Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 09:41, контрольная работа

Описание работы

Жалпыга бірдей сайлау құқығы — республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, Президент, Парламент немесе мәслихат депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі ретінде сайлануға құқылы дегенді білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының екі түрі ерекшеленген:

Содержание работы

Кіріспе
Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысы
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегi демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы Конвенциясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Шамбылбек.doc

— 168.50 Кб (Скачать файл)

Қаржыландыру  тәртібi Қазақстан Республикасының  бюджеттік заңнамасында белгіленеді. 

Республикалық бюджет қаражатынан сайлау комиссияларын  ұйымдастыру қызметi, үй-жайды жалға  алу, iссапар шығыстары, консультанттарға, сарапшыларға, лингвистикалық комиссияның  мүшелерiне, электрондық сайлау жүйелерінің  пайдалануын қамтамасыз ететін мамандарға еңбек ақы төлеу мақсаттарына жұмсалады.

Сондай-ақ, Заңның 28 бабына сәйкес кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерi мен үгiт материалдарын шығаруға және т.с.с. шығындарға жұмсалады. 

Президенттi, Парламент және мәслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтiн Заңда белгiленген тәртiппен құрылатын сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыруға болады. Бұл қорлар заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге жатады. 

Қорлар кандидаттардың жеке, саяси партиялардың, ұсынған Республиканың қоғамдық бiрлестiгi бөлген және Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.

Қорларға заңды  жолмен алынған қаражат қана берiледi. Қорға келiп түскен ақшаның жалпы  сомасы және оның көздері туралы ақпаратты сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде: Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламент Мәжілісінің депутаттарын партиялық тiзiм бойынша сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы; Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезiнде - облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссиялары; мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде-oкругтік сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Аталған көздерден  сайлау қорларына жолдануы мүмкiн  ақшалай қаражаттың шектi мөлшерi Заңның Ерекше бөлiмiнде белгiленедi. Белгiленген мөлшерден артық түскен ақша қаражаты сайлау қорына есептеуге жатқызылмайды және оларды қосқан азаматтар мен ұйымдарға қайтарылып берiледi. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады. Дерегi жоқ қайырмалдықтар республикалық бюджет кiрiсiне енгiзiледi.

Қорды құрайтын ақша қаражаты кандидат, партиялық  тiзiм тiркелгеннен кейiн тиiстi сайлау комиссиясы банк мекемелерiнде ашатын арнаулы уақытша шоттарға түсiрiледi. Аталған шот бойынша кiрiс есептелмейдi және төленбейдi. Заңда аталған мақсаттар үшiн қордың қаражатына иелiк ету құқығы тек қана кандидатқа және партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партияларға берiледi. Банктер тиiстi сайлау комиссиясына арнаулы уақытша шотқа келiп түскен қаражат және олардың жұмсалуы туралы апта сайын есеп бередi. 

Тиiстi сайлау комиссиясының  сұратуы бойынша сол мәлiметтер жиырма төрт сағаттың ішiнде берiледi. Қорлардың қаражатын жұмсау тәртiбiн  және тиісті банк мекемесін Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. 

Кандидат өз кандидатурасын алып тастаған саяси  партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған немесе кандидатты, партиялық  тiзiмдi ұсыну немесе кандидатты, партиялық  тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда сайлау қорына түскен ақша қаражаты оны қосқан азаматтар мен ұйымдарға дереу қайтарылуға жатады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады.  
 Арнаулы уақытша шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар, оның ішінде жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысулар, міндеттi аударымдар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер сайлаудың алдындағы күнi сағат 18-де тоқтатылады.

Қайта дауыс  беру өткізілген жағдайда кандидаттың сайлау қорына түсіруге рұқсат берілген ақшаның шекті сомасы бір жарым есе ұлғайтылады. 

Қайтадан дауыс  беру өткізілген кезде өздеріне қатысты  қайтадан дауыс беру өткiзiлетiн кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша  қаржы операциялары қайтадан дауыс беру тағайындалған күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады. Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы Заңмен белгiленген шектен acпaуғa тиiс. 

Сайлау қорытындылары  анықталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей кандидат саяси партия тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiнде есеп беруге мiндеттi. Қордың сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражатының үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi, ал үштен бiрi кандидатқа, саяси партияға қайтарылады. 

Кандидаттың, партиялық  тiзiмiн ұсынған саяси партияның  Заңмен белгiленген ережелердi, Орталық  сайлау комиссиясы белгiлеген сайлау қорлары қаражатын жұмсау тәртібін бұзуы - кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға, ал сайлау өткiзiлгеннен кейiн кандидаттың Президент, Парламент депутаты, мәслихат депутаты, өзге де жергiлiктi өзін-өзi басқару органының мүшесi ретiнде тiркелуiне дейін тиiстi аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады. 

 

Халықаралық ұйымдар  мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер, шетелдiк мемлекеттiк органдар, шет  елдердiң заңды тұлғалары мен  азаматтығы жоқ адамдар тарапынан  Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың қандай да болмасын тiкелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады.

 

Президенттi, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiндегi сайлау iс-шараларын қаржыландыруды Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады. 

Сайлау комиссияларының  төрағалары ақшалай қаражатқа иелiк  етедi және қаржы құжаттарының сайлау комиссияларының қаржы мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне сай келуi үшiн  жауап бередi. 

Сайлау науқандарына республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты кандидаттардың жұмсауын бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сайлау қорлары  қаражатының жұмсалуын бақылауды  тиiстi сайлау комиссиялары және банк мекемелерi жүзеге асырады. 

Тиiстi сайлау комиссияларының  ұсынысы бойынша аталған бақылауды  жүргiзуге өздерiнiң құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдардың мамандары  тартылуы мүмкiн. 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. Рахметов М.  Болатова А. Саясттану негіздері, //Алматы, 2004, 250 бет.

2. Қопабаев Д.  Қ. «Шетелдердің конституциялық  құқығы» //Алматы: «Жеті жарғы», 1998, -160 бет.

3. Жанпейісова  Қ.Д. «Тәуелсіз Қазақстандағы  өкілді билікті қалыптастырудағы  сайлау институтының орны» автореферат, //Алматы, 2009, 29-бет.

4. Партиялық тізімдерін ұсынган саяси партиялардың біртүтас жалпы ұлттық сайлау округінің аумагы бойынша парламент мэжілісі депутаттарын сайлау жөнінде не білуі қажет. / Орталық сайлау комиссиясының жаднамасы.// Астана. - 2007. - 67 б.

5. Ибраева А.  «Құқықтану», //Алматы: «Мектеп», 2006, 200 бет.

6.Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана от 30 сентября 1998 года// интернеттен алынған материал,сайт: akorda.kz

7. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»

Декларация // Қазақстан: мемлекеттік кезеңдері. Конституциялық актілер / Құрастырған Ж. Бәйішев. – А.: Жеті жарғы, 1997. – 496 б.

8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан. – 2005. – 19 ақпан.

9.Назарбаев Н.Ә. Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. // Егемен Қазақстан. 2007. – 17 мамыр.

10. «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» заңы, Юрист, Алматы, 2007

11. Дюверже М. Institutions Politiques et Droit Constitutionnel. //Париж, 1970, .

12.  «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Алматы, 2008, 39 бет.

13. ҚР орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасында 1990 жылғы 25 наурыз бен 2008 жылғы 4 қазан аралығындағы кезеңде болған Сайлаулар мен республикалық референдумдар туралы ақпараттық жинақ» //Астана, 2010, 390 бет.


Информация о работе Азаматтық бюджет. Сайлау шығыстары