Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 09:41, контрольная работа

Описание работы

Жалпыга бірдей сайлау құқығы — республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, Президент, Парламент немесе мәслихат депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі ретінде сайлануға құқылы дегенді білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының екі түрі ерекшеленген:

Содержание работы

Кіріспе
Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысы
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегi демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы Конвенциясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Шамбылбек.doc

— 168.50 Кб (Скачать файл)

 

Конкурс номинациясының атауы: Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау процесінің мәселелері

 

 

 

 

 

 

Тақырып атауы: Сайлау науқанын қаржыландыру: құқықтық реттеу негіздері және тәжірибе

 

 

 

 

 

Орындаған: Шамбылбек Жанбай Иесұлы

 

Мекен-жайы: 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі,136

 

ЖОО атауы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты Күндізгі оқу факультетінің 2-курс курсанты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары
  3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысы
  4. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегi демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы  Конвенциясы
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясының негізінде Республика азаматтарының мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар (33-бап). «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңымен (ары қарай Заң) Республика Президентiнiң, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын әзiрлеу мен өткiзу кезiнде пайда болатын қатынастар реттеледi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктерi белгiленедi.

Республика  азаматтарының сайлауға қатысуы  ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ. Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары

Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары  дегеніміз сайлау құқығы нормалары  мен институттары негізінде алынган  жетекші ережелер мен талаптар. Бұл қағидаттарды сайлау процесінің барлық қатысушылары (сайлаушылар, сайлау комиссиясы, кандидаттар, т.б.) басшылыққа алуга тиіс. Бұл жетекші идеялар ҚР-ның Конституциясында бекітілген. Оларға: • жалпыға бірдей сайлау құқығы; • тең сайлау құқығы; • төте сайлау құкығы; • жанама сайлау құкығы; • жасырын дауыс беру кағидаттары жатады. Аталған кағидаттарды толығырақ қарастырайық.

Жалпыга бірдей сайлау құқығы

Жалпыга бірдей сайлау құқығы — республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, Президент, Парламент немесе мәслихат депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі ретінде сайлануға құқылы дегенді білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының екі түрі ерекшеленген:

• белсенді сайлау құқығы — бұл он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы;

• бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР-ның Президенті, Парламенті, мәслихат депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құкығы.

Бәсең сайлау кұқығы белгілі бір құқықтық шектеулермен байланысты туындайды.

ҚР-ның Президентігіне кандидат тумысынан республика азаматы  болуы, 40 жасқа толуы, мемлекеттік  тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы болуы тиіс.

Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаты Конституцияда  көрсетілгендей 30 және 25 жасқа толуы  тиіс.

Дегенмен Конституцияда  бірқатар шектеулер де қарастырылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес: сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Бұл өзінің жүйке ауруы мен акыл-есінің кемдігіне байланысты, өзінің азаматтық кұкықтарын толық жүзеге асыра алмайтын немесе азаматтық міндеттерін атқара алмайтын азаматтардың сайлау құқығы шектеледі дегенді білдіреді. Сонымен қатар сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға кұкығы жок. Тұтқындау орындарында отырған тұлғаларға, егер соттың айыптау үкімі шығарылмаса сайлау құкығында шектеуге жол берілмейді. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңда тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында сайлау учаскелерін құру, аталған орындарда отырған адамдардың тізімін жасау тәртібі бекітілген. Теңсайлау құқығы — сайлаушылар сайлауға тең негізде қатысады дегенді білдіреді. Өрі олардың өркайсысының бір сайлау бюллетеніне сай дауысы болады. Сайлау бюллетені тұлғаның жеке басын куәландыратын кұжаттары, төл құжаты арқылы беріледі. Кандидаттар өзінің сайлау құкығын жүзеге асыруда тең күкыктар иеленеді.

Тең сайлау құқығы

Тең сайлау құқығы: • Қазақстан Республикасының  барлық азаматтарына олардың тұратын  мекен-жайы орнына қатыссыз, соның ішінде елімізден тысқары жердегілерге; • сайлаушылардың саны, шамамен бірдей сайлау округтерін құру арқылы; • сайлауімимы сайлау учаскесіндегі бір гшш сайлаушылар тізіміне қосу арқылы; • тең сайлау құқығы талаптарын екі немесе одан да коп рет, тіпті басқа сайлаушы үшін де дауыс беру арқылы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындау арқылы қамтамасыз етіледі.

Жанама  сайлау құқығы

Жанама сайлау құқығы—Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматы  қатысады дегенді білдіреді. Аталған сайлауда халықтың еркіндігі жанама жолмен тікелей сайлау құқығы арқылы сайланған мәслихат депутаттарының, яғни таңдаушылардың дауыс беруі арқылы көрініс табады. Әрбір таңдаушы бір дауысқа ие болады.

Жасырын дауыс беру

Жасырын дауыс беру – сайлауда сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді. Жасырын дауыс беру:

• әрбір сайлаушының  жеке өзі дауыс беруі, дауыс беру құқығын басқа тұлғаға беруге жол бермеу арқылы;

 • басқа  тұлға үшін дауыс беруге жол бермеу;

• дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға  сайлаушылар тізімдері арқылы сайлаушының  жеке басын куәландыратын құжатты  көрсетуі бойынша;

 • сайлау  бюллетені сайлаушының жасырын  дауыс беру кабинасында жеке  толтырылуы арқылы жүзеге асады. Сайлау бюллетенінде дауыс берушінің жеке басын айқындауға мүмкіндік беретін белгілер салуға болмайды. Заңда дауыс берудің жасырын тәртібін бұзған лауазымды тұлғалар мен оған кінәлілерге жауапкершілік көзделген.

Әрбір дауыстың маңыздылығы мен рөлі. Сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ықпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңыздылығы және сайлаудағы әрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болу керек.

Кандидаттар қызметінің сайлау науқаны барысындағы  кепілдіктері. Президенттікке, Парламент депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап, сайлау корытындысы жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заң кандидатқа сайлау уақытында еңбек қызметін орындамауды міндеттемейді. Заң кандидатқа уақытын қалай пайдаланатындығын өзі айқындауына мүмкіндік береді. Заңның демократиялылығының мәні де осында. Кандидаттардың сайлауға қатыскан уақыты тіркелген күнге дейін оның жұмыс істеген мамандығы бойынша еңбек өтіліне есептеледі. Кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін өздерінің келісімінсіз жұмысынан босатуға, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстыруға, сондай-ақ іссапарға жіберуге немесе әскери жиындарға шакыруға болмайды. Президенттікке, Парламент депутатығына кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау корытындылары жарияланғанға дейін, сондай-ақ оларды Президент, Парламент депутаттары ретінде тіркелгенге дейін:

  • тұтқынға алуға;
  • еріксіз әкетуге;
  • оларға сот тәртібімен өкіметтілік жазаларын колдануға;
  • қылмыстық жауапкершілікке тартуға;
  • Орталық сайлау комиссиясының келісімінсіз (тікелей қылмыс үстінде ұсталуы немесе ауыр қылмыс жасауы сәтіндегі тұткындаулардан басқа реттерде) ұстауға жол берілмейді.

Мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын  қамтамасыз ету жөніндегі қызметі

Соттар, прокуратура, ішкі істер органдары, сондай-ақ сайлау комиссиясы дауыс беру күні, оның ішінде демалыс күндері де өз жұмыстарын ұйымдастырады. Олар азаматтардың шағымдарын қабылдау мен қарауды қамтамасыз етеді. Азаматтардың және ұйымдардың сайлау заңнамаларын бұзу туралы шағымдары сайлау комиссияларында шағым келіп түскен күннен бастап бес күн аралығында қарастырылады. Сайлау комиссиясы мен оның мүшелерінің шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану жоғары тұрған комиссияда шағым келіп түскен күннен бастап үш күн аралығында қаралады.

 

Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары.

 
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) республикалық бюджет қаражатының  құралуы және жоспарлы жұмсалуы туралы ақпаратты беріп отыр. 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеге сәйкес Ортсайлаукомның функцияларына сайлау туралы заңдардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Парламент Мәжiлiсi мен Сенаты депутаттарының, мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзу, сайлау өткiзу кезiнде аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асыру кіреді. 

Орталық сайлау комиссиясының негізгі қызметі  Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін жалпыға бірдей танымал демократиялық қағидаттарға сәйкес дамыту және жетілдіру болып табылады. 

Қазіргі уақытта  Ортсайлауком сайлау процесіне қатысушылардың барлығы үшін сайлау іс-қимылдары  мен тетіктерінің барынша ашық және қолжетімді болуын қамтамасыз етумен, сайлау процесін ұйымдастырудың жаңа технологияларын, әдістері мен тетіктерін әзірлеумен және енгізумен, сайлаушылардың сайлау комиссияларының қызметі, сондай-ақ сайлау науқаны барысы туралы уақтылы, шынайы және толық ақпарат алуына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етумен байланысты міндеттердің біртұтас кешенін шешеді.  
Бұл ретте сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын және сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, сайлаушылардың қоғамдық белсенділігін, олардың азаматтық жауапкершілігін дамыту жөніндегі жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді, бұл құқық қолдану тәжірибесін жетілдірудің, сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сайлау заңнамасы нормаларының нақты сақталуының міндетті шарты болып табылады.  
Ортсайлаукомның алдағы кезеңдегі қызметінің маңызды бағыты сайлау процесі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту болып табылады. Сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу тәжірибесімен алмасу, түрлі елдер сайлауларының құқықтық базасын зерделеу және талдау, сайлау процесін байқауға қатысу азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің ең озық және үдемелі әдістерін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.  
Осы міндеттерді іске асыру мақсатында Ортсайлауком халықаралық байқаушыларды Қазақстан Республикасындағы сайлаулар мен референдумдарға шақыру және аккредиттеу әрі Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекеттердегі байқауға қатысу үшін жіберу жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады. 

Ортсайлаукомның бюджеті өткізілетін сайлау науқандарының мерзімділігін ескере отырып, қалыптастырылады. 

Қазақстан Республикасының  Президенті 5 жыл мерзімге сайланады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы). 

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – 6 жыл, Мәжіліс  депутаттарының өкілеттік мерзімі  – 5 жыл (Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы). 

Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен  әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының  астанасынан 2 адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта  қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың 15 депутатын Республика Президенті тағайындайды. Парламент Сенаты депутаттарының барлығы – 47.  
Парламент Сенаты депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланатын Сенат депутаттарының жартысы әрбiр 3 жыл сайын қайта сайланып отырады. 

Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен  сайланатын 107 депутаттан тұрады.  
Мәслихаттардың депутаттары 5 жыл мерзімге сайланады. 

Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңының 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды.  
Депутаттар саны (жоғарғы және төменгі шек) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай шектерде анықталады: облыстық мәслихатқа, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына – 50-ге дейiн; қалалық мәслихатқа – 30-ға дейiн; аудандық мәслихатқа – 25-ке дейiн.  
Мәслихаттар депутаттарының саны "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі № 12/200 қаулысына сәйкес айқындалған. 

Мәслихаттар депутаттарының барлығы - 3335.

Сондай-ақ Сайлау туралы Конституциялық заңға сай Парламент Сенатының немесе мәслихаты депутатының өкілеттігі мерзiмiнен бұрын тоқтатылған, мандатынан айырылған не ол қайтыс болған жағдайда шығып қалған депутаттар орнына сайлау өткізеді.  

33-бап. Сайлауды мемлекеттiк қаржыландыру

  1. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын қоспағанда, Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы республикалық бюджет қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары арқылы қаржыландырылады. Бұл шоттарға республикалық бюджеттен түсетін бюджет қаражатына иелік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қаржыландыру тәртібi Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленеді. 
  2. Республикалық бюджет қаражатынан: 
  3. сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметiне, үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына, консультанттарға, сарапшыларға, лингвистикалық комиссияның мүшелерiне, электрондық сайлау жүйеле рінің пайдалануын қамтамасыз ететін мамандарға еңбек ақы төлеуге; 
  4. осы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерiне;
  5. осы Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүргiзiлетiн кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткiзуге, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға; 

Информация о работе Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары