың,саяси партиялар,кәсіподақтар және т.б. ұйымдардың қоғамдық –саяси қозғалысының бір түрі.Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құрылады және жұмыс істейді.Қатаң айқындалған түрі мен мүшелігі болмайды.Әдетте,алдына қойған мақсаты орындалған соң тарқайды.Олар осы ғасырдың 30 жылдарында фашизм мен реакцияға қарсы күрес барысында пайда болған және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында зор рөл атқарады.

 

-Ц-

 

         Центризм-саясатта  оңшылдар мен солшылдардың арасында  орталық қалыпты ұсынатын партиялық  бағыт.

 

-Ш-

 

         Шовинизм-ұлттық ерекшеліктерді дәріптейтін,бір ұлттың мүддесін басқа халықтардың мақсатына қарсы қоятын,ұлтаралық өшпенділікті қоздыратын ,ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.

 

-І-

 

         Ішкі  саясат - мемлекеттің өз ішіндегі  әлеуметтік-саяси құрылысты сақтау  немесе өзгерту мақсатындағы  жүргізген саясаты.

 

-Э-

 

         Эволюция - қоғамдық-саяси өмірде біртіндеп, баяу даму. Бұл теорияның негізін салған ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин болатын.

 

Экспопрация - бір тапты жеке меншігінен, өндіргіш, құралдарынан күшпен, ықтиярсыз айыру.

 

Экстремизм - 1)саяси және басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз, күштеу, зорлау тәсілдерін пайдаланатын әрекет. Ол ұлтаралық араздықты қоздырады, демократиялық принциптерді шектейді, елді тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік бермейді; 2)шектен шыққан көзқарастарға және шараларға бет бұрушылық.

 

Электорат - халықаралық ұйымдарға, мемлекет басқару органдарына, жеке қызметкерді сайлау кезінде дауыс  беруге құқығы бар адамдар тобы.

 

Элита - саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, ікерлігімен, асқан мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы.

 

Эмансипация - адамның немесе әлеуметтік топтың тәуелділік, кіріптарлық  езгіден құтылып, теңдік алуы.Мысалы, ұлттық езгіден құтылу, әйелдердің ерлермен тең құқық алуы және т.с.с.

 

         Этатизм  - елдің экономикалық және саяси  өміріне, қоғамның барлық саласына мемлекеттің белсенді араласуын қалайтын тұжырымдама.

 

         Этнос  - тілінде, мәдениетінде, мінез-құлқында ортақ ерекшеліктері бар, белгілі бір аумақта (территорияда) тарихи қалыптасқан, өз қауымдастығының бірлігін сезінетін адамдар жиынтығы.

 

-Ю-

 

         ЮНЕСКО - БҰҰ-ның білім, ғылым, мәдениет мәселелер жөніндегі халықаралық, үкіметаралық ұйымы


Информация о работе Шпаргалка по "Теории государства и права"