Қазіргі Қазақстандағы жастар саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 21:05, реферат

Описание работы

Қазақстанда жастар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла бастаған. Бірақ республикамызда оның қарқындап даму шыңы 1990 жылдардың орта кезіне ғана келіп жетті. Сонан соң бұл іс-шара тек 1990-шы жылдардың ортасынан бастап қолға алына бастады және де бүгінгі таңда қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп отырған жайы бар. Мәселен, егер 2005 жылы республикамыздың 14 облысында 72 әлеуметтік қызмет құрылымдық бөлімдері құрылса, 2010 жылы олар 168-ге жеткен.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................................3
1.Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі..........................................................4
2.Жастардың саяси-әлеуметтік және мәдени құндылықтарының өзгеру барысы7
3. Жастар саясаты жөніндегі кеңес
3.1 «Ауыл жастары» жобасы.....................................................................................9
3.2«Жастар тәжірибесі» жобасы туралы ақпарат ...................................................9
3.3 2010 жылы жастар саясаты саласын дамытуға
бағытталған іс-шаралар...................................................................................10
3.4 Жастардың халықаралық ынтымақтастықтары аясында өткен
іс-шаралар туралы ақпарат...............................................................................12
4.Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік
мәселенің көріну деңгейі........................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................18

Файлы: 1 файл

ЖАСТАР САЯСАТЫ.doc

— 125.00 Кб (Скачать файл)


МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе...........................................................................................................................3

 

1.Қазақстандағы жастардың  бүгінгі жай-күйі..........................................................4

 

2.Жастардың саяси-әлеуметтік және мәдени құндылықтарының өзгеру барысы7

3. Жастар саясаты жөніндегі кеңес

3.1 «Ауыл жастары» жобасы.....................................................................................9

3.2«Жастар тәжірибесі»  жобасы туралы ақпарат ...................................................9

3.3   2010 жылы жастар саясаты саласын дамытуға

 бағытталған іс-шаралар...................................................................................10

3.4 Жастардың халықаралық ынтымақтастықтары аясында өткен

іс-шаралар туралы ақпарат...............................................................................12

4.Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік

  мәселенің көріну  деңгейі........................................................................................13

 

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының  жеке ел болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес.

Дегенмен, ел дамуы тек  оның экономикалық жетістіктерімен  айқындалады десек қателесеміз. Өйткені, ұлт пен ұлыстың, жалпы біртұтас елдің табиғи дамуының бірден-бір көзі – рух екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған. Әрине, Қазақстан халқы өткен күнде де, бүгін де рухани байлықтан кенде қалған емес, керісінше рухы мен ізгілік сезімдері басқадан артық болмаса, кем емес екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған өркениеттер тоғысында беймәлім күй кешпей, дүниедегі өз орнын тезірек айқындауды талап етеді.

Осы орайда, тығырықтан шығынсыз шығудың көзін табуда болашақ ұрпақ, қазіргі жас буынды жалпы адамзат құндылықтарын қастерлеумен қоса, олардың өз еліне, ұлттына, салт-дәстүріне деген патриоттық сезімін арттырып, осы бағытта тәрбиелеудің маңызы зор.

Еліміздің болашағын ойлағанда ең алдымен есімізге жастар мәселесі, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайы еске түседі. Олай болатыны, жастар жай ғана қоғамдағы адамдар санатының белгілі бір тобы ғана емес, олар – жас қуаттың, еңбек көзінің, идеялар мен тың ұсыныстардың бастамашысы, қоғамдағы қозғаушы күш, халықтың ең белсенді тобы. Сондықтан да жастар мәселесі – елдің болашағы туралы мәселе.

Қазақстанда жастар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла бастаған. Бірақ республикамызда  оның қарқындап даму шыңы 1990 жылдардың орта кезіне ғана келіп жетті. Сонан соң бұл іс-шара тек 1990-шы жылдардың ортасынан бастап қолға алына бастады және де бүгінгі таңда қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп отырған жайы бар. Мәселен, егер 2005 жылы республикамыздың 14 облысында 72 әлеуметтік қызмет құрылымдық бөлімдері құрылса, 2010 жылы олар 168-ге жеткен. Осы уақытта мемлекеттік органдар тарапынан әлеуметтік қызмет үшін жергілікті бюджет есебінен қажетті анықтамалық-ұйымдастыру және әдістемелік құралдар, әлеуметтік қызмет үшін арнайы мамандар даярлауға көмек көрсетіліп отырды. Бұл қызметтер облыстық орталықтарда орналасып, “сенім телефоны”, жастар еңбек биржасы, үйінен кетіп қалған балалар үшін баспана, медицина-психологиялық кеңес беру пунктер жүйесін құра білді. Бұл ретте жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориясы мен практикасын, әдістерін, формаларын ғылыми тұрғыдан қарастырудың өзектілігі дау тудырмайды. Олай болса, бүгінгі таңдағы Қазақстан жастарының әлеуметтік жағдайы, олардың патриоттық тәрбиесі қоғамның өзек жарды мәселелерінің қатарынан орын алуы заңдылық.

1 Қазақстандағы  жастардың бүгінгі жай-күйі

 

Тарихтың «тар жол, тайғақ кешу» жолдарында ұлттың өзін-өзі  сақтауының бірден-бір жолы - осы  ұлттың рухани потенциалы мен жалпы  тұтастық идеясының сақталуы екендігінде  дау жоқ. Біздің жас егеменді мемлекетіміздің стратегиялық дамуының негізгі факторы халықтың рухани байлығы, оның әскери күші, адамгершілік құндылықтары, білімі, патриотизмі, елдің тұтастығы болып табылады. Ал енді бұл құндылықтарды жастардың санасына орнықтыру мәселесін қарастырмастан бұрын, алдымызда тұрған бірқатар сұрақтарға жауап табуымыз қажет сияқты. Атап айтқанда, қазіргі Қазақстан жастарының дәл бүгінгі саяси, құқықтық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық және рухани жай-күйі қандай? Себебі, бұл сұрақтардың шешімін таппай, жастардың патриоттық тәрбиесі туралы айту ерте. Әрине, бұл сұрақтарға нақты, әрі толық жауап табу үшін еліміздің мамандары жүргізген зерттеулер нәтижелеріне жүгінуіміз заңды.

Саяси тұрғыдан алғанда, Қазақстан  жастарының бүгінгі демографиялық жағдайы олардың саяси аренада ықпалды субъект болу мүмкіндігін арттырады. Мәселен, сайлау науқаны сияқты саяси процестерде жастар категориясы жалпы халық арасындағы көпшілікті құрағандықтан тұрақты электорат болып табылады. Бұл өз кезегінде оларға деген билік өкілдерінің ерекше назарын тудыруы орынды.

Жалпы, әлеуметтік-саяси  ахуалды талдау көбінесе билік субъектілерінің  бағалы пайымдаулар детерминантымен  анықталады. Реформалар бағамын қолдау немесе оған қарсыласу деңгейінің басым  бөлігі саяси билік элитасының қолдау дәрежесімен немесе бағасымен түйіндес.

Мұндай жағдайда жастар мен билік арасындағы қарым-қатынастың дұрыс немесе бұрыс арнада дамуы  жастардың билікке жақындау, яки  олардың биліктен алшақтау тенденциясына  алғышарт болады. Демек, жастардың ресми мемлекеттік идеологияны қолдауы да, қолдамауы да биліктің қолында екені анық. Ал бұл болса жас түлектер арасындағы патриоттық сезімнің қалыптасуына тікелей әсері бар “сенім” феноменін туғызуда терең мәнге ие құбылыс болса керек.

Мәселен, зерттеулер көрсеткендей қазіргі кезде Қазақстан жастары үшін Президенттен басқа, жас ұрпақ өкілдерінің толық сенімін туғызатын ешқандай мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық немесе саяси институт жоқ. Ал сенім болмаған жерде қандай патриотизм туралы айтуға болады.

Жастар мен билік арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтайтын факторлардың келесі бір түрі - жастардың саяси шешімдерді қабылдау процесіне қатысуы екендігін атап өткен жөн.

Жастардың саяси мәртебесі  олардың саяси күш ретінде  қалыптасу, өзара әрекет немесе келісімпаздық шараларын құра білу, саяси билікке қол жеткізу мәселесі бойынша өзінің алдына мақсат қою және оның іске асыру мүмкіндіктерімен анықталады. Демек, демократиялық қоғам дамуының көрсеткіші ретінде тек қоғамдағы жастар санасының сол қоғамда орын алған саяси шындыққа әсері ғана емес, сонымен қатар, оның саяси өміріне тікелей қатысуы мен белсенділігін де жатқызамыз.

Сонымен, социологиялық  зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан жастарының саяси құндылықтары жалпылай алғанда бірегейлігімен ерекшеленеді. Яғни, жастардың санасында батыс елдеріне тән жекелік, дарашылдық сияқты мінез-құлық байқалады. Басқа сөзбен айтқанда, әдеттегі өз басынан қоғамдық мүддені жоғары қоятын идеологияның орнына жастардың санасына біртіндеп либерализм принциптерінің орнығуы байқалады. Айталық, қазіргі республика жастарының құндылықты бағдарында осы кездегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен сабақтасқан прагматизм мен практицизмнің өсу үрдісі орнығып келеді. Мұндай тенденция жастардың патриоттық тәрбиесі мәселесін шешуде бұрынғы тәсілдерге сүйенудің тиімсіз екендігін көрсетеді және жаңа талаптарға сай тәрбие жүйесін іздестіруді көздейді.

Сонымен жоғарыда келтірілген  зерттеулерді қорытындылай келе, Қазақстан  жастарының көпшілігі қоғамдағы  демократиялық процестерді қолдап, мемлекетіміздің өркендеуіне ат салысуға даяр екендігін атап өткен жөн. Осы социологиялық зерттеулердің мәліметінше қуантатын тағы бір жай - жастардың басым бөлігі (74,3 %) өз отаным деп «Қазақстанды» көрсетіп, әрбір екінші жасөспірім өзін патриот деп санаған.

Алайда, бұл мәселенің  толық шешімі табылды деген сөз  емес. Өйткені, жоғарыда атап өтілген  «жағымсыз» факторлар желісі бүкіл  жастарымыздың жартысына жуығын потенциалды «коcмополит», яғни рухани құлазуға дайын объект ретінде көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды - мемлекетімізде жастардың патриоттық сезімін дұрыс арнада реттейтін, отансүйгіштік, патриоттық рухты көтеретін толыққанды жалпы ұлттық идеологияның әлі де жетіспейтіндігі.

Сонымен бірге, жастарымыздың  құқықтық сана-сезімінің төмендігі  өздерінің құқықтарын барынша пайдалана алмауы олардың кей жағдайда қылмыстық топтардың құрығына түсуіне жағдай туғызуда. Осындай жағдайда мемлекеттің негізгі міндеті - жастарға конституциялық құқық пен еркін азамат ретінде кепіл болу. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы Республикамыздың азаматарының, соның ішінде жастардың да құқықтары мен міндеттерін айқындап берді.

Жастарды құқықтық тұрғыда  қорғау мәселесі де бірқатар шешілген тәрізді. Қазақстан Республикасының  Президентінің  №73 жарлығымен 2009 жылдың 28-ші тамызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы концепциясы бекітіліп бүгінгі күнге дейін жастар мәселесін шешетін негізгі құжат болып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы концепцияны жүзеге асыруда 2010-2012 жылдарға «Қазақстан жастары» атты нақты бағдарлама қабылданды. Басым бағыттарға ең бірінші азаматтылық пен патриотизмді дамытуға, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін жоғарылатуға көп орын берілген.

2010 жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында Қазақстан жастарының І Конгресі болып өтті. Бұл Конгреске жастар ұйымдарынан 700–ге тарта өкілдер, ТМД және шет елдерден қонақтар келіп қатысты. Алғашқы отырысқа Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, өз баяндамасында жаңа буын өкілдеріне азаматтық және патриоттық тәрибие беру өзекті де өткір мәселе болып отырғандығын басып айтты. Сөз жоқ, еліміздің болашағы бүгінгі жастарымыздың білікті де білімді қолдарында екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома .

Осы бағытта Қазақстан Республикасының үкіметінің N 155 жарлығымен 2010 жылғы 13 ақпанында 2010-2014 жылдарға жастар саясаты бағдарламасы бекітілді. Бұл құжаттың негізгі мақсаты - жастардың әлеуметтену прецесіндегі ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық құрылым-дарын құру мен патриоттық тәрбие беру, өзінің отанына, еліне деген махаббат сезімін арттыруға жұмыс істеу. Бағдарламының міндеттері – кешенді мерекелік патриоттық кештер мен басқа да іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жастарды әлеуметтік тұрғыдан қорғауға ат салысып, олардың қоғамдағы маңызын көрсету, жас азаматтарды кәсіпкерлікке және нарықтық ойлауға машықтандыру, жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, өңірлердегі мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы ұйымдастырушылық және құқықтық механизмдерін жасау және жастардың қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынасын дамыту.

Бүгінде қоғам әлеуметтік поляризацияны, саралау процесін басынан кешіруде. Әлеуметтік құрылымда кәсіпкерлер  мен банкирлердің, ұсақ саудагерлер және өзге де жаңа экономикалық топтардың пайда болуы айқын көрінуде. Қазақстандық қоғамның маргинализация процесі бөлігінде кіріс тереңіндегі айырмашылықтары, экономикалық және саяси қызығушылықтар белгіленді, әлеуметтік ортада жаңа үрдістер туындады.

Жастар әртүрлі қауымдастықтың әлеуметтік белгілеріне ие бола отырып, өмірдің стилі мен көркем бейнесінің материалдық жағдайларына, құнды  бағдарларына қарай ерекшеленеді. Мұндай әртүрлі жастар тобының әлеуметтік жағдайы, олардың саяси түрде  өз тағдырын өзі шешуі арқылы алдын-ала анықталынады.    

Қоғамдағы бастапқы процестер жастар қозғалысы мен жастар ұйымының басқаруымен  болмай, мемлекет пен қоғамның басқаруында  болатын жастар механизмін талап  етеді. Қазіргі жағдайдағы жастар ұйымы  мемлекеттік жастар саясаты есебінен жастардың толық қажеттіліктерімен, сондай-ақ түрлі әлеуметтік қажеттіліктерін тиімді өткеруге жететіндей бағытта болуы шарт.

Жастардың құқығының сақталуы мен  әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етуіне кім кепіл берсе, жастар соған  ілеседі. Мәселен, Комсомолда олар: сол кездегі мемлекеттік биліктің барлық органдарынан, жастардың қызығушылықтары мен күнделікті мәселелерін шешуді талап ететін тұлғалар болған.

Әрқилы тарихи кезеңдерде, кез келген мемлекетте қоғамды «нарықтық» үлгіде түрлендіруде және оған сәйкес жеке тұлғаларды қалыптастырумен бірге жастардың патриоттық тәрбиесі мәселесі қиындықтар туғызған. Оның ерекше келбеті- тәуекелге дайын болу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау, экономикалық канъюнктураны, яғни қазіргі кезеңдегі өмірге бейім ұрпақтарды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін, олардың қажетті ақпаратты жедел қабылдай алуында екендігі белгілі.

 

2 Өтпелі кезеңдегі  жастардың саяси-әлеуметтік және  мәдени 

құндылықтарының өзгеру барысы

 

Қандай мемлекет болмасын өзінің даму барысында басынан бірқатар өтпелі кезеңдерді өткізетіні белгілі. Бұл тарихи даму заңдылығы және ол барлық елдер үшін ортақ аксиома. Трансформациялану процесі немесе өтпелі кезең қиындығы сол мемлекет ішінде өтіп жатқан реформалардың деңгейі мен тереңдігіне байланысты. Міне, осындай құбылыс ұзақ жылдар бойы Кеңес Одағының құрамдас бөлігі болып келген Қазақстанды да айналып өтпеді. Жалпы қоғамдағы өзгерістер жайлы ой шерткенде, бірінші кезекте азаматтардың материалдық жағдайы туралы көп айтылып, олардың рухани құндылықтары шет қалатыны бар. Шын мәнінде, қандай да болмасын қоғамдық өзгерістер барысында өз қалпына қайта келуі қиын, әлсіз буын осы рухани сала болып табылады. 

Міне, дәл осылай Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан  қоғамының, әсіресе жастар буынының дүниетанымы бірден өзгеріп шыға келді. Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының қалыптасуында кеңестік дәуірдегі және одан кейінгі жастардың арасындағы рухани сабақтастық үзіліп, қазіргі таңда нарықтық экономикаға бейімделе бастаған тәуелсіз жаңа буын өкілдері өсіп жетілуде.

Информация о работе Қазіргі Қазақстандағы жастар саясаты